"Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 1122 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1193 қаулысымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 51, 648-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 15 және 238-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
      көрсетілген қаулыға 19-қосымшада:
      реттік нөмірі 12-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

12.


Біліктілік санаты үшін қосымша ақы


Қосымша ақы қызметкерлерді аттестаттау нәтижелерінің негізінде уәкілетті орталық мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен айқындалады

1)

Басшыларға, басшылардың орынбасарларына, құрылымдық бөлімшелердің (клиникалық бөлімшелерді қоспағанда) басшыларына денсаулық сақтауды ұйымдастыру жөніндегі санаты үшін:
жоғары санаттағы
бірінші санаттағы
екінші санаттағы


БЛЖ-дан 120%
БЛЖ-дан 90%
БЛЖ-дан 70%


2)

Клиникалық бөлімшелердің меңгерушілеріне:
жоғары санаттағы
бірінші санаттағы
екінші санаттағы


БЛЖ-дан 150%
БЛЖ-дан 120%
БЛЖ-дан 100%


3)

Біліктілік деңгейі жоғары мамандарға:
дәрігерлік медициналық персоналға:
жоғары санаттағы
бірінші санаттағы
екінші санаттағы


БЛЖ-дан 150%
БЛЖ-дан 120%
БЛЖ-дан 100%


мұғалімдерге (3-1) тармақшада көрсетілгендерден басқа):
жоғары санаттағы
бірінші санаттағы
екінші санаттағы


БЛЖ-дан 60%
БЛЖ-дан 35%
БЛЖ-дан 20%


басқа да қызмет салаларының мамандарына (3-2) тармақшада көрсетілгендерден басқа):
жоғары санаттағы
бірінші санаттағы
екінші санаттағы


БЛЖ-дан 50%
БЛЖ-дан 25%
БЛЖ-дан 15%


3-1)

Біліктілік деңгейі жоғары мұғалімдерге (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының:
мектептердің; мектеп-интернаттардың (жалпы үлгідегі, арнаулы (түзету), дарынды балаларға арналған мамандандырылған; жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының):
жоғары санаттағы
бірінші санаттағы
екінші санаттағы


БЛЖ-дан 100%
БЛЖ-дан 50%
БЛЖ-дан 30%


3-2)

Біліктілік деңгейі жоғары тәрбиешілерге (балабақшалардың; шағын орталықтардың; мына: жалпы үлгідегі, арнаулы (түзету), дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттардың, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының):
жоғары санаттағы
бірінші санаттағы
екінші санаттағы


БЛЖ-дан 90%
БЛЖ-дан 40%
БЛЖ-дан 25%


4)

Біліктілік деңгейі орташа мамандарға: орта медициналық персоналға:
жоғары санаттағы
бірінші санаттағы
екінші санаттағы


БЛЖ-дан 100%
БЛЖ-дан 70%
БЛЖ-дан 50%


мұғалімдерге (4-1) тармақшада көрсетілгендерден басқа):
жоғары санаттағы
бірінші санаттағы
екінші санаттағы


БЛЖ-дан 50%
БЛЖ-дан 30%
БЛЖ-дан 20%


басқа да қызмет салаларының мамандарына (4-2) тармақшаларда көрсетілгендерден басқа):
жоғары санаттағы
бірінші санаттағы
екінші санаттағы


БЛЖ-дан 50%
БЛЖ-дан 20%
БЛЖ-дан 10%


4-1)

Біліктілік деңгейі орташа мұғалімдерге (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдардың: мектептердің; жалпы үлгідегі, арнаулы (түзеу), дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттардың; жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру  ұйымдардағы):
жоғары санаттағы
бірінші санаттағы
екінші санаттағы


БЛЖ-дан 90%
БЛЖ-дан 45%
БЛЖ-дан 30%


4-2)

Біліктілік деңгейі орташа тәрбиешілерге (балабақшалардың; шағын орталықтардың; мына: жалпы үлгідегі, арнаулы (түзету), дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттардың жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының):
жоғары санаттағы
бірінші санаттағы
екінші санаттағы


БЛЖ-дан 90%
БЛЖ-дан 35%
БЛЖ-дан 20%


                                                               »;
       мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 13-жолмен толықтырылсын:
      «

13



Өндірістік оқытуды ұйымдастыру үшін қосымша ақы



Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығы бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында



Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлеріне



БЛЖ-дан 100%



      2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады