"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 1685 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 1123 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 676 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 676 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 1685 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 48, 572-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу ережесінде:
      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін өтініш иесі өз атынан немесе отбасының атынан тұрғылықты жеріндегі уәкілетті органға немесе ол болмаған кезде кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкіміне барып өтініш береді. Өтініш беру кезінде өтініш иесі осы Ережеге 1234-қосымшаларда белгіленген нысандар бойынша тегін берілетін өтініш бланкілерін, өтініш иесінің отбасы құрамы туралы мәліметтерді, өтініш иесінің отбасы мүшелерінің табысы туралы мәліметтерді, жеке қосалқы шаруашылығының болуы туралы мәліметтерді (бұдан әрі - құжаттар) алады.
      Құжаттарды өтініш иесінің өзі толтырады және жеке басын куәландыратын құжатты, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқан жағдайда - еңбекке жарамды жастағы отбасы мүшелеріне әлеуметтік келісімшарт көшірмелерін көрсете отырып, оларды уәкілетті органға немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкіміне тапсырады.
      Әлеуметтік келісімшарттың көшірмесін тапсыру өтініш иесінің және еңбекке жарамды жастағы отбасы мүшелерінің жүмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқаннан алған табыстарына қарамай, оларға атаулы әлеуметтік көмек тағайындау құқығын береді.
      Өтініш иесі келесі тоқсанға атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға қайта өтініш берген жағдайда, осы Ережеге 234-қосымшаларда қамтылған мәліметтерде өзгерістер болмаған кезде осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш бланкісі ғана толтырылады.
      Осы Ережеде көзделмеген басқа құжаттарды ұсынуды талап етуге жол берілмейді.
      5. Уәкілетті орган немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі өтініш иесінен құжаттарды қабылдағаннан кейін құжаттарды бірден тіркейді және осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес құжаттардың қабылданғаны туралы растау қағазын береді.
      Өтініш уәкілетті органда немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінде нөмірленген, тігілген және уәкілетті органның мөрімен бекітілген журналға тіркеледі.
      Уәкілетті орган немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі құжаттарды қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде қорытынды дайындау үшін оларды учаскелік комиссияларға береді.
      Учаскелік комиссиялардың қызметі жергілікті өкілді органдармен келісілген және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ететін орталық атқарушы органның актісімен бекітілетін Учаскелік комиссиялар туралы үлгі ережеге сәйкес жергілікті атқарушы органдар бекітетін Учаскелік комиссиялар туралы ережемен реттеледі.
      Учаскелік комиссиялар уәкілетті органнан немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінен құжаттарды алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар және (немесе) өтініш иесінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру (бұдан әрі - тексеру) нәтижелері негізінде қорытынды (6-қосымша) дайындайды және қорытынды дайындаған күні оны уәкілетті органға немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкіміне береді.»;
      5-55-6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «5-5. Өтініш иесінің, ал ол болмаған жағдайда - отбасының кәмелетке толған, іс-әрекетке қабілетті мүшелерінің бірінің тексеру жүргізуден бас тартуы учаскелік комиссияның барлық мүшелерінің қолы қойылған хаттамаға тіркеледі.
      5-6. Өтініш иесі бір күнтізбелік жылдың ішінде қайта өтініш берген кезде тексеру жүргізу өтініш иесінің тұратын жері (бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде), оның (отбасының) құрамы мен табысы өзгерген жағдайда ғана және өтініш иесі ұсынған мәліметтерді нақтылау қажет болған кезде жүзеге асырылады.»;
      67-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі өтініш иелерінен құжаттарды қабылдап алған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей, өтініш иелерінің құжаттарын учаскелік комиссиялардың қорытындыларымен қоса бере отырып, уәкілетті органға тапсырады.
      Кент, ауыл (село), ауылдық (селолык) округ әкімі қабылданған құжаттарды ұсынған кезде уәкілетті орган оларды бірден тіркейді.
      7. Уәкілетті орган қабылданған құжаттар мен учаскелік комиссия қорытындысын құжаттарды өтініш иесінен немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінен құжаттарды қабылдап алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қарайды және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдері бекітетін нысан бойынша атаулы әлеуметтік көмек тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Өтініш иесіне қабылданған шешім туралы жазбаша хабарлайды, бас тартылған жағдайда - тағайындаудан бас тартудың себебін көрсетеді.
      Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туралы немесе одан бас тарту туралы шешімге уәкілетті органның басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.
      Адамның (отбасының) атаулы әлеуметтік көмекті тағайындатуға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсан ішіндегі жиынтық табысын уәкілетті орган халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін орталық атқарушы орган белгілеген тәртіппен есептейді.»;
      көрсетілген Ережеге 1-қосымшада:
      «ЖСН» деген жолдан кейін «жеке шотының №» деген сөздермен толықтырылсын;
      «15 күн» деген сөздер «он жұмыс күні» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «Жалған ақпарат және расталмаған (жасанды) құжаттарды ұсынғаны үшін жауапқа тартылатыным туралы ескертілдім» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «Менің (менің отбасымның) табысымды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының дерекқорымен салыстырып тексеруге келісемін»;
      «200__» деген сандар «20__» деген сандармен ауыстырылсын;
      көрсетілген Ережеге 3-қосымшада:
      «200__» деген сандар «20__» деген сандармен ауыстырылсын;
      көрсетілген Ережеге 5-қосымшада:
      «ӘЖК» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      «ЖСН________________
      жеке шотының № __________»;
      «15 күн» деген сөздер «он жұмыс күні» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «Жалған ақпарат және расталмаған (жасанды) құжаттарды ұсынғаны үшін жауапқа тартылатыным туралы ескертілдім» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «Менің (менің отбасымның) табысымды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының дерекқорымен салыстырып тексеруге келісемін»;
      «200__» деген сандар «20__» деген сандармен ауыстырылсын;
      көрсетілген Ережеге 6-қосымшада:
      «200__» деген сандар «20__» деген сандармен ауыстырылсын;
      көрсетілген Ережеге 7-қосымшада:
      «Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) туралы мәліметтер» деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қоғамдық жұмыстарға, кәсіптік даярлауға (қайта даярлауға, біліктігін арттыруға) немесе жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер»;
      «200__» деген сандар «20__» деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады