Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 1685 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Аталған қаулы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 27 маусымдағы № 444-IV Заңының нормаларына сәйкестендіру мақсатында әзірленіп, 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңға тәуелді акті деңгейінде аз қамтамасыз етілген азаматтарды Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға ынталандыру нормасын іске асыруға мүмкіндігі қарастырылады.
Қаулыны қабылдаумен еңбекке жарамды азаматтарға жұмыспен қамту уәкілетті органмен жасалған әлеуметтік келісімшарттың көшірмесі берілген жағдайда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысудан алған табыстарының ескеруінсіз атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау жүргізіледі.
Бұдан басқа, жемқорлыққа жағдай жасайтын құрамдас бөліктерге жол бермеу нормалары енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі