"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-атқару жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 1126 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-атқару жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Мәжілісінің қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
           Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Жоба 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ  Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
қылмыстық-атқару жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы 

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 11, 59-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9 құжат; № 2, 19, 28 құжаттар):
      1) 65-баптың екінші бөлігінің 3) тармағы алып тасталсын;
      2) 137-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «137-бап. Қылмыс жасады деген сезiк бойынша ұсталғандарды қамауда ұстаудың тәртiбi
      Қылмыс жасады деген сезiк бойынша ұсталғандар уақытша ұстау изоляторларында ұсталады. Қылмыс жасады деген сезiкпен ұсталған әскери қызметшiлер мен жазасын бас бостандығынан айыру түрiнде өтеп жүрген адамдар тиiсiнше абақтыларда және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгiнiң бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны орындайтын қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнде де ұсталуы мүмкiн Осы Кодекстiң 65-бабының үшiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда қылмыс жасады деген сезiкпен ұсталғандар анықтау органының бастығы ұйғарған арнайы бейiмделген үй-жайларда ұсталады. Қылмыс жасады деген сезiк бойынша ұсталған адамдарды қамауда ұстаудың тәртiбi мен шарттары заңнамада белгiленедi.»;
      3) 285-бапта:
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Iшкi iстер органдары анықтауды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 104, 107 (бiрiншi бөлiгiнде), 108, 109, 110, 115, 116 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 117 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 118, 119, 123, 126 (бiрiншi бөлiгiнде), 128 (бiрiншi бөлiгiнде), 132 (бiрiншi бөлiгiнде), 134-137, 139, 140, 141 (бiрiншi бөлiгiнде), 142 (бiрiншi бөлiгiнде), 144, 145 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 175 (бiрiншi бөлiгiнде), 178 (бiрiншi бөлiгiнде), 181 (бiрiншi бөлiгiнде), 183 (бiрiншi бөлiгiнде), 185 (бiрiншi бөлiгiнде), 186 (бiрiншi бөлiгiнде), 187 (бiрiншi бөлiгiнде), 188 (екiншi бөлiгiнде), 230 (бiрiншi бөлiгiнде), 251 (бiрiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 252 (бiрiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 253, 254 (бiрiншi бөлiгiнде), 257 (бiрiншi бөлiгiнде), 258, 261 (бiрiншi бөлiгiнде), 262, 263 (бірінші және екінші бөліктерінде), 264 (бiрiншi бөлiгiнде), 265, 266, 270, 271 (бiрiншi бөлiгiнде), 272-274, 275 (бiрiншi бөлiгiнде), 275-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 276, 287 (бiрiншi бөлiгiнде), 288 (бiрiншi бөлiгiнде), 290, 291, 292 (бiрiншi бөлiгiнде), 293, 296, 297, 298 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 299 (бiрiншi бөлiгiнде), 300 (бiрiншi бөлiгiнде), 302 (бiрiншi бөлiгiнде), 317, 320 (бiрiншi бөлiгiнде) 323, 324, 326, 327 (бірінші және екінші бөліктерінде), 328, 329, 330-1, 330-2, 330-3, 332-334, 339 (бірінші бөлігінде), 342, 358 (бірінші бөлігінде), 359, 360 (бірінші және екінші бөліктерінде) 362-баптарында көзделген қылмыстар туралы iстер бойынша жүргiзедi. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 176-бабында (бірінші бөлігінде) көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша анықтауды, егер ішкі істер органдарының тергеу жүргізуіне жатқызылған қылмыстар туралы істер бойынша анықтау жүргізумен тікелей байланысты болса және қылмыстық істі жеке іс жүргізуге бөліп шығаруға болмайтын болса, ішкі істер органдары жүргізе алады.»;
      алтыншы бөлік алып тасталсын;
      4) 453-бап мынадай мазмұндағы 5-2) тармақпен толықтырылсын:
      «5-2) жаза өтеуді кейінге қалдыру мерзімі аяқталғаннан кейін немесе бала шетінеген жағдайда, не жүктілігі үзілген жағдайда жазаны атқаруды кейінге қалдырудың күшін жою туралы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 72-бабының 3-бөлігі);»;
      5) 454-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Мерзімінен бұрын шартты түрде босату (осы Кодекстің 453-бабының 3-тармағы) туралы, шартты түрде соттауды жою туралы және осы Кодекстің 453-бабының 1-1 және 5, 5-2-тармақтарында көзделген басқа да мәселелерді сотталғанның тұрғылықты жері бойынша аудандық және оған теңестірілген сот шешеді.».
      2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 24, 337-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; № 8, 189-құжат; № 18, 339-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 23-24, 192-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139, 142-құжаттар; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 15-16, 73-құжат; № 24, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 19-құжат):
      1) 19-2-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларына қоғамдық байқау комиссиясының кемiнде екi мүшесi құрамында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган) белгiлеген тәртiппен кедергiсiз кiруге;»;
      2) 21-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi мен өзге де адамдардың жазаны атқарушы мекемелерге, тергеу изоляторларына сол мекемелер әкiмшiлiгiнiң немесе қылмыстық-атқару жүйесiнiң жоғары тұрған органдарының арнаулы рұқсаты бойынша қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен болуға құқығы бар.»;
      3) 24-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Негiзгi жаза ретiнде белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру түрiндегi, сондай-ақ негiзгi жазаға қосымша ретiнде айыппұл, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу немесе қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi, сондай-ақ шартты соттау кезiндегi жазаның атқарылуын ұйымдастыруды сотталушының тұрғылықты жерi бойынша қылмыстық-атқару инспекциясы қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган бекіткен тәртіппен жүзеге асырады.»;
      4) 30-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаны сотталушының тұрғылықты жерi бойынша қылмыстық-атқару инспекциясының келiсiмiмен облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқару органдары, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмдерi тізімдерін тоқсан сайын сотқа ұсынатын объектiлерде қылмыстық-атқару инспекциясы қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган айқындаған тәртіппен атқарады.»;
      5) 36-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Түзеу жұмыстары сотталған адамның негізгі жұмыс орны бойынша өтеледі.
      Түзеу жұмыстарын орындау жөніндегі қылмыстық-атқару инспекциясының қызметін ұйымдастыру тәртібін қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.»;
      6) 46-баптың 1-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «қылмыстық-атқару инспекцияларының қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi органының нормативтiк құқықтық актiлерiмен бекiтiлген жазаны өтеудiң тәртiбi мен шарттарынан туындайтын талаптарды орындауға;»;
      7) 52-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Кейін жасалған әрбір тәртіп бұзушылық алдыңғысына жаза тағайындалғаннан кейін жасалған жағдайда тұрғылықты жеріне, жұмыс немесе оқу орнына келудің белгіленген кестесін бұзу, өзіне сот жүктеген міндеттерді орындаудан жалтару, электрондық бақылау құралдарын қасақана бүлдіруі, сондай-ақ сол үшін әкімшілік жаза қолданылған сотталған адамның қоғамдық тәртіп пен адамгершілікке, кәмелетке толмағандардың құқықтарына, жеке тұлғаға және отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар аясына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық жасауы жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзушылық болып табылады.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген бұзушылықтарды бір жыл ішінде қайта жасау, сондай-ақ еңбек демалысынан немесе демалыс және мереке күндері демалыс өткізу орнынан дәлелсіз себептермен дер кезінде келмеу, қылмыстық-атқару инспекциясы қызметкерлерінің заңды талаптарын орындаудан бас тарту, сол сияқты оларды қорлау не оларға қатысты күш қолданамын деп қорқыту, сондай-ақ тұрғылықты жерінен, жұмыс немесе оқу орындарынан өз бетінше кетіп қалу бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуден қасақана жалтару болып табылады.»;
      8) 53-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеушiлердi қадағалауды қылмыстық-атқару инспекциясы жүзеге асырады және сотталған адамдарға олардың тұратын жерi мен жұмыс орны бойынша, сондай-ақ жұмыстан бос уақытында байқау мен бақылау жасауды қамтамасыз етедi. Қылмыстық-атқару инспекциясының қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметін ұйымдастыру тәртібін қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.
      Егер сотталғандар электрондық бақылау құралдарын бұзған (бүлдірген) жағдайда, қылмыстық-атқару инспекциясы тиісті акті жасайды.
      Электрондық бақылау құралдарын қасақана бұзса (бүлдірсе) сотталғандар заңмен белгіленген тәртіппен материалдық жауапкершілікке тартылады.»;
      9) 56-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 50-бабының екiншi бөлiгiне сәйкес сотталушыны құрметтi атақтан, әскери, арнаулы немесе өзге де атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, біліктілік сыныбынан немесе мемлекеттік наградадан айыру туралы шешiм қабылдаған кезде тиiстi мемлекеттік орган осы баптың 2-тармағында көрсетiлген шараларды қабылдайды. Мемлекеттік наградаларды оларға қоса берiлген құжаттармен бiрге алып қоюды қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган белгілейтін тәртіппен олар болатын жердегi қылмыстық-атқару инспекциясы жүргiзедi.»;
      10) 70-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар тергеу изоляторларының әкiмшiлiгi соттың үкiмi заңды күшiне енгенi туралы хабарламаны алған күннен бастап он күн мерзiмнен кешiктiрiлмей жазасын өтеуге жiберiледi. Осы мерзiм iшiнде сотталған адамның туыстарымен немесе өзге адамдармен қысқа мерзiмдi кездесуге құқығы бар. Сотталғандарды түзеу мекемелерiне жiберу тәртiбiн қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.»;
      11) 71-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Сотталғандардың орын ауыстыру тәртібі қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.»;
      12) 77-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Түзеу мекемелерiнде қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетiн iшкi тәртiп ережелерi қолданылады.»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Қылмыстық-атқару жүйесі органдарының түзеу мекемелеріндегі сотталған адамдарға қадағалауды және тексерулер жүргізуді жүзеге асыру қызметін ұйымдастыру тәртібін қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.»;
      13) 78-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қадағалаудың, бақылаудың және күзеттің инженерлік-техникалық құралдарының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды, оларды пайдалану тәртібін қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган белгілейді.»;
      14) 80-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Ерекше жағдайлар режимі Қазақстан Республикасының Бас прокурорымен келiсе отырып, қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi органның шешiмi бойынша отыз тәулiкке дейiнгi мерзiмге енгiзiледi. Ерекше жағдайлар режимін енгізу тәртібін қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган белгілейді. Айрықша реттерде ерекше жағдайлар режимiнiң қолданылу уақыты осы бапта белгiленген тәртiппен қосымша отыз тәулiкке ұзартылуы мүмкiн.»;
      15) 84-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Сотталғандарға өздерiнiң өтiнiшi бойынша ұзақ кездесудi қысқа мерзiмдiсiмен, ал тәрбиелеу колонияларында мекемеден тыс бiрге тұратын ұзақ кездесудi - колониядан тысқары шығатын қысқа мерзiмдiсiмен ауыстыруға рұқсат етiледi. Ауыстыру тәртiбiн қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.»;
      16) 85-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Сотталғандардың посылкаларды, сәлемдемелер мен бандерольдердi алу тәртiбiн қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.»;
      17) 86-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Сотталғандардың жiберген және алған хат-хабарын цензура қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган белгілейтін тәртіппен тексередi.»;
      18) 97-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Сотталғандарға медициналық көмек көрсетудiң, санитариялық қадағалауды ұйымдастыру мен жүргiзудiң, денсаулық сақтау органдарының емдеу-профилактикалық және санитариялық-профилактикалық мекемелерiн пайдаланудың және осы мақсаттар үшiн олардың медицина қызметкерлерiн тартуының тәртiбiн қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган мен уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.»;
      19) 104-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Сотталғандарға кәсiптiк бiлiм беру мен оларды кәсiптiк даярлау бiлiм мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен жүзеге асырылады.»;
      20) 105-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Сотталғандармен тәрбие жұмысы түзеу мекемесiнiң түрi, жазалау мерзiмi, ұстау жағдайлары, олардың жеке басының дара ерекшелiктерi және олардың жасаған қылмыстарының мән-жайлары ескерiле отырып, қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган белгілейтін тәртіппен саралап жүргiзiледi.»;
      21) 106-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Сотталғандармен тәрбие жұмысы қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган белгілеген тәртіппен психологиялық-педагогикалық әдiстер негiзiнде дара, топтық және жаппай нысандарда ұйымдастырылады.»;
      22) 107-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Сотталғандардың өздiгiнен қызмет ету ұйымдарын құру мен олардың жұмысының тәртiбiн қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.»;
      23) 108-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта бiлiм алуын ұйымдастыру бiлiм беру мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен жүзеге асырылады.»;
      24) 168-баптың жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «сотталған адамның мүгедектігі немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісе отырып қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган бекітетін тізбеде көзделген сырқаты;».
      3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар, № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электрондық ақша мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 35-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Әскери қызметшiлер мен әскери жиында жүрген әскери міндеттілер, осы Кодекстің 512-1 – 512-4-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн тәртiптiк жарғылар бойынша жауаптылықта болады. Прокурорлар, iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары, қаржы полициясы мен кеден органдарының қызметкерлерi әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн тиiстi органдарда қызмет өтеу тәртiбiн регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жауаптылықта болады.»;
      2) 558-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «558-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң, Iшкi iстер министрлiгi мен Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң санитариялық қадағалауды жүзеге асыратын медициналық қызметтерi
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Ішкі істер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң санитариялық қадағалауды жүзеге асыратын медициналық қызметтерi Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң әскери қалалары мен оқу орталықтарының аумақтарында орналасқан объектiлерде және Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi мен Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне, Iшкi iстер министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiне бағынысты объектiлерде санитариялық-гигиеналық және санитариялық – эпидемияға қарсы ережелердi бұзу туралы осы Кодекстiң 323-бабында (бірінші бөлігінде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»;
      3) 576-2 бабында:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «576-2-бап. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгi қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдары»;
      бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгi қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдары осы Кодекстiң 367-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.».
      4. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат, № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 24, 146, 148-құжаттар, 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған; «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 256-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының ішкі істер, қаржы полициясында, мемлекеттік өртке қарсы қызметте, кеден органдарында, прокуратура органдарында қызметте тұрған, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын адамдар жатады.».
      5. 2009 жылғы 18 қыркүйектегi «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 30 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған; «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 15 шілдедегі Заңы):
      1) 60-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Әскери-дәрігерлік сараптама денсаулық жағдайы бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарындағы әскери қызметке немесе ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдарындағы, өртке қарсы қызмет, қаржы полициясы, кеден органдарындағы, прокуратура органдарындағы қызметке (бұдан әрі – әскери қызмет немесе ұлттық қауіпсіздік органдарындағы, құқық қорғау органдарындағы қызмет) жарамдылықты белгілеу үшін, сондай-ақ азаматтардың әскери қызметті немесе ұлттық қауіпсіздік органдарындағы, құқық қорғау органдарындағы қызметті және әскери жиындарды өткерумен (міндеттерді орындаумен) байланысты ауыруының, мертігуінің (жаралануының, жарақаттануының, контузия алуының) (бұдан әрі – мертігу) және қайтыс болуының себепті байланыстарын айқындау үшін жүргізіледі.»;
      2) 107-баптың 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Ішкі істер органдары қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінен босатылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын, ерікті емделуден жазбаша түрде бас тартқан азаматтарға соттың шешімімен мәжбүрлеп емдеу тағайындалады, бұл үшін түзеу мекемесінің әкімшілігі материалдарды босатылғанға дейін бір ай бұрын сотқа жібереді.
      5. Мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы материалдарды олар келіп түскен күннен бастап бес күн мерзімде сот мәжбүрлеп емдеуге жіберілетін азаматтың және мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы ұсыныс енгізген денсаулық сақтау ұйымы немесе ішкі істер органдарының қылмыстық-атқару жүйесі өкілінің қатысуымен қарайды.».
      6. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері туралы» 1992 жылғы 23 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 11-12, 290-құжат; № 24, 592-құжат; 1993 ж., № 8, 179-құжат; 1995 ж., № 1-2, 17-құжат; № 23, 155-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 20, 257-құжат; № 24, 336-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 155-құжат; 2007 ж., № 15, 107-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; 2011 жылы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңы):
      1) 2-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      «- сотталған әйелдердің, кәмелетке толмағандардың жазасын өтеуге арналған түзеу мекемелерін, түрмелерді және тергеу изоляторларын қоспағанда, түзеу мекемелерінде ұсталатын адамдардың, сондай-ақ олардың аумағындағы азаматтардың жүріс-тұрысын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;»;
      2) 21-бап мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      «- сотталған әйелдердің, кәмелетке толмағандардың жазасын өтеуге арналған түзеу мекемелерін, түрмелерді және тергеу изоляторларын қоспағанда, түзеу мекемелерінде ұсталатын адамдардың, сондай-ақ олардың аумағындағы азаматтардың жүріс-тұрысын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;»;
      3) 22-баптың бірінші бөлігінде:
      11) тармақшада «қолдану.» сөзі «қолдану;» сөзімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
      «12) сотталған әйелдердің, кәмелетке толмағандардың жазасын өтеуге арналған түзеу мекемелерін, түрмелерді және тергеу изоляторларын қоспағанда, түзеу мекемелерінде ұсталатын адамдардың, сондай-ақ олардың аумағындағы азаматтардың жүріс-тұрысын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады.»;
      4) 37-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Қылмыстық-атқару жүйесінің туберкулезге қарсы мекемелерінде қызмет атқаратын әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының заңнамасында медицина қызметкерлерінің осы санаты үшін белгіленген жеңілдіктер таралады.».
      7. «Жедел-iздестiру қызметi туралы» 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 13-14, 199-құжат; 1995 ж., № 24, 167-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 14, 275-құжат; 1998 ж., № 24, 436-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 147-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 18, 106-құжат; № 23, 142-құжат, № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 2 18-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 17, 83-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат):
      1) 6-баптың и) тармақшасы алып тасталсын;
      2) 12-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жедел-іздестіру іс-шараларын қылмыстық-атқару жүйесінің уәкілетті органымен немесе оның аумақтық бөлімшесімен өзара іс-қимыл жасаса отырып жүргізуге құқылы.».
      8. «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы» 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 23, 143-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 18, 366-құжат: 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 21, 782-құжат; 2001 ж., № 10, 121-құжат; 2002 ж., № 15. 147-құжат; 2003 ж., № 15, 131-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 94-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 11, 59-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат):
      1) 13-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «13-бап. «Даңқ» орденімен Қарулы Күштердің, басқа әскерлердің және әскери құрамалардың жоғары офицерлік құрамдағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдарының басшы құрамдағы адамдары:»;
      2) 14-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «14-бап. «Айбын» орденімен Қарулы Күштердің, басқа әскерлердің және әскери құрамалардың әскери қызметшілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдарының қызметкерлері»;
      3) 20-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «20-бап. «Жауынгерлiк ерлiгi үшiн» медалiмен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларының әскери қызметшiлерi, сондай-ақ прокуратура, ұлттық қауiпсiздiк, ішкі істер органдарының қызметкерлерi:».
      9. «Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы» (1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154, 155-құжаттар; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 15-16, 61-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 25-құжат):
      1) 2-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Iшкi iстер органдарының мiндеттерi:
      1) қоғамдық тәртiптi қорғау және қоғамдық қауiпсiздiктi, соның iшiнде төтенше немесе әскери жағдай ахуалында қамтамасыз ету;
      2) қылмыстар мен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, қылмыстарды ашу және тергеу, сондай-ақ қылмыскерлерді іздестіру;
      3) құқық бұзушылық профилактикасы;
      4) заңнамада белгiленген өздерiнiң құзыретi шегiнде алдын ала тергеу, анықтама мен әкiмшiлiк iс жүргiзудi жүзеге асыру;
      5) қылмыстық жазаларды және әкiмшiлiк жазалауларды орындау;
      6) қылмыстық-атқару жүйесiнің органдары мен мекемелерінде сотталғандарды және әкімшілік жолмен қамауға алынғандарды ұстау орындарында заңдылығын, құқық тәртібін қамтамасыз ету және адамдарды ұстау режимін сақтау;
      7) сезiктiлердiң, айыпталушылардың және сотталғандардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару жүйесiндегi азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету;
      8) сотталғандардың түзелуiн ұйымдастыру;
      9) кәмелетке толмағандардың қараусыздығы мен құқық бұзушылығын анықтау және тыю;
      10) қажет болған жағдайларда мемлекеттік өрттен қорғау қызметі органдарына өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жәрдем көрсету;
      11) жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мемлекеттік қадағалау және бақылау;
      12) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымын мемлекеттiк бақылау;
      13) азаматтық және қызметтiк қаруды және оның оқ-дәрiлерiн мемлекеттiк бақылау;
      14) күзет қызметiн, сондай-ақ күзет дабылы құралдарын монтаждауды, орнатуды және техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын субъектiлердiң қызметiн мемлекеттiк бақылау;
      15) мемлекеттік және өзге де объектілерді күзету, қамауға алынғандар мен сотталғандарды айдап апару, кепілге алынғандарды босатуға қатысу;
      16) виза беру жұмысын жүргiзу, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртiбiн сақтауын бақылау;
      17) Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлiктер мен паспорттар құжаттамалауды, әзірлеуді және берудi жүзеге асыру;
      18) азаматтарды есепке алуды және тiркеудi Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асыру;
      19) босқындар мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру;
      20) соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумақтық қорғаныс жүйесiнде жекелеген мiндеттердi орындау;
      21) өзге мемлекеттік органдармен бірлесіп, оның ішінде төтенше жағдайлар кезінде карантиндік, санитарлық және табиғат қорғау шараларын жүргізуге қатысу, табиғат қорғау органдарына сұғанақ аңшылыққа қарсы күресуде жәрдем көрсету;
      22) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялық және рұқсат етушілік қызметті жүзеге асыру;
      23) Қазақстан Республикасының айрықша маңызды және айрықша режимді объектілерінде, аумақтарында режимдік және күзет шараларын жүзеге асыру;
      24) iшкi iстер органдарының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
      25) есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет жасау;
      26) «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шаралар мен уақытша шектеулерді қолдану құқығына ие бола отырып, терроризмге қарсы операция жүргізуге және терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін қамтамасыз етуге қатысу болып табылады.»;
      2) мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:
      «2-1-бап. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
                қылмыстық-атқару органдарының қылмыстық-атқару
                саласындағы функциялары
      1. Қылмыстық-атқару қызметi саласында Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару органдары мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) соттардың сотталғандарға қатысты үкiмдерiн, қаулылары мен ұйғарымдарын орындау, қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнде жазаны өтеудiң заңнамада белгiленген тәртiбi мен шарттарының сақталуын қамтамасыз ету;
      2) сезiктiлер мен айыпталушыларды қарап-ұстау;
      3) соттардың үкiмдерiне, қаулылары мен ұйғарымдарына сәйкес сотталғандарды қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiне орналастыруды ұйымдастыру;
      4) сотталғандарға түзеу ықпалын, соның iшiнде психологиялық-педагогикалық әдiстердi қолдану арқылы жүзеге асыруды ұйымдастыру;
      5) сотталғандардың жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру;
      6) қылмыстық-атқару жүйесінің органдарын, сотталған әйелдердің, кәмелетке толмағандардың жазасын өтеуіне арналған түзеу мекемелерін, түрмелерді және тергеу изоляторларын күзету;
      7) қылмыстық-атқару жүйесінің органдары мен мекемелеріндегі шұғыл жағдайды бақылау, қызметкерлердің, күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталғандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, айдап апару;
      8) сотталғандарды босатуға дайындау жөнiндегi жұмыстың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету, рақымшылық және кешiрiм жасау актiлерiн атқару, қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi мен органдарының сотталғандардың түзелу нәтижелерiн нығайту, оларды еңбекке орналастыру және тұрмыстық жайластыру жөнiнде басқа да құқық қорғау органдарымен, мемлекеттiк басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету;
      9) жедел-iздестiру қызметiн және анықтауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдастыру мен жүзеге асыру;
      10) сотталғандардың жалпы бiлiм алуы мен кәсiби оқуын ұйымдастыру;
      11) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын адамдардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын және денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету;
      12) қылмыстық-атқару жүйесiн дамыту, нығайту мен жетiлдiру бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру;
      13) қоғамдық және дiни бiрлестiктердi қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметiне тарту;
      14) қызметкерлердiң кәсiби даярлығын, құқықтық және әлеуметтiк қорғалуын қамтамасыз ету;
      15) мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың қылмыстық-атқару қызметi саласындағы ғылыми зерттеулерiн үйлестiру.
      2. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң мемлекеттiк мекемелерi негiзгi қызметiне жатпайтын жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi iске асырады.
      Қылмыстық-атқару жүйесi мемлекеттiк мекемелерiнiң негiзгi қызметiне жатпайтын жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiне соларда ұсталатын күдiктiлердiң, айыпталушылардың, сотталғандардың заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi ұйымдастыру кезiнде азық-түлік өнiмдерiн, алғашқы қажеттiлiк заттарын, киiм-кешек, аяқ киiм, газеттер, журналдар, әдебиет, дәрi-дәрмектер және қосымша емдiк-профилактикалық көмек көрсету үшiн медициналық мақсаттағы өзге де құралдарды қосымша сатып алуға, ұзақ мерзiмдi кездесулер ұсынуға және қосымша емдеу-профилактикалық қызмет пен Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде айқындалатын өзге де қызметтер көрсетуге, сондай-ақ күдiктiлер мен айыпталушылар үшiн қосымша ақылы тұрмыстық қызметтер жасауды ұсынатын жұмыс пен көрсетiлетiн қызметтер жатады.»;
      3) 4-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ішкі істер органдарының біртұтас жүйесін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Ішкі істер министрлігі), оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге де құрылымдық бөлімшелер, облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының, көліктегі оған бағынатын ішкі істер департаменттерi, қалалық, аудандық, қалалардағы аудандық, поселкелік, желілік ішкі істер органдары және қылмыстық-атқару жүйесінің органдары мен мекемелері, ішкі әскерлер, білім беру ұйымдары, мекемелер және өзге де ұйымдар құрайды.»;
      4) мынадай мазмұндағы 4-5-баппен толықтырылсын:
      «4-5-бап. Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесi
      1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесi (бұдан әрi – қылмыстық-атқару жүйесi) – қылмыстық жазалардың атқарылуын және тергеу изоляторларында сезiктiлер мен айыпталушыларды қамауда ұстауды қамтамасыз ету бойынша атқарушылық және өкiмдік функцияларды жүзеге асыратын органдар мен мекемелердің, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесi органдары мен мекемелерiнiң тыныс-тiршiлiгін қамтамасыз ететiн ұйымдардың жүйесi.
      2. Қылмыстық-атқару жүйесінің құрылымын:
      1) уәкiлеттi орган (орталық атқарушы органның ведомствосы);
      2) қылмыстық-атқару жүйесiнің аумақтық органдары;
      3) қылмыстық жазаларды атқаратын мекемелер мен органдар:
      құрылымында пробация қызметі жұмыс істейтін қылмыстық-атқару инспекциялары;
      4) түзеу мекемелерi;
      5) тергеу изоляторлары;
      6) ғылыми-зерттеу, емдеу-профилактикалық ұйымдар мен бiлiм беру ұйымдары;
      7) қылмыстық-атқару жүйесi саласындағы өндiрiстiк қызметтi жүзеге асыруға және сотталғандарды еңбекке тартуға арналған ұйымдар мен олардың құрылымдық бөлiністерi құрайды.
      3. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары мен мекемелерінің персоналын:
      1) қылмыстық-атқару жүйесi органдары мен мекемелерінің қызметкерлерi;
      2) қылмыстық-атқару жүйесiнде лауазымдарды атқаратын мемлекеттiк қызметшiлер;
      3) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiмен және органдарымен еңбек қатынасындағы қылмыстық-атқару жүйесiнiң жұмыскерлерi құрайды.
      4. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының, мекемелерi әкiмшiлiктерiнiң және олардың лауазымды адамдарының қызметiн ұйымдастыру тәртiбi, құқықтары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының заңнамасы мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгіленеді.»;
      5) 6-1-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудiң өзге де шараларын атқаратын мекемелердiң қызметiне көмек көрсету, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмектi ұйымдастыру жөнiндегi консультативтiк-кеңес органын құрады.
      Консультативтiк-кеңес органының қызметi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн үлгі ережемен реттеледi.»;
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудiң өзге де шараларын атқаратын мекемелердiң қызметiне көмек көрсету, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмектi ұйымдастыру жөнiндегi консультативтiк-кеңес органын құрады.
      Консультативтiк-кеңес органының қызметi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн үлгі ережемен реттеледi.»;
      6) 10-баптың 1-тармағы:
      мынадай мазмұндағы 4-1), 4-2), 4-3), 4-4), 4-5) және 4-6) тармақшалармен толықтырылсын:
      «4-1) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын адамдар мен олардың аумағындағы, сондай-ақ оған iргелес аумақтағы азаматтардың жүріс-тұрысын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға;
      4-2) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын адамдардан Қазақстан Республикасының заңнамасымен және сот үкiмiмен оларға жүктелген мiндеттердi орындауын талап етуге;
      4-3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын адамдарды тiркеудi, сондай-ақ оларды дактилоскопиялауды, суретке түсiрудi, олардың бейне түсiрiлiмiн, дыбыс жазбасын жүзеге асыруға;
      4-4) жүргiзiлетiн тәрбиелеу iс-шараларына сотталғандарды мiндеттi түрде қатысуға тартуға;
      4-5) алкогольдiк ішімдiктердi, уытты, есiрткi және өзге де психотроптық құралдарды пайдалану фактiлерiн анықтау мақсатында қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес куәландыру жүргiзуге;
      4-6) әкiмшiлiк немесе қылмыстық заңнаманың әрекетіне түсетін iс-әрекет жасаған адамдарды қылмыстық-атқару жүйесi мекемесiне iргелес аумақта ұстауға және iшкi icтep органдарына жеткізуге, оларды жеке тексеруді жүзеге асыруға;»;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) Жедел iздестiру қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қылмыстардың алдын алуға, анықтауға және ашуға, iшкi iстер органдары жүйесiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде, ішкі істер органдарының уақытша ұстау изоляторларында заңнамада белгіленген режимдi сақтауға бағытталған iс-шараларды жүзеге асыруға мiндеттi. Бұл ретте жедел iздестiру іс-шараларын жүзеге асыруға құқығы бар iшкi iстер органдарының бөлiністерi мен қызметкерлерiнiң тiзбесiн Iшкi iстер министрi белгiлейдi;»;
      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «7-1) қылмыстық-атқару жүйесiнде төтенше оқиға жағдайларына қызметтік тексерiстер жүргiзуге, олардың себептерiн анықтауға және талдауға, мұндай жағдайларды болдырмау бойынша шаралар қабылдауға;»;
      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «12) қылмыстық жазалар мен әкiмшiлiк жазаларды атқаруға, сотталғандардың, сондай-ақ әкiмшiлiк қамауға алынғандардың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз етуге;»;
      7) 11-бапта:
      1-тармақта:
      22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «22) iшкi iстер органдарының қызметiн жариялау, қылмыстың мән-жайларын, сондай-ақ оларды жасаған адамдарды анықтау, тергеуден, анықтаудан, соттан жасырынған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан, қамаудан немесе тұтқыннан қашқан адамдарды және хабар-ошарсыз кеткен адамдарды iздестiру үшiн және қоғамдық тәртiптi сақтау мен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету кезінде туындаған өзге де жағдайларда мемлекеттiк бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкiндiктерiн өтеусіз пайдалануға;»;
      мынадай мазмұндағы 39-1), 39-2), 39-33), 39-4), 39-5), 39-6) және 39-7) тармақшалармен толықтырылсын:
      «39-1) сотталғанның жеке-психологиялық ерекшелiктерiне зерттеу жүргiзуге және түзеу, оның iшiнде психологиялық-педагогикалық әдiстерді қолданып ықпал етуге;
      39-2) сотталғандарды түзеу мекемелерiнiң кәсiпорындарында немесе басқа да ұйымдарда, еңбекке, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбекақы төленбейтiн жұмыстарға тартуға;
      39-3) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағындағы және режимдiк талаптар белгiленген оған iргелес аумақтардағы адамдарға, олардың заттарына, көлiк құралдарына тексеру жүргiзуге, азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеруге, сондай-ақ тiзбесi Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленетiн тыйым салынған заттар мен құжаттарды алып қоюға;
      39-4) көлiк қозғалысын уақытша шектеуге немесе тоқтатуға, азаматтарды қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің аумағына, сондай-ақ оған iргелес аумаққа жiбермеуге немесе ерекше жағдайлар режимiн енгiзу кезiнде онда қалуға не ол жерден кетуге мiндеттеуге;
      39-5) қылмыстық-атқару инспекциясының есебiндегі адамдарды қадағалауды және бақылауды қамтамасыз ету мақсатында олар тұратын тұрғын үй-жайларға, оларға тиесiлi жер учаскелерiне, оқу немесе жұмыс орны бойынша кез келген меншiк нысанындағы ұйымдардың өндiрiстiк және өзге де үй-жайларына кедергісіз кiруге;
      39-6) есепте тұрған адамдарды қылмыстық-атқару инспекциясына алып келудi жүзеге асыруға;
      39-7) қылмыстық-атқару қызметiне байланысты мәселелердi шешу үшiн соттарға, прокуратураға және өзге де органдар мен ұйымдарға өтiнiш жасауға құқылы;»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне арнайы құралдар мен атыс қаруын алып жүру, сақтау және қолдану құқығы берiледi. Олар дене күшін, оның iшiнде күрестiң жауынгерлiк тәсiлдерiн қолдануға құқылы. Арнайы құралдарды, атыс қаруы мен күш қолдану тәртiбi «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген.»;
      8) мынадай мазмұндағы 23-1-баппен толықтырылсын:
      «23-1-бап. Қылмыстық-атқару жүйесiнде қызмет өткерудің ерекше
                 жағдайлары
      1. Төтенше немесе әскери жағдай режимi енгiзiлген, сезiктi, айыпталушы және сотталған адам қашқан, адамдар кепiлге алынған, жаппай тәртiпсiздiк, топтасып бағынбау не болмаса оларды жою үшiн қажеттi мерзiм ішінде осылардың туындау қаупi төнген кездегі мекеме қызметкерлерiнiң жұмысы қылмыстық-атқару жүйесiнде қызмет өткерудің ерекше жағдайларын білдіреді.
      2. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары қызметкерлерiнiң қызмет өткерудің ерекше жағдайларындағы жұмысы үш айдан аспауы керек және демалыс күндерiн беру арқылы өтеледi. Қызметкерлердi қызметтiң ерекше жағдайларында қызмет өткеруге тартудың тәртiбi мен шектi ұзақтығы Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.»;
      9) мынадай мазмұндағы 23-2-баппен толықтырылсын:
      «23-2-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының қызметкерлерiн
                 әлеуметтiк қорғаудың өзге де шаралары
      Қылмыстық-атқару жүйесiнің туберкулезге қарсы мекемелерi мен басқа да мамандандырылған учаскелерi мен мекемелерiнде қызмет өткеретін қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерiне осы санаттағы медицина қызметкерлерi үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жеңiлдiктер таратылады.»;
      10) 34-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «34-бап. Iшкi iстер органдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету
      Iшкi iстер органдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етудiң шарттарын, тәртібін және нормаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
      Ішкі істер органдарының қызметкерлері үлгілері мен тиесілік нормаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін нысанды және арнайы киіммен тегін қамтамасыз етіледі.».
      10. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24, 198-құжат; 2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 11, 39-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 69-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 28, 30-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114, 123-құжаттар; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 140-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 6, 49-құжат; 2011 жылы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 64-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Әскери қызметшілер, арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген және Қазақстан Республикасының ішкі істер, бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті, прокуратура органдарының, Кеден комитетінің, Төтенше жағдайлар комитетінің қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп қолданылатын прокуратура органдарының, ішкі істер органдарының және бұрынғы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері арасынан зейнеткерлерге бұрын тағайындалған зейнетақы төлемдері жаңартылған кезде немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақыға Орталықтан зейнетақы қайта тағайындалған жағдайда, зейнетақы еңбек сіңірген жылдары үшін берілетін зейнетақыны төлеу тоқтатылған кезде белгіленген мөлшерде, зейнетақы төлеу тоқтатыла тұрған кезең үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізілген индекстеу ескеріле отырып төленеді.».
      11. «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнайы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 6, 190-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат; 2009 ж., № 24, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 24, 152-құжат):
      1) 7-бапта:
      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесi мен ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторлары;»
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы Заңда көзделген жағдайларда, бас бостандығынан айыру түріндегі жазаларды атқаратын қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелері (бұдан әрі – жазаларды атқаратын мекеме) мен гауптвахталар сезіктілер мен айыпталушыларды қамауда ұстау орындары болып табылуы мүмкін.»;
      2) 8-бапта:
      атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесi мен
              ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторлары»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесi мен ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторлары (бұдан әрі – тергеу изоляторлары) оларға қатысты бұлтартпау шаралары ретінде қамауға алу қолданылған сезіктілер мен айыпталушыларды ұстауға арналған.»;
      3) 33-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қамауда және қадағалауда ұстау орындарындағы сезіктілер мен айыпталушылар осы орындардың аумақтарында айдауылдың не болмаса қамауда ұстау орындары қызметкерлерінің ілесіп жүруімен жүріп-тұрады. Қадағалауды жүзеге асыру мақсатында аудио және бейне техникалар пайдаланылуы мүмкін.
      Қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторларындағы адамдарды күзету мен қадағалауды жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасы қылмыстық атқару жүйесінің уәкілетті органы айқындайды.»;
      4) 46-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Дүлей апаттар, жұқпалы аурулар, індеттер, ауқымды өрт ошақтары, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелеріндегі ірі апаттар, сезіктілер мен айыпталушылардың жаппай тәртіпсіздігі немесе бағынбаушылығы жағдайларында не болмаса қамауда ұстау орнына қарулы шабуыл жасаудың нақты қаупі болған кезде Қазақстан Республикасының Бас прокурорымен келісілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының, Қорғаныс министрінің шешімі бойынша тиісті қамауда ұстау орындарында отыз тәуліктен аспайтын мерзімге ерекше жағдай режимі енгізіледі.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Сезіктілер мен айыпталушылардың және өзге де адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнген жағдайда, қамауда ұстау орны әкімшілігінің басшысы тиісінше Қазақстан Республикасының Ішкі істер министріне, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасына, Қорғаныс министріне, Бас прокурорына, аумағында қамауда ұстау орны орналасқан ішкі істер, қылмыстық-атқару жүйесі, ұлттық қауіпсіздік органдарының бастықтарына дереу хабарлай отырып, осы баптың 2-тармағында көзделген шараларды дербес енгізе алады.».
      12. «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 15-16, 75-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 128-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 24, 145, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 50-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халыққа қызмет көрсету орталықтарының мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 3-баптың 6), 6-1) және 6-2) тармақшалары алып тасталсын;
      2) 4-баптың 5) тармақшасы алып тасталсын;
      3) 5-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) мыналарды:
      Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiн;
      Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң комитеттерiн;
      аумақтық әдiлет органдары мен мекемелерiн;
      атқарушы іс жүргізу органдарын қамтитын әділет органдарынан;»;
      4) 7-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы алып тасталсын;
      5) 10, 11-баптар алып тасталсын;
      6) 12-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
      7) 12-1-бап алып тасталсын;
      8) 17-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «17-бап. Әдiлет органдарының сот-сараптама қызметi және
               әкiмшiлiк iс жүргiзу саласындағы функциялары»;
      5) тармақша алып тасталсын;
      9) 20-бап алып тасталсын;
      10) 23-бапта:
      1-тармақтың 6) тармақшасы алып тасталсын;
      3-тармақ алып тасталсын;
      11) 24-1-бап алып тасталсын;
      12) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «25-бап. Әдiлет органдарының кадрлары
      Әдiлет органдарының кадрларын әдiлет органдарының мемлекеттiк қызметшiлер болып табылатын қызметкерлерi, сондай-ақ олармен еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттелетiн өзге де адамдар құрайды.»;
      13) 26, 27, 28, 29, 31-баптар алып тасталсын;
      14) 33-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «33-бап. Әдiлет органдарын қаржыландыру,
               материалдық-техникалық қамтамасыз ету
      Әдiлет органдарын қаржыландыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.».
      13. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 9-10, 50-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат; 2011 жылы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 15-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жұмыс берушiнiң жұмыскерге табыс түрiнде төлейтiн шығыстарын есептеу жұмыс берушiнiң жұмыскерлерге табыс түрiнде төлейтiн шығыстарына әскери қызметшiлердiң, iшкi iстер органдары, қаржы полициясы органдары мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет қызметкерлерiнiң ақшалай үлесiн қоса отырып, Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде көзделген тәртiппен жүргiзiледi.».
      14. «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж. № 18, 105-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 72-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат; № 22, 130-құжат, № 24, 149-құжат, № 24, 152-құжат):
      1) 6-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу жүйесiне iшкi iстер, білім беру, денсаулық сақтау органдары, халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыруды үйлестiретiн мемлекеттік орган, жергiлiктi өкiлдiк және атқарушы органдар, кәмелетке толмағандардың iстерi және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялар және өз құзыретi шегiнде өзге де мемлекеттік органдар кiредi.
      2. Iшкi iстер, білім беру, денсаулық сақтау органдарында және жергiлiктi атқарушы органдарда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жөніндегі жекелеген функцияларды жүзеге асыратын мекемелер құрылуы мүмкiн.»;
      2) 10-баптың 6) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларына сотталған кәмелетке толмағандардың өмiр салтын және мiнез-құлқын бақылауды қамтамасыз етеді;
      7) балаларды тәрбиелеу, оқыту және бағып-күту бойынша өз мiндеттерiн орындамайтын және (немесе) олардың мiнез-құлқына керi әсер ететiн, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 72-бабының тәртiбiмен жазасын өтеу кейiнге қалдырылған сотталған әйелдерге қатысты материалдарды дайындайды;»;
      3) 17-бап алып тасталсын;
      4) 19-5-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Профилактикалық есепке алуды ішкі істер органдары жүргізеді»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Ішкі істер органдары кәмелетке толмаған адамға қорғау нұсқамасы шығарылған күні не болмаса соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде профилактикалық есепке қойылғаны туралы жазбаша нысанда хабарлайды.».
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Профилактикалық есепке алуды жүргізу Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.».
      15. «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 9 сәуірдегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 8, 40-құжат; 2011 ж., № 24, 149-құжат):
      1) 7-бап мынадай мазмұндағы 11-1) және 11-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «11-1) сотталғандардың, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдардың құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында профилактикалық және жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді қамтамасыз етеді;
      11-2) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізеді; »;
      2) 9-баптың 3), 4) және 5) тармақшалары алып тасталсын;
      3) 28-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Профилактикалық есепке алуды ішкі істер органдары жүргізеді.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Ішкі істер органдары адамға қорғау нұсқамасы шығарылған күні не соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде профилактикалық есепке қойылғаны туралы жазбаша нысанда хабарлайды.».
      16. «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 4-құжат):
      1) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-бап. Құқық қорғау органдары
      Құқық қорғау органдарына өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының прокуратура, ішкі істер, қаржы полициясы органдары, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, кеден органдары жатады.»;
      2) 22-баптың 3-тармағында:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) ішкі істер органдарына – «полиция», «әділет»;»;
      4 тармақша алып тасталсын.
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
            Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады