"Қазақстан Республикасында құрылыс индустриясын және құрылыс материалдары өндірісін дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 1004 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 қазандағы № 1129 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. «Қазақстан Республикасында құрылыс индустриясын және құрылыс материалдары өндірісін дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 1004 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында құрылыс индустриясын және құрылыс материалдары өндірісін дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламада:
      «Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде:
      «Міндеттерде»:
      «Тұрғын үй құрылысын дамыту» деген сөздер алынып тасталсын;
      «Нысаналы индикаторларда»:
      «63 000» деген сандар «24 000» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Ағымдағы жай-күйді талдау» деген 3-бөлімде:
      3.6-кіші бөлім алынып тасталсын;
      «Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері және іске асырудан күтілетін нәтиже» деген 4-бөлімде:
      «Бағдарламаның міндеттері» деген 4.2-кіші бөлімде:
      4-тармақ алынып тасталсын;
      «Бағдарламаның нысаналы индикаторлары» деген 4.3-кіші бөлімде:
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын «24 000»;
      12-кесте мынадай редакцияда жазылсын:
      «12-кесте. Жылдар бойынша нысаналы индикаторларды ұлғайту серпіні

Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері

Өлш. бірл.

Болжамды кезең

2010

2011

2012

2013

2014

Құрылыс материалдары өндірістерінде еңбек өнімділігін бір адамға 24 000 АҚШ долларына дейін ұлғайту

мың долл./
адам.

16

18

20

22

24

                                                                »;
       төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын «24»;
      «Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелердің көрсеткіштері» деген 4.4-кіші бөлімде:
      алтыншы және жетінші бөліктер алынып тасталсын;
      «Бағдарламаны іске асыру кезеңдері» деген 5-бөлімде:
      үшінші бөлікте:
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын «20 000»;
      бесінші бөліктегі төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын «24 000»;
      5.4-кіші бөлім алынып тасталсын;
      «Қажетті ресурстар» деген 6-бөлімде:
      2) тармақшаның екінші бөлігі алынып тасталсын;
      «Қазақстан Республикасында құрылыс индустриясын және құрылыс материалдары өндірісін дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 7-бөлімде:
      «Тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдау» деген 5-кіші бөлімде:
      реттік нөмірлері 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31 және 32-жолдар алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады