"Қазақстан Республикасының спортшыларын кезекті 2010 жылғы Ванкувердегі (Канада) XXI қысқы Олимпиада ойындарына, 2010 жылғы Гуанчжоудағы (Қытай Халық Республикасы) 16-шы Азия ойындарына, 2011 жылғы Астана және Алматы қалаларындағы (Қазақстан Республикасы) 7-ші қысқы Азия ойындарына және 2012 жылғы Лондондағы (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі) XXX Олимпиада ойындарына қатысуға даярлау жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 1059 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1149 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының спортшыларын кезекті 2010 жылғы Ванкувердегі (Канада) XXI қысқы Олимпиада ойындарына, 2010 жылғы Гуанчжоудағы (Қытай Халық Республикасы) 16-шы Азия ойындарына, 2011 жылғы Астана және Алматы қалаларындағы (Қазақстан Республикасы) 7-ші қысқы Азия ойындарына және 2012 жылғы Лондондағы (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі) XXX Олимпиада ойындарына қатысуға даярлау жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 1059 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы спортшыларын кезекті 2010 жылғы Ванкувердегі (Канада) XXI қысқы Олимпиада ойындарына, 2010 жылғы Гуанчжоудағы (Қытай Халық Республикасы) 16-шы Азия ойындарына, 2011 жылғы Астана және Алматы қалаларындағы (Қазақстан Республикасы) 7-ші қысқы Азия ойындарына және 2012 жылғы Лондондағы (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі) XXX Олимпиада ойындарына қатысуға даярлау жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің     
2011 жылғы 7 қазандағы
№ 1149 қаулысына 
қосымша       

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2009 жылғы 13 шілдедегі
№ 1059 қаулысымен 
бекітілген      

Қазақстан Республикасының спортшыларын кезекті
2010 жылғы Ванкувердегі (Канада) XXI қысқы
Олимпиада ойындарына, 2010 жылғы Гуанчжоудағы
(Қытай Халық Республикасы) 16-шы Азия ойындарына,
2011 жылғы Астана және Алматы қалаларындағы (Қазақстан
Республикасы) 7-ші қысқы Азия ойындарына және 2012 жылғы
Лондондағы (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама
Корольдігі) XXX Олимпиада ойындарына қатысуға даярлау
жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы

Мәсімов                       - Қазақстан Республикасының Премьер-
Кәрім Қажымқанұлы               Министрі, төраға

Ермегияев                     - Қазақстан Республикасының Туризм
Талғат Амангелдіұлы             және спорт министрі, төрағаның
                                орынбасары

Жақсыбеков                    - Қазақстан Республикасының Қорғаныс
Әділбек Рыскелдіұлы             министрі

Жәмішев                       - Қазақстан Республикасының Қаржы
Болат Бидахметұлы               министрі

Жұмағалиев                    - Қазақстан Республикасының Байланыс
Асқар Қуанышұлы                 және ақпарат министрі

Жұмағұлов                     - Қазақстан Республикасының Білім және
Бақытжан Тұрсынұлы              ғылым министрі

Қайырбекова                   - Қазақстан Республикасының
Салидат Зекенқызы               Денсаулық сақтау министрі

Камалиев                      - Қазақстан Республикасының Көлік және
Берік Сайлауұлы                 коммуникация министрі

Қасымов                       - Қазақстан Республикасының Ішкі істер
Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы      министрі

Келімбетов                    - Қазақстан Республикасының
Қайрат Нематұлы                 Экономикалық даму және сауда министрі

Құл-Мұхаммед                  - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Мұхтар Абрарұлы                 министрі

Омаров                        - Қазақстан Республикасының Туризм және
Мұрат Ескелдіұлы                спорт вице-министрі

Досмұхамбетов                 - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Темірхан Мыңайдарұлы            Олимпиада комитетінің президенті
                                (келісім бойынша)

Досымбетов                    - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Тимур Камалұлы                  Олимпиада комитетінің бас хатшысы
                                (келісім бойынша)

Жампейісов                    - Қазақстан Республикасы Туризм және
Қайыргелді Масығұтұлы           спорт министрлігі Спорт комитетінің
                                «Ұлттық штаттық командалар және
                                спорт резерві дирекциясы»
                                республикалық мемлекеттік қазыналық
                                кәсіпорнының директоры

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады