Арнайы экономикалық аймақтар мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңес туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 1159 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 941 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.11.2015 № 941 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңының 4-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Арнайы экономикалық аймақтар мәселелері жөніндегі сарапшылық
кеңес туралы ереже бекітілсін.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Арнайы экономикалық аймақтар мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңес туралы ережені және оның құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 3 қазандағы № 892 қаулысы;
      2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 3 қазандағы № 892 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 қазандағы № 922 қаулысы.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 13 қазандағы
№ 1159 қаулысымен
бекітілген     

Арнайы экономикалық аймақтар мәселелері жөніндегі
сарапшылық кеңес туралы ереже

      Осы Арнайы экономикалық аймақтар мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңес туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген.

1. Жалпы ережелер

      1. Сарапшылық кеңес - арнайы экономикалық аймақтар құрудың немесе оларды таратудың орындылығы мәселесін қарау үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және тарату саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) жанынан құратын ведомствоаралық консультативтік-кеңесші орган (бұдан әрі - сарапшылық кеңес).
      2. Сарапшылық кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңына, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

2. Сарапшылық кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары

      3. Сарапшылық кеңестің міндеті арнайы экономикалық аймақтарды (бұдан әрі - АЭА) құрудың және таратудың орындылығы мәселелерін қарау болып табылады.
      Сарапшылық кеңес осы міндетті орындау үшін мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) тиісті тұжырымдамаларымен бірге ұсынылған АЭА-ны құру туралы ұсыныстардың Қазақстан экономикасын жаңғырту және индустриялық-инновациялық дамыту міндеттер мен мақсаттарына сәйкестігін қарау және уәкілетті органға АЭА-ны құрудың орындылығы не орынсыздығы туралы қорытынды беру;
      2) мақсатты индикаторларға қол жеткізбеудің шиеленіскен деңгейін айқындау мақсатында АЭА-ның жұмыс істеу тиімділігіне талдау жүргізу және АЭА-ның одан әрі жұмыс істеуінің орынсыздығы туралы уәкілетті органға тиісті қорытынды беруі;
      4. Сарапшылық кеңес, оған жүктелген міндеттерді орындау және функцияларды жүзеге асыру үшін орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, ведомстволардың, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген ұйымдарының мамандарын тартады.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1524 қаулысымен.

3. Сарапшылық кеңестің қызметін ұйымдастыру

      5. Сарапшылық кеңестің төрағасы:
      1) сарапшылық кеңестің жұмысына басшылық жасайды, сарапшылық кеңеске жүктелген міндеттерді орындауға жауапты болады;
      2) сарапшылық кеңестің отырыстарында төрағалық етеді;
      3) сарапшылық кеңестің жұмыс жоспарын және күн тәртібін бекітеді, қажет болған кезде сарапшылық кеңестің отырысын шақырады;
      4) сарапшылық кеңес отырыстарының хаттамаларына және қорытындыларына қол қояды.
      Сарапшылық кеңестің қызметін қамтамасыз етуді өзінің жанынан сарапшылық кеңес құрылатын уәкілетті орган жүзеге асырады.
      6. Сарапшылық кеңес жұмыс органының функциясын өзінің шешіммен айқындаған уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі жүзеге асырады.
      7. Сарапшылық кеңестің жұмысын ұйымдастыруды, оның отырыстарын өткізуге дайындықты, сарапшылық кеңес отырыстарының тиісті құжаттарын, материалдарын және одан кейін хаттамаларын ресімдеуді және қол қоюды сарапшылық кеңестің хатшысы жүзеге асырады.
      Хатшы сарапшылық кеңестің мүшесі болып табылмайды.
      8. Сарапшылық кеңестің шешімдері ашық дауыс берумен қабылданады және егер олар үшін сарапшылық кеңестің қатысушы мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда сарапшылық кеңестің төрағасы немесе ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп саналады. Сарапшылық кеңестің шешімімен келіспеген жағдайда сарапшылық кеңестің мүшесі жазбаша түрде баяндалуы және сарапшылық кеңес отырысының хаттамасына қоса берілуі тиіс ерекше пікір білдіруге құқығы бар. Өндірістік немесе басқа себеп бойынша сарапшылық кеңестің мүшесі болмаған жағдайда сарапшылық кеңес отырысының хаттамасында оның болмау себебі көрсетіледі.
      9. Сарапшылық кеңестің отырыстары сарапшылық кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі.
      10. Сарапшылық кеңес отырыстарының шешімдері хаттамалық шешім, қорытынды түрінде ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады