Қазақстан Республикасы Үкіметінің Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттердің Адам құқықтары жөніндегі әмбебап кезеңдік шолу шеңберіндегі ұсынымдарын іске асыру жөніндегі 2011 - 2014 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 1165 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі әмбебап кезеңдік шолу шеңберіндегі міндеттемелерін іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттердің Адам құқықтары жөніндегі әмбебап кезеңдік шолу шеңберіндегі ұсынымдарын іске асыру жөніндегі 2011 - 2014 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша), сондай-ақ мүдделі ұйымдар Жоспарда көзделген іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етсін және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жыл сайын 20 желтоқсаннан кешіктірмей, Жоспардың іс-шараларын орындау туралы ақпарат берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын 30 қаңтардан кешіктірмей Жоспарда көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы жиынтық ақпарат берсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2011 жылғы 13 қазандағы
№ 1165 қаулысымен     
бекітілген       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттердің Адам құқықтары жөніндегі әмбебап кезеңдік шолу шеңберіндегі ұсынымдарын іске асыру жөніндегі 2011 - 2014 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары

      Ескерту. Жоспарға өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.12.06 № 1471; 08.11.2013 N 1187 қаулыларымен.

Р/с №

Іс-шара

Аяқталу нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындалу мерзімі

Болжамды шығыстар

Қаржыландыру көзі

1

2

3

4

5

6

7

1.

Ұлттық академиялық кітапхананың http://hrc.nabrk.kz сайтындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның цифрлық кітапханасының жұмыс істеп тұрған дерек қорын жаңарту

Цифрлық кітапхананың қолданыстағы дерек қорын жаңарту

Әділетмині, РҚАО, MАM, АҚК (келісім бойынша)

2013 жылғы желтоқсан

Талап етілмейді

-

2.

Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактіге Факультативтік хаттаманы ратификациялау бойынша ұсыныстар әзірлеу (БҰҰ-да Мақсатты қор құрылғаннан кейін)

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

Еңбекмині, СІМ, ЭБЖМ, Әділетмині

2014 жылғы 4-тоқсан

Талап етілмейді

-

3.

ВАК-тың қарауына бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын тәрбиелеу, емдеу және өзге де ұйымдардағы балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу

ВАК шешімі

БҒМ, ДСМ, БП (келісім бойынша), ЖС (келісім бойынша), Әділетмині

2012 жылғы 1-тоқсан

Талап етілмейді

-

4.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қаңтардағы № 41 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде есірткіге тәуелді адамдарға және АИТВ/ЖҚТБ-мен өмір сүретін адамдарға, әсіресе балаларға қатысты қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат дайындау

Әділетминіне ақпарат

ДСМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар

жыл сайын, 20 желтоқсанға дейін

Талап етілмейді

-

5.

Кемсітушілікке және зорлық-зомбылыққа қарсы, әсіресе әйелдер мен балаларға қатысты күрес бойынша заңнаманы іске асыру тиімділігін бағалау

Әділетминіне ақпарат

ІІМ (жинақтау), БП (келісім бойынша), ӘІОДСҰК (келісім бойынша)

жыл сайын, 20 желтоқсанға дейін

Талап етілмейді

-

6.

Қоғамның тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бойынша шаралар туралы құқықтық хабардар болушылығын жоғарылату жөнінде шаралар қабылдау

ӘІОДСҰК-ға ақпарат

ІІМ, МАМ

жыл сайын, 20 маусымға және 20 желтоқсанға дейін

025 «Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде (БАМ)

РБ

7.

Азаматтардың, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі адамдардың денсаулық сақтаудың сапалы қызметтеріне қол жетілімдік тетігін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ДСМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар

2013 жылғы 2 тоқсан

Талап етілмейді

-

8.

Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету тетігін жетілдіру бойынша шаралар қабылдау

Әділетминіне ақпарат

МАМ (жинақтау), БП (келісім бойынша), Әділетмині

жыл сайын, 20 желтоқсанға дейін

Талап етілмейді

-

9.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жүргізген тексерулердің нәтижелері бойынша ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарына және Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің сайтында жариялау

Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне ақпарат

АҚҰО (келісім бойынша), БАМ

2011-2014 жылдар ішінде

Талап етілмейді

-

10.

Адамның және азаматтың құқықтарының бұзылуымен байланысты анықтауға жататын мән-жайлар бойынша қорытындыларды дайындау үшін сарапшылық және консультациялық жұмыстарды жүргізуге арналған ұйымдарды және мамандарды шарттық негізде тартудың орындылығы туралы, сондай-ақ осы іс-шараны қаржылық қамтамасыз ету туралы ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

АҚҰО (келісім бойынша), Қаржымині

2011-2014 жылдар ішінде

Талап етілмейді

-

11.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мәртебесін Париж қағидаттарына сәйкес келтіру туралы БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңестің ұсынымын іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне ұсыныстар

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (жинақтау), Әділетмині, БП (келісім бойынша), СІМ

2011 жылғы желтоқсан

Талап етілмейді


-

12.

Қазақстан Республикасында Бала құқықтары жөніндегі уәкілді енгізу туралы ұсынымды іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне ұсыныстар

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (жинақтау), БҒМ, БП (келісім бойынша), Әділетмині, СІМ

2011 жылғы желтоқсан

Талап етілмейді


-

13.

Қазақстан халық Ассамблеясының өкілеттігін одан әрі нығайту бойынша ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне ұсыныстар

ҚХА (келісім бойынша) (жинақтау), MM, Әділетмині

2011 жылғы желтоқсан

Талап етілмейді

-

14.

Адам құқықтары саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бөлігінде азаматтық қоғаммен іс-қимыл барысында Адам құқықтары саласындағы 2009-2012 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын іске асыру

АҚК-ғa ақпарат

Мүдделі мемлекеттік органдар

жыл сайын, 20 желтоқсанға дейін

Талaп етілмейді

-

15.

Қазақстан балаларына ерекше көңіл бөле отырып, мәдениетті, әлеуетті дамытуға және нығайтуға, денсаулықты қорғауға, қоғамның құқықтық хабардарлығы деңгейін арттыруға бағытталған ақпараттық-ағартушылық бағдарламаларды тарату

Республикалық және аумақтық БАҚ-та телебағдарламаларды ұйымдастыру мен шығару

МАМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар

2011-2014 жылдар ішінде

025 «Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу» бюджеттік бағдарлама бойынша көзделген қаражат шегінде (БАМ)

РБ

16.

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша қабылданған халықаралық міндеттемелерді зерделеу мақсатында қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің, ұлттық қауіпсіздік және қаржы полициясы қызметкерлерін оқытуды қамтамасыз ету

Қызметкерлерді оқыту

ІІМ, ҰҚК, ҚПА

2011-2014 жылдар ішінде

004 «Жоғары кәсіптік білімі бар мамандар даярлау» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде (ҚПА)

РБ

17.

Халықаралық міндеттемелерді орындауды бағалау мақсатында БҰҰ-ның келетін арнайы баяндамашыларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның арнайы рәсімдерінде қатысуы туралы тұрақты шақыруды іске асыруды қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

СІМ, мүдделі мемлекеттік органдар

Ресми іссапар болған айдан кейінгі айдың 25 күніне дейін

006 «Өкілдік шығындар» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде (СІМ)

РБ

18.

Азиядан, Таяу Шығыс пен Еуропадан қайта оралған этникалық қазақтардың қоғамға кіруі бойынша ақпарат дайындау

Әділетминіне ақпарат

ІІМ, Еңбекмині, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері

жыл сайын, 20 желтоқсанға дейін

Талaп етілмейді

-

19.

Адам құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша шетелдік мемлекеттермен тәжірибе алмасу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

СІМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2011-2014 жылдар ішінде

005 «Шетелдік іссапарлар», 006 «Өкілдік шығындар» бюджеттік бағдарламалары бойынша көзделген қаражат шегінде (СІМ)

РБ

20.

Білім беру мектептері және ЖОО оқытушыларының гендерлік тақырып курстары бойынша біліктілігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

БҒМ

2013 жылғы желтоқсан

Талап етілмейді

-

21.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияда Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын балалардың және Қазақстан Республикасы аумағында уақытша болатындардың білім алуы туралы мәселені қарастыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

БҒМ (жинақтау), Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері

2011 жылғы желтоқсан

Талап етілмейді

-

22.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында заңды және жеке тұлғалардың бала еңбегін пайдалануының профилактикасы бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы жиынтық ақпаратты дайындау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Еңбекмині (жинақтау), БҒМ, БП (келісім бойынша), ІІМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері

жыл сайын, 20 маусымға және 20 қарашаға дейін

Талап етілмейді

-

23.

«Балалар түнгі қалада» науқаны шеңберінде жедел-профилактикалық іс-шараларын өткізу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы жиынтық ақпаратты дайындау

Әділетминіне ақпарат

ІІМ (жинақтау), БҒМ, Еңбекмині

жыл сайын, 20 желтоқсанға дейін

Талап етілмейді

-

24.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 1390 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылық профилактикасының 2011 -2013 жылдарға арналған салалық бағдарламасының 66-тармағына сәйкес ІІМ-нің Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы жанындағы Заңсыз көші-қон мен адам сатуға қарсы күрес жөніндегі мамандарды даярлайтын оқу орталығында біліктілікті арттыруды қамтамасыз ету

Қызметкерлерді оқыту

ІІМ

2011-2014 жылдар ішінде

021 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жүйесіндегі білім» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде (ІІМ)

РБ

25.

ВАК-тың қарауына Босқындардың мәртебесі туралы конвенцияға және Босқындардың мәртебесіне қатысты хаттамаға сәйкес, сондай-ақ БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі Жоғары Комиссары Басқармасының ұсынымдарын ескере отырып, босқындар мәртебесі туралы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу

ВАК шешімі

ІІМ (жинақтау), ҰҚК (келісім бойынша), СІМ, БП (келісім бойынша), Әділетмині

2012 жылғы 3 тоқсан

Талап етілмейді


-

26.

ВАК-тың қарауына адвокаттарға қорғаушылармен кездесу кезінде жазып алу құрылғыларын қолдану құқығын беру бөлігінде заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу

ВАК шешімі

Әділетмині, БП (келісім бойынша), ІІМ, ҰҚК (келісім бойынша), ҚПА (келісім бойынша), ЖС (келісім бойынша)

2011 жылғы қазан

Талап етілмейді

-

27.

1955 жылғы 30 маусымда қылмыстың алдын алу және қамаудағыларға қарау жөніндегі БҰҰ Конгрессі қабылдаған қамаудағыларға қараудың ең аз қағидасын ескере отырып, Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде және УҰИ-да ұстау ұстау жағдайлары туралы заңға тәуелді актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ІІМ, ҰҚК (келісім бойынша), БП (келісім бойынша)

2014 жылғы желтоқсан

Талап етілмейді

-

28.

Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияның ратификацияланған факультативтік хаттамасына сәйкес ұлттық алдын алу тетігін енгізу туралы Заң жобасын әзірлеу

ВАК қарауына енгізу

Әділетмині, БП (келісім бойынша), ІІМ, ҰҚК (келісім бойынша), ЖС (келісім бойынша), Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (келісім бойынша)

2011 жылғы 4-тоқсан

Талап етілмейді

-

29.

Қабылданған салалық және өңірлік бағдарламалық құжаттар шеңберінде жұмыссыздықпен күрес бойынша шаралар қабылдау

Әділетминіне ақпарат

Еңбекмині, (жинақтау), ИЖТМ, МГМ, АШМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері

жыл сайын, 20 желтоқсанға дейін

Талап етілмейді

-

30.

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.12.06 № 1471 Қаулысымен.

31.

ВАК қарауына әділ сот қарауының халықаралық стандарттарын оның ішінде қорғау тарапының айғақтары және айыптау тарабының айғағы теңдігін қамтамасыз етуді ескере отырып, заңнаманы одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу

ВАК шешімі

ЖС (келісім бойынша), БП (келісім бойынша), Әділетмині

2013 жылғы желтоқсан

Талап етілмейді

-

32.

ВАК-та қарау жала үшін қылмыстық жауапкершілікті азаматтық тұрғыға ауыстыру бойынша мәселені

ВАК шешімі

БП (келісім бойынша), ЖС (келісім бойынша), Әділетмині

2013 жылғы қыркүйек

Талап етілмейді

-

33.

Қазақстандағы этникалық қауымдардың мәдениетін дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат дайындау

Әділетминіне ақпарат

MАM

жыл сайын, 20 желтоқсанға дейін

Талап етілмейді

-

34.

Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа тілдерін, соның ішінде мәдени ұлттық орталықтардың жексенбілік мектептері арқылы ұлттық тілдерді дамытуға мемлекеттік қолдау көрсете отырып, дамыту бойынша шаралар қабылдау

Қазақстан Республикас ының Үкіметіне ақпарат

MАM

жыл сайын, 20 желтоқсанға дейін

005 «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде (MM)

РБ

35.

Қоршаған ортаны қорғауға және табиғи ресурстарды тиімді қолдануға байланысты мәселелерді шешу тиімділігін, сондай-ақ экономикалық қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалау әдістемесін қолдануды қамтамасыз ету бойынша ақпарат дайындау

Әділетминіне ақпарат

Қоршаған ортамині (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар

жыл сайын, 20 желтоқсанға дейін

Талап етілмейді

-

36.

«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына «әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соқтырған қатыгездіктен зардап шеккен адамдар» ұғымын анықтау, сондай-ақ оларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлігінде нақтылаулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу

ВАК-қа ұсыныстар

ІІМ (жинақтау), ДСМ, Еңбекмині, Астана мен Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері

2012 жылғы желтоқсан

Талап етілмейді

-

37.

Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасын БҰҰ-ның және ЕҚЫҰ-ның халықаралық стандарттарына сәйкес жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыру

Әділетминіне ақпарат

ОСК (келісім бойынша) (жинақтау), басқа да мүдделі мемлекеттік органдар

жыл сайын, 20 желтоқсанға дейін

Талап етілмейді

-

38.

Діни сенім бостандығына қатысты мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды жалғастыру

Әділетминіне ақпарат

ДІА

жыл сайын, 20 желтоқсанға дейін

004 «Дін саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту, дін мәселелері бойынша әлеуметтанушылық, ғылыми-зерттеу және талдау қызметтерін жүргізу» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде (ДІА)

РБ

39.

ВАК қарауына Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттер мен демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткізу саласында заңнаманы жетілдіру туралы ұсыныстар енгізу

ВАК шешімі

Әділетмині (жинақтау), БП (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша), ІІМ, Астана мен Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері

2012 жылғы қараша

Талап етілмейді

-
 

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
      МҚІА - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
      ДІА - Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігі
      ҚХА - Қазақстан халқы Ассамблеясы
      ҚПА - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы)
      ЖС - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
      ЖОО - жоғарғы оқу орны
      БП - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
      УҰМ - уақытша ұстау мекемесі
      ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
      АҚК - Адам құқықтары жөніндегі комиссия
      ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
      ВАК - Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Заң жобалау жұмысы жөніндегі ведомствоаралық комиссия
      ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
      СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
      MАM - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
      БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
      Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны  қорғау министрлігі
      Еқбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
      Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
      Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
      ӘІОДСҰК - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы  Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия
      АҚҰО - Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық
      ЕҚЫҰ - Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы
      БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы
      РБ - республикалық бюджет
      РҚАО - Республикалық құқықтық ақпарат орталығы
      БАҚ - бұқаралық ақпарат құралдары
      ОСК - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады