Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттердің Адам құқықтары жөніндегі әмбебап кезеңдік шолу шеңберіндегі ұсынымдарын іске асыру жөніндегі 2011 - 2014 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 1165 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттердің Адам құқықтары жөніндегі әмбебап кезеңдік шолу шеңберіндегі ұсынымдарын іске асыру жөніндегі 2011 - 2014 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірлері 1, 33 және 34-жолдардың 4-бағанындағы «ММ» деген аббревиатура «МАМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
2 |
Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактіге Факультативтік хаттаманы ратификациялау бойынша ұсыныстар әзірлеу (БҰҰ-да Мақсатты қор құрылғаннан кейін) |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар |
Еңбекмині, СІМ, ЭБЖМ, Әділетмині |
2014 жылғы 4-тоқсан |
талап етілмейді |
»;
реттік нөмірлері 6, 8 және 15-жолдардың 4-бағанындағы «БАМ» деген аббревиатура «МАМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
ескертпеде:
аббревиатуралардың толық жазылуында:
мына:
«ММ - Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі»;
мына:
«БАМ - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі
ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі» деген жолдар алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов