Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 1994 жылғы 9 қыркүйектегі Чернобыльдегі және басқа радиациялық апаттар мен авариялар, сондай-ақ ядролық сынақтар нәтижесінде радиация әсеріне шалдыққан азаматтарды әлеуметтік қорғау және олардың денсаулығын қорғау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат беріле отырып, 1994 жылғы 9 қыркүйектегі Чернобыльдегі және басқа радиациялық апаттар мен авариялар, сондай-ақ ядролық сынақтар нәтижесінде радиация әсеріне шалдыққан азаматтарды әлеуметтік қорғау және олардың денсаулығын қорғау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қойылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 17 қазандағы
№ 1182 қаулысымен
мақұлданған
Жоба
1994 жылғы 9 қыркүйектегі Чернобыльдегі және басқа радиациялық
апаттар мен авариялар, сондай-ақ ядролық сынақтар нәтижесінде
радиация әсеріне шалдыққан азаматтарды әлеуметтік қорғау және
олардың денсаулығын қорғау туралы келісімге
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын 1994 жылғы 9 қыркүйектегі Чернобыльдегі және басқа радиациялық апаттар мен авариялар, сондай-ақ ядролық сынақтар нәтижесінде радиация әсеріне шалдыққан азаматтарды әлеуметтік қорғау және олардың денсаулығын қорғау туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің үкіметтері,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Келісімге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1-бапта:
«Тараптар» деген сөзден кейін «ұлттық заңнамаға сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын;
«базалық» деген сөз алып тасталсын.
2. 2-бапта:
бірінші абзац «Тараптар» деген сөзден кейін «ұлттық заңнамаға сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзацтағы «базалық» деген сөздер алып тасталсын;
жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Чернобыль және басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, сондай-ақ ядролық сынақтардың салдарына қатысты ұлттық заңнамадағы өзгерістерді қоса алғанда, олардағы ақпаратпен өзара өтеусіз алмасуды жүзеге асырады.».
2-бап
Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді оған қол қойған Тараптардың орындағаны туралы үшінші хабарламаны депозитарий алған күнінен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Мемлекетішілік рәсімдерді кешіктіріп орындаған Тараптар үшін осы Хаттама депозитарий тиісті құжаттарды алған күнінен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
2011 жылғы 18 қазанда Санкт-Петербург қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа данасы осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке оның расталған көшірмесін жолдайтын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады.
Әзірбайжан Республикасының Ресей Федерациясының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Армения Республикасының Тәжікстан Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Беларусь Республикасының Түркіменстан
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Қырғыз Республикасының Украина Үкіметі үшін
Үкіметі үшін
Молдова Республикасының
Үкіметі үшін