Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат беріле отырып, 2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қойылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 17 қазандағы
№ 1186 қаулысымен
мақұлданған
жоба
2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға
арналған тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы
өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды
жасау тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы,
2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 18-бабына сәйкес,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Келісімге 3-қосымшаның І бөлімінің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әуе көлігімен тасымалданатын жеке пайдалануға арналған тауарлар (этил спиртін және бөлінбейтін тауарларды қоспағанда) |
кедендік құны 10 000 евроға балама сомадан аспайтын және жалпы салмағы 50 килограмнан аспайтын |
оның ішінде: |
|
алкогольді ішімдіктер және сыра |
18 жасқа толған бір жеке тұлғаға есептегенде 3 литрді қоса алғанда, одан көп емес |
темекі және темекі бұйымдары |
18 жасқа толған бір жеке тұлғаға есептегенде 200 сигарета немесе 50 сигара (сигарилла) немесе 250 грамм темекі не жалпы салмағы 250 грамнан аспайтын көрсетілген бұйымдардың ассортименті; |
өзге көлік түрлерімен тасымалданатын |
кедендік құны 1500 евроға балама сомадан аспайтын және жалпы салмағы 50 килограмнан аспайтын |
оның ішінде: |
|
алкогольді ішімдіктер және сыра |
18 жасқа толған бір жеке тұлғаға есептегенде 3 литрді қоса алғанда, одан көп емес |
темекі және темекі бұйымдары |
18 жасқа толған бір жеке тұлғаға есептегенде 200 сигарета немесе 50 сигара (сигарилла) немесе 250 грамм темекі не жалпы салмағы 250 грамнан аспайтын көрсетілген бұйымдардың ассортименті.» |
2-бап
Осы Хаттама ратификациялауға жатады және қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады.
Осы Хаттама депозитарий дипломатиялық арналар арқылы осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күнінен бастап күшіне енеді.
2011 жылғы «___» ________ қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.
Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы Кеден одағының комиссиясында сақталады, ол осы хаттаманың депозитарийі болып табылады және әрбір Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жолдайды.
Беларусь Республикасы Қазақстан Республикасы Ресей Федерациясы
үшін үшін үшін