"Бір тараптан Қазақстан Республикасы және екінші тараптан Еуропалық Қоғамдастықтар мен оларға мүше мемлекеттер арасындағы әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге Тоқыма саудасы жөніндегі екі жақты келісімнің қолданылу мерзімінің аяқталуын ескере отырып, тоқымамен екі жақты саудаға Әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім ережелерінің қолданылуын таратуға қатысты хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1213 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Бір тараптан Қазақстан Республикасы және екінші тараптан Еуропалық Қоғамдастықтар мен оларға мүше мемлекеттер арасындағы әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге Тоқыма саудасы жөніндегі екі жақты келісімнің қолданылу мерзімінің аяқталуын ескере отырып, тоқымамен екі жақты саудаға Әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім ережелерінің қолданылуын таратуға қатысты хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі                       К. Мәсімов

Жоба   

Қазақстан Республикасының Заңы Бір тараптан Қазақстан Республикасы және екінші тараптан
Еуропалық Қоғамдастықтар мен оларға мүше мемлекеттер арасындағы
әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге Тоқыма саудасы
жөніндегі екі жақты келісімнің қолданылу мерзімінің аяқталуын
ескере отырып, тоқымамен екі жақты саудаға Әріптестік пен
ынтымақтастық туралы келісім ережелерінің қолданылуын таратуға
қатысты хаттаманы ратификациялау туралы

      2008 жылғы 5 қарашада Брюссельде жасалған Бір тараптан Қазақстан Республикасы және екінші тараптан Еуропалық Қоғамдастықтар мен оларға мүше мемлекеттер арасындағы әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге Тоқыма саудасы жөніндегі екі жақты келісімнің қолданылу мерзімінің аяқталуын ескере отырып, тоқымамен екі жақты саудаға Әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім ережелерінің қолданылуын таратуға қатысты хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
            Президенті

ТОҚЫМА САУДАСЫ ЖӨНІНДЕГІ ЕКІ ЖАҚТЫ КЕЛІСІМНІҢ ҚОЛДАНУ
МЕРЗІМІНІҢ АЯҚТАЛУЫН ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, ТОҚЫМАНЫҢ ЕКІ ЖАҚТЫ
САУДАСЫНДАҒЫ ӘРІПТЕСТІК ПЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
ЕРЕЖЕЛЕРІ КҮШІНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ БІР ТАРАПТАН ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫ ЖӘНЕ ЕКІНШІ ТАРАПТАН ЕУРОПАЛЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚ ПЕН
ОНЫҢ МҮШЕ ЕЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ӘРІПТЕСТІК ПЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ
ХАТТАМА

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ,
      бір тараптан және
      ЕУРОПАЛЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚ
      екінші тараптан,
      мыналарды ескере отырып,
      1. Бір тараптан Қазақстан Республикасы және екінші тараптан Еуропалық қоғамдастық пен оның мүше елдері арасындағы әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге (бұдан әрі - ӘЫК) 1995 жылы қол қойылды және 1999 жылғы 1 шілдеде күшіне енді.
      2. ӘЫК қағидаттары басқа тауарлардың саудасы үшін қолданылатынына, сондай-ақ тоқыма өнімдері саудасында да ресмилікпен қолданылғанына кепілдік беру үшін келіссөздер жүргізілді.
      3. ӘЫК-ге тиісті өзгерістер қабылдануы тиіс,
      ТӨМЕНДЕГІЛЕР ТУРАЛЫ КЕЛІСТІ:

1-бап

      ӘЫК мынадай түрде өзгертілді:
      1) 11-баптағы 16-бапқа сілтеме алынып тасталады;
      2) 16-бап алынып тасталады.

2-бап

      Хаттама ӘЫК-нің ажырамас бөлігін құрайды.

3-бап

      Осы хаттама Тараптар бір біріне қажетті мемлекетішілік рәсімдердің өткізілгенін аяқталғаны туралы хабардар еткен күннен кейінгі айдың бірінші күні күшіне енеді.

4-бап

      Осы хаттама әрқайсысы болгар, чех, дат, нидерланд, ағылшын, эстон, фин, француз, неміс, грек, венгр, итальян, латыш, литва, мальти, польян, португал, румын, словак, словен, испан, швед, қазақ және орыс тілдерінде олардың орындалған әрқайсысының мәтіні бірдей күшке ие.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады