Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқыту, нұсқама беру және олардың бiлiмдерiн тексеру қағидалары мен мерзімін бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1225 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 31 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 27.01.2016 № 31 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексiнiң 15-бабының 25) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқыту, нұсқама беру және олардың бiлiмдерiн тексеру қағидалары мен мерзімі бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                               К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2011 жылғы 28 қазандағы
№ 1225 қаулысымен  
бекiтiлген     

Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқыту, нұсқама беру және олардың бiлiмдерiн тексеру қағидалары мен мерзімі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексiнiң 15-бабының 25) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқыту, нұсқама беру және олардың бiлiмдерiн тексерудiң тәртiбi мен мерзiмiн айқындайды.
      2. Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқытуды, нұсқама берудi және олардың бiлiмдерiн тексерудi жұмыс берушi өз қаражаты есебiнен жүргiзедi.
      3. Жұмысқа қабылданған адамдар міндетті түрде еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша жұмыс берушi ұйымдастырған алдын-ала оқытудан өтедi, кейiннен мiндеттi түрде оның бiлiмiн тексеру жүргiзiледi. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша алдын-ала оқытудан, нұсқама беруден және олардың бiлiмдерiн тексеруден өтпеген қызметкерлер жұмысқа жiберiлмейдi.
      4. Өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметкерлерi, басшы қызметкерлерi мен еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың тiзiмiн, оқыту жүргiзiлiп жатқан жұмыстар мен кәсіптер тiзбесiн, сондай-ақ оқытудың тәртiбi мен нысанын жұмыс берушi кәсіптің сипатына, жұмыс түрiне, өндiрiстiң ерекшелiгi мен еңбек қауiпсiздiгi жағдайына қарай, қызметкерлердiң өкiлдерiмен (олар болған кезде) келiсе отырып белгiлейдi.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.01 № 731 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

2. Ұйымдарда қызметкерлердi кәсіптер бойынша оқыту және бiлiмiн тексерудiң тәртiбi

      5. Қызметкерлердi жұмысшы кәсіптер бойынша оқыту және бiлiмдерiн тексеру жылына кемінде 1 рет жүзеге асырылады. Қызметкерлердi жұмысшы кәсіптер бойынша оқыту еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша бiлiмдерiн тексерумен (емтиханмен) аяқталады. Бiлiмді тексеру нәтижесi осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес хаттамамен ресiмделедi.
      6. Өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда кәсіптер бойынша оқытуды (сабақтар, дәрiс, семинарлар) жұмыс берушi тиiстi саладағы жоғары бiлiктi мамандарды, тәжiрибелi инженер-техникалық қызметкерлердi және ұйымның өзiнiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметiн тарта отырып жүргiзедi.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.01 № 731 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      7. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша оқу бағдарламалары осы ұйымның ерекшелiгiн ескере отырып, теориялық және өндiрiстiк оқытуды көздеуі және оны жұмыс берушi бекiтуге тиiс.
      8. Еңбектiң қауiпсiз әдiстерi мен тәсiлдерiне өндiрiстiк оқыту ұйымның еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғауға жауапты адамдарының басшылығымен оқу сыныптарында, шеберханаларда, учаскелерде жүргiзiледi.
      9. Еңбек қауiпсiздiгiнiң заңнамада белгiленген арнайы талаптары қойылатын жұмыстармен байланысты жекелеген өндiрiстерде қызметкерлер қосымша арнайы оқудан өтеді.
      10. Жұмыстың, лауазымның, мамандықтың осы түрi бойынша жұмыста үш немесе одан да көп, ал қауiптiлiгi аса жоғары жұмыста - бір жылдан артық уақыт үзiлiсi бар қызметкерлер өздiк жұмыс басталғанға дейiн еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқудан өтеді.
      11. Жұмыс берушiнiң бұйрығымен құрамы үш адамнан кем болмайтын емтихан комиссиясы құрылады.
      12. Комиссия төрағадан, хатшыдан және комиссия мүшелерiнен тұрады. Емтихан комиссиясының құрамына тиiстi комиссиядан бiлiмiн тексеруден өткен бөлiмшелердiң басшылары, ұйымның еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметiнiң мамандары, сондай-ақ еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдар, кәсiпорынның еңбектi қорғау жөнiндегi қоғамдық инспекторы кiредi.
      13. Емтихан комиссиясының жұмыс істеуі тұрақты негiзде жүзеге асырылады.
      14. Емтихан комиссиясының жұмыс тәртiбiн жұмыс берушi айқындайды.
      15. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша бiлiмi тексерiлетiн қызметкерлер оны өткiзуден отыз күн бұрын ескертiлуге тиiс.
      16. Бiлiмiн тексеруден ойдағыдай өткен қызметкерге осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес куәлiк немесе хаттамадан үзiндi көшiрме берiледi.
      17. Қызметкер қанағаттарлықсыз деген баға алған жағдайда, бiлiмiн қайта тексеру бiр айдан кешiктiрiлмей белгiленуi керек. Бiлiмiн қайта тексеруге дейiн қызметкер өздiк жұмысқа жiберiлмейдi.

3. Ұйымдардың басшы қызметкерлерi мен еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша оқытудың және бiлiмiн тексерудiң тәртiбi

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.01 № 731 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      18. Өндірістік қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдардың басшы қызметкерлері мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдары (бұдан әрі – басшы қызметкерлер) мезгіл-мезгіл, үш жылда бір реттен сирек болмайтындай етіп кадрларды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан және білімін тексеруден етуге міндетті.
      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.01 № 731 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      19. Басшы қызметкерлерге арналған еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау бойынша оқу бағдарламалары экономика саласындағы ұйымның ерекшелiгiн ескере отырып, теориялық және өндiрiстiк оқытуды көздеуге және оны еңбек инспекциясы жөнiндегi жергілікті орган бекiтуге тиiс.
      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 № 1115 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      20. Басшы қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқыту (сабақтар, дәрiс, семинарлар) мемлекеттiк қадағалау және бақылау органдары мамандарын, оқу орындарының оқытушыларын, тәжiрибелi заңгерлер мен инженерлiк-техникалық қызметкерлердi және iрi өнеркәсiп ұйымдарының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметiн тарта отырып жүргiзiледi.
      21. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау мәселелерi бойынша басшы қызметкерлердiң бiлiмiн тексерудi оқу бағдарламасы аяқталғаннан кейiн бiлiктiлiктi арттыру курстарында (сабақ болған жерде) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның бұйрығымен құрылатын, құрамы үш адамнан кем болмайтын емтихан комиссиясы жүргiзедi.
      Емтихан комиссиясының жұмыс істеуі тұрақты негiзде жүзеге асырылады.
      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 № 1115 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      22. Комиссия төрағадан – мемлекеттiк еңбек инспекторынан және комиссия мүшелерiнен тұрады. Емтихан комиссиясының құрамына бiлiктiлiктi арттыру курсының басшысы, сондай-ақ мемлекеттiк қадағалау және бақылау органдарының мамандары (келiсiм бойынша) кiредi.
      23. Басшы қызметкерлердiң бiлiмiн тексеру үшiн емтихан комиссиясы тестiлеу әдiсiн немесе емтихан билеттерiн пайдалана алады. Емтихан билеттерi немесе тест өндiрiстiк ерекшелiктердi, мамандарға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын және оқу бағдарламасын ескере отырып әзiрленедi.
      24. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша басшы қызметкерлердiң бiлiмiн тексергеннен кейiн емтихан комиссиясы мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
      1) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша бiлiмiн тексеруден өттi;
      2) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша бiлiмi қайта тексерілуге тиіс.
      25. Емтихан комиссиясының шешiмi ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
      26. Басшы қызметкерлердiң бiлiмін тексеру нәтижелерi осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес хаттамамен ресiмделедi. Хаттамаға төраға және емтихан комиссиясының мүшелерi қол қояды.
      27. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша бiлiмiн тексеруден өткен басшы қызметкерлерге осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес Қазақстанның барлық аумағында жарамды белгiленген үлгiдегi сертификат берiледi.
      28. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша бiлiмiн тексеруден өтпеген басшы қызметкерлер бiлiмiн қайта тексергенге дейiн өздерiнiң атқаратын лауазымдарында қалады. Бiлiмiн қайта тексеру алғашқы бiлiмiн тексеру өткен күнiнен бастап үш айдан кешiктiрмей өткiзiледi.
      29. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша бiлiмiн қайта тексеруден өтпеген басшы қызметкер Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiппен жұмыстан шеттетiледi.
      30. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетiлген мерзiмнен тыс бiлiмiн қайта тексеруден басшы қызметкерлер мына жағдайларда:
      1) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiнде жаңа нормативтiк құқықтық актiлер қолданысқа енгiзiлгенде, оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген кезде;
      2) жұмыс берушiнiң шешiмi бойынша пайдалануға жаңа жабдықтар мен жаңа технологиялық үдерiстер енгiзiлген кезде;
      3) жұмыс берушiнiң шешiмi бойынша жауапты адам басқа жұмысқа ауыстырылған немесе ол еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша қосымша бiлiмдi талап ететiн басқа лауазымға тағайындалған кезде;
      4) жазатайым оқиғаларды тексеру жөнiндегi комиссияның шешiмi бойынша соңы адам өлiмiмен немесе мүгедектiкпен аяқталған топтық жазатайым оқиғалар орын алған кезде, сондай-ақ авария, жарылыс, өрт немесе улану кезiнде;
      5) жұмысында бiр жылдан астам уақыт үзiлiс болған кезде өтедi.
      31. Емтихан комиссиясының шешiмiне байланысты дауларды еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган немесе сот қарайды.
      32. Жұмысқа қабылданған басшы қызметкерлер еңбек шартына қол қойған күннен бастап бiр айдан кешiктiрмей еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша бiлiмiн тексеруден өтеді.
      33. Ұйымдарда басшы қызметкерлердiң оқудан және бiлiмiн тексеруден уақтылы өтуiн бақылауды жұмыс берушi осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.

4. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша нұсқама беру тәртiбi

      34. Нұсқама сипаты мен жүргiзiлу уақытына қарай былай бөлiнедi:
      1) кiрiспе;
      2) жұмыс орнындағы алғашқы;
      3) қайталама;
      4) жоспардан тыс;
      5) мақсатты.
      35. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша кiрiспе нұсқама бiлiмi, осы кәсіп немесе лауазым бойынша жұмыс стажына байланыссыз жұмысқа жаңадан қабылданған барлық қызметкерлерге, уақытша қызметкерлерге, iссапарға келгендерге, өндiрiстiк оқуға немесе тәжiрибеге келген оқушылар мен студенттерге жүргiзiледi.
      36. Ұйымдағы (кәсiпорындағы) кiрiспе нұсқаманы еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi қызмет немесе бұл мiндеттер ұйым бұйрығымен жүктелген тұлға жүргiзедi.
      37. Кiрiспе нұсқаманы жұмыс берушi еңбек қауiпсiздiгi стандартының талаптарын, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi қағиданы, нормалар мен нұсқаулықтарды ескере отырып бекiткен, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi қағиданы әзiрлеген бағдарлама бойынша жүргiзедi.
      38. Өндiрiстiк қызмет басталғанға дейiн жұмыс орнындағы алғашқы нұсқама:
      1) ұйымға жаңадан қабылданған, бiр бөлiмшеден екiншiсiне ауысқан қызметкерлердiң бәрiне;
      2) өздерi үшiн жаңа жұмыс орындап жатқан қызметкерлерге, iссапарға келгендерге, уақытша қызметкерлерге;
      3) жұмыс iстеп жатқан ұйымның аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзiп жатқан құрылысшыларға;
      4) өндiрiстiк оқуға немесе тәжiрибеге келген оқушылар мен студенттерге жүргiзедi.
      39. Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқама ұйымның өндiрiстiк құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары еңбек қауiпсiздiгi стандартының талаптарын, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi тиiстi қағиданы, нормалар мен нұсқаулықтарды ескере отырып әзiрлеген және бекiткен бағдарламалар бойынша жүргiзiледi.
      40. Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқама еңбектiң қауiпсiз тәсiлдерiн практика жүзiнде көрсете отырып, әрбiр жұмысшыға жүргiзiледi.
      41. Қызметкерлер өздiк жұмысқа тағылымдамадан өткеннен кейiн, теориялық бiлiмi мен жұмыстың қауiпсiз дағдыларын меңгергендігі тексерiлгеннен кейiн жiберiледi.
      42. Қайталама нұсқамадан қызметкерлер бiлiктiлiгi, бiлiмi, отаны, орындайтын жұмысының сипатына байланыссыз жартыжылдықта кемiнде бiр рет өтедi.
      43. Қайталама нұсқаманы бiртектi жабдыққа қызмет көрсететiн жеке қызметкерлерге немесе қызметкерлер тобына және жалпы жұмыс орны шегiнде жүргiзiледi.
      44. Жоспардан тыс нұсқама:
      1) қолданысқа еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша жаңа немесе өңделген стандарттар, қағидалар, нұсқаулықтар, сондай-ақ оларға өзгерiстер енгiзiлген кезде;
      2) технологиялық үдеріс өзгерген, жабдықтар, құрылғылар мен құралдар, бастапқы шикiзат пен материалдар және еңбек қауiпсiздiгiне әсер ететiн басқа да факторлар ауыстырылған немесе жаңартылған кезде;
      3) қызметкерлер жарақаттануға, аварияға, жарылысқа немесе өртке, улануға әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкiн еңбек қауiпсiздiгiн бұзған кезде;
      4) бақылаушы қадағалау органының талабы бойынша жүргiзiледi.
      45. Жоспардан тыс нұсқама жеке қызметкерге немесе кәсібі бiр қызметкерлер тобына жүргiзiледi. Нұсқаманың көлемi мен мазмұны оны жүргiзу қажеттiгiн тудырған себептер мен жағдайларға байланысты әрбiр нақты жағдайда айқындалады.
      46. Мақсатты нұсқама мамандық бойынша мiндеттермен тiкелей байланысты емес бiржолғы жұмыстарды (жүк арту, түсiру, аумақты жинау, ұйымнан, цехтан және учаскеден тыс бiржолғы жұмыстар) орындаған кезде жүргiзiледi, авария, табиғи және басқа апаттардың зардаптарын жою, наряд-рұқсатнама ресiмделетiн жұмыстарды жүргiзу кезінде өткізіледі.
      47. Жұмыс орнындағы алғашқы, қайталама, жоспардан тыс және мақсатты нұсқамаларды жұмысты тiкелей басқарушы (ұста, цех бастығы) жүргiзедi.
      48. Жұмыс орнындағы нұсқамалар ауызша сұрау немесе оқытудың техникалық құралдарының көмегiмен тексерумен, сондай-ақ жұмыстың қауiпсiз тәсiлдерi бойынша меңгерген дағдысын тексерумен аяқталады. Қызметкердiң бiлiмiн нұсқау жүргiзген қызметкер тексередi.
      49. Қанағаттанғысыз бiлiм көрсеткен қызметкерлер өздiк жұмысқа жiберiлмейдi және нұсқаманы қайта өтеді.
      50. Нұсқаманы жүргiзген қызметкер жұмыс орнында алғашқы, қайталама, жоспардан тыс нұсқаманы жүргiзу туралы және жұмыс iстеуге рұқсат беру туралы жұмыс орнындағы нұсқамаларды осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес тiркеу журналына нұсқаушы мен нұсқау алушының қолдарын мiндеттi түрде қойғыза отырып, жазады. Жоспардан тыс нұсқаманы тiркеу кезiнде оның жүргiзiлу себебi көрсетiледi.
      51. Наряд-рұқсаттама бойынша жұмыс жүргiзетiн қызметкерлерге жүргiзiлетiн мақсатты нұсқама наряд-рұқсатнамада немесе жұмыстарды жүргiзуге рұқсат беретiн басқа құжаттамада белгiленедi.
      52. Ұйымның еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметi нұсқаманы тiркеу журналдарын нөмiрлейдi, тiгедi және жұмысты тiкелей басқарушыларға (ұста, цех бастығы) қолын қойғызып бередi.

Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi 
және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша
оқыту, нұсқама беру және     
олардың бiлiмдерiн тексеру    
қағидалары мен мерзіміне     
1-қосымша            

_____________________________________________________________
(ұйымның, кәсiпорынның атауы)

Қызметкерлердің кәсіптері бойынша еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша бiлiмдерін тексеру жөнiндегi емтихан комиссиясы отырысының хаттамасы

      20_ ж. «____» ____________
      Мына құрамдағы комиссия:
      Төраға_____________________________________________________
                                (лауазымы, Т.А.Ә.)
      Комиссия мүшелерi _________________________________________
                                (лауазымы, Т.А.Ә.)
      20_ ж. «____»______________ №____ бұйрықтың негiзiнде
      ____________________________________________________
            бiлiмiн тексеру түрi (мерзімді, қайталама)
      емтихан қабылдап, мынаны анықтады:

Тегi, аты, әкесiнiң аты

Ұйым атауы

Лауазымы

Бiлiмiн тексеру туралы белгi
(өттi, өтпедi)

Ескерту

1

2

3

4

5






      Комиссия төрағасы _____________________________
                                  (Т.А.Ә.)
      Комиссия мүшелерi _____________________________
                                  (Т.А.Ә.)
                        _____________________________
                                  (Т.А.Ә.)

Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi 
және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша
оқыту, нұсқама беру және     
олардың бiлiмдерiн тексеру    
қағидалары мен мерзіміне     
2-қосымша            

Мұқабасы

Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi білімді, қағидаларды, нормалар мен нұсқаулықтарды тексеру жөніндегі
КУӘЛIК

Келесі парақтары

      Азамат_______________________________________________________
      Лауазымы:____________________________________________________
      Жұмыс орны:__________________________________________________
      ___________________ бойынша емтихан тапсырғаны туралы берiлдi.
      Негiздеме: 20__ ж. №____ хаттама

      Емтихан комиссиясының төрағасы                         Т.А.Ә.
      Комиссия мүшесi                                        Т.А.Ә.
      м.о.

      емтиханды қайта тапсырғаны туралы мәлiметтер
      Лауазымы:___________________________________________________
      Жұмыс орны:_________________________________________________
      __________________________ бойынша емтихан тапсырғаны туралы.
      Негiздеме: 20__ ж. №____ хаттама

      Емтихан комиссиясының төрағасы                         Т.А.Ә.
      Комиссия мүшесi                                        Т.А.Ә.
      м.о.

Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi  
және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша
оқыту, нұсқама беру және      
олардың бiлiмдерiн тексеру     
қағидалары мен мерзіміне      
3-қосымша              

Еңбек инспекциясы жөніндегі
жергілікті органның атауы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы

Оқу орталығының атауы

      Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 № 1115 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

С Е Р Т И Ф И К А Т

«_______________________________________________________»
(Т.А.Ә.)

      «_________________________»
      курсы бойынша оқу бағдарламасын     успешно закончил (а)
      өткендiгін куәландырады             программу обучения по курсу
                                           «________________________»

      Комиссия төрағасы _______________   Оқу орталығының
                            (Т.А.Ә)       басшысы______________
                                                    (Т.А.Ә)

      _______________қаласы
      20__ ж.________________              Тiркеу №______________

Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi 
және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша
оқыту, нұсқама беру және     
олардың бiлiмдерiн тексеру    
қағидалары мен мерзіміне     
4-қосымша             

Жұмыс орнында нұсқама беруді тiркеу журналының нысаны

Мұқабасы

____________________________________________ ұйым, кәсiпорын

                                      Басталуы: 20__ж.____________
                                      Аяқталуы: 20__ж.____________

Келесi беттер

Күнi

Нұсқау берiлетiнадамның Т.А.Ә.

Туған жылы

Нұсқау берiлетiн адамның кәсібі, лауазымы

Нұсқама түрi (алғашқы, жұмыс орнындағы, қайталама, жоспардан тыс)

Жоспардан тыс нұсқаманы жүргiзу себебi

Нұсқау берушiнiң Т.А.Ә., лауазымы

қолы

Нұсқау берушi

Нұсқау алушы

1

2

3

4

5

6

7

8

9










Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады