"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне телерадио хабарларын тарату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1234 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне телерадио хабарларын тарату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі                       К. Мәсімов

Жоба  

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ  Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
телерадио хабарларын тарату мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; 2011 жылғы 13 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құзыреттерін қайта қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 30 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) мынадай мазмұндағы 342-1-баппен толықтырылсын:
      «342-1-бап. Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасын бұзу
      1. Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасын теле-, радиокомпаниялар:
      отандық теле-, радиоарналардың отандық теле-, радиобағдарламаларды бекітілген пайыздық нормалардан кем тарату;
      телеарнада телебағдарламаларды сурдоаудармамен немесе субтитр түріндегі аудармамен қамтамасыз етпей тарату;
      кадр алаңының 15 пайызынан асатын қосымша ақпаратты телеарнада тарату түрінде бұзған жағдайда -
      дара кәсіпкерлерге, лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүзден бір жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
      дара кәсіпкерлерге, лауазымды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің елуден бір жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасын телерадио хабарларын тарату операторларының:
      ғимараттың және/немесе ғимараттардың меншік иелерінің жазбаша келісімінсіз ұжымдық қабылдау жүйесін ұйымдастыру;
      телерадио хабарларын тарату операторларының міндетті теле-, радиоарналарды таратпауы;
      телерадио хабарларын тарату операторларының құқық иеленуші теле-, радиокомпаниялармен шарттар жасаспай теле-, радиоарналарын таратуы түріндегі бұзуы;
      телерадио хабарларын тарату операторларының теле-, радиоарналарды ретрансляциялау шарттарын бұзуы -
      дара кәсіпкерлерге, лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүзден бір жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
      дара кәсіпкерлерге, лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің елуден бір жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасын теле-, радиокомпаниялардың және телерадио хабарларын тарату операторларының:
      жергілікті уақыт бойынша 06.00-ден 22.00-ге дейін «Е 18» индексіндегі телебағдарламаларды тарату;
      бейбіт уақыттағы төтенше жағдайлар кезінде адамдардың өміріне, денсаулығына қауіп және қалыптасқан жағдайдағы іс-қимылдар тәртібі туралы, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және құқық тәртібін қорғау мүддесінде халықты хабардар ету сигналын теле-, радиокомпаниялар және телерадио хабарларын тарату операторларының 15 минут ішінде уақытылы таратпауы;
      телерадио хабарларын таратудың сәйкестікті растау рәсімінен өтпеген техникалық құралдарын пайдалану;
      жерүсті жерсеріктік жеке қабылдау құрылғылары арқылы радиотаратқыш және (немесе) радиоқабылдағыш байланыс құралдарына бөгеуіл жасау;
      уәкілетті органда есепке қойылмаған шетелдік теле-, радиоарналарды телерадио хабарларын таратушы операторларының таратуы -
      дара кәсіпкерлерге, лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүзден бір жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
      дара кәсіпкерлерге, лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің елуден бір жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      2) 541-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мамандандырылған аудандық және соларға теңестiрiлген әкiмшiлiк соттардың судьялары осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстiң 79-1, 79-3, 79-4, 79-5, 79-6, 80-84, 85 (төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 85-1 (екiншi бөлiгiнде), 85-2 (екiншi бөлiгiнде), 85-3, 86, 86-1, 87-2, 87-3, 87-4, 95 – 110-1, 124 (бiрiншi бөлiгiнде), 127, 129, 130, 136 – 136-2, 140 (екiншi бөлiгiнде), 141-1, 143, 143-1, 144-1, 145, 146-1, 147, 147-1 (екiншi бөлiгiнде), 147-10 (екiншi, төртiншi, бесiншi, алтыншы, жетiншi, оныншы, он бiрiншi, он екiншi, он үшiншi, он төртiншi бөлiктерiнде), 151, 151-1, 153, 154, 154-1, 155, 155-1 (төртiншi бөлiгiнде), 155-2, 156, 157, 157-1, 158, 158-3, 158-4, 158-5, 159, 161 (бiрiншi, төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 162, 163 (үшiншi, төртiншi, алтыншы, жетiншi және тоғызыншы бөлiктерiнде), 163-2, 163-3, 163-4, 163-6, 165, 167-1 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 168-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 168-3, 175 (екiншi бөлiгiнде) (жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, аудиторлар және аудиторлық ұйымдар жасаған құқық бұзушылық бөлiгiнде), 176 (бiрiншi бөлiгiнде), 177-3, 177-4, 177-5, 179, 179-1, 183, 184, 184-1, 185, 188 (екiншi бөлiгiнде), 190, 192, 194, 200, 202, 203, 213 (төртiншi – алтыншы бөлiктерiнде), 214, 218-1 (жетiншi бөлiгiнде), 222 – 229, 231 (екiншi бөлiгiнде), 232, 233, 234-1, 235 (екiншi бөлiгiнде), 237, 237 – 1, 246 (екiншi бөлiгiнде), 275-1, 278 (бiрiншi бөлiгiнде), 283 (бiрiншi, үшiншi бөлiктерiнде), 298 (екiншi, үшiншi бөлiктерiнде) 298-1 (екiншi бөлiгiнде), 302 (үшiншi бөлiгiнде), 303 (екiншi бөлiгiнде), 304 (екiншi бөлiгiнде), 305 (екiншi бөлiгiнде), 306 (екiншi бөлiгiнде), 306-1 (үшiншi бөлiгiнде), 306-2, 308, 309-1 (жетiншi, сегiзiншi бөлiктерiнде), 309-2 (төртiншi бөлiгiнде), 309-4 (сегiзiншi, тоғызыншы бөлiктерiнде), 311-1 (жетiншi бөлiгiнде), 312-1, 314, 315, 316, 317 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 317-1, 317-2, 318, 319, 319-1, 320 (бiрiншi және 1-1-бөлiктерiнде), 321, 322 (үшiншi, төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 323 (екiншi бөлiгiнде), 324 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 324-1, 326, 327 (бiрiншi бөлiгiнде), 328, 330, 330-1 (екiншi бөлiгiнде), 332 (бiрiншi, екiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 335, 336 (үшiншi бөлiгiнде), 336-1 (үшiншi бөлiгiнде), 336-2 (үшiншi бөлiгiнде), 338 (бiрiншi бөлiгiнде), 338-1, 339, 340, 342-344, 342-1, 346-357, 357-1, 357-2 (екiншi бөлiгiнде), 357-3, 357-4, 357-6, 359, 361, 362, 362-1, 363, 365, 366, 368, 368-1, 369 (екiншi бөлiгiнде), 370 (екiншi бөлiгiнде), 371 (екiншi бөлiгiнде), 372-376, 381-1, 386 (үшiншi бөлiгiнде), 388, 390 (екiншi бөлiгiнде), 391 (екiншi бөлiгiнде), 391-1 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 393, 394 (екiншi бөлiгiнде), 394-1, 396 (екiншi бөлiгiнде), 400-1, 400-2, 405 (бiрiншi бөлiгiнде), 409, 410, 413, 413-1, 413-2, 414, 415, 417, 417-1, 418, 421, 423, 424, 425-1, 426 – 430, 433, 442, 443 (бесiншi бөлiгiнде), 445, 446 (екiншi бөлiгiнде), 446-1, 453 (екiншi бөлiгiнде), 454 (бiрiншi – үшiншi бөлiктерiнде), 461 (3-1-бөлiгiнде), 463-3 (бесiншi бөлiгiнде), 464-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 465 (екiншi бөлiгiнде), 466 (екiншi бөлiгiнде), 467, 468 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 468-1, 468-2, 469, 471 (1-1, 1-2 және екiншi бөлiктерiнде), 473 (үшiншi бөлiгiнде), 474-1, 477 (үшiншi бөлiгiнде), 484, 492 (екiншi бөлiгiнде), 494 (екiншi бөлiгiнде), 494-1 (үшiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 496 (екiншi бөлiгiнде), 501, 512-1 – 512-5, 513 – 518, 520 – 537-1-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»;
      3) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:
      отыз алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «заңнамаға сәйкес лицензиарлар болып табылатын органдардың (87-2, 140 (екiншi бөлiгi), 192, 193, 196, 231 (екiншi бөлiгi), 232, 233, 235 (екiншi бөлiгi), 237, 302 (үшiншi бөлiгi), 342 (екiншi бөлiгi), 342-1 (бесінші бөліктің төртінші, бесінші, алтыншы абзацтары), 343 (бiрiншi бөлiгi), 356, 356-1, 357-1, 357-2 (екiншi бөлiгi), 357-3, 357-5, 477 (үшiншi бөлiгi)-баптар);»;
      елу төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «жергiлiктi атқарушы органдардың (облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) (127, 163-6, 165, 237-1, 309-1 (жетiншi, сегiзiншi бөлiктерi), 309-4 (сегiзiншi, тоғызыншы бөлiктерi), 342, 342-1 (бірінші, үшінші бөлік, бесінші бөліктің бірінші, екіншінің абзацтары), 343, 357-2 (екiншi бөлiгi), 346-352-баптар);»;
      4) 637-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Прокурор осы Кодекстiң 80 – 87, 89 – 110-1, 151, 158-5, 334-1, 342 – 344, 342-1, 346 – 352, 353, 356-1, 356-2, 357-3, 366, 375, 381-1, 513, 516-1, 521-1, 531, 537-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау жөнiнде қаулы шығарады.».
      2. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; 2011 жылғы 13 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құзыреттерін қайта қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 30 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 455-баптың 1) тармақшасының оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Теле-, радиоарнаны, мерзiмдi баспа басылымын және ақпарат агенттiгiн мемлекеттік тіркегені (есепке қойғаны);»;
      2) 456-бапта:
      кестеде:
      реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «Теле-, радиоарнаны, мерзiмдiк баспа басылымы мен ақпарат агенттiгiн мемлекеттiк тiркегенi (есепке қойғаны) үшiн:»;
      3) 473-бапта:
      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Аналогтік сигнал арқылы қызметті жүзеге асырылатын телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат бергенi үшiн алым (бұдан әрi – алым) байланыс саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат (рұқсат телнұсқасын) (бұдан әрi – рұқсат) берген кезде алынады.»;
      3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында еркін қолжетімді теле-, радиоарналарды трансляциялауды қамтамасыз ету мақсатында ұлттық телерадиохабарлар тарату операторына жиіліктер жолақтары, радиожиіліктер (радиожиілік арналары) конкурс өткізбей бөлінеді.»;
      4) 512-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында еркін қолжетімді теле-, радиоарналарды трансляциялауды қамтамасыз ету мақсатында ұлттық телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторына радиожиілік номиналдары конкурс өткізбей бөлінеді.»;
      5) 513-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiнде белгiленген тәртiппен радиожиiлiк спектрiн, оның ішінде эфирлік цифрлық телерадио хабарларын тарату ұйымы үшін пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.»;
      6) 514-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жылдық төлемақы ставкалары республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және салық кезеңiнiң бiрiншi күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрi осы баптың мәтiнi бойынша – АЕК) мөлшерiне негiзделе отырып, радио байланысының түрiне, пайдаланылатын жиiлiктердiң номиналдарына (диапазон жолдарына), радиоұзартқыштар жинақтамасына, пайдалану аумағына, сондай-ақ байланыс қызметтерi ұсынылатын, халықтың санына, сондай-ақ радиоэлектрондық жолдаушы құралдың қуатына қарай айқындалады.
      2. Радиобайланыстың мына түрлеріне төлемақының жылдық ставкалары мынаны құрайды:

Р/с

Радиобайланыс түрлерi

Пайдалану аумағы

Төлемақы ставкасы (АЕК)

1

2

3

4

1.

Дербес радиошақыру радиожүйелерi (енi 25 кГц жиiлiк белгiленгенi үшiн)

облыс, Астана, Алматы қалалары

10

2.

Транкинг байланысы (қабылдауға енi 25 кГц/беруге 25 кГц радиоарна үшiн)



1)


Астана, Алматы қалалары

140

2)


50 мың адамнан астам халқы бар елдi мекен

80

3)


басқа әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ)

10

3.

УҚТ-диапазонды радиобайланыс (қабылдауға енi 25 кГц/ қабылдауға 25 кГц дуплекстi арна үшiн)



1)


Астана, Алматы қалалары

80

2)


50 мың адамнан астам халқы бар елдi мекен

60

3)


басқа әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан,кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ)

15

4.

УҚТ-диапазонды радиобайланыс (енi 25 кГц симплекстi арна үшiн)



1)


Астана, Алматы қалалары

30

2)


50 мың адамнан астам халқы бар елдi мекен

20

3)


басқа әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ)

10

5.

ҚT-байланыс (бiр жиiлiк белгiленгенi үшiн) таратқыштың шығу қуаты:
- 50 Вт-қа дейiн;
- 50 Вт-тан астам

облыс, Астана, Алматы қалалары

 
 
10
20

6.

Радиоұзартқыштар (арна үшiн)

облыс, Астана, Алматы қалалары

2

7.

Ұялы байланыс (қабылдауға енi 200 кГц/беруге 200 кГц жиiлiк белдеуi үшiн)

облыс, Астана, Алматы қалалары

1100

7.1.

Үшiншi жаңартылымдағы ұялы байланыс және төртiншi жаңартылымдағы ұтқыр байланыс (қабылдауға енi 2 МГц/беруге 2 МГц радиожиiлiк белдеуi үшiн)

облыс, Астана, Алматы қалалары

2200

8.

Жаһандық дербес жылжымалы жерсеріктік байланыс жүйесi (қабылдауға енi 100 кГц/ беруге 100 кГц жиiлiктердiң дуплекстi белдеуi үшiн)

Қазақстан Республикасы

20

9.

HUB – технологиялы спутниктiк байланыс (HUB-қа пайдаланылатын қабылдауға енi 100 кГц/беруге 100 кГц белдеуi үшiн)

Қазақстан Республикасы

30

10.

HUB-технологиясынсыз спутниктiк байланыс (бiр станция пайдаланатын жиiлiктер үшiн)

Қазақстан Республикасы

100

11.

Радиорелелi желiлер (бiр аралықтағы дуплекстi арна үшiн):



1)

жергiлiктi

аудан, қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ

40

2)

аймақтық және магистральдық

Қазақстан Республикасы

10

12.

Сымсыз радиоға қол жетiмдiлiк желiлерi (қабылдауға енi 25 кГц/ беруге 25 кГц дуплекстi арна үшiн)



1)


50 мың адамнан астам халқы бар елдi мекен

25

2)


басқа әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ)

2

13.

КБС-технологиясы пайдаланылған жағдайда сымсыз радиоға қол жетiмдiлiк желiлерi (қабылдауға енi 2МГц/беруге 2МГц дуплекстi арна үшiн)



1)


Астана, Алматы қалалары

140

2)


50 мыңнан астам халқы бар елдi мекен

70

3)


басқа әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ)

5

14.

Эфирлiк-кәбілдiк телевизия (8 МГц жиiлiк белдеуi үшiн)



1)


200 мың адамнан астам халқы бар елдi мекен

300

2)


50 мыңнан 200 мың адамға дейiн халқы бар елдi мекен

135

3)


50 мыңға дейiн халқы бар аудандық маңызы бар қала, аудан

45

4)


басқа әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ)

5

15.

Теңiздегi радиобайланыс (радиомодем, жағалаулық байланыс, телеметрия, радиолокациялық және т.б.), бiр радиоарна үшiн

облыс

10

      3. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға төлемақының жылдық ставкалары мынаны құрайды:

Р/с

Цифлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға арналған жиіліктер диапазоны

Пайдалану аумағы

Төлемақы ставкасы (АЕК)

1.

Телевизия/метрлік жиілік диапазоны


1)

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 50 Вт-ға дейінгіні қоса алғанда

Астана, Алматы қалалары

81

облыс

15

2)

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 250 Вт-ға дейінгіні қоса алғанда

Астана, Алматы қалалары

361

облыс

65

3)

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 500 Вт-ға дейінгіні қоса алғанда

Астана, Алматы қалалары

957

облыс

174

4)

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 1000 Вт-ға дейінгіні қоса алғанда

Астана, Алматы қалалары

1353

облыс

245

5)

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 1000 Вт-дан жоғары

Астана, Алматы қалалары

2344

облыс

425

2.

Телевизия/дециметрлік жиілік диапазоны


1)

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 50 Вт-ға дейінгіні қоса алғанда

Астана, Алматы қалалары

51

облыс

9

2)

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 250 Вт-ға дейінгіні қоса алғанда

Астана, Алматы қалалары

228

облыс

41

3)

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 500 Вт-ға дейінгіні қоса алғанда

Астана, Алматы қалалары

605

облыс

110

4)

Таратушы радиоэлектрондық

құралдың қуаты 1000 Вт-ға дейінгіні қоса алғанда

Астана, Алматы қалалары

855

облыс

155

5)

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 1000 Вт-дан жоғары

Астана, Алматы қалалары

1481

облыс

269

      4. Мерзімі алты айға дейiн қоса қамтылатын тәжiрибелiк пайдалану, жарыстар, көрмелер және өзге де iс-шаралар өткiзу кезеңiнде радиожиiлiк спектрiн пайдаланған кезде төлемақы радиобайланыс түрiне, радиожиiлiк спектрiн пайдалану аумағына және таратушы радиоэлектрондық құралдың қуатына қарай, оны нақты пайдалану мерзiмiне сәйкес мөлшерде, бiрақ төлемақының жылдық ставкасының кемiнде 1/12 мөлшерiнде белгiленедi.
      Енi осы баптың ставкаларында көрсетiлгеннен өзге дуплекстi арна белдеуiн пайдаланатын технологияларды қолданған жағдайда, төлемақы ставкалары төлеушi нақты пайдаланатын дуплекстi арна белдеуi енiнiң үлес салмағының осы баптың ставкаларында көрсетiлген дуплекстi арна белдеуiнiң енiне ара қатынасы негiзге алына отырып айқындалады.
      Кең белдеулi сигнал (КБС) технологиясын пайдалану кезiнде төлемақы енi қабылдауға 2 МГц/беруге 2 МГц белдеу үшiн алынады.»;
      7) 515-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Төлемақы сомасын байланыс саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган рұқсат құжаттарында көрсетiлген техникалық өлшемдерге, соның ішінде таратушы радиоэлектрондық құралдың қуатына сәйкес радио байланысының түрi мен радиожиiлiк спектрiн пайдалану аумағына қарай жылдық төлемақы ставкаларының негiзiнде есептейдi.».
      3. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 237-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 75-құжат):
      2-бап мынадай мазмұндағы 45-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «45-1) эфирлiк және кәбілдiк хабар тарату ұйымдары – туындыны, орындаушылықты, қойылымды, фонограмманы қамтитын теле-, радиоарналарды, теле-, радиобағдарламаларды (теле-, радио хабарлары) эфирге және/немесе кәбіл арқылы хабарлауды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар. Эфирге және/немесе кәбіл арқылы хабарлау аналогтік эфирлік, көпарналы хабар тарату (цифрлық эфирлік, жерсеріктік, кәбілдік телерадио хабарларын тарату) арқылы жүзеге асырылады;».
      4. «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» 1997 жылғы 11 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 202-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; 2011 жылғы 13 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құзыреттерін қайта қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      18-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қажеттi тiлдiк ортаны жасау және мемлекеттiк тiлдiң толыққанды қолданылуы мақсатында, олардың меншiк нысанына қарамастан, теле-, радиоарналар арқылы берiлетiн мемлекеттiк тiлдегi теле-, радиобағдарламалардың көлемi уақыт жағынан басқа тiлдердегi теле-, радиобағдарламалардың жиынтық көлемiнен кем болмауға тиiс.».
      5. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 771-құжат; 2001 ж., № 10, 122-құжат; 2003 ж., № 24, 175-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 12, 77-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 7-құжат; № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; 2011 жылғы 13 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құзыреттерін қайта қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-бапта:
      2), 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) бұқаралық ақпарат құралы – мерзiмдi баспасөз басылымы, теле-, радиоарна, киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы және интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзiмдi немесе үздiксiз бұқаралық таратудың басқа да нысаны;»;
      «4) теле-, радио, кино хроникалық бағдарламасы – тиісті атауы, хабар тарату көлемі бар және теле-, радиоарнаның басқа бөліктеріне қарамастан пайдаланылуы мүмкін теле-, радиоарнаның мазмұнды аяқталған бөлігі;»;
      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) теле-, радиоарна – кейіннен трансляциялау және/немесе ретрансляциялау үшін хабар тарату торына сәйкес қалыптастырылған теле-, радиобағдарламалар мен дыбыс-бейне туындыларының, сюжеттер мен материалдардың жиынтығын білдіретін бұқаралық ақпарат құралы;»;
      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «14) эротикалық сипаттағы өнім – гениталийлерді қоспағанда, адамдардың жыныстық қатынастарын, адам денесінің ұятты тұстарын көрсететін және порнография элементтерін қамтымайтын баспа басылымы немесе теле-, радиобағдарлама;»;
      16) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «18-1) порнографиялық және арнайы жыныстық-эротикалық сипаттағы кино, видеоөнім – моральдық құндылықтарға сәйкес келмейтін, адамның ары мен ожданын қорлайтын жыныстық қатынасты табиғи, егжей-тегжейлі фиксациялау не жыныстық әуестіктің қозуын немесе жыныстық қажеттіліктерді қанағаттандыруға ықпал ететін жыныстық қатынас үдерісіндегі жалаңаш гениталийлерді көрсету;».
      2) 3-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
      3) 4-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттiк реттеу құқықтық қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнамасының сақталуын бақылау арқылы жүзеге асырылады.»;
      4) 4-2-бапта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк мерзімді баспа басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды;»;
      3) тармақша алып тасталсын;
      5) 4-3-бапта:
      3), 4), 5), 6) тармақшалар алып тасталсын;
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдiк мерзімді баспа басылымдарын есепке алудың бiрыңғай тiзiлiмiн жүргiзедi;»;
      6) 4-4-бапта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарын есепке алуды жүзеге асырады;»;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) уәкiлеттi органға мерзімді баспа басылымдарын есепке алу жөнiндегi ақпаратты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау жөнiндегi мәлiметтердi табыс етедi.»;
      7) 5-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалар бұқаралық ақпарат құралын құруға құқылы.
      Бұқаралық ақпарат құралы заңды тұлға нысанында да, заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi нысанында да құрылуы мүмкiн.
      Бұқаралық ақпарат құралдары өнiмiн шығаруды (эфирге шығаруды) жүзеге асыруға, ақпараттық сипаттағы хабарлар мен материалдарды таратуға теле-, радиоарнасын, мерзiмдi баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттiгiн есепке қою туралы куәлiк негіздеме болып табылады.
      Бұл талаптар интернет-ресурстарға қолданылмайды.»;
      8) 12-баптың бесінші абзацы алып тасталсын;
      9) 13-баптың 2, 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Тоқтата тұру деп басылымдардың бiр немесе бiрнеше нөмiрiнiң шығарылуын, теле-, радиобағдарламаларының, теле-, радиоарналардың эфирге шығуын, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн таратуды уақытша тоқтату түсiнiледi. Бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн таратуды тоқтата тұруға үш айдан аспайтын мерзiмге жол берiледi.
      3. Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария ету, терроризмге қарсы операцияларды жүргiзу кезеңiнде олардың техникалық тәсiлдерi мен тактикасын ашатын ақпаратты тарату, есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды насихаттау, қатыгездiк пен зорлық-зомбылықты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық басымдықты насихаттау немесе үгiттеу, порнографиялық және арнайы жыныстық-эротикалық сипаттағы теле-, радиобағдарламаларды, теле-, радиоарналарды тарату, сондай-ақ кино және бейнеөнімдерді көрсету, бұқаралық ақпарат құралын сайлау алдындағы үгiт жүргiзу, шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдiк заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың кандидаттарды, партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партияларды ұсынуға және сайлауға, сайлауда белгiлi бiр нәтижеге қол жеткiзуге кедергi болатын және (немесе) ықпал ететiн қызметтi жүзеге асыру шарттарын бұзу, үгiтке тыйым салынған кезеңде оны жүргiзу, ереуiлге қатысуға немесе қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу, Қазақстан Республикасының бейбiт жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, тосқауылдар мен демонстрацияларды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы заңнамасын бұзу мақсатында пайдалану, сондай-ақ осы Заңның 3-бабында, 10-бабының 6-тармағында көзделген талаптарды бұзу, сондай-ақ 14-бабының 3-1-тармағының, 15 және 16-баптарының талаптарын бiр жыл iшiнде қайталап бұзу заңда белгiленген тәртiппен бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын не бұқаралық ақпарат құралы өнiмiнiң таратылуын тоқтата тұруға негiз болып табылады.»;
      10) 14-баптың 2-тармағының екінші бөлігі, 3-1-тармағы алып тасталсын;
      11) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «16-бап. Мерзiмдi басылымдардың мiндеттi даналары мен теле-, радиобағдарламалар материалдарын сақтау
      1. Мерзiмдi басылымдардың мiндеттi тегiн даналарын, соның iшiнде осы Заңның 12-бабына орай есепке қоюдан босатылғандарын олар әзiрленген күнi бұқаралық ақпарат құралының меншiк иесi немесе оның тапсыруы бойынша үшiншi тұлға Ұлттық мемлекеттiк кiтап палатасына, Ұлттық кiтапханаға, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң кiтапханасына, уәкiлеттi органға жiбередi.
      2. Бұқаралық ақпарат құралдарының (теле-, радиоарналардың) редакциялары өздерінің эфирге шығарылған теле-, радиобағдарламаларының жазбаларын бiр ай бойы сақтауға, сондай-ақ оларды өздерiнiң эфирлiк жұмысының тiркеу журналында көрсетуге және оны соңғы жазба жасалған кезден бастап кемiнде бiр жыл сақтауға мiндеттi. Тарихи немесе мәдени жағынан құнды жазбалар уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен сақталады.».
      6. «Дене шынықтыру және спорт туралы» 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 24, 1065-құжат; 2003 ж., № 15, 129-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 77-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; 2011 жылғы 13 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құзыреттерін қайта қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 30 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      8-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Журналистердiң және бұқаралық ақпарат құралдарының өзге де өкiлдерiнiң спорт жарыстарын және басқа да спорт шараларын теле-, радиоарналар арқылы таратуы, сондай-ақ жазып алуы, оның iшiнде спорт жарыстарын және басқа да спорт шараларын дыбыс-бейне жазу техникасы, киноға және суретке түсiру құралдарын пайдалана отырып жазып алуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.».
      7. «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 174-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; № 16, 102-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 79, 82-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 жылғы 13 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құзыреттерін қайта қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 3-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) жарнама таратушы – мүлiктi, соның iшiнде телерадио хабарларын таратудың тexникалық құралдарын беру және (немесе) пайдалану жолымен және өзге де тәсiлдермен жарнамалық ақпаратты тарату мен орналастыруды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;»;
      2) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «8-бап. Теле-, радиоарналардағы жарнама
      1. Жарнама сипатындағы хабарламалар мен материалдарға мамандандырылмаған теле-, радиоарналардағы жарнама, жүгiртпе жолды қоспағанда, тәулiк iшiнде берiлетiн хабарлардың жалпы көлемiнiң жиырма пайызынан аспауы тиiс.
      Жарнаманы трансляциялау кезiнде оның дыбысы трансляцияланатын бағдарлама дыбысынан жоғары болмауға тиiс.
      2. Жарнаманы қосарластыру түрiнде, соның iшiнде жүгiртпе жол тәсiлiмен пайдалану кезiнде оның көлемi кадр аумағының жетi жарым пайызынан аспауы және теле-, бағдарламалардағы мәтiндiк немесе ақпараттық материалды бұзбауы тиiс.
      3. Ресми хабарларды, Қазақстан Республикасының Президентiне және өкiлдi органдардың депутаттығына кандидаттардың сөздерiн, бiлiм беру және дiни телебағдарламалардың трансляциясын, сондай-ақ балалар мен жасөспiрiмдерге арналған жарнамаларды қоспағанда, балалар телебағдарламалары көрсетiлiмдерiн жарнамамен, соның iшiнде жүгiртпе жол тәсілiмен де бөлуге тыйым салынады.
      4. Ұлттық аза тұту күндерiнде теле-, радиоарналарында жарнамаға тыйым салынады.».
      8. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146, 150-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; 2011 жылғы 13 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құзыреттерін қайта қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 30 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 2-баптың 45) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «45) трансляция – телекоммуникациялардың техникалық құралдарын қолдану арқылы теле-, радиоарналардың сигналын бастапқы тарату;»;
      2) 7-баптың 14-3) және 14-4) тармақшалары алып тасталсын;
      3) 8-баптың 19-5) тармақтары алып тасталсын;
      4) 12-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында еркін қолжетімді теле-, радиоарналарды трансляциялауды қамтамасыз ету мақсатында ұлттық телерадио хабарларын тарату операторына жиіліктер жолақтары, радиожиіліктер (радиожиілік арналары) конкурс өткізбей бөлінеді.»;
      5) 19-бап алып тасталсын;
      6) 21-баптың 10, 11-тармақтары алып тасталсын.
      9. «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 24, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 49-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; 2011 жылғы 13 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құзыреттерін қайта қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-бапта:
      1-1), 1-2), 1-3), 1-4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-1) фильмді дубльдеу – әрекет ететін адамдардың буындық артикуляцясына сай келетін аударма жолымен фильмнің дыбыстық қатарының тілдік бөлігін синхронды түрде жасаудан тұратын шығармашылық және өндірістік қызмет;
      1-2) кинематографиялық ұйым – қызметінің негізгі түрлері фильм және (немесе) киношежіре шығару, фильмді прокаттау, фильмді көрсету, фильмді қалпына келтіру, кинозалға техникалық қызмет көрсету, киноматериалдарды дайындау, фильм шығару жөніндегі жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету, кинематография саласындағы білім беру, ғылыми, зерттеу, баспа, жарнамалық-насихаттау қызметі, фильмді, фильмнің және (немесе) киношежіренің бастапқы материалдарын сақтау болып табылатын заңды тұлға;
      1-3) киношежіре – уақытын, орынның, мән-жайдың өзіндік (көбінесе өткен шақтағы) ерекшеліктерін сипаттайтын және келешекте фильм шығаруға арналған деректі сюжеттердің түсірілімдері;
      1-4) көркем құндылықтар – шығармашылық қызмет нәтижесінде жасалған мәдениет, әдебиет және өнер туындылары;»;
      16-4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «16-4) фильмдi прокаттау – көпшiлiкке көрсету (демонстрациялау), телеарналарда (шетелдік телеарналарды қоспағанда) тарату, жалға беру, сондай-ақ өткiзу мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған тәсiлмен фильмдi тарату;»;
      2) 28-3-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. «НА» индексi бар фильмдi жариялы көрсетілім (демонстрация) жергiлiктi уақытпен сағат 22-ден кейін таңғы сағат 06-ға дейiн осы мақсаттарға арналған кинозалдар мен басқа орындарда көрсетуге жол берiледi.»;
      Телеарналарда (шетелдік телеарналарды қоспағанда) «Е18» индексi бар фильмдi жергiлiктi уақытпен сағат 22-ден кейін таңғы сағат 06-ға дейiн, «НА» индексi бойынша жергiлiктi уақытпен сағат нөлден таңғы сағат 06-ға дейiн көрсетуге жол берiледi.»;
      3) 28-4-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Прокаттау мақсатында шетел телеарналарынан ретрансляцияланған фильмдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн (жеткiзiлетiн) барлық фильмдер 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қазақ тiлiнде дубляж жасалуға тиiс.».
      10. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 9-10, 47-құжат; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 17, 79, 81, 82-құжаттар; № 18, 84, 85-құжаттар; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21, 26-құжаттар; 2011 жылғы 13 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құзыреттерін қайта қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 30 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      24-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «24-бап. Телерадиохабарларын тарату саласындағы лицензиялау
      Теле-, радиоарналарын тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі.».
      11. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; 2011 жылғы 13 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құзыреттерін қайта қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      Заңға қосымшаның 1-тармағы мынадай мазмұндағы 49-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «49-1) телерадио хабарларын тарату саласында;».
      2-бап. Осы Заң 1-баптың 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 2-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
            Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады