«Кәсiптік ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 31 қазандағы № 1248 қаулысы туралы
баспасөз-релизі
Бухгалтерлердiң кәсiби ұйымдарын және бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидасын «Бухгалтерлердiң кәсiби ұйымдарын және бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 1-1-тармағының 3) тармақшасын iске асыру үшін әзірленді.
«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне уәкiлеттi мемлекеттiк органдар мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тексерiлетiн субъектiлерге қойылатын талаптарды белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау құзыреттерiн қайта қарау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 5 шілдедегі Заңына сәйкестікке келтіру қаулыны қабылдау мақсаты болып табылады.
Қазіргі уақытта Қаулы ресми жариялану сатысында.
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі