"Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін лицензиялау ережесін және сот-сараптама қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 маусымдағы № 511 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1258 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қарашадағы № 1454 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.11.16 № 1454 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін лицензиялау ережесін және сот-сараптама қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 маусымдағы № 511 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 36, 296-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»;
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
      1-тармақта:
      1) тармақша алып тасталсын;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметіне қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген сот-сараптама қызметіне қойылатын біліктілік талаптары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы 2012 жылғы 31 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 1 қарашадағы
№ 1258 қаулысына  
қосымша      

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 4 маусымдағы
№ 511 қаулысымен  
бекітілген    

Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметіне қойылатын біліктілік талаптары

      1. Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама саласында сот-сараптама қызметін қоспағанда, сот-сараптама қызметімен айналысу құқығына лицензия алуға өтініш берген жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары:
      1) жоғары білімінің болуы;
      2) мынадай пәндерден: қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, азаматтық, азаматтық іс жүргізу заңнамасының, әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың негізгі ережелері; криминалистика; сот сараптамасының құқықтық, ғылыми, ұйымдастырушылық және әдістемелік негіздері; сараптаманың нақты түрінің ғылыми-әдістемелік негіздері; сот сараптамасы қызметін ақпараттандыру негіздері; сараптаманың нақты түрінің ғылыми-әдістемелік негіздері бойынша біліктілік емтихандарын тапсырғанын растайтын біліктілік куәлігінің болуы;
      3) кемінде бес жыл сот-сарапшылық жұмыс стажының болуы;
      4) «Сот сараптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 қарашадағы № 1414 қаулысымен бекітілген сот сараптамасы өндірісі жүзеге асырылатын арнайы жарақтандырылған үй-жайларға қойылатын стандарттар мен талаптарда көзделген арнайы жабдықтардың болуы;
      5) наркологиялық және психиатриялық ұйымдарда есепте тұрғаны туралы мәліметтердің болмауы;
      6) өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болмауы болып табылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады