Сот-сараптама қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қарашадағы № 1454 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 291 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 291 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама саласындағы сот-сараптама қызметін қоспағанда, сот-сараптама қызметін жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама саласындағы сот-сараптама қызметін қоспағанда, сот-сараптама қызметін жүзеге асыру жөніндегі лицензиар ретінде белгіленсін.
      3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 маусымдағы № 511 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 36, 296-құжат);
      2) «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін лицензиялау ережесін және сот-сараптама қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 маусымдағы № 511 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1258 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 60, 856-құжат).
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 16 қарашадағы
№ 1454 қаулысымен   
бекітілген     

Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық
сараптама саласындағы сот-сараптама қызметін қоспағанда,
сот-сараптама қызметін жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік
талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі

Р/с

Біліктілік талаптары

Құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

Жеке тұлғалар үшін

1.

Қазақстан Республикасы азаматтығының болуы


Мәліметтер ЖТ МДҚ-да тексеріледі

2.

Жоғары білімінің болуы

Жоғары білім туралы дипломның көшірмесі (ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы болса – дипломдардың көшірмесі)


3.

Мынадай пәндерден: «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, криминалистика, Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу құқығы, әкімшілік құқық және сараптаманың нақты түрлерінің ғылыми-әдістемелік негіздері бойынша біліктілік емтихандарын тапсырғанын растайтын біліктілік куәлігінің болуы

Біліктілік емтихандарын тапсырғаны туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны


4.

Сот сараптамасы өндірісі жүзеге асырылатын арнайы жарақтандырылған үй-жайларға қойылатын стандарттар мен талаптарда көзделген арнайы жабдықтардың болуы


«Сот сараптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 қарашадағы № 1414  қаулысыныңталаптарына сәйкестігі лицензиардың тексеруімен расталады

5.

Жоғары білім туралы дипломда көрсетілген мамандық бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы

Еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының көшірмесі, жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару туралы бұйрықтардың үзіндісі, не қызметтік тізім


6.

Өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болмауы

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті берген соттылығының болмауы туралы анықтама немесе өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болмауы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

Мәліметтерді мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің ықпалдасуы арқылы тексеру мүмкін болған жағдайда, анықтама ұсынылмайды

7.

Наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұратыны туралы мәліметтердің болмауы

Наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден анықтамалар

«Е-лицензиялау» МДҚ-мен ықпалдастырылған ҚР ДСМ дерекқорындағы мәліметтер болған жағдайда ұсынылмайды

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады