2011 жылғы 1 қараша күні Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов «Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына қол қойды
Нормативтік құқықтық акті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құзыреттерін қайта қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 112-тармағын іске асыру мақсатында әзірлеген.
Нормативтік құқықтық актіні қабылдаудың мақсаты ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын ҚР Үкіметінің бекітуі болып табылады.
Сонымен қатар, осы қаулы Қазақстан Республикасындағы ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына арналған лицензияны алу үшін қойылатын талаптарды қысқартуды, соның ішінде, нотариалды расталған көшірмелерді және санитарлық-эпидемиологиялық және өртке қарсы қадағалау органдардың қорытындысының түпнұсқаларын ұсыну талаптарын алып тастауды көздейді.
Жоғарыда көрсетілген қаулыны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкелмейді, іске асыру бюджет қаражатын жұмсау қажеттігіне әкелмейді.
Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі