"Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (ҚАЗСТАТ: Ұлттық статистика жүйесін нығайту жөніндегі жоба) ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 қарашадағы № 1275 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (ҚАЗСТАТ: Ұлттық статистика жүйесін нығайту жөніндегі жоба) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі                       К. Мәсімов 

Жоба  

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму
Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (ҚАЗСТАТ: Ұлттық
статистика жүйесін нығайту жөніндегі жоба) ратификациялау туралы

      2011 жылғы 26 тамызда Астанада жасалған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісім (ҚАЗСТАТ: Ұлттық статистика жүйесін нығайту жөніндегі жоба) ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
             Президенті

ҚАРЫЗ НӨМІРІ 8023-KZ  

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
мен
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ
арасындағы
Қарыз туралы келісім
(ҚАЗСТАТ: Ұлттық статистика жүйесін нығайту жөніндегі жоба)

Күні: 2011 жылғы 26 тамыз

ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ 

      2011 жылғы 26 тамыздағы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ (Қарыз алушы) мен ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКI (Банк) арасындағы Келiсiм. Осы арқылы Қарыз алушы және Банк мыналар туралы уағдаласады:

І БАП - ЖАЛПЫ ШАРТТАР; АНЫҚТАМАЛАР

      1.01. Жалпы шарттар (осы Келісімге Толықтыруда айқындалған) осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
      1.02. Егер мәнмәтінде өзгеше туындамаса, Келісімде пайдаланылатын бас әріптен басталатын терминдер Жалпы шарттарда немесе осы Келісімге Толықтыруда оларға бекітілген мағыналарына ие болады.

II БАП - ҚАРЫЗ

      2.01. Банк Қарыз алушыға осы Келісімге 1-қосымшада сипатталған Жобаны (Жоба) қаржыландыруды қолдау үшін осы Келісімде жазылған немесе көрсетілген мерзімде және шарттарда жиырма миллион АҚШ доллары ($20,000,000) сомасын (Қарыз) береді.
      2.02. Қарыз алушы Қарыз қаражатын осы Келісімге 2-қосымшаның ІV бөліміне сәйкес алуға құқылы.
      2.03. Қарыз алушы Банкке Қарыз қаражатын резервте ұстағаны үшін Қарыз сомасының бір пайызының төрттен біріне (0,25%) тең комиссия төлейді.
      2.04. Қарыз алушы әрбір Пайыздық кезең ішінде Қарыз Валютасы үшін референттік мөлшерлемеге Құбылмалы спрэдті қосқанға тең мөлшерлеме бойынша сыйақы төлейді; Қарыздың негізгі сомасының барлық немесе кез келген бөлігін Конверсиялау кезінде Қарыз алушы осындай сомаға Конверсиялау кезеңі уақытында төлеуге тиісті сыйақы Жалпы шарттардың IV бабының шарттарына сәйкес анықталуға тиіс. Жоғарыда айтылғандарға қарамастан, егер алынған Қарыз қаражатының сомасы бөліктерінің кез келгені уақтылы төленбей қалған және отыз күннің iшiнде төленбеген жағдайда, Қарыз алушы төлеуге жататын сыйақы мөлшерi Жалпы ережелердің 3.02 (е) бөлiмiнің ережелеріне сәйкес есептелуге тиiс.
      2.05. Төлем күндерi - әр жылдың 15 сәуірі және 15 қазаны.
      2.06. Қарыз алушы Қарыздың негізгі сомасын осы Келісімге 3-қосымшада көрсетілген өтеу кестесіне сәйкес төлейді.
      2.07. (а) Қарыз алушы кез келген уақытта борышты ұтымды басқаруды қамтамасыз ету үшiн Қарыз шартының кез келген мынадай Конверсияларын сұрата алады: (i) Мақұлданған Валютаға алынған да, алынбаған да Қарыз Валютасының барлық немесе Қарыздың негiзгi сомасының кез келген бөлiгiн өзгерту; (ii) Құбылмалы пайыздық мөлшерлемеден Тіркелген пайыздық мөлшерлемеге және керiсiнше немесе Құбылмалы спрэдке негізделген Құбылмалы пайыздық мөлшерлемеден тіркелген спрэдке негізделген Құбылмалы пайыздық мөлшерлемеге Қарыздың алынған және өтелмеген негiзгi сомасының барлық немесе кез келген бөлiгiне қолданылатын пайыздық мөлшерлеменің базисiн өзгерту, және (iii) Пайыздық Мөлшерлеменің Жоғарғы Шегін немесе Құбылмалы мөлшерлеменің Пайыздық Мөлшерлемесінің Жоғарғы және Төменгi Шектерiн белгiлеу арқылы Қарыздың алынған және өтелмеген негiзгi сомасының барлық немесе кез келген бөлiгiне қолданылатын Құбылмалы пайыздық мөлшерлеме шектерін анықтау.
      (b) Осы тармақтың (а) тармақшасына сәйкес сұратылған, Банк қабылдаған кез келген өзгеріс Жалпы шарттарда айқындалғандай, «Конверсия» болып саналады және Жалпы шарттардың IV бабының және Конверсия жөніндегі нұсқаудың ережелеріне сәйкес күшіне енеді.      

ІІІ БАП - ЖОБА

      3.01. Қарыз алушы Жоба мақсаттарын өзінің жақтайтыны туралы мәлімдейді және осы мақсатта Жобаны Жалпы шарттардың V бабының ережелерiне сәйкес Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі арқылы іске асырады.
      3.02. Осы Келісімнің 3.01-тармағының ережелері үшін шектелмей және егер Қарыз алушы мен Банк арасында өзгеше келісілмесе, Қарыз алушы осы Келісімге 2-қосымшаның ережелеріне сәйкес Жобаны іске асыруды қамтамасыз етеді.      

IV БАП - ҚАРЫЗДЫҢ КҮШIНЕ ЕНУI; БҰЗЫЛУЫ

      4.01. Күшіне енудің қосымша шарттары мынада:
      (a) ЖІТ-ті Қарыз алушы ҚРСА арқылы құрған, оның құрамы, ресурстары мен техникалық тапсырмалары Банк үшiн қолайлы болып табылады.
      (b) ҮЖН-ні Қарыз алушы құрған, оның құрамы, ресурстары мен техникалық тапсырмалары Банк үшiн қолайлы болып табылады.
      (с) Қарыз алушы Банк үшін қанағаттанарлық Жобаны іске асыру жөніндегі нұсқауды қабылдаған болса.
      4.02. Осы Келісімнің күнінен кейін 180 (бір жүз сексен) күн өткен соң басталатын күн күшіне енудің соңғы мерзімі болып табылады.

V БАП - ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ ӨКIЛI; МЕКЕНЖАЙЛАР

      5.01. Қаржы министрi Қарыз алушының өкiлi болып табылады.
      5.02. Қарыз алушының мекенжайы:

      Қаржы министрлiгi
      Жеңiс даңғылы, 11
      Астана, 010000
      Қазақстан Республикасы
      Телекс: Факс:
      265126 (FILIN) 7-7172-717785

      5.03. Банктiң мекенжайы:

      Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi
      1818 H Street, N.W.
      Washington,D.C.20433
      United States of America
      Телеграф: Телекс: Факс:
      INTBAFRAD 248423(МСI) 1-202-477-6391
      Washington, D.C. 64145(МСI)

      Жоғарыда көрсетілген күні мен жылы Қазақстан Республикасы, Астана қаласында КЕЛІСІЛДІ.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШIН        
Уәкiлеттi өкiл        

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА        
ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ ҮШІН        
Уәкiлеттi өкiл        

1-ҚОСЫМША
Жобаның сипаттамасы

      Халықаралық әдістемелер мен үздік тәжірибеге сәйкес қажетті, уақтылы және нақты деректермен қамтамасыз ету мақсатында ұлттық статистика жүйесінің тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру Жобаның мақсаты болып табылады.
      Жоба мынадай компоненттерден тұрады:
      1-компонент: Статистика жүйесінің институционалдық ортасын және операциялық қамтамасыз етілуін жетілдіру
      Мынадай мақсаттар үшін тауарларды беру, консультациялық қызметтер көрсету, оқыту бағдарламаларын ұсыну: (а) статистикалық деректерді шығарумен айналысатын үкіметтік мекемелер арасында өзара іс-қимылды үйлестіретін заңнамалық базаны жақсарту; (b) ҚРСА институционалдық құрылымын ұтымды ету; (с) стратегиялық жоспарлау рәсімдерін және әдіснамасын жақсарту; (d) персоналға жүктемені есепке алу жүйесін әзірлеу және енгізу; (e) сапаны басқару бағдарламасын енгізу; (f) жиһаздың және жабдықтың жай-күйін жақсарту.
      2-компонент: Ақпараттық-коммуникациялық жүйелерді және физикалық инфрақұрылымды жақсарту
      Мынадай мақсаттар үшін тауарларды беру, консультациялық қызметтер көрсету, оқыту бағдарламаларын ұсыну: (a) деректерді өңдеудің интеграцияланған жүйесін жақсарту; (b) АКТ департаменті персоналының біліктілігін арттыру; (c) деректерді өңдеу процесін жылдамдату мақсатында ҚРСА компьютерлік жабдығын және бағдарламалық қамтымын жаңарту; және (d) ҚРСА қолданыстағы коммуникацияларының корпоративтік желісін жақсарту.
      3-компонент: Кадр әлеуетін дамыту
      Мынадай мақсаттар үшін тауарларды беру, консультациялық қызметтер көрсету, оқыту бағдарламаларын ұсыну: (а) ҚРСА-да басқарудың, мансапты дамытудың және лауазымға тағайындау тәжірибесінің жаңа әдістерін енгізу; (b) ҚРСА-да оқыту стратегиясын әзірлеу және енгізу; (c) ҚРСА өзінің персоналын шет елдерде оқыту бағдарламасын әзірлеу және енгізу; және (d) ҚРСА-да қолданыстағы жалдау рәсімдері мен саясатын қайта қарау.
      4-компонент: Статистикалық инфрақұрылымды, стандарттарды және әдіснамаларды жақсарту
      Мынадай мақсаттар үшін тауарларды беру, консультациялық қызметтер көрсету, оқыту бағдарламаларын ұсыну: (a) Бизнес тіркелімді өзекті ету; (b) халық тіркелімін жақсарту; (c) тұрғын үй қоры объектілерінің тіркелімін жетілдіру; (d) ауыл шаруашылығы тіркелімін жақсарту; (e) жіктеуіштер мен стандарттарды жетілдіру; (f) статистикалық құралдарды дамыту; (g) зерттеулер үшін іріктеуді қалыптастыру әдістерін жетілдіру; (h) уақытша қатарларды қалыптастыру мен маусымдық деңгейлестіру әдістерін енгізу; және (i) ҚРСА талдамалық функцияларын күшейту.
      5-компонент: Пайдаланушылармен және респонденттермен жұмысты жетілдіру
      Мынадай мақсаттар үшін тауарларды беру, консультациялық қызметтер көрсету, оқыту бағдарламаларын ұсыну: (a) пайдаланушылармен өзара қарым-қатынастар саясатын жетілдіру; (b) статистикалық ақпаратты таратуды және оның маркетингін жетілдіру; (c) респонденттермен жұмыс жасау саясатын жақсарту; және (d) ҚРСА web-порталын жақсарту.
      6-компонент: Статистиканың нақты салаларында әдіснаманы және тәжірибені жетілдіру
      Мынадай мақсаттар үшін тауарларды беру, консультациялық қызметтер көрсету, оқыту бағдарламаларын ұсыну: (a) макроэкономикалық статистиканы жетілдіру; (b) өнеркәсіп, энергетика, құрылыс, инвестициялар, сыртқы және ішкі сауда-саттық статистикасын және көрсетілетін қызметтер статистикасын қоса алғанда, макроэкономикалық статистиканы жетілдіру; (c) ауыл шаруашылығы статистикасын жетілдіру; (d) әлеуметтік статистиканы жетілдіру; (e) еңбек статистикасын жетілдіру; және (f) қоршаған орта статистикасын жетілдіру.
      7-компонент: Жобаны басқару
      Жобаны басқару, іске асыру, мониторингілеу және бағалау бойынша ҚРСА-ның тауарларын, консультациялық қызметтерін, оқыту бағдарламаларын және операциялық шығыстарын ұсыну.

2-ҚОСЫМША
Жобаны іске асыру

      I бөлiм. Iске асыру тетiктерi 

      А. Ұйымдастыру іс-шаралары

      Қарыз алушы Жобаны мынадай ұйымдастыру және басқа да шараларға сәйкес iске асырады:
      1. ҮЖТ Жобаны іске асыру жөніндегі нұсқауда көрсетілген талаптарға, өлшемдерге, ұйымдастыру тетіктеріне және операциялық рәсімдерге сәйкес Жобаны қадағалауға, ведомствоаралық үйлестіруге және стратегиялық басқаруға жалпы жауапты болады.
      2. Қарыз алушы Жобаны іске асыру жөніндегі нұсқауда көрсетілген талаптарға, өлшемдерге, ұйымдастыру тетіктеріне және операциялық рәсімдерге сәйкес ҚРСА арқылы және ЖІК-тің қолдауымен Жобаны іске асырады және Банктің алдын ала мақұлдауынсыз Жобаны іске асыру жөніндегі нұсқаудың қандай да бір ережелерін бермеуге, өзгерістер енгізбеуге, жоймауға немесе олардан бас тартпауға тиіс. ЖІК Жоба шеңберінде есептілік, сатып алу және қаржылық басқаруға жауапкершілікті қоса алғанда, Жобаның іс-шараларын күнделікті үйлестіріп отырады.
      3. Жобаның іске асырылуының бүкіл кезеңінде Қарыз алушы ҚРСА, ЖІТ және ҮЖТ-ті Банк үшiн қанағаттанарлық құраммен, ресурстармен және техникалық тапсырмалармен қамтамасыз етеді.
      4. Қарыз алушы Жобаны іске асырудың әрбір жылының 20 желтоқсанынан кешіктірмей және 2011 жылғы 20 желтоқсаннан бастап Банкке компоненттер мен кіші компоненттер жөніндегі жобалау іс-шараларын анықтайтын келесі жылға арналған Жобаны іске асырудың жылдық жоспарын, сондай-ақ онымен байланысты шығыстар мен қаржылық ресурстарды ұсынады және Банкпен Жоба бойынша келесі жылға жоспарланатын іс-шараларды және тиісті бюджетті келіседі.
      5. Қарыз алушы 2011 жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей Банк үшін қолайлы Техникалық тапсырманың негізінде тәуелсіз аудиторды іріктейді және жалдайды.

      B. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар

      Қарыз алушы Жобаны Банктiң Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi нұсқауының ережелерiне сәйкес iске асыруды қамтамасыз етедi.

      II бөлiм. Мониторинг бойынша есептiлiк және Жобаны бағалау

      А. Жоба бойынша есептер 

      1. Қарыз алушы мониторингті жүзеге асырады және Жобаның iске асырылу барысын бағалайды және Жалпы шарттардың 5.08-бөлiмiнiң ережелерiне сәйкес және Банкпен келiсiлген индикаторлар негiзiнде Жоба бойынша Есептердi дайындайды. Жоба бойынша әрбiр Есеп бiр күнтiзбелiк жарты жылдық кезеңді қамтуға және Банкке аталған есептi қамтитын кезең аяқталғаннан кейiн қырық бес (45) күннен кешiктiрілмей тапсырылуға тиіс.
      2. Жалпы шарттардың 5.08-бөлiмiне (с) сәйкес осы бөлімде көзделген Жобаны іске асыру туралы есеп және тиісті жоспар Жобаның жабылу күнінен кейін 6 (алты) айдан кешіктірілмей Банкке жіберілетін болады.
      3. Жоба күшіне енген күннен бастап 30 айдан кешіктірмей Қарыз алушы Банкпен бірлесіп орта мерзімді шолу жүргізеді, ол өзгелерден басқа Жобаны іске асырудың жалпы табыстылығын бағалайды.
      4. Қарыз алушы Орта мерзiмдi шолуға дейiн кемінде 6 (алты) апта бұрын Банкке Жобаның әрбiр компонентінің iске асырылу барысын сипаттай отырып, жеке есепті және Жобаның жалпы iске асырылуы туралы жиынтық есепті бередi.      

      В. Қаржылық басқару, қаржылық есептiлiк және аудит

      1. Қарыз алушы Жалпы шарттардың 5.09-бөлiмiнiң ережелерiне сәйкес қаржылық басқару жүйесiн жүргiзуге немесе оның жүргізілуін қадағалауға міндетті.
      2. Осы бөлімнің А бөлігінің ережелеріне шектеу қоймай Қарыз алушы әрбiр күнтiзбелiк тоқсан аяқталғаннан кейiн 45 (қырық бес) күннен кешiктiрмей Банк үшiн қолайлы нысанда және мазмұнда тоқсан үшін Жоба бойынша аудиттелмеген аралық қаржылық есептерді дайындайды және Банкке ұсынады.
      3. Қарыз алушы өзiнiң Қаржылық есептіліктің аудитін Жалпы шарттардың 5.09 (b) бөлiмiнiң ережелерiне сәйкес жүргiзедi. Қаржылық есептіліктің әрбiр аудитi Қарыз алушының 1 (бiр) қаржы жылындағы кезеңiн қамтуға тиiс. Әрбір осындай кезең үшін аудиторлық тексеруден өткен қаржылық есептілік әрбiр осындай кезең аяқталғаннан кейiн 6 (алты) айдан кешiктiрілмей Банкке ұсынылады.
      4. Жобаны іске асыру басталғанға дейін Қарыз алушы бас бухгалтерге көмек көрсету және Жобаны қаржылық басқаруға жауаптылықта болу үшін біліктілігі және Банк үшін қолайлы техникалық тапсырмасы бар қаржылық басқару жөніндегі консультантты іріктейді және жалдайды.

      III бөлiм. Сатып алулар 

      А. Жалпы ережелер 

      1. Тауарлар. Жоба үшiн қажеттi және Қарыз қаражатынан қаржыландырылатын барлық тауарлар Сатып алу жөнiндегi нұсқаулықтың I Бөлiмiндегі немесе оларға сiлтеме жасалған талаптарға сәйкес, сондай-ақ осы Қосымшаның ережелерiне сәйкес сатып алынады.
      2. Консультанттардың қызметтері. Жоба үшiн қажеттi және Қарыз қаражатынан қаржыландырылатын консультанттардың барлық қызметтерi Дүниежүзiлiк банк қарыз алушылары консультанттарды iрiктеу және жалдау жөнiндегi нұсқаулықтың (Консультанттар жөнiндегi нұсқаулық) I және IV Бөлiмiндегі немесе оларға сiлтеме жасалған талаптарға сәйкес, сондай-ақ осы Бөлiмнiң ережелерiне сәйкес сатып алынады.
      3. Анықтамалар. Сатып алудың белгілі бір әдістерін немесе Банктің белгілі бір келісімшарттарды қарау әдістерін сипаттау үшiн осы Бөлiмде төменде пайдаланылған бас әрiптерден басталатын терминдер нақты жағдайға қарай оларға Сатып алу жөнiндегi нұсқауда немесе Консультанттар жөнiндегi нұсқауда берілген анықтамаларға сәйкес келеді.

      В. Тауарлар сатып алудың ерекше әдiстерi

      1. Халықаралық конкурстық сауда-саттық. Егер төмендегi 2-тармақта өзгеше көзделмесе, тауарларды сатып алу Халықаралық конкурстық сауда-саттық рәсiмдерiне сәйкес жасалған келiсiмшарттар бойынша жүзеге асырылады.
      2. Тауарларды сатып алудың басқа да әдiстерi. Төмендегі кестеде Халықаралық конкурстық сауда-саттықтан басқа тауарларға қатысты қолданылуы мүмкін сатып алу әдiстерi берілген. Сатып алу жоспарында қандай да бір әдіс пайдаланылуы мүмкін болатын мән-жайлар қамтылуға тиіс. 

Сатып алу әдiсi

(а) Осы 2-қосымшаға Қосымшаның ережелері сақталған кездегі ұлттық конкурстық сауда-саттық

(b) Еркін саудадағы сатып алулар (Шопинг)

(с) Келiсiмшарттарды тiкелей жасасу

      C. Консультанттардың қызметтерiн сатып алудың ерекше әдiстерi

      1. Сапа және құн негiзiндегі iрiктеу. Егер төмендегi 2-тармақта өзгеше көзделмесе, консультациялық қызметтердi сатып алу Сапа және құн негiзiнде ірiктеу рәсiмiне сәйкес жасалған келiсiмшарттар шеңберiнде жүзеге асырылады.
      2. Консультанттар қызметiн сатып алудың басқа да әдiстерi. Төмендегі кестеде Сапа және құн негiзiнде ірiктеуден басқа консультанттардың қызметтерiн сатып алу кезiнде пайдаланылуы мүмкiн сатып алудың әдiстерi берiлген. Сатып алу жоспарында қандай да бір әдіс пайдаланылуы мүмкін болатын мән-жайлар қамтылуға тиіс. 

Сатып алу әдiсi

(а) Сапа негізінде іріктеу

(b) Неғұрлым төменгі құн кезінде іріктеу

(c) Тіркелген бюджет кезiнде iрiктеу

(d) Консультанттардың бiлiктiлiгi негiзiнде iрiктеу

(e) Бiр көзден сатып алу

(f) Жеке консультанттарды iрiктеу үшiн Консультанттар жөніндегі нұсқаудың 5.2, 5.3 және 5.4-параграфтарында белгiленген рәсiмдер

      D. Банктiң сатып алу жөнiндегi шешiмдердi қарауы

      Сатып алу жоспарында Банктің алдын ала қарауына жататын келiсiмшарттар тізбесі көрсетiледi. Барлық басқа келiсiмшарттар Банктiң Кейiннен қарау мәні болып табылады.

      IV бөлiм. Қарыз қаражатын шоттан алу

      А. Жалпы ережелер 

      1. Қарыз алушы Қарыз қаражатын Жалпы шарттардың II бабының, осы Бөлiмнiң және Қарыз алушыға хабарламада Банк көрсететiн қосымша нұсқаулардың ережелерiне сәйкес белгіленген (осындай нұсқауларға сәйкес Банк кезең-кезеңімен қайта қарап отыратын және осы Келісімде қолданылатын, уақыты 2006 жылғы мамыр деп қойылған «Дүниежүзiлiк банктiң жобалардың қаражатын игеру жөніндегі нұсқауын» қоса алғанда) төмендегi 2-тармақтың кестесiне сәйкес Заңды шығыстарды қаржыландыру үшін ала алады.
      2. Төмендегi кестеде Қарыз қаражатынан қаржыландырылуы мүмкін болатын Заңды шығыстар санаты («Санат»), әрбiр Санат бойынша Қарыздың бөлiнген сомасы және әрбiр Санат бойынша Заңды шығыстар ретінде қаржыландыруға жататын шығыстардың пайыздық үлесi айқындалған. 

Санат

Қарыздың бөлiнген сомасы (долларлық баламада)

Қаржыландыруға жататын шығыстар үлесi (салықтарды қоса алғанда)

(1) Тауарлар, консультанттардың қызметтерi, операциялық шығыстар және Жоба бойынша оқыту

20,000,000

100%

Жалпы сомасы

$20,000,000

      Кестеге түсініктеме:
      (а) «Операциялық шығыстар» деген термин ҚРСА Жобаны іске асыру бойынша байланысқа, аудармаларға, кеңсе тауарларына, хабарландыруларға, ксерокөшiрмеге, почтаға және жол жүруге жұмсалатын негізді шығындарын білдіреді. Шығыстардың осы түрі Банк мақұлдаған жылдық жоспарға және Банк үшін қолайлы ҚРСА әкімшілік рәсімдеріне сәйкес Қарыз қаражатынан қаржыландырылатын болады. Операциялық шығыстарға Қарыз алушының мемлекеттік қызметкерлерінің жалақысы кірмейді.
      (b) «Оқыту» таныстыру мақсатындағы жол жүрулерді, оқыту курстарын, семинарларды, тренингтерді және тауарлар мен қызметтердi сатып алуға арналған келiсiмшарттар тiзiмiне енгізілмеген басқа да оқу iс-шараларын қоса алғанда, оқу материалдарына, үй-жайлары мен жабдықтарды жалдауға ел iшiндегi жол жүруге, бiлiм алушылардың тәулiкақылары мен оқытушылардың қызмет ақыларын, сондай-ақ ауызша және жазбаша аударма қызметтерiне төлеуге жұмсалатын шығындарды қоса алғанда, ҚРСА даярлаған және Банк мақұлдаған жылдық оқыту жоспарына сәйкес өткізілетін Жобаға қатысы бар тренингтер мен семинарларды білдіреді.

      В. Алу шарттары; алу кезеңi

      1. Осы Бөлiмнiң А бөлiгiнiң ережелеріне қарамастан, қаражат мынадай жағдайларда:
      (а) Банкке Қарыз қаражатын резервте ұстағаны үшін комиссия толық көлемде төленгенінше Қарыз шотынан; не
      (b) осы Келiсiмнiң күнiне дейiн жасалған төлемдер бойынша алынбауға тиіс.
      2. Жабылу күнi – 2017 жылғы 30 сәуір. 

2-ҚОСЫМШАҒА
Толықтыру

      Қарыз алушының конкурстық сауда-саттығының ұлттық рәсімдері мынадай шарттар орындалған кезде Жобаның шеңберінде тауарларды сатып алу үшiн пайдаланылуы мүмкiн:
      1. Конкурс қатысушыларына рұқсат беру ХҚДБ қарыздары және ХДҚ кредиттері бойынша сатып алу жөніндегі нұсқаудың І бөліміне сәйкес айқындалады. Осыған байланысты бірде бір қатысушының ХҚДБ қарыздары және ХДҚ кредиттері бойынша сатып алу жөніндегі нұсқаудың І бөлімінде көрсетілмеген шарттардың негізінде Қауымдастық қаржыландыратын келісімшарттарға арналған конкурсқа қатысуынан бас тартылмайды.
      2. Сатып алушы ұйымдар Банк үшін қолайлы стандартты конкурстық құжаттаманы пайдалануға тиіс.
      3. Ерекше жағдайларда Конкурстық өтінімнің қолданылуын ұзарту олардың қолданылу мерзімі аяқталған күнге дейін және ұсыныстарды бағалауды аяқтау және келісімшарт жасасу үшін қажет қысқа мерзімге дейін барлық конкурсқа қатысушылардан жазбаша нысанда сұралады.
      4. Мемлекеттік белгісі бойынша преференция қолданылмайды.
      5. Мемлекеттің басым қатысуы бар ұйымдар егер қаржылық және заңдылық жағынан тәуелсіз және коммерциялық құқық шеңберінде әрекет ететіні дәлелденбегенде ғана, Үкімет өткізетін тендерлерге қатыспайды.
      6. Одан кейінгі біліктілік критерийлері тек қана өткен келісімшарттар тиімділігіне, конкурсқа қатысушылардың қаржылық және техникалық әлеуетіне қатысты қолданылады.
      7. Бірлескен кәсіпорындардың әріптестері бірлескен және жеке жауаптылықта болады.
      8. Конкурстық өтінімдер өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен кейін дереу жария түрде ашылады. Өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін алынғандардан басқа, бірде бір өтінім ашу сатысында қайтарылмайды.
      9. Тендерлік өтінімнің есептік құннан асып түсуі негізінде ғана қабылданбауы мүмкін емес.
      10. Өтінімдерді бағалау кезінде біліктілік критерийлер «өтті/өтпеді» қағидаты бойынша пайдаланылады.
      11. Келісімшарттар ең төменгі бағалау құнын ұсынған білікті қатысушыларға беріледі және баға бойынша келіссөздер жүргізілмейді.

3-ҚОСЫМША
Өтеу кестесі

      1. Келесі кестеде Негізгі борышты өтеу күндері және Негізгі қарызды өтеудің әрбір күніне арналған өтеуге жататын Қарыздың жалпы сомасының пайызындағы үлесі («Өтеу үлесі») көрсетілген. Егер Қарыз қаражаты Негізгі қарызды өтеудің бірінші күнінде толық алынған болса, онда Негізгі қарызды өтеудің әрбір осындай күніне қарай Қарыз алушы өтеуге жататын Қарыздың негізгі сомасын өндіру жолымен Банк белгілейтін болады: (а) Негізгі қарызды өтеудің бірінші күніне алынатын Қарыз сомасы және (b) Негізгі қарызды өтеудің әрбір күніне төлемнің Өтеу үлесі. Төлеуге тиіс аталған сома осы Қосымшаның 4-тармағында көзделген және Валютаның конверсиясы қолданылатын соманы шегеру мақсатында қажеттілігіне қарай түзетілетін болады.

Негізгі борыш бойынша төлем күні

Өтеу үлесі
(пайыздық шамада)

2016 жылғы 15 сәуірден бастап, 2025 жылғы 15 қазан аралығындағы әр жылдың 15 сәуірі және 15 қазаны

5.0%

      2. Егер Қарыз қаражаты Негiзгi борышты өтеудiң бiрiншi күнiнде толығымен алынбаса, онда Негiзгi борышты өтеудiң әрбiр осындай күнiне Қарыз алушы өтеуге тиіс Қарыздың негiзгi сомасы мынадай түрде айқындалатын болады:
      (a) Негiзгi борышты өтеудiң бiрiншi күнi алынған Қарыздың кез келген қаражаты көлемінде Қарыз алушы осы Қосымшаның 1-тармағына сәйкес осындай күнге алынған Қарыз сомасын өтеуге тиiс.
      (b) Негiзгi борышты өтеудiң бiрiншi Күнiнен кейiн алынған кез келген сома әрбір осындай алу сомасын осы Қосымшаның 1-тармағының      кестесінде көрсетілген төлем үлесінің бастапқы сомасы осы Негізгі борышты өтеу күні үшін алымы болып табылатын (Төлемді өтеу үлесінің бастапқы сомасы), ал бөлшегі осындай күнге немесе одан кейін негізгі борышты өтеу күнінде Төлемдерді өтеу үлесінің бастапқы сомаларының барлық қалған сомаларының сомасы болып табылатын бөлшекке көбейту жолымен Банк анықтаған сомада осындай алу күнінен кейін негізгі борышты өтеудің әрбір Күніне өтелуге тиіс. Төленуі тиіс бұл сома осы Қосымшаның 4-тармағында көзделген және валютаны Конверсиялау қолданылатын сомаларды шегеру мақсатында қажеттілігіне қарай түзетілуге тиіс.
      3. (a) Негізгі борышты өтеудің кез келген күніне төленуге тиіс негізгі борыш сомаларын есептеу мақсатында ғана Негізгі борышты өтеудің кез келген күніне дейін күнтізбелік екі ай ішінде алынған Қарыз сомалары алынған күннен кейін Негізгі борышты өтеудің екінші күніне алынған және өтелмеді деп есептеледі және алынған күннен кейін Негізгі борышты өтеудің екінші күнінен бастап Негізгі борышты өтеудің әрбір күніне өтеуге жататын болады.
      (b) Осы тармақтың (а) тармақшасының ережесiне қарамастан, егер кез келген уақытта Банк төлем мерзiмдерi бойынша шоттарды шығару жүйесiн қабылдаса, бұл ретте шоттар Негiзгi борышты өтеудiң тиiстi күнiне немесе одан кейiн берiледi, шоттарды шығарудың осындай жүйесi қабылданғаннан кейiн жасалған қандай да алуға осы тармақшаның ережесi қолданылмайтын болады.
      4. Осы Қосымшаның 1 және 2-тармақтарының ережелерiне қарамастан, барлық немесе Қарыздың кез келген бөлiгiнiң валютасын конверсиялау кезiнде кезеңi iшiнде пайда болатын негiзгi борышты өтеудiң кез келген Күнiне өтеуге жататын Мақұлданған валютаға осындай түрде конвертацияланатын Мақұлданған валюта сомасындағы Қарыздың барлық валютадағы немесе алынған соманың кез келген бөлігіндегі Конвертациялаудан кейін осы, тікелей конвертациялау алдында осындай соманы деноминациялау валютасында көбейту жолымен (і) немесе конвертациялауға жататын Валюталық хедждік мәмілелер шеңберінде Банктің төлеуіне жататын немесе (іі) Конверсия бойынша нұсқауға сәйкес мұндай шешімді егер Банк қабылдаса, Экранды ставканың волюталық құрылымы анықталуға тиіс.
      5. Егер Қарыз бір Қарыз валютасынан көбірек номиналданған жағдайда, осы кестенің ережелері Қарыздың әрбір валютасының сомаларына жеке, сондай-ақ сомалардың әрқайсысының жекелеген өтеу кестелерін есептеу үшін қолданылады.

ТОЛЫҚТЫРУ
I бөлім. Айқындамалар 

      1. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнiндегi нұсқаулық» 2006 жылғы 15 қазандағы «ХҚДБ қарыздары және ХДҚ кредиттерi мен гранттары қаражатынан қаржыландырылатын жобалардағы алаяқтық пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оларға қарсы күрес жөнiндегi нұсқаулық» және 2010 жылғы мамырдағы және 2011 жылғы қаңтардағы оларды жаңарту деген ұғымды бiлдiредi.
      2. «ҚРСА» ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1460 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Статистика агенттігін не ЖІТ бірге Жобаны іске асыруға жауапты оның кез келген мирасқорын немесе мирасқорлары дегенді білдіреді.
      3. «Консультанттар жөнiндегi нұсқаулық» Банктің 2004 жылғы мамырда жариялаған және 2006 жылғы қазанда және 2010 жылғы мамырда қайта қаралған «Дүниежүзiлiк банк қарыз алушыларының консультанттарын iрiктеу және жалдау жөнiндегi нұсқаулық» деген мағынаны бiлдiредi.
      4. «Үйлестіру жұмыс тобы» немесе «ҮЖТ» - қадағалау және Жобаны іске асыру мониторингі мақсатында Келісімнің IV бабы 4.01 бөлімінің (b) тармақшасына сәйкес құрылған ведомствоаралық үйлестіру жұмыс тобы.
      5. «Жалпы шарттар» - 2010 жылғы 31 шілдедегі «Халықаралық Қайта құру және Даму банкінің қарыздарына арналған жалпы шарттар».
      6. «Жобаны іске асыру тобы» немесе «ЖІТ» Жобаны іске асыру және Жобаны күнделікті басқару үшін Келісімнің IV бабы 4.01 бөлімінің (а) тармақшасына сәйкес, ҚР Статистика агенттігі құрған Жобаны іске асыру жөніндегі команданы білдіреді және өзгелерден басқа, (i) Жобаны үйлестірушіден; (ii) қаржылық басқару жөніндегі маманнан; және (iii) сатып алушыдан тұрады.
      7. «Сатып алу жөніндегі нұсқаулық» Банк 2004 жылғы мамырда жариялаған және 2006 жылғы қазанда және 2010 жылғы мамырда қайта қаралған «ХҚДБ қарыздары және ХДҚ кредиттері шеңберінде сатып алу жөніндегі нұсқаулық» деген мағынаны білдіреді.
      8. «Сатып алу жоспары» көрсетілген тармақтардың ережелерiне сәйкес кезең-кезеңiмен түзетілуі мүмкін сатып алулар бойынша нұсқаулықтың 1.16-тармағында және Консультанттар бойынша нұсқаулықтың 1.24-тармағында сiлтеме жасалған, 2011 жылғы 16 ақпандағы Жобаға арналған Қарыз алушының сатып алу жоспары деген мағынаны бiлдiредi.
      9. «Жобаны іске асыру жөніндегі нұсқаулық» осы Келісімнің IV бабы 4.01-тармағының (с) тармақшасына сәйкес Қарыз алушы қабылдаған, қаржы рәсімдері жөніндегі нұсқаулықты қоса алғанда, операциялық және әкімшілік міндеттерді, Жобаны іске асыру рәсімдерін және ережелерін айқындайтын, оған Банктің алдын ала жазбаша келісімімен мерзімді өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін есепті, аудитті, шығыстарды, қаражаттар қозғалысы мен Жоба бойынша арнаулы шоттарды басқаруды көрсететін нұсқаулық деген мағынаны білдіреді.

      Осымен 2011 жылғы 26 тамызда Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімнің (ҚАЗСТАТ: Ұлттық статистика жүйесін нығайту жөніндегі жоба) осы аудармасы ағылшын тіліндегі мәтінге сәйкес келетінін куәландырамын.

      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрлігі
      Кадр жұмыстарын үйлестіру
      және бақылау департаментінің
      Басқарма бастығы                           Б. Ахметжанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады