"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асырудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 15 қазандағы № 1328 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 қарашадағы № 1277 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 20 қарашадағы № 759 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 20.11.2017 № 759 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 77-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асырудың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 15 қазандағы № 1328 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 35, 462-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған:

      1) қабылдау және жұмыс комиссияларының өкілеттіктері, міндеттері, міндетті құрамы;

      2) Қабылдау және жұмыс комиссияларының объектiлердi қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар);

      3) жұмыс комиссиясы қорытындысының және қабылдау комиссиясы актісінің нысандары;

      4) мемлекеттік қабылдау комиссиясының салынған объектіні пайдалануға қабылдау туралы актісінің бірыңғай нысаны бекітілсін.";

      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында салынған объектiлердi пайдалануға қабылдау жөнiндегi қабылдау және жұмыс комиссияларының өкiлеттiктерiн, мiндеттерiн, сондай-ақ мiндеттi құрамын белгілеу ережесі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      3) көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік қабылдау комиссиясының салынған объектіні пайдалануға қабылдау актісінің бірыңғай нысаны осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы 2012 жылғы 31 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін қабылдау және жұмыс комиссиялары өкілеттіктерінің, міндеттерінің, міндетті құрамының 2-тармағының екінші бөлігін, Қағидалардың 9, 10-тармақтарын және қабылдау комиссиясының салынған объектіні пайдалануға қабылдау актісінің бірыңғай нысанын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 2 қарашадағы
№ 1277 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 15 қазандағы
№ 1328 қаулысымен
бекітілген

Қабылдау және жұмыс комиссияларының объектiлердi қабылдау қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы қабылдау және жұмыс комиссияларының объектiлердi қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 77-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және салынған объектiлердi (кешендердi) пайдалануға қабылдау тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      қабылдау комиссиясы – объектiнiң (кешеннiң) дайындығына кешендi тексеру, технологиялық жабдықтар мен инженерлiк жүйелерге бақылау сынағын жүргiзетiн және салынған объектiнi пайдалануға қабылдайтын уақытша алқа органы;

      жұмыс комиссиясы – нәтижелерiн мемлекеттiк қабылдау комиссиясына ұсыну үшiн объектiнiң дайындығына кешендi тексеру жүргiзетiн уақытша алқа органы;

      толық дайындық – ішкі әрлеу (қаптау, сылау, тұсқағаз жапсыру) жұмыстары аяқталып, таза едендер төселген, санитарлық-техникалық жабдықтар мен аспаптар, тұрмыстық мақсаттағы электрлік техникалық аспаптар, асүй газ немесе электр плиталары және пәтерішілік есік блоктары орнатылып салынған объектілер (кешендер).

      Егер, бекiтiлген жобада бұл көзделген жағдайда, толық дайындыққа кейiннен сатып алушылардың мүмкiндiктерi мен қалаулары ескерiле отырып, орындалатын ішкi қаптау, сылау, тұсқағаз жапсыру жұмыстары орындалмаған, таза едендер, санитарлық-техникалық жабдықтар мен аспаптар, тұрмыстық мақсаттағы электр техникалық аспаптар, асүй газ және электр плиталары, пәтерiшiлiк есiк блоктары орнатылмаған қоғамдық ғимараттар жатқызылуы мүмкiн.

      Бұл ретте объект (кешен) бойынша сыртқы әрлеу жұмыстары, сондай-ақ жалпы пайдаланудағы үй-жайларда (ғимараттың бөлiктерiнде) iшкi әрлеу мен монтаждау жұмыстары толық көлемде орындалуға тиiс.

2. Қабылдау комиссиясының объектіні қабылдау тәртібі

      3. Объектіде барлық құрылыс-монтаж жұмыстары, аумақты абаттандыру, бекітілген жобаға сәйкес толық жабдықпен және құрал-сайманмен қамтамасыз ету орындалғаннан кейін бас мердiгер объектінің тапсыруға дайын екендiгi туралы тапсырыс берушіге (инвесторға, құрылыс салушыға) хабарлайды.

      Тапсырыс беруші (инвестор, құрылыс салушы) объектiнiң пайдалануға қабылдау рәсіміне дайын екендiгi туралы бас мердiгерден жазбаша хабар алғаннан кейiн бес күн мерзiмнен кешiктiрмей қабылдау комиссиясын құрады.

      4. Тапсырыс беруші (инвестор, құрылыс салушы) қабылдау комиссиясының жұмысты бастау күнін тағайындайды және қабылдау рәсімі басталғанға дейін жеті жұмыс күнінен кешіктірмей, осы хабарламаны комиссия мүшелері алғаны туралы жазбаша растап, комиссияның барлық мүшелеріне жұмыстың басталатын күні туралы жазбаша хабарлайды.

      5. Мемлекеттік қабылдау комиссиясының объектіні (кешенді) пайдалануға қабылдау рәсімінің ұзақтығын (қабылдау мерзімдерін) салынған объектінің күрделілігіне және функционалдық арналуына, оның технологиялық және пайдалану сипаты мен параметрлеріне қарай тапсырыс беруші (инвестор, құрылыс салушы) белгілейді.

      6. Бас мердігер салынған объектілерді (кешенді) пайдалануға қабылдауды жүзеге асыруға қажетті құжаттарды қабылдау комиссиясына ұсынады.

      7. Тапсырыс беруші (инвестор, құрылыс салушы) объектiнiң (кешеннiң) жарамсыздығы туралы қабылдау комиссиясының қорытындысын алған кезде тиісті мемлекеттік органдарға құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасыз орындалуына жол берген құрылысқа қатысушыларды жауапқа тарту жөнiнде өтініш жасайды, сондай-ақ шарттық міндеттемелерді тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының Азаматттық кодексіне сәйкес шаралар қабылдайды.

      8. Қабылдау комиссиясы құрылысы аяқталған объектіні (кешенді) пайдалануға қабылдауды белгіленген нысандағы акті бойынша ресімдейді.

      9. Салынған объектіні (кешенді) пайдалануға қабылдау туралы қабылдау комиссиясының актісіне комиссия төрағасы мен барлық мүшелері қол қояды.

      Ескертулер мен айрықша пiкiрлер бар қабылдау комиссиясының актісіне комиссия төрағасы мен мүшелерінің қол қоюына жол берілмейді.

      10. Объектiнiң пайдалануға қосылғандығы туралы актiге қол қойылған күн қабылдау комиссиясы объектiнi (кешенді) пайдалануға қабылдаған күн болып есептеледi.

      Барлық комиссия мүшелері қол қойған қабылдау комиссиясының салынған объектiлердi (кешенді) пайдалануға қабылдау туралы актiсi дайын құрылыс өнімiне мүлiктiк құқықты тiркеу кезiнде объектінің (кешеннің) пайдалануға қабылданғанын растайтын бастапқы ерекше құжат болып табылады.

3. Жұмыс комиссиясының объектіні қабылдау тәртібі

      11. Объектiнiң пайдалануға қабылдау рәсіміне дайын екендiгi туралы бас мердiгерден жазбаша хабар алғаннан кейiн бес күн мерзiмнен кешiктiрмей жұмыс комиссиясы құрылады.

      Комиссия тапсырыс берушінің (инвестордың, құрылыс салушының) шешiмiмен тағайындалады.

      12. Бас мердігер объектілердің (кешеннің) толық дайындығына кешенді тексеруді жүзеге асыруға қажетті құжаттарды жұмыс комиссиясына ұсынады.

      13. Жұмыс комиссиясы жұмысының басталу және аяқталу мерзiмдерiн тапсырыс беруші белгiлейдi.

      Тапсырыс беруші осы хабарламаны комиссия мүшелерінің алғаны туралы жазбаша растай отырып, қабылдау рәсімі басталғанға дейін жеті жұмыс күнінен кешіктірмей барлық комиссия мүшелеріне жұмыс комиссиясы жұмысының басталатын күні туралы жазбаша хабарлайды.

      14. Жұмыс комиссиясы жұмысының қорытындылары қорытындының белгіленген нысаны бойынша ресімделеді.

      Барлық кемшіліктер жойылғаннан кейін комиссия төрағасы мен комиссия мүшелері жұмыс комиссиясының қорытындысына қол қояды.

      Ескертулер мен айрықша пiкiрлері бар жұмыс комиссиясының қорытындысына комиссия төрағасы мен мүшелерінің қол қоюына жол берілмейді.

      15. Объектіні (кешенді) пайдалана бастауға дайын еместігі туралы ескерту алған кезде тапсырыс беруші (инвестор, құрылыс салушы) бас мердігердің атына ескерту жібереді.

      Бас мердігер ескертуді жою бойынша іс-шаралар жоспарын жасайды.

      Ескертулер жойылған кезде бас мердігер тапсырыс беруші (инвестор, құрылыс салушы) оларды жою туралы нәтижелер ұсынады.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 2 қарашадағы
№ 1277 қаулысымен
бекітілген

Қабылдау комиссиясының өкілеттіктері, міндеттері, міндетті құрамы
1. Қабылдау комиссиясының өкілеттіктері, міндеттері, міндетті құрамы

      1. Қабылдау комиссиясының өкілеттігіне мыналар кiредi:

      1) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 76-бабында көзделген объектiлердi олар бекiтiлген жобаға сәйкес пайдалануға толық дайын болған кезде пайдалануға қабылдау туралы актiнi ресiмдей отырып, қабылдау;

      2) технологиялық жабдықтар мен инженерлiк жүйелерге бақылау байқауын және сынағын жүргiзу;

      3) жобалау-іздестiру және (немесе) құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалмауына немесе сапасыз орындалуына жол берген адамдарды заңнамада белгiленген тәртiппен жауапқа тарту жөнiндегі ұсыныстары бар, анықталған бұзушылықтарды жою үшін тапсырысшыға (инвесторға, құрылыс салушыға) және бас мердiгерге пайдалануға берiлетiн объектiнiң (кешеннiң) толық дайын еместiгi туралы қорытынды беру.

      2. Қабылдау комиссиясының өкiлеттiктерi оны қабылдау үшiн комиссия тағайындалған объектiге (кешенге) ғана қолданылады.

      Қабылдау комиссиясының өкiлеттiктерi тапсырысшы (инвестор, құрылыс салушы) оны тағайындаған кезден басталады және объектiнi (кешенді) қабылдау туралы актіге қол қойғаннан кейін аяқталады.

      3. Қабылдау комиссиясының мiндетiне мыналар кiредi:

      1) объектiнiң (кешеннiң) пайдалануға беруге дайындығына кешендi тексеру жүргiзу;

      2) жұмыстарды орындаушының нормативтiк талаптарды, бекiтiлген жобаны сақтауы жөнiндегi әрекеттерiн не болған ауытқушылықтарды тексеру және оларды мемлекеттік нормативтерде белгiленген тәртiппен келiсу;

      3) iске қосылатын объектi (кешен) қуатының (сыйымдылығының, өткiзу қабiлетiнiң) бекiтiлген жобадағы көрсеткiштерiмен сәйкестiгiн тексеру;

      4) тапсырыс берушіден (инвестордан, құрылыс салушыдан) немесе бас мердiгерден алынған құжаттамаларды өкiлеттiктерi аяқталғаннан кейiн қайтарып беру.

      4. Қабылдау комиссиясының міндетті құрамына мыналар кiредi:

      1) қабылдау комиссиясының төрағасы болатын тапсырыс беруші (инвестор, құрылыс салушы) не тапсырыс берушінің (инвестордың, құрылыс салушының) жауапты өкiлi;

      2) комиссия төрағасының орынбасары болып табылатын мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органының өкілі;

      3) бас мердігердің, қосалқы мердігерлік ұйымның не жобалау (жобалау-смета) құжаттамасын әзiрлеушiнiң, қосалқы жобалаушылардың (жобаның бөлімдерін әзірлеушілердің), жергiлiктi атқарушы сәулет және қала құрылысы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының, пайдаланушы ұйымдардың (кәсіпорындардың, мекемелердің), пайдалануға берiлетiн объектiнiң (кешеннiң) бейiнiне (мақсатына) қарай басқа да мүдделi мемлекеттiк органдардың өкiлдерi.

2. Жұмыс комиссиясының өкілеттіктері, міндеттерімен, міндетті құрамы

      5. Жұмыс комиссиясының өкілеттігіне мыналар кiредi:

      1) Заңның 75-бабында көзделген мемлекеттiк қабылдау комиссиясының объектiлердің (кешендердің) оларды қабылдауға толық дайындығына кешендi тексеру жүргiзу;

      2) технологиялық жабдық пен инженерлiк жүйелерге бақылау сынақтарын жүргiзу;

      3) жобалау, іздестiру және (немесе) құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалмауына немесе сапасыз орындалуына жол берген адамдарды заңнамада белгiленген тәртiппен жауапқа тарту жөнiнде ұсыныстары бар, анықталған бұзушылықтарды жою үшін тапсырыс берушіге пайдалануға берiлетiн объектiнiң (кешеннiң) толық дайын еместiгi туралы қорытынды беру;

      4) кешендi тексеру нәтижелерi бойынша оның нәтижелерiн мемлекеттiк қабылдау комиссиясына ұсыну үшiн объектiнiң (кешеннiң) дайын екендiгi туралы қорытындыны ресiмдеу.

      6. Жұмыс комиссиясының өкiлеттiктерi дайындыққа кешенді тексеру жүргізу үшiн жұмыс комиссиясы тағайындалған объектiге (кешенге) ғана қолданылады.

      Жұмыс комиссиясының өкiлеттiктерi тапсырыс беруші (инвестор, құрылыс салушы) оны тағайындаған кезден басталады және пайдалануға берiлетiн объектiнi кешендi тексеру бойынша объектiнiң (кешеннiң) пайдалануға беру дайындығы туралы көрсете отырып, заңнамада белгiленген тәртiппен ресiмделген қорытындыны бергеннен кейiн аяқталады.

      7. Жұмыс комиссиясының мiндетiне мыналар кiредi:

      1) орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының және құрастырылған технологиялық, инженерлiк немесе өзге де жабдықтың белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау (жобалау-смета) құжаттамаларына, нормативтiк талаптарға (шарттарға, шектеулерге) сәйкестiгiн тексеру;

      2) пайдалана бастауға объектiнiң (кешеннiң) дайындығын не дайын еместiгiн анықтау;

      3) бас мердiгерден алынған құжаттамаларды өкiлеттiктерi аяқталғаннан кейiн қайтарып беру.

      8. Жұмыс комиссиясының міндетті құрамына мыналар:

      1) қабылдау комиссиясының төрағасы болып табылатын тапсырыс беруші (инвестор, құрылыс салушы) не тапсырыс берушінің (инвестордың, құрылыс салушының) жауапты өкiлi;

      2) жобалау (жобалау-смета) құжаттамасын әзiрлеушiнiң, қосалқы жобалаушылардың (жобаның бөлімдерін әзірлеушілердің), бас мердігердің, қосалқы мердігерлік ұйымның, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының, жергiлiктi атқарушы сәулет және қала құрылысы, өртке қарсы мемлекеттік қызмет, мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының, мемлекеттік халықты әлеуметтік қорғау органының, пайдаланушы ұйымдардың (кәсіпорынның, мекеменің), объектiнiң (кешеннiң) бейiнiне (мақсатына) қарай басқа да мүдделi мемлекеттiк органдарының өкiлдерi кiредi.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 2 қарашадағы
№ 1277 қаулысымен
бекітілген

      Нысан

      Жұмыс комиссиясының қорытындысы

      ___________ қ. 20__ жылғы "__"____________

      20__ жылғы "___"___________№____________ шешіммен тағайындалған

      жұмыс комиссиясы ____________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (жұмыс комиссиясын тағайындаған тапсырыс беруші ұйымның атауы,

      тапсырыс берушінің, аты, әкесінің аты)

      құрамында:

      төраға-тапсырыс берушінің өкілі _______________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)

      комиссия мүшелері - өкілдер:

      бас жобалаушы _________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)

      қосалқы жобалаушылар __________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)

      бас мердігер __________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)

      қосалқы мердігер ұйымдар ______________________________________

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)

      мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдары ___

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)

      жергілікті атқарушы мемлекеттік сәулет және қала құрылысы органдары

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)

      өртке қарсы мемлекеттік қызмет органдары ______________________

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)

      мемлекеттік санитарлық-эпидемиялогиялық қадағалау органдары ___

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)

      мемлекеттік халықты әлеуметтік қорғау органдары _______________

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)

      пайдаланушы ұйымдар ___________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)

      басқа да мүдделі мемлекеттік бақылау және қадағалау

      органдарының өкілдері _______________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)

      АНЫҚТАДЫ:

      1. Бас мердігер _______________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (ұйымның атауы және оның ведомстволық бағыныстылығы)

      салынған объектіні __________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (объектінің атауы, оның орналасқан жері немесе мекенжайы)

      пайдалануға қабылдауға ұсынды.

      2. Құрылысты __________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (жұмыстар түрлерін)

      орындаған бас мердігер және _________________________________________

      (жұмыстар түрлерін)

      орындаған қосалқы мердігер ұйымдар __________________________________

      (ұйымдардың атауы, олардың ведомствовалық бағыныстылығы)

      жүзеге асырды.

      3. Құрылыстың жобалау-сметалық құжаттамасын

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (ұйымдардың атаулары және олардың ведомстволық бағыныстылығы)

      жобалау ұйымдары әзірлеген.

      4. Құрылыс ____________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (жобаның нөмірі, үлгілік жобалар бойынша сериясының нөмірі)

      жоба бойынша жүзеге асырылды.

      5. Жобалау-сметалық құжаттама 20__жылғы "___"____________№____

      ____________________________________________________________________

      (тұтастай объектіге құжаттаманы бекіткен ұйымның атауы)

      бекітілген.

      6. Құрылыс-монтаж жұмыстары мына мерзімде жүзеге асырылған:

      жұмыстың басталуы____________________;

      (айы және жылы)

      жұмыстың аяқталуы____________________

      (айы және жылы)

      7. Жұмыс комиссиясына мынадай құжаттамалар ұсынылды:___________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (құжаттар тізбесі немесе актіге қосымшаның нөмірі)

      Көрсетілген құжаттар осы актінің міндетті қосымшасы болып табылады.

      8. Объектінің (кешеннің), құрылыстар мынадай көрсеткіштері бар:

      _____________________________________________________________________

      (қуаты, өнімділігі, өндірістік алаңы, ұзындығы, сыйымдылығы және т.б.)

      9. Объект (кешен) бойынша технологиялық және сәулет-құрылыс

      шешімдері мынадай деректермен сипатталады:

      _____________________________________________________________________

      (жоспарлау, қабаттар, негізгі материалдар мен конструкциялар,

      _____________________________________________________________________

      инженерлік және технологиялық жабдықтар бойынша қысқаша техникалық

      сипаттамалар)

      10. Жабдық жұмыс комиссиялары жеке сынақтан және кешенді

      байқаудан өткеннен кейін (актілер тізбесі осы актінің____қосымшасында

      келтірілген) оны қабылдау туралы актіге сәйкес орнатылды:

      жоба бойынша_________бірлік;

      нақты _________бірлік.

      11. Жобада көзделген еңбекті қорғау, жарылыс қауіпсіздігін, өрт

      қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған табиғи ортаны қорғау және

      сейсмикаға қарсы іс-шаралар _________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (орындалғаны туралы мәліметтер)

      Іс-шаралар сипаты актінің ____қосымшасында келтірілген.

      12. Бекітілген жобалау-сметалық құжаттама бойынша сметалық құны:

      барлығы ________ мың теңге, соның ішінде: құрылыс-монтаж

      жұмыстары: ________ мың теңге, жабдықтар, құралдар мен

      құрал-саймандар ________ мың теңге.

      Жұмыс комиссиясының шешімі

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (ғимараттың, құрылыстың атауы)

      Бас мердігерден ҚАБЫЛДАНДЫ және Мемлекеттік қабылдау

      комиссиясына ұсынуға дайын ДЕП САНАЛСЫН.

      Жұмыс комиссиясының төрағасы__________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, қолы, күні, мөр)

      Жұмыс комиссиясының мүшелері:

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, қолы, күні, мөр)

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, қолы, күні, мөр)

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, қолы, күні, мөр)

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 2 қарашадағы
№ 1277 қаулысымен
бекітілген

      Нысан

      Қабылдау комиссиясының актісі

      ____________ қ. 200_ жылғы "___"____________

      20___ жылғы "___"___________№___________ шешіммен тағайындалған

      қабылдау комиссиясы_________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (қабылдау комиссиясын тағайындаған тапсырыс беруші ұйымның атауы,

      тапсырыс берушінің тегі, аты, әкесінің аты)

      құрамында:

      комиссия төрағасы-тапсырыс берушінің (инвестордың, құрылыс

      салушының) өкілі ___________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)

      комиссия төрағасының орынбасары – мемлекеттік сәулет-құрылыс

      бақылау және қадағалау органының өкілі ______________________________

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)

      комиссия мүшелері - өкілдер:

      бас мердігер _________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)

      қосалқы мердігер ұйымдар _____________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)

      бас жобалаушы ________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)

      қосалқы мердігер ұйымдар _____________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)

      қосалқы жобалаушылар _________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)

      жергілікті атқарушы мемлекеттік сәулет және қала құрылысы органдары

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)

      өртке қарсы мемлекеттік қызмет органдары _____________________

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)

      мемлекеттік санитарлық-эпидемиялогиялық қадағалау органдары __

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)

      мемлекеттік өртті қадағалау органдары ________________________

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)

      пайдаланушы ұйымдар __________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)

      басқа да мүдделі мемлекеттік бақылау және қадағалау

      органдарының өкілдері ______________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)

      АНЫҚТАДЫ:

      1. Бас мердігер_______________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (ұйымның атауы және оның ведомстволық бағыныстылығы)

      салынған объектіні _________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (объектінің атауы, оның орналасқан жері немесе мекенжайы)

      пайдалануға қабылдауға ұсынды.

      2. Құрылыс 20___жылғы "___"____________№_______________________

      (шешім шығарған органның атауы)

      шешімнің (қаулының, өкімнің, бұйрықтың) негізінде жүргізілген.

      Құрылыс-монтаж жұмыстарын өндіруге 20__жылғы "__"______________

      № ___________________________ рұқсат.

      (рұқсат берген органнның атауы)

      3. Құрылысты __________________________________________________

      (жұмыстар түрлерін)

      орындаған бас мердігер ______________________________________________

      (жұмыстар түрлерін)

      және орындаған қосалқы мердігер ұйымдар _____________________________

      (ұйымдардың атауы)

      жүзеге асырды.

      4. Құрылыстың жобалау-сметалық құжаттамасын

      _____________________________________________________________________

      (жобалау ұйымдарының атауы)

      әзірленген.

      5. Құрылыс ____________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (жобаның нөмірі, сериясының нөмірі (үлгілік жобалар бойынша)

      жоба бойынша жүзеге асырылды.

      6. Жобалау-сметалық құжаттама 20_ жылғы "__"___________№______

      ____________________________________________________________________

      (тұтастай объектіге жобалау-сметалық құжаттаманы бекіткен ұйымның атауы)

      бекітілген.

      7. Құрылыс-монтаж жұмыстары мына мерзімде жүзеге асырылған:

      жұмыстың басталуы________________;

      (айы және жылы)

      жұмыстың аяқталуы________________

      (айы және жылы)

      құрылыстың ұзақтығы, ай:

      норма бойынша немесе құрылысты ұйымдастыру жобасы бойынша _____

      нақты ______________________________________________________

      8. Қабылдау комиссиясына мынадай құжаттамалар ұсынылды:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (құжаттар тізбесі немесе актіге қосымшаның нөмірі)

      9. Пайдалануға беруге ұсынылған объектiнiң мынадай қуаттылық,

      өнiмдiлiк, өндiрiстiк алаң, ұзындық, сыйымдылық, көлем, өткiзу

      мүмкiндiгi, кiре мүмкiндiгi, жұмыс орындары саны және с.с. негiзгi

      көрсеткiштерi бар (мақсатты өнiмдерге немесе негiзгi қызмет көрсету

      түрлерiне сәйкес барлық объектi (тұрғын үйлерден басқа) бойынша өлшем

      бiрлiктерiмен толтырылады):

Қуаттылық, өнімділік және т.б.

Өлшем бірлігі

Жоба бойынша

Нақты

жалпы (бұрын қабылданғандарды ескере отырып)

оның ішінде іске қосу кешені немесе кезектегі

жалпы (бұрын қабылданғандарды ескере отырып)

оның ішінде іске қосу кешені немесе кезектегі




















      Бастапқы кезеңде жобалық қуатты игеру нормаларына сәйкес жобада

      көзделген көлемде өнiм шығару (қызмет көрсету) ______________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (көлемiн көрсете отырып, өнiмдердi шығарудың нақты басталуы)

      Пайдалануға қабылдауға ұсынылған тұрғын үйдiң мынадай

      көрсеткiштерi бар:

Көрсеткіштер

Өлшем

бірлігі

Жоба

бойынша

Нақты

Жалпы алаңдар

м2



Қабаттар саны

қабат



Құрылыстың жалпы көлемi

м3



Оның iшiнде жер асты бөлiгi

м3



Жапсарла салынған, жапсарлас-жанаса салынған және жанаса салынған үй-жайлар

м2




Көрсеткiштер

Жоба бойынша

Нақты

пәтер

саны

Пәтер алаңы, м2

пәтер саны

Пәтер алаңы, м2

жалпы

тұрғын

жалпы

тұрғын

Барлық пәтер,

оның ішінде:

бір бөлмелі







екі бөлмелі







үш бөлмелі







төрт бөлмелі және одан көп








      10. Объект бойынша технологиялық және сәулет-құрылыс шешiмi

      мынадай деректермен сипатталады:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (негiзгi материалдар мен конструкциялар, инженерлiк және техникалық

      жабдықтар бойынша қысқаша техникалық сипаттамалар)

      11. Жабдық жеке сынақтан және кешенді байқаудан өткеннен кейін

      (актілер тізбесі осы актінің____қосымшасында келтірілген) оны

      қабылдау туралы актіге сәйкес орнатылған:

      жоба бойынша_________бірлік;

      нақты _________бірлік.

      12. Жобада көзделген еңбекті қорғау, жарылыс қауіпсіздігін, өрт

      қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған табиғи ортаны қорғау және

      сейсмикаға қарсы іс-шаралар ________________________________________

      (орындалғаны туралы мәліметтер)

      Іс-шаралар сипаты актінің ____қосымшасында келтірілген.

      13. Суық су және ыстық сумен қамтамасыз ету, кәріз, жылумен

      жабдықтау, газбен жабдықтаудың, энергиямен жабдықтау және байланыс

      сыртқы коммуникациялары ғимараттардың, құрылыстардың, үй-жайлардың

      қалыпты пайдаланылуын қамтамасыз етеді және қалалық пайдалану

      ұйымдары қабылдаған. Қалалық пайдалану ұйымдары анықтамаларының

      тізбесі актінің ____қосымшасында келтірілген.

      14. Бекітілген жобалау-смета құжаттама бойынша сметалық құны:

      барлығы _______ мың теңге, соның ішінде: құрылыс-монтаж

      жұмыстары: _______ мың теңге, жабдықтар, құралдар мен

      құрал-саймандар________ мың теңге.

      Қабылдау комиссиясының шешімі

      Қабылдануға ұсынылған

      ____________________________________________________________________

      (объектінің атауы)

      ПАЙДАЛАНУҒА ҚАБЫЛДАНСЫН.

      Қабылдау комиссиясының төрағасы________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, қолы, күні, мөр)

      Қабылдау комиссиясы төрағасының орынбасары ____________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, қолы, күні, мөр)

      Қабылдау комиссиясының мүшелері:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, қолдары, күні, мөр)

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 2 қарашадағы
№ 1277 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 15 қазандағы
№ 1328 қаулысымен
бекітілген

      Нысан

      Мемлекеттік қабылдау комиссиясының салынған объектіні пайдалануға қабылдау туралы актісі

      20 __жылғы "__"_______ №____ _________________________

      (объектiнiң орналасқан жерi)

      ____________________________________________________________________

      (комиссияны тағайындаған органның атауы)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      200 жылғы "____"_________ № ____ шешiмiмен (бұйрығымен, қаулысымен

      және т.б.) тағайындалған мемлекеттiк қабылдау комиссиясы мына құрамда:

      төраға – жергілікті атқарушы органының өкілі (өндірістік

      мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдау кезінде комиссия

      тағайындаған мемлекеттік басқару органның өкілі төрағаның болып

      тағайындалады) _____________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)

      төрағаның орынбасары – мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау

      органының өкілі (өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға

      қабылдау кезінде бас жобалау ұйымның өкілі төраға орынбасары болып

      тағайындалады)

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)

      комиссия мүшелері - өкілдер:

      тапсырыс беруші ______________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)

      пайдаланушы ұйымдар __________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)

      бас мердігер _________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)

      бас жобалаушы (тұрғын үй-азаматтық және коммуналдық мақсаттағы

      объектілерді пайдалануға қабылдау кезінде) _________________________

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)

      қосалқы жобалаушылар (өндірістік мақсаттағы объектілерді

      пайдалануға қабылдау кезінде) ______________________________________

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)

      мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдары

      (өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдау кезінде) __

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)

      мемлекеттік санитарлық-эпидемиялогиялық қадағалау органдары __

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)

      өртке қарсы мемлекеттік қызмет органдары _____________________

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)

      қоршаған ортаны қорғау саласында уәкілетті мемлекеттік орган

      (өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдаған кезде) ___

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)

      АНЫҚТАДЫ:

      1. Тапсырыс беруші (мердiгермен бiрлесіп) _____________________

      ____________________________________________________________________

      (ұйымның атауы)

      ____________________________________________________________________

      (облыс, аудан, елдi мекен, шағын аудан, орам, көше, үйдiң (корпустың)

      нөмiрi)

      __________________________________________________мекенжайы бойынша

      ____________________________________________________________________

      (объектiнiң атауы және құрылыстың түрi (жаңадан салу, кеңейту, қайта

      ____________________________________________________________________

      жаңарту, техникалық қайта жарақтандыру)

      ______________________________________пайдалануға қабылдауды ұсынды.

      2. Құрылыс 20___жылғы "___"____________№_______________________

      (шешім шығарған органның атауы)

      жерге тиісті құқық беру туралы шешімнің (қаулының, өкімнің) негізінде

      жүргізілген және құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге

      _______________________________________________________________

      (рұқсат берген органның атауы)

      20___жылғы "__"_____________ № _____________________ рұқсаты.

      3. Құрылысты _________________________________________________

      (жұмыстар түрлері)

      орындаған бас мердігер ______________________________________________

      (ұйымның атауы)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      және орындаған қосалқы мердігер ұйымдар______________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (ұйымдардың атауы, әрбiр ұйым (үштен артық ұйым болған кезде олардың

      тiзбесi актiнiң қосымшасында көрсетiледi) орындаған жұмыстың түрлерi)

      жүзеге асырды.

      4. Құрылыстың жобалау-сметалық құжаттамасын ___________________

      (ұйымның атауы)

      _____________________________________________________________________

      орындаған бас жобалаушы _____________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (құжаттамалардың бөлiктерiнiң немесе бөлімдерінің атауы)

      орындаған қосалқы мердігер жобалаушы ұйыммен ________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (ұйымның атауы, орындалған құжаттама бөлімдерінің немесе тарауларының

      атауы (үштен артық ұйым болған кезде олардың тiзбесi актiнiң...

      қосымшасында көрсетiледi)

      әзірлеген.

      5. Жобалауға арналған бастапқы деректердi берген ______________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (ғылыми-зерттеу және iздестiру ұйымдарының атауы, бастапқы

      деректердiң тақырыбы (үштен артық ұйым болған кезде олардың тiзбесi

      актiнiң қосымшасында көрсетiледi)

      6. Құрылыс ____________________________________________________

      (жобаның нөмiрi, серияның нөмiрi)

      жобасы (үлгi, жеке, қайта қолданылған) бойынша жүзеге асырылған.

      7. Жобалау-сметалық құжаттамасын ______________________________

      _____________________________________________________________________

      (объектiге (кезегi, iске қосу кешенi) арналған құжаттаманы бекiтушi

      (қайта бекiтушi) органның атауы)

      _____________________ 200__ жылғы "___"____________ № ____ бекiткен.

      8. Құрылыс-монтаж жұмыстары мына мерзімде жүзеге асырылған:

      жұмыстың басталуы________________

      (айы және жылы)

      жұмыстың аяқталуы________________

      (айы және жылы)

      құрылыстың ұзақтығы, ай:

      норма бойынша немесе құрылысты жобалау ұйымы бойынша __________

      нақты _________________________________________________________

      9. Мемлекеттік қабылдау комиссиясына мына құжаттамалар ұсынылды:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (құжаттар тізбесі немесе актіге қосымшаның нөмірі)

      10. Пайдалануға беруге ұсынылған объектiнiң мынадай қуаттылық,

      өнiмдiлiк, өндiрiстiк алаң, ұзындық, сыйымдылық, көлем, өткiзу

      мүмкiндiгi, кiре мүмкiндiгi, жұмыс орындары саны және с.с. негiзгi

      көрсеткiштерi бар (мақсатты өнiмдерге немесе негiзгi қызмет көрсету

      түрлерiне сәйкес барлық объектi (тұрғын үйлерден басқа) бойынша өлшем

      бiрлiктерiмен толтырылады):

Қуаттылық, өнімділік және т.б.

Өлшем бірлігі

Жоба бойынша

Нақты

жалпы (бұрын қабылданғандарды ескере отырып)

оның ішінде іске қосу кешені немесе кезектегі

жалпы (бұрын қабылданғандарды ескере отырып)

оның ішінде іске қосу кешені немесе кезектегі




















      Бастапқы кезеңде жобалық қуатты игеру нормаларына сәйкес жобада

      көзделген көлемде өнiм шығару (қызмет көрсету) ______________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (көлемiн көрсете отырып, өнiмдердi шығарудың нақты басталуы)

      Пайдалануға қабылдауға ұсынылған тұрғын үйдiң мынадай көрсеткiштерi бар:

Көрсеткіштер

Өлшем

бірлігі

Жоба

бойынша

Нақты

Жалпы алаңдар

м2



Қабаттар саны

қабат



Құрылыстың жалпы көлемi

м3



Оның iшiнде жер асты бөлiгi

м3



Жапсарла салынған, жапсарлас-жанаса салынған және жанаса салынған үй-жайлар

м2




Көрсеткiштер

Жоба бойынша

Нақты

пәтер

саны

Пәтер алаңы, м2

пәтер саны

Пәтер алаңы, м2

жалпы

тұрғын

жалпы

тұрғын

Барлық пәтер,

оның ішінде:

бір бөлмелі







екі бөлмелі







үш бөлмелі







төрт бөлмелі және одан көп








      11. Объект бойынша технологиялық және сәулет-құрылыс шешімдері

      мына деректермен сипатталады: _______________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (негізгі материалдар мен конструкциялар, инженерлік және

      _____________________________________________________________________

      технологиялық жабдықтар бойынша қысқаша техникалық сипаттамалар)

      12. Объектiде жобада көзделген, жеке сынағаннан және кешендi

      байқап көргеннен кейiн оны қабылдау туралы актiлер (көрсетiлген

      актiлердiң тiзбесi осы актiнiң ____қосымшасында берiлген) сәйкес

      мөлшерде жабдық орнатылған.

      13. Жобада көзделген еңбекті қорғау, жарылыс қауіпсіздігін, өрт

      қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған табиғи ортаны қорғау және

      сейсмикаға қарсы іс-шаралар _________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (орындалғаны туралы мәліметтер)

      Іс-шаралар сипаты актінің ____қосымшасында келтірілген.

      14. Суық су және ыстық сумен қамтамасыз ету, кәріз, жылумен

      жабдықтау, газбен жабдықтаудың, энергиямен жабдықтаудың және

      байланыстың сыртқы коммуникациялары ғимараттардың, құрылыстардың,

      үй-жайлардың қалыпты пайдаланылуын қамтамасыз етеді және қалалық

      пайдалану ұйымдары қабылданған. Қалалық пайдалану ұйымдары

      анықтамаларының тізбесі актінің ____қосымшасында келтірілген.

      15. Көгалдандыру, ғимараттарға, жаяужолдарға, шаруашылық, ойын

      және спорт алаңдарына кiрме жолдардың бетiн жабу жөнiндегi жұмыстар,

      сондай-ақ ғимараттардың қасбетiн әрлеу элементтерi орындалуы тиiс:

Жұмыстың түрлері

Өлшем бірлігі

Жұмыстың көлемі

Орындалу мерзімі






      16. Бекітілген жобалау-смета құжаттама бойынша сметалық құны:

      барлығы _______ мың теңге, соның ішінде: құрылыс-монтаж

      жұмыстары: ________ мың теңге, жабдықтар, құралдар мен

      құрал-саймандар ________ мың теңге.

      17. Пайдалануға қабылданатын негiзгi қорлардың сметалық құны:

      ______ мың теңге, оның ішiнде: құрылыс-монтаж жұмыстары ______ мың

      теңге, жабдықтар, құралдар мен құрал-саймандар ____ мың теңге.

      18. Объектiнi тексеру және тиiстi құжаттамалармен танысу

      негiзiнде: технологиялық ___________________________________________

      (тұрғын үйлер бойынша толтырылмайды)

      сәулет-құрылыс (көлем-жоспарлық және материалдар мен конструкцияларды

      қолдануды қоса алғанда) шешiмнiң озықтығына баға берiлдi.

      Мемлекеттік қабылдау комиссиясының шешімі:

      Қабылдануға ұсынылған _________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (объектінің атауы)

      ПАЙДАЛАНУҒА ҚАБЫЛДАНСЫН.

      Мемлекеттік қабылдау комиссиясының төрағасы ___________________

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, қолы, күні, мөр)

      Мемлекеттік қабылдау комиссиясы төрағасының орынбасары ________

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, қолы, күні, мөр)

      Қабылдау комиссиясының мүшелері:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, қолдары, күні, мөр)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады