Мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтердің, нысанын және табыс ету қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қарашадағы № 1300 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 23 шілдедегі № 573 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 23.07.2015 № 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы Заңының 4-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді табыс ету нысаны;
      2) Мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді табыс ету қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2011 жылғы 7 қарашадағы
№ 1300 қаулысымен 
бекітілген    

Мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтердің
табыс ету қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтердің табыс ету қағидалары «Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы Заңының 4-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленген және мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді (бұдан әрі - мәліметтер) табыс ету тәртібін және мерзімін айқындайды.
      2. Мәліметтерді темекі өнімдерінің өндірісін жүзеге асыратын тұлға (бұдан әрі - декларант) тиісті салық органына тапсырады.
      3. Мәліметтерді тапсырудың есепті кезеңі күнтізбелік ай болып табылады және мәліметтер есепті айдан кейінгі айдың 15 күнінен кешіктірілмей тапсырылады.
      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ірі салық төлеушілер тізбесіне кіретін салық төлеушілер мәліметтерді Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес табыс етеді.
      5. Мәліметтер қағаз немесе электронды тасығыштарда табыс етіледі.
      Мәліметтерді толтыру кезінде:
      1) қағаз тасығышта - шарикті қаламсаппен немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысы пайдаланыла отырып, толтырылады;
      2) электронды тасығышта - электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады.
      6. Мәліметтерді толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
      7. Мәліметтер акциздер сомасын (теңге) көрсете отырып, заттай көрсеткіштерде (мың/дана) толтырылады.
      8. Көрсеткіштер болмаған кезде мәліметтердің тиісті торкөздері толтырылмайды.
      9. Мәліметтерді табыс етпеу салық төлеушінің салық есептілігін тапсыру бөлігінде салық міндеттемесін орындамау болып табылады.
      10. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі - Ұлттық тізілімдер туралы заң) сәйкес мәліметтерді тапсыру кезінде:
      СТН - Ұлттық тізілімдері туралы заңның 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы қолданысқа енгізілгенге дейінгі салық төлеушінің тіркеу нөмірі.
      ЖСН (БСН) - Ұлттық тізілімдер туралы заңның 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы қолданысқа енгізілген күннен бастап салық төлеушінің жеке сәйкестендіру (бизнес-сәйкестендіру) нөмірі міндетті түрде толтыруға жатады.

2. Мәліметтерді жасау

      11. Мәліметтерде темекі өнімдерін ендіру, сату және декларанттардың акциздерді төлеуі көрсетіледі.
      12. «Декларант туралы жалпы ақпарат» бөлімінде осы Қағидалардың 10-тармағы ескеріле отырып, декларант мынадай деректерді көрсетеді:
      1) СТН - салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      2) ЖСН (БСН) - салық төлеушінің жеке сәйкестендіру (бизнес-сәйкестендіру) нөмірі;
      3) заңды тұлғаның атауы немесе дара кәсіпкердің, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты. Құрылтай құжаттарына сәйкес декларанттың толық атауы немесе дара кәсіпкердің, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты;
      4) Мәліметтер табыс етілетін есепті кезең.
      Есепті кезең араб сандарымен көрсетіледі.
      13. «Есепті кезеңнің басындағы қалдық» деген 1-бағанда есепті кезеңнің басында декларантта бар фильтрлі сигареталардың, фильтрсіз сигареталардың, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, табактың қалдығы керсетіледі;
      «Өндіріс» деген 2-бағанда есепті кезеңде декларант өндірген фильтрлі сигареталардың, фильтрсіз сигареталардың, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, табактың саны көрсетіледі;
      «Өткізу» деген 3-бағанда есепті кезеңде декларант өткізген фильтрлі сигареталардың, фильтрсіз сигареталардың, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, табактың саны көрсетіледі;
      «Экспорт барлығы» деген 4-бағанда жеткізуге жасалған шартқа (келісімшартқа) сәйкес есепті кезеңде Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тысқары декларант экспорттайтын (әкететін) фильтрлі сигареталардың, фильтрсіз сигареталардың, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, табактың саны көрсетіледі;
      «Ресей Федерациясына экспорт» деген 5-бағанда жеткізуге жасалған шартқа (келісімшартқа) сәйкес есепті кезеңде Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тысқары Ресей Федерациясына декларант экспорттайтын (әкететін) фильтрлі сигареталардың, фильтрсіз сигареталардың, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, табактың саны көрсетіледі;
      «Беларусь Республикасына экспорт» деген 6-бағанда жеткізуге жасалған шартқа (келісімшартқа) сәйкес есепті кезеңде Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тысқары Беларусь Республикасына декларант экспорттайтын (әкететін) фильтрлі сигареталардың, фильтрсіз сигареталардың, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, табактың саны көрсетіледі;
      «Үшінші мемлекеттерге экспорт» деген 7-бағанда жеткізуге жасалған шартқа (келісімшартқа) сәйкес есепті кезеңде Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тысқары үшінші мемлекеттерге декларант экспорттайтын (әкететін) фильтрлі сигареталардың, фильтрсіз сигареталардың, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, табактың саны көрсетіледі;
      «Импорт барлығы» деген 8-бағанда жеткізуге жасалған шартқа (келісімшартқа) сәйкес есепті кезеңде Қазақстан Республикасының аумағына декларант импорттайтын (әкелетін) фильтрлі сигареталардың, фильтрсіз сигареталардың, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, табактың саны көрсетіледі;
      «Ресей Федарациясынан импорт» деген 9-бағанда жеткізуге жасалған шартқа (келісімшартқа) сәйкес есепті кезеңде Қазақстан Республикасының аумағына Ресей Федерациясынан декларант импорттайтын (әкелетін) фильтрлі сигареталардың, фильтрсіз сигареталардың, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, табактың саны көрсетіледі;
      «Беларусь Республикасынан импорт» деген 10-бағанда жеткізуге жасалған шартқа (келісімшартқа) сәйкес есепті кезеңде Қазақстан Республикасының аумағына Беларусь Республикасынан декларант импорттайтын (әкелетін) фильтрлі сигареталардың, фильтрсіз сигареталардың, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, табактың саны көрсетіледі;
      «Үшінші мемлекеттерден импорт» деген 11-бағанда жеткізуге жасалған шартқа (келісімшартқа) сәйкес есепті кезеңде Қазақстан Республикасының аумағына үшінші мемлекеттерден декларант импорттайтын (әкелетін) фильтрлі сигареталардың, фильтрсіз сигареталардың, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, табактың саны көрсетіледі;
      «Есепті айдың соңындағы қалдық» деген 12-бағанда есепті кезеңнің соңында декларантта бар фильтрлі сигареталардың, фильтрсіз сигареталардың, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, табактың қалдығы көрсетіледі;
      «Акциздер есептелді» деген 13-бағанда есепті кезең үшін акциздерді есептеу көрсетіледі;
      «Акциздер төленді» деген 14-бағанда есепті кезең үшін акциздерді төлеу көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 7 қарашадағы
№ 1330 қаулысымен
бекітілген     

нысан

Мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтердің
табыс ету нысаны

ЖСН (БСН) _____________ СТН ____________
Салық төлеушінің атауы _________________
Есепті кезең ___________________________

(мың дана/мың теңге)

Есепті кезеңнің басындағы қалдық

Өндіріс

Сату

Экспорт

Импорт

Есепті кезеңнің соныңдағы қалдық

Акциздер есептелді

Акциздер төленді

Жалпы

Ресей Федера циясына

Беларусь Республикасына

Үшінші елдерге

Жалпы

Ресей Федера циясына

Беларусь Республикасына

Үшінші елдерге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

Фильтрлі сигареталар















Фильтрсіз сигареталар















Папиростар















Сигариллалар















Табак















____________________________________________/ _________/
Басшысының (салық төлеушінің) Т.А.Ә.   қолы
____________________________________________________/ ________/   М.О
Бас бухгалтердің (салық төлеушінің) Т.А.Ә.   қолы
_______________________________________________/ _________/      Ш.О.
Декларацияны қабылдаған адамның Т.А.Ә.   қолы

декларацияның
берілген күні      ________________________
                    күн, ай, жыл сандармен

салық органында
декларацияның
қабылданған күні   ________________________
                    күн, ай, жыл сандармен

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады