"Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 маусымдағы № 652 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 қарашадағы № 1372 Қаулысы

      Халықаралық сараптама жүргізуге және бөлінген қаражатты пайдалану қажеттілігінің жойылуына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 маусымдағы № 652 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі 2011 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервіне «Астана қаласындағы Классикалық опера және балет театры» объектісінің жобалау-сметалық құжаттамасына жетекші шетелдік мамандарды тарта отырып, халықаралық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу үшін бөлінген 14000000 (он төрт миллион) теңге сомасындағы қаражатты қайтарсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады