Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
ЖОБА
Қазақстан Республикасының
Конституциялық Заңы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы»
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына толықтыру
енгізу туралы
1-бап. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» 2000 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 10, 232-құжат; 2010 ж., № 11, 55-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
1-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы өзінің мәртебесі бойынша айрықша ерекшелiк белгiсi – Алтын жұлдыз және «Отан» ордені тапсырыла отырып, «Халық қаһарманы» (Народный герой) атағының иегерi болады.».
2-бап. Осы Конституциялық заң қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті