Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне шифрлық байланыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
шифрлық байланыс мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 4, 102-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 6, 41-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 24, 122, 128-құжаттар; 2010 ж., № 3-4, 11-құжат; № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
14-баптың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) президенттік, үкіметтік немесе өзге де арнаулы байланыс пен ақпарат түрлерінің жүйелері, мемлекеттік шифрлар, кодтар, оларды талдаудың әдістері немесе құралдары, кодтау, құпияландыру, шифрлау құралдары туралы мәліметтер;».
2. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146, 150-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
1) 2-бап мынадай мазмұндағы 49-1), 49-2), 49-3) және 49-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«49-1) шифрлау жұмысы – тиісті шифрлау құралдарын пайдалана отырып шифрланған, құпияландырылған және кодталған байланыс желілері арқылы жіберілуге тиіс Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтерді қорғауға бағытталған Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдары жүзеге асыратын құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралар жиынтығы;
49-2) шифрланған байланыс – қол шифрларын, шифрлау машиналарын, желілік шифрлау аппаратураларын және есептеу техникасының арнаулы құралдарын пайдалана отырып қорғалған байланыс;
49-3) құпияландырылған байланыс – құпияландырушы аппаратураны пайдалана отырып қорғалған байланыс;
49-4) кодталған байланыс – кодтау құжаттары мен техникаларын пайдалана отырып қорғалған байланыс;»;
2) 21-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерін негіз ретінде пайдаланатын арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желiлерi Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының қажеттіліктерін қамтамасыз етуге арналған.
Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желiлерiн өтеулi байланыс қызметтерiн көрсету үшiн пайдалануға болмайды.»;
3) 23-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Үкіметтік байланысты Қазақстан Республикасының Президентi бекітетін тәртіппен ұлттық қауіпсіздік органы қамтамасыз етедi.
Байланыс операторлары үкіметтiк байланыстың техникалық мүмкіндiктерi мен жарақтануын есепке ала отырып, ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерiн жаңғыртуды және дамытуды Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органымен келiсе отырып жүргізеді.
Үкiметтiк байланыс жүйесі, шифрланған, құпияландырылған және кодталған байланыс Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен қамтамасыз етiледi.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарында, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарында шифрлау жұмысын ұйымдастыру тәртібін және үкіметтік байланысты қамтамасыз ету тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті әзірлейді.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарында, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарында шифрлау жұмысын ұйымдастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Президентi бекітеді.».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті