Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі "Қолдау" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының конкурстық массасын өткізудің ерекше шарттары мен тәртібі туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 желтоқсандағы № 1473 Қаулысы

      «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңының 2-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Конкурстық массаны сатудың:
      1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі «Қолдау» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – Кәсіпорын) үздіксіз жұмысын жүзеге асыру үшiн қажетті өндiрiстiң бiрыңғай технологиялық циклін қамтамасыз ететiн Кәсіпорын мүлкін сатуды бiрыңғай лотпен (бұдан әрi – лот) жүзеге асыруды;
      2) лотты сатудың әкiмшiлiк шығыстар мен бiрiншi және екiншi кезектегi кредиторлар талаптарының сомасынан төмен емес ең төменгі бағасын белгiлеуді;
      3) аукционға мемлекет бақылайтын және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің инфрақұрылымын энергиямен, сумен және жылумен жабдықтау және тіршілік әрекетін қамтамасыз ету саласындағы объектілерді пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен келіскен заңды тұлғалардың қатысуын қамтамасыз етуді;
      4) конкурстық басқарушыға лотты сатып алушыға меншiк құқығы өткен сәтке дейiн Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің инфрақұрылымын энергиямен, сумен және жылумен жабдықтау және тіршілік әрекетін қамтамасыз ету саласындағы үздіксіз шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін шарттар жасасу құқығын беруді көздейтін ерекше шарттар мен тәртібі белгiленсiн.
      2. Бірыңғай лотты сатып алушыға Кәсiпорын қызметкерлерiнің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету жөнiндегі мiндеттемелерді қабылдауды көздейтін қосымша талаптар белгіленсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне жүктелсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады