Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің мемлекеттік мекемелері - обаға қарсы күрес станцияларына қызмет күрсетуге арналған автомобиль және механикалық көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 желтоқсандағы № 1475 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 754 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің мемлекеттік мекемелері - обаға қарсы күрес станцияларына қызмет көрсетуге арналған автомобиль және механикалық көлік құралдарының заттай нормалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің     
2011 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 1475 қаулысына 
қосымша   

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің мемлекеттік мекемелері — обаға қарсы күрес станцияларына қызмет көрсетуге арналған автомобиль және механикалық көлік құралдарының заттай нормалары

Көлік құралының типі

Функционалдық мақсаты

Жұмыс істеп жатқан бір құралымға көлік құралының шекті саны



Станцияның/ бөлімшенің стационарлық зертханасы

Эпидемияға қарсы жасақ

Бір станцияға

1

2

3

4

5

1. Санитариялық жеңіл көлік (оның ішінде жоғары өтімді)

Обаға, тырысқаққа және басқа да аса қауіпті инфекцияларға күдіктену кезіндегі шұғыл шақыртулар және жұқпалы материалды жеткізу үшін

2

1

X

2. Жүк көлігі (оның ішінде жоғары өтімді)

Обаға, тырысқаққа және басқа да аса қауіпті инфекцияларға қарсы тексеру және шұғыл профилактикалық іс-шаралар жүргізу үшін

2

1

X

3. Жолсыз жермен жүретін көлік базасындағы автобакзертхана

Шалғай және жету қиын аудандарды тексеру үшін

2-5 жылжымалы құралымға бір бірлік

2-ден аспайтын

4. Су тасығыш

Далалық жұмыстар кезінде жылжымалы құралымдарға су жеткізу үшін

2-5 жылжымалы құралымға бір бірлік

2-ден аспайтын

5. Өзіаударғыш

Қатты жанар майды, қатты тұрмыстық қалдықтарды тасымалдау үшін

2-5 жылжымалы құралымға бір бірлік

2-ден аспайтын

6. Жанар-жағар май тасығыш, оның ішінде жолсыз жермен жүретін көлік базасында

Далалық жұмыстар кезінде жанар-жағар материалдарын жылжымалы құралымдарға жеткізу үшін

2-5 жылжымалы құралымға бір бірлік

2-ден аспайтын

7. Шағын автобус

Дала жұмыстарына топтарды тасымалдау үшін

2-5 жылжымалы құралымға бір бірлік

2-ден аспайтын

8. Аспалы жабдықтары бар дөңгелекті трактор

Тиеу-түсіру жұмыстары үшін


1

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады