Телекоммуникациялар желілерінің өзара іс-қимыл жасауының және оларды орталықтан басқарудың бірыңғай қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 1499 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 қыркүйектегі № 773 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 11.09.2015 № 773 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 66 бұйрығын қараңыз.

      «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 21-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Телекоммуникациялар желілерінің өзара іс-қимыл жасауының және оларды орталықтан басқарудың бірыңғай қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 1499 қаулысымен
бекітілген    

Телекоммуникациялар желілерінің өзара іс-қимыл жасауының
және оларды орталықтан басқарудың бірыңғай қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Телекоммуникациялар желілерінің өзара іс-қимыл жасауының және оларды орталықтан басқарудың бірыңғай қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 21-бабына (бұдан әрі - «Байланыс туралы» Заң) сәйкес әзірленді және телекоммуникациялар желілерінің өзара іс-қимыл жасау және оларды орталықтан басқару тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидалар арнайы мақсаттағы телекоммуникация желілерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникация желісін құрайтын желілерге қолданылады.
      3. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:
      1) телекоммуникация желілерін орталықтан басқару жүйесі - басқарушы технологиялық параметрлерді қалыптастыру және олардың атқарылуын бақылау жөніндегі ұйымдық-техникалық іс-шаралар кешені (бұдан әрі - ТЖОБ жүйесі);
      2) уәкілетті мемлекеттік органдар - осы Қағидалардың1-қосымшасында көрсетілген мемлекеттік органдар;
      3) ТЖОБ жүйесіне қатысушылар – байланыс саласындағы уәкілетті орган, байланыс операторлары, мемлекеттік техникалық қызмет;
      4) шетелдік байланыс операторлары - Қазақстан Республикасынан тыс байланыс қызметтерін көрсететін жеке немесе заңды тұлғалар;
      5) түйісу нүктесі - қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы операторларының көлік желілерінде халықаралық қосылысты ұйымдастыру үшін қызмет атқаратын шекара маңындағы желілік торап.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.01.2013 № 49 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Телекоммуникация желілерінің өзара іс-қимыл жасау
және оларды орталықтан басқару тәртібі

      4. Трафикті өткізуді және өзара есеп айырысу тәртібін қоса алғанда, телекоммуникация желілерінің қосылуы мен өзара іс-қимыл жасауы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен жүзеге асырылады.
      5. Қазақстан Республикасында телекоммуникация желілерін орталықтан басқаруды байланыс саласындағы уәкілетті орган «Байланыс туралы» Заңға сәйкес және мына:
      1) халықаралық байланыс желілерінде телекоммуникация желілері трафигінің ағымдағы жағдайы туралы ақпаратты жинақтау және талдау;
      2) байланыс құралдары тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің мүддесіне нұқсан келтіретін қылмыстық мақсатта пайдаланылған жағдайда соттардың байланыс желілеріндегі жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың кез келген желілер мен байланыс құралдарының қызметін тоқтата тұру туралы шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету;
      3) уәкілетті мемлекеттік органдарды басым пайдалану, сондай-ақ табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар болған кезде кез келген желілер мен байланыс құралдарының (үкіметтік байланыстан басқа) қызметін тоқтата тұру құқығымен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады.
      6. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы қызметтерін ұсынуға лицензиясы жоқ операторлар шетелдік операторлармен трафик алмасуды Қазақстан Республикасының қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторлары арқылы ғана жүзеге асырады.
      7. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы қызметтерін ұсынуға лицензиясы бар байланыс операторлары шетелдік операторлармен трафик алмасуды ТЖОБ жүйесі арқылы жүзеге асырады.
      8. ТЖОБ жүйесін техникалық сүйемелдеуді мемлекеттік техникалық қызмет жүзеге асырады және ол ТЖОБ жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуді, оны жаңғыртуды және одан әрі дамытуды қамтиды.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.01.2013 № 49 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      9. Байланыс операторлары өздерінің телекоммуникация желілерін орталықтан басқару орталықтарын ТЖОБ жүйесімен интеграциялауды қамтамасыз етеді.
      10. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы операторларының телекоммуникация желілерін ТЖОБ жүйесіне қосу телекоммуникация желілерінің жұмыс істеуін, орнықтылығын және ақпараттық қауіпсіздігін ұйымдық-техникалық қамтамасыз ету шараларын көздейтін және байланыс саласындағы уәкілетті органмен келісілген байланыс операторы мен мемлекеттік техникалық қызмет арасындағы екі жақты келісімдері негізінде жүзеге асырылады.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.01.2013 № 49 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      11. Байланыс операторларының шетелдік байланыс операторларымен өзара іс-қимыл жасауы байланыс операторының халықаралық трафигі ТЖОБ жүйесі арқылы өткен және түйісу нүктелері тіркелген жағдайда жүзеге асырылады.
      12. Байланыс операторлары осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес шетелдік байланыс операторларының телекоммуникация желілерімен жұмыс істеп тұрған түйісу нүктелерін тіркеуді қамтамасыз етеді.
      13. Түйісу нүктелерін тіркеу үшін байланыс операторлары байланыс саласындағы уәкілетті органға осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша хабарлама жолдайды.
      14. Байланыс операторлары өздерінің өндірістік пайдалануға жаңадан енгізілетін түйісу нүктелері туралы хабарламаны шетелдік байланыс операторларының телекоммуникация желілерімен физикалық қосылыстың жоспарланған орнатылуына дейін кемінде 30 күнтізбелік күн қалғанда береді.
      15. Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген мерзім ішінде мемлекетік техникалық қызмет байланыс операторының қажеттілігіне сай келетін көлемде халықаралық трафикті ТЖОБ жүйесі арқылы өткізу үшін техникалық шарттарды дайындауды және олардың іске асырылуын қамтамасыз етеді.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.01.2013 № 49 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      16. Мемлекеттік техникалық қызметтің шет елдердің телекоммуникация желілерін басқару орталықтарымен өзара іс-қимыл жасауы байланыс саласындағы уәкілетті органмен келісілген екіжақты келісімдер негізінде жүзеге асырылады.
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.01.2013 № 49 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      17. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар болған және байланыс саласындағы уәкілетті органның немесе байланыс желілерінде жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың немесе уәкілетті мемлекеттік органдардың атына соттың кез келген байланыс желілері мен құралдарының (үкіметтік байланыстан басқа) қызметін тоқтата тұру туралы шешімдері келіп түскен жағдайда байланыс саласындағы уәкілетті орган оларды орындау үшін дереу мемлекеттік техникалық қызметке жібереді.
      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.01.2013 № 49 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      18. Желілердің және байланыс құралдарының қызметін тоқтата тұру туралы шешімді алған кезде мемлекеттік техникалық қызмет дереу осы шешімнің орындалуын қамтамасыз етеді және байланыс операторларына оның орындалуын қамтамасыз етудің пайдаланылатын технологиялық параметрлері туралы хабарлайды.
      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.01.2013 № 49 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      19. Көрсетілген шешімнің орындалуын бақылауды жүзеге асыру үшін байланыс операторы өзінің телекоммуникация желісінің басқару орталығына байланыс саласындағы уәкілетті органның жеке қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
      20. Желілердің және байланыс құралдарының қызметін қалпына келтіру соттың немесе байланыс желілерінде жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың немесе уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті шешімінің негізінде жүзеге асырылады. Байланыс саласындағы уәкілетті орган көрсетілген шешімдерді орындау үшін тез арада мемлекеттік техникалық қызметке жолдайды.
      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.01.2013 № 49 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      21. Желілердің және байланыс құралдарының қызметін қалпына келтіру туралы шешімді алған кезде мемлекеттік техникалық қызмет дереу осы шешімнің орындалуын қамтамасыз етеді және оның орындалуын қамтамасыз етудің пайдаланылатын технологиялық параметрлері туралы байланыс операторларына хабарлайды.
      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.01.2013 № 49 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Телекоммуникациялар желілерінің
өзара іс-қимыл жасауының және
оларды орталықтан басқарудың
бірыңғай қағидаларына 
1-қосымша        

Мемлекеттік органдардың тізбесі

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.01.2013 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.09.2014 № 995 қаулыларымен.

      1. Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (Қаржы полициясы)
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (Монополияға қарсы агенттік)
      3. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі
      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
      5. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
      6. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
      7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
      8. Қазақстан Республикасы Инвестияциялар және даму министрлігі
      9. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
      10. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
      11. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі
      12. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
      13. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
      14. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
      15. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
      16. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 28.01.2013 № 49 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      17. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
      18. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.
      19. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
      20. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
      21. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
      22. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі
      23. Қазақстан Республикасы «Сырбар» сыртқы барлау қызметі

Телекоммуникациялар желілерінің
өзара іс-қимыл жасауының және
оларды орталықтан басқарудың
бірыңғай қағидаларына    
2-қосымша         

Кімге: Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Шетелдік байланыс операторларымен түйісуді тіркеуге
ХАБАРЛАМА

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.01.2013 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.09.2014 № 995 қаулыларымен.

_____________________________________________________________________
        (өтініш берушінің атауы немесе өтініш берушінің Т.А.Ә.)

кейіннен ____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
              (шетелдік байланыс операторының атауы)
 
 
шетелдік байланыс операторымен трафик алмасуды жүзеге асыру үшін

_____________________________________________________________________
  (түйісудің географиялық координаталары, параметрлері, деректері)

      түйісуді тіркеуді жүргізуді сұрайды

_____________________
    (қолы, күні)

М.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады