Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 1504 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 қыркүйектегі № 773 қаулысымен

«Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру,
сондай-ақ оларды алып қою қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 1504 қаулысына
пресс релиз

«Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 13-бабының 1-тармақшасына сәйкес әзірленген, оған сәйкес нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметімен айқындалады. «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңына тиісті өзгертулер жеке кәсіпкерлік субъектілер қызметінің нормативтік құқықтық реттеу жүйесін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құзыреттерін қайта қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 91-тармағымен сәйкес енгізілген.

      Құжатты қабылдау Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық ұйымдардың ұсынымдарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникациялар желісінің нөмірлеу ресурстарын бөлу және пайдалану тәртібін анықтауға мүмкіндік береді.
 
      Қазақстан Республикасының
      Көлік және коммуникация министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз