"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 1517 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулыcына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
      1-тармақта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) – реттелетін салаларда, атап айтқанда агроөнеркәсіптік кешен, ауыл және балық шаруашылығы, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру (елді мекендерде орналасқан су шаруашылығы және су бұру жүйелерінен басқа), өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау, егіншілік, тұқым шаруашылығы мен астық нарығын реттеу саласында, мақта саласында, өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандыруды мемлекеттік қолдау, өсімдіктерді қорғау және олардың карантині, ветеринария, сусындарды (алкогольді өнімдер мен этил спиртінен басқа) қоса алғанда, тамақ өнімдерін өндіру бөлігінде өңдеу өнеркәсібі, агроөнеркәсіптік кешенді техникалық жарақтандыру, мал шаруашылығы, мелиорация, жерді суландыру және дренаж, ауыл шаруашылығы ғылымы мәселелері, биоотын өндірісін мемлекеттік реттеу саласында басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте өз құзыретіне жататын қызмет саласында (бұдан әрі – реттелетін сала) мемлекеттік органдарды салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.»;
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Министрлік қолданыстағы заңнамаға және өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) мемлекеттің реттелетін салалардағы аграрлық саясатын іске асырады, стратегиялық жоспарлар, мемлекеттік, салалық (секторалдық) бағдарламалар әзірлейді және іске асырады, сондай-ақ ғылыми зерттеулер ұйымдастырады;
      2) агроөнеркәсіптік кешен саласында мемлекетаралық экономикалық байланыстардың басым бағыттарын әзірлейді, реттелетін салалар мәселелері бойынша халықаралық қатынастарда Қазақстан Республикасын білдіреді, инвестициялар тартуға және оларды пайдалануға ықпал етеді, халықаралық және сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырады, халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады және халықаралық бағдарламаларды іске асыруға қатысады;
      3) мынадай:
      тұқым шаруашылығы;
      пестицидтер (улы химикаттар) айналымы;
      астық және оның тіршілік циклының процестері;
      ветеринариялық-санитариялық бақылауға жататын тамақ өнімінің қауіпсіздігі;
      ветеринария;
      биоотын өндірісі және айналымы саласындағы мәселелер бойынша техникалық регламенттер әзірлейді;
      4) мынадай:
      мақта саласын дамыту;
      өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік инспекторлар туралы ережелерді әзірлейді және бекітеді;
      5) мынадай:
      астық қолхаттарын берумен қойма қызметі бойынша қызметтерді көрсету жөніндегі;
      мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөніндегі;
      пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозолдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі;
      мақта қолхаттарын берумен қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі;
      сарапшы ұйымға;
      ветеринария саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді;
      6) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында нормативтер әзірлейді;
      7) жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор актілерінің нысандарын, оларды жасау және беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      8) аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерінің нысанын және оны беру тәртібін айқындайды;
      9) жануарлар дүниесінің объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санаттарға жататын жануарлар түрлерін әкелуге және әкетуге рұқсат беру қағидаларын әзірлейді;
      10) жануарлар дүниесін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуды енгізу бойынша ұсыныс енгізеді;
      11) жануарлар дүниесін пайдалануға арналған биологиялық негіздемені дайындау тәртібін айқындайды;
      12) аңшылық және балық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгі ереже әзірлейді;
      13) жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың арнайы құралдар қолдануының қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      14) аң аулау және балық аулау объектілеріне жатпайтын жануарларды, сондай-ақ олардың пайдалы қасиеттері мен тіршілік қызметінің өнімдерін шаруашылық мақсаттарына пайдалану тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      15) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнгендерінен басқа, жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбие және эстетикалық мақсаттарға, оның ішінде зоологиялық коллекциялар жасау үшін пайдалану тәртібін белгілейді;
      16) жануарлардың санын реттеу тәртібін әзірлейді;
      17) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган мен аумақтық бөлімшелердің лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесін тікелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің айырым белгілері бар нысанды киім үлгілерін (погонсыз), киім кию тәртібін және оларды киіммен қамтамасыз ету нормаларын әзірлейді және бекітеді;
      18) жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлем ставкаларын және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуымен келтірілген зиянды өтеу мөлшерін айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
      19) жолдаманың үлгі нысанын, сондай-ақ оны беру тәртібін әзірлейді;
      20) жануарлар түрлерінің санаттарын айқындайды және сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санатқа жатқызуды қоспағанда, оларды бір санаттан екінші санатқа ауыстырады;
      21) өңірлерде арнайы қоймаларды (көмінділерді) орналастырудың орындылығын және олардың санын келіседі;
      22) пестицидтер (улы химикаттар) түрлері бойынша запас нормативтерін және оларды пайдалану тәртібін белгілейді;
      23) қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру тәртібін, сондай-ақ арнайы қоймаларды (көмінділерді) тиісті жай-күйде ұстау шарттарын әзірлейді;
      24) пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеу, өндірістік сынақтарын жүргізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын әзірлейді;
      25) хаттамалар мен нұсқамалар нысандарын, сондай-ақ өсімдіктерді қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды жасау мен шығару тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      26) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі қаулының нысандарын әзірлейді және бекітеді;
      27) ветеринария саласындағы нұсқамалардың нысандарын, оларды жасау мен беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      28) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы, тексеру актісін және жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы, кiнәлi тұлғаларды әкiмшiлiк жауапкершілікке тарту туралы қаулыны шығарады;
      29) фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі ұсынымдар мен әдiстемелiк нұсқауларды әзірлейді және бекітеді;
      30) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру тәртібін, тәсілдерін регламенттейтін әдістерді, әдістемелерді, ұсынымдарды келіседі;
      31) өсімдіктерді қорғау, ветеринария жөніндегі мамандарды даярлау және біліктілігін көтеру жөніндегі оқыту бағдарламаларын (оқу бағдарламаларын) келіседі;
      32) фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитарлық есепке алу нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну тәртібін әзірлейді;
      33) аса қауіпті зиянды организмдер тізбесін әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады;
      34) өсімдіктер карантині бойынша іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантиндік объектілер тізбесін айқындайды;
      35) Өсімдіктер карантині жөніндегі бас мемлекеттік инспектордың және өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың лауазымын иеленуге қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді;
      36) астық нарығына қатысушылардың қызметін үйлестіреді және реттейді;
      37) астық нарығының мониторингін жүзеге асырады;
      38) астық өндірушілерді қорғау үшін демпингке қарсы шаралар қолдану жөніндегі ұсыныстар әзірлейді;
      39) астық сапасын сараптау тәртібіне және астық сапасы паспортын беруге қойылатын талаптарды әзірлейді;
      40) мынадай:
      астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу;
      астық сақтау;
      астық қолхаттарын беру, айналымы және өтеу;
      астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды жүргізу;
      электрондық астық қолхаттары жүйесін пайдалану;
      астық қолхаттарының үлгілерін және астық қолхаты жазылатын бланкілерді шығару, алу, сақтау және жою қағидаларын, сондай-ақ оларға қойылатын талаптарды әзірлейді;
      41) мыналарды:
      астық нарығының мониторингін жүргізу қағидаларын;
      астық қабылдау кәсіпорындары есептілігінің үлгі нысандарын;
      мемлекеттік астық инспекторлары туралы ережелерді әзірлейді және бекітеді;
      42) астық қабылдау кәсіпорнын тексеру актісінің нысандарын әзірлейді және бекітеді;
      43) уәкілетті органның облыстық аумақтық бөлімшелерінің бастықтары бекіткен кестелер негізінде жоспарлы тексеру, сондай-ақ астық нарығына қатысушылар мен мемлекеттік органдардың өтініштері негізінде жоспардан тыс тексеру түрінде астық нарығына қатысушылардағы астықтың нақты болуы мен сапасын және оның есептік деректерге сәйкестігін тексереді;
      44) облыстар бөлінісінде мемлекеттік астық ресурстарына астық сатып алу квотасын әзірлейді және бекітеді;
      45) сатып алу бағасын белгілеу жөніндегі ұсыныстар енгізеді;
      46) ішкі нарықты реттеу мақсатында мемлекеттік астық ресурстарын пайдалану туралы шешім қабылдайды;
      47) мыналардың:
      агент пен отандық астық өндіруші;
      агент пен астық экспорттаушы арасындағы мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткізу шартының үлгі нысандарын әзірлейді және бекітеді;
      48) ішкі нарықты реттеу мақсатында агент пен астықты қайта өңдеу ұйымы арасындағы мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарынан астық жеткізу шартының үлгі нысандарын әзірлейді және бекітеді;
      49) астықты қайта өңдеу және нан пісіру ұйымдары арасындағы мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарының астығынан жасалған ұнды өткізу шартының үлгі нысандарын әзірлейді және бекітеді;
      50) астық экспорттаушының мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткізу жөніндегі міндеттемелерін сақтауы туралы растаулардың нысандарын әзірлеп, бекітеді және оны астық экспорттаушыға береді;
      51) мемлекеттік астық ресурстарының көлемі, құрылымы, қалыптастыру, сақтау, жаңарту, ауыстыру және пайдалану қағидалары жөніндегі ұсыныстар енгізеді;
      52) астық қабылдау кәсіпорны мен астық иесі арасындағы жария шарттардың үлгі нысандарын әзірлейді;
      53) астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларын құрудың, жұмыс істеуінің және таратудың талаптарын, астық қабылдау кәсіпорындарының астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысу шарттарын, астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорының (қорларының) кепілдіктерін алудың тәртібін, астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорының (қорларының) астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді өтеуі тәртібін әзірлейді;
      54) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды және ветеринария саласындағы басқа нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
      55) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) нормаларды, бірдейлендіру есебін қоса алғанда, ветеринариялық есеп және есептілік нысандарын әзірлейді және бекітеді;
      56) бірдейлендіру есебін қоса алғанда, ветеринариялық есепті және есептілікті жүргізу, ұсыну тәртібін әзірлейді;
      57) ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ветеринариялық мамандарды тіркеуді жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      58) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын әзірлейді;
      59) жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді;
      60) Экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру, сондай-ақ жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау қағидаларын әзірлейді;
      61) алдын алу, диагностика және жою бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесін әзірлейді;
      62) жеткілікті ғылыми негіздемеге негізделген және жануарлар мен адам өмірі мен денсаулығы үшін салдарлары ескерілген, сондай-ақ халықаралық талаптарға сәйкес келетін ветеринариялық нормативтерді әзірлейді және бекітеді;
      63) сорт сынау, тұқым шаруашылығы мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді және тұқымға арналған құжаттама нысандарын әзірлейді және бекітеді;
      64) сорттардың оригинаторларын тіркеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      65) тұқым сапасын сараптауды жүзеге асыру тәртібін әзірлейді;
      66) сорттық және тұқымдық бақылауды, жерге егіп бағалауды, зертханалық сорттық сынауларды жүзеге асыру тәртібін әзірлейді;
      67) технологиялық талаптарды, тұқымдарды өндіру схемаларын, сақтау және өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      68) сорт жаңарту және сорт ауыстыру тәртібі мен мерзімдерін белгілейді;
      69) ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарын дайындауды, өңдеуді, сақтауды және пайдалануды ұйымдастыру тәртібін айқындайды;
      70) бірегей және элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді, байқаудан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын аттестаттау тәртібін әзірлейді;
      71) патент қабілеттілігі мен шаруашылықта пайдалылығы мемлекеттік сынау немесе өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктер тектері мен түрлерінің тізбесін әзірлейді;
      72) мыналарды:
      Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген селекциялық жетiстiктердің мемлекеттік тiзiлiмiн жүргізу тәртібін;
      ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынау мәселелері жөніндегі республикалық комиссия туралы ережені;
      ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынауды өткізу әдістемелерін;
      аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектілері үшін субсидиялауға жататын бірегей тұқым өндірудің және элиталық тұқым өткізудің жыл сайынғы квоталарын белгілеу тәртібін;
      сортты егiстердi байқаудан өткізу тәртібін бекітеді;
      73) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеріс парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерістер жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
      74) патент беруге арналған қорытындымен қоса, сорт сипаттамасының, сорттың патент қабілеттілігі туралы қорытындының нысандарын белгілейді;
      75) тұқым сапасын сараптау жөніндегі зертханаларды аттестаттау қағидаларын әзірлейді;
      76) бастапқы, элиталық және өнеркәсіптік (жаппай) тұқым шаруашылығын жүргізудің схемалары мен әдістерін әзірлейді және бекітеді;
      77) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарын өндіру және өткізу көлемдерін болжайды;
      78) аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектілері сәйкес болуы тиіс біліктілік талаптарын белгілейді;
      79) субсидиялауға жататын тұқымның әрбір түрі бойынша жыл сайынғы квоталарды:
      бірегей тұқымдар бойынша тұқым шаруашылығы саласындағы әрбір аттестатталған субъект үшін;
      элиталық тұқым бойынша әрбір әкімшілік-аумақтық бірлік үшін көрсетілген мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты шегінде айқындайды;
      80) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне енгізілген ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының тұқым топтарын, республиканың осы тұқымдарға деген қажеті толық қамтамасыз етілген жағдайда, сондай-ақ ғылыми зерттеулерге, патент қабілеттілігі мен шаруашылыққа пайдалылығын мемлекеттік сынауға, элиталық тұқым өндіруге арналған тұқым топтарын әкетуді келіседі;
      81) асыл тұқымды малдардың мемлекеттік кітабын, өндірісте пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізеді және басып шығарады;
      82) мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетістіктерді сынауды және байқаудан өткізуді жүргізеді;
      83) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің перспективалы сорттарының тізбесін бекітеді;
      84) асыл тұқымды малдардың мемлекеттік кітабын және асыл тұқымды малдардың мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      85) мемлекеттік тұқым ресурстарын қалыптастыруды және басқаруды және олардың сандық-сапалық жай-күйін бақылауды жүзеге асырады;
      86) жергілікті атқарушы органдардан ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқым шаруашылығы саласындағы қажетті ақпаратты сұратады;
      87) техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға тұқым шаруашылығы саласында қолданыстағы мемлекеттік стандарттарды және стандарттау бойынша басқа да нормативтік құжаттарды жетілдіру жөніндегі ұсыныстар енгізеді;
      88) «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 20) тармақшасына сәйкес айқындалатын квоталар шегінде субсидиялауға жататын тұқымдарды өткізудің шекті бағасын белгілейді;
      89) бал шырынды өсімдіктерді өңдеу үшін қолданылатын өсімдіктерді қорғау құралдары, минералдық тыңайтқыштар мен басқа да препараттар тізбесін бекітеді;
      90) Қазақстан Республикасында араларды тұқымдық аудандастыру жоспарын бекітеді;
      91) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерін әзірлеуді жүзеге асырады;
      92) асыл тұқымды тұқымдық жануарларды тексеру және бағалау тәртібін айқындайды;
      93) ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізеді және мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен статистикалық әдіснамаға сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында статистикалық ақпарат қалыптастыруды қамтамасыз етеді;
      94) шаруашылық жүргізуші субъектілерге аттестаттауды жүргізу тәртібі, асыл тұқым мал зауыты, асыл тұқымды шаруашылық, малды асылдандырушы және дистрибьютерлік орталық мәртебесін беру тәртібі туралы ережелерді әзірлейді және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынады;
      95) бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын асыл тұқымды малдардың гендік қорын сақтау және қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды әзірлейді;
      96) асыл тұқымды өнімді (материалды) бағалауға және генетикалық бақылауға арналған әдістемелер мен техникалық құралдар әзірлеуді жүзеге асырады;
      97) асыл тұқымды малдардың гендік қорын дамыту, сақтау және пайдалану бағдарламасы шеңберінде ғылыми ұйымдармен бірлесіп, асыл тұқымды орталықтардағы тұқымдық малдардың тұқымдық және сандық құрамын айқындайды;
      98) асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) асыл тұқымдық құндылығын айқындау және малдың өсімін молайту жөніндегі нормативтiк құжаттарды әзірлейді және бекiтедi;
      99) асыл тұқымды өнім (материал) есебінің нысандарын әзірлейді және бекітеді;     
      100) асыл тұқымды малдардың өсімін молайту процесін жетілдіру әдістері мен тәсілдерін әзірлеуді жүзеге асырады;     
      101) ұлттық қауіпсіздікке, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қатер төнген жағдайда және су шаруашылығы құрылыстарының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында республиканың немесе өңірдің экономикасы үшін елеулі стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарын мемлекеттік уақытша басқаруды енгізу жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізеді;
      102) бассейндер мен облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бойынша су пайдалану лимиттерін бекітеді;
      103) республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғат-қорық қоры объектілерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізеді;
      104) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру және кеңейту жөніндегі ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді;
      105) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрудың немесе кеңейтудің табиғи-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздерінің жобаларын әзірлеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      106) республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын әзірлеу және тіркеу (қайта тіркеу) тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      107) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жеке тұлғалардың келу ережесін әзірлейді және бекітеді;
      108) табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторларының нысанды киім үлгілерін (погонсыз), оларды кию тәртібін және оларды киіммен қамтамасыз ету нормаларын әзірлейді және бекітеді;
      109) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды жеке тұлғалардың пайдалану тәртібін белгілейді;
      110) табиғат қорғау ұйымын басқару жоспарын әзірлеу қағидаларын бекітеді;
      111) мемлекеттік табиғат қорықтарының аймақтарында жасанды шығарылатын шу және өзге де дыбыстық әсерлердің жол берілген нормаларын әзірлейді;
      112) мемлекеттік табиғат қорықтарында аса құнды экологиялық жүйелер мен объектілерді қамтымайтын арнайы бөлінген учаскелерінде реттелетін экологиялық туризм жүргізу үшін экскурсиялық соқпақтар мен бағыттар жасау тәртібін әзірлейді және белгілейді;
      113) мемлекеттік ұлттық табиғат парктерінің аумақтарында реттелетін туризм және рекреация қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      114) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемаларын, аумақтық дамудың өңіраралық схемаларын, қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын және экологиялық дәліздердің аумақтарын қозғайтын өзге де қала құрылысы құжаттамаларын келіседі;
      115) егістіктердің жойылу алаңдарын анықтау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
      116) өсімдік шаруашылығын дамытуға арналған құқықтық және экономикалық шарттарды жетілдіреді және республикадағы және шетелдердегі өсімдік шаруашылығы саласы жай-күйінің ахуалын зерделейді;
      117) сақтанушының, сақтандырушының, агенттiң және қоғамның оларға бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды ұсыну нысаны мен мерзімдерін әзірлейді және белгілейді;
      118) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне ақысыз негізде ұсынуға жататын ақпарат пен қызметтер тізбесін әзірлейді;
      119) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін техникалық жарақтандыру және ауыл шаруашылық машина жасауды дамыту жөніндегі іс-шараларды әзірлейді;
      120) агроөнеркәсіптік кешен салаларын халықаралық стандарттарға көшіру жөніндегі іс-шараларды әзірлейді;
      121) мыналардың мониторингін жүргізеді:
      агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және осы саладағы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру;
      далалық жұмыстарды жүргізу;
      азық-түлік тауарларының бағалары мен нарықтары;
      биоотын өндірісі;
      азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйі;
      122) агроөнеркәсіптік кешенде кредит беруді жүзеге асыратын кредиттік серіктестіктер жүйесін дамыту үшін, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің кредит ресурстарына қол жеткізуін жақсарту үшін жағдайлар жасайды;
      123) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің өзара іс-қимылының оңтайлы нысандарын дамытады;
      124) мыналарды:
      қызмет салалары мен түрлері бойынша өндірістік-шаруашылық қызметтің, ауыл шаруашылығы өнімі мен оны қайта өңдеу өнімдерін тұтыну мен өндіру теңгерімінің жай-күйі мен нәтижелерін;
      агроөнеркәсіптік кешен салаларын дамыту жөніндегі статистикалық ақпаратты талдауды жүзеге асырады;
      125) нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, баға, техника, кеден, салық, кредит, сақтандыру қызметiнің, сондай-ақ агроөнеркәсіптiк кешен саласындағы техникалық реттеу және мемлекеттік саясат аясындағы мәселелерi бойынша ұсыныстар енгізеді;
      126) ауыл шаруашылығы өнімінің нақты түрлерін өндіру үшін ауыл шаруашылығы жерлерін оңтайлы пайдалану бойынша өңірлерді мамандандырудың ұсынылған схемаларын әзірлейді және бекітеді;
      127) мамандандырылған ұйымдарды құру, дамыту, қайта ұйымдастыру, тарату туралы ұсыныстар енгізеді;
      128) агроөнеркәсiптiк кешендi ақпараттық-маркетингтiк қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
      129) агроөнеркәсiптiк кешендi ғылыми қамтамасыз ету мен кадрлар даярлау саласындағы мемлекеттік саясатты iске асырады;
      130) агроөнеркәсіптік кешен саласында нормативтік-әдістемелік қамтамасыз етуді, оның ішінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
      131) мыналардың:
      мақта нарығының мониторингін жүргізу;
      мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу;
      мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану;
      шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеудің технологиялық процесін ұйымдастыру;
      мақта қолхаттарын беру, оның айналымы, күшін жою және өтеу;
      мақтаны қайта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды жүргізу;
      биоотын өндірушінің өндіріс паспортын әзірлеу және бекіту қағидаларын әзірлейді;
      132) биоотын өндірісінің көлемі туралы ақпаратты автоматтандырылған түрде беруді қамтамасыз ететін бақылау есебі аспаптарын қолдану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      133) мақта қолхатының нысаны (үлгісі) мен сипаттамаларын әзірлейді және бекітеді;
      134) мыналарды:
      шитті мақта сапасын сараптауды жүргізу және шитті мақта сапасы туралы куәлікті беру қағидаларын;
      шитті мақта сапасы туралы куәліктің нысандарын (үлгілерін);
      мақта талшығы сапасы паспортының нысандарын (үлгілерін) әзірлейді;
      135) мақта нарығының мониторингін жүргізеді;
      136) есеп құжаттарының тізбесі мен нысандарын, мақта нарығының мониторингін жүргізу бойынша есептілік ұсыну мерзімдерін әзірлейді;
      137) кепіл туралы мәліметтер бар қойма куәлігін ұстаушының талабы бойынша мақтаны беру тәртібін айқындайды;
      138) мақта қолхаттарын берумен қоймалық қызмет бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын орындау мәселелері бойынша есеп құжаттарының, есептілік ұсыну мерзімдерінің тізбесі мен нысандарын әзірлейді;
      139) азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша орман қорын қорғау және сақтау жөніндегі авиациялық жұмыстар туралы ережені бекітеді;
      140) шитті мақтаны сақтау және оны мақта талшығына қайта өңдеу шарттарының үлгі нысандарын әзірлейді;
      141) мыналардың:
      мақта талшығының сапасын сараптауды жүргізу және мақта талшығы сапасының паспортын беру қағидаларының;
      мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларының қызметі мен оларды тарату қағидаларының;
      мақтаны қайта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысуы қағидаларының;
      мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларының кепілдік алуы қағидаларының;
      мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларының міндеттемелерін өтеу қағидаларының;
      мақтаны қайта өңдеу ұйымдарына қабылдау кезінде шитті мақтаның сапасын сараптауды субсидиялау қағидаларының жобаларын әзірлейді;
      142) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларын әзірлейді;
      143) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттiк тiркеу қағидаларын әзірлейді;
      144) суармалы жерлердің мелиоративтік жай-күйіне мамандандырылған мемлекеттік мекемелердің мониторинг және бағалау жүргізуін ұйымдастырады;
      145) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк байқаудан өткiзу қағидаларын әзірлейді;
      146) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәліктерді беру қағидаларын әзірлейді;
      147) ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бірлесіп, халықаралық нормалар мен ұсынымдардың талаптарын ескере отырып, фитосанитариялық тәуекелді бағалаудың ғылыми қағидаларының негізінде карантиндік шаралар әзірлейді;
      148) мемлекеттік орман қоры аумағында шайыр, ағаш шырынын, қосалқы сүрек ресурстарын дайындау қағидасын, сондай-ақ сүрекдiңдерден сөл алынуы мүмкiн аймақтарды әзірлейді;
      149) орман қарау аймақтарына тексеру жүргізу қағидаларын әзірлейді;
      150) ағаш кесу билетінің және орман билетінің нысанын, олардың есебін жүргізу, сақтау, толтыру мен беру тәртібін, сондай-ақ ағаш кесу билетінің, орман билетінің қолданылуын тоқтату тәртібін әзірлейді;
      151) мемлекеттік орман қоры аумағында мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік, спорттық және басқа да іс-шаралар мен жұмыстарды жүргізуге арналған өрт сөндіру құралдарының нормаларын әзірлейді;
      152) мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстары сүрек дайындау үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген жағдайда есептік кеспеағаш аймағын белгілеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      153) мемлекеттік орман қорындағы ағаш өспеген алқаптарды орманды алқаптарға айналдыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      154) мемлекеттік орман қоры аумағында орман жайластыруды жүргізу қағидаларын әзірлейді;
      155) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша орман қорын мемлекеттік есепке алу нысанын әзірлейді және бекітеді;
      156) мемлекеттік орман кадастры көрсеткіштерінің тізбесі мен ормандарды экономикалық бағалау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
      157) ормандағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын әзірлейді;
      158) ормандағы санитарлық қағидаларды әзірлейді;
      159) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды молықтыру мен орман өсіру және олардың сапасына бақылау жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібін әзірлейді;
      160) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаш аймағын бөлу және оларды мөлшерлеу қағидаларын әзірлейді;
      161) селекциялық-гендік мақсаттағы объектілерді анықтау мен құру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      162) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-гендік мақсаттағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      163) мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектiлердi аттестаттау және есепке алу тәртібін әзірлейді;
      164) ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін тұқымдар мен отырғызу материалдарын пайдалану, олардың орнын ауыстыру тәртібін әзірлейді;
      165) орман тұқымдарын дайындауды, өңдеуді, сақтауды және пайдалануды және олардың сапасына бақылауды ұйымдастыру тәртібін әзірлейді;
      166) мемлекеттік орман қоры аумағында орманды жанама пайдалану қағидаларын әзірлейді;
      167) мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде шөп шабу және мал жаю қағидаларын әзірлейді;
      168) залалсыздандыруға немесе қайта өңдеуге жатпайтын карантиндік объектілермен залалданған карантинге жататын өнімді алу және жою жөніндегі қағидаларды әзірлейді;
      169) әкелінетін карантинге жататын өнімге қойылатын фитосанитариялық талаптарды әзірлейді;
      170) карантинге жататын өнім тізбесін әзірлейді;
      171) ауыл шаруашылығы техникасының және жабдықтарының лизингін ұйымдастыру, селекцияны және тұқым шаруашылығын, дәнді дақылдар өсіру технологиясын дамыту, топырақ құнарлылығын сақтау, өсімдіктерді қорғау және карантині жөніндегі бағдарламаларды әзірлейді;
      172) тұқым шаруашылығы саласындағы ғылыми кадрларды даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын әзiрлейдi және iске асырады, байқаудан өткізушiлер мен тұқым сарапшылары кадрларын даярлауды және біліктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
      173) ортақ су пайдаланудың үлгі қағидаларын әзірлейді;
      174) ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне су беру және ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық сумен жабдықтау жүйесінен ауыз су беру жөніндегі қызметтер құнын субсидиялау тәртібін әзірлейді;
      175) су шаруашылығында инвестициялық жобаларды дайындайды және іске асырады;
      176) су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларын әзірлейді;
      177) судың бастапқы есебінің қағидаларын әзірлейді;
      178) ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды және нормативтерді, нормативтік құжаттарды әзірлейді;
      179) ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мәселелері бойынша консультативтік-кеңесші органдарды құрады;
      180) өсімдіктер карантині саласында жасалған келісімдерге сәйкес халықаралық нормалар мен талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді;
      181) өз құзыреті шегінде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы халықаралық жобаларды іске асырады;
      182) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның жеке және заңды тұлғаларға халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын жер үсті және жер асты су объектілеріне беретін оң қорытындысын жергілікті атқарушы органдардың тіркеу тәртібін белгілейді;
      183) тікелей су объектілерінде орналасқан су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану қағидаларын әзірлейді;
      184) өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің, сондай-ақ олар құпиялы еткен мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз етеді;
      185) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары қауіпсіздігінің критерийлерін әзірлейді;
      186) жерлерді гидромелиорациялауды дамыту бағыттарын айқындайды;
      187) гидромелиорациялық жүйелер мен су шаруашылығы құрылыстарын паспорттауды жүргізу тәртібін, сондай-ақ паспорт нысанын белгілейді;
      188) су шаруашылығы ұйымдарының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
      189) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының ұсынуы бойынша профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін әзірлейді және бекітеді;
      190) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринария саласындағы халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасын білдіреді, сондай-ақ олармен ынтымақтастықты ұйымдастырады;
      191) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау жүргізеді;
      192) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
      193) ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау қағидаларын әзірлейді;
      194) аумақты аймақтарға бөлу тәртібін айқындайды;
      195) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын келіседі;
      196) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қалыптастыру, пайдалану және есептен шығару тәртібі мен нормативтерін әзірлейді және бекітеді;
      197) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын мемлекеттік сатып алуды, сақтауды, пайдалануды және есептен шығаруды ұйымдастырады;
      198) ветеринариялық препараттарды, азық және азықтық қоспалар пайдалану кезінде оларды есептен шығару, сондай-ақ оларды сақтау мерзімдері өткеннен кейін жою немесе зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша мақсатына қарай пайдалануға жарамсыз деп тану тәртібі мен нормативтерін әзірлейді және бекітеді;
      199) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды (орнын ауыстыруды) жүзеге асыру тәртібін әзірлейді;
      200) тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру тәртібін әзірлейді;
      201) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүргізу туралы және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің импортына рұқсат беретін ұйымдарды айқындау туралы шешім шығарады;
      202) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, азықты және азықтық қоспаларды өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру тәртібін әзірлейді және береді;
      203) ұйымдарда ветеринария саласында пайдаланылатын жануарлар ауруларын қоздырушы штамдардың пайдаланылуын, тасымалдануын (жеткізілуін), сақталуын және жойылуын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
      204) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің сынамаларын іріктеу қағидаларын әзірлейді;
      205) ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі ұсынымдар мен әдістемелік нұсқауларды келіседі;
      206) жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері туралы үлгі ережені әзірлейді;
      207) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру тәртібін әзірлейді;
      208) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекітеді;
      209) жеке және заңды тұлғаларға экспорттау, импорттау және транзиттеу еліндегі эпизоотиялық жағдай туралы ақпарат ұсынады;
      210) кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союды ұйымдастыру тәртібін әзірлейді;
      211) жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады;
      212) нарыққа реттеушілік ықпал жасау үшін мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтар шығару туралы және мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтар шығаруға қатысушы ұйымдардың тізбесі, шығарылатын материалдық құндылықтардың көлемі мен бағалары жөніндегі ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді;
      213) агроөнеркәсіптік кешен өнімінің тауар қозғалысы жүйесін ұйымдастырады;
      214) салалық көтермелеу жүйесін әзірлейді және бекітеді;
      215) субсидиялар алушы міндеттемесінің нысанын әзірлейді және бекітеді;
      216) өндіріс паспортын бекіту үшін қажетті мәліметтер тізбесін әзірлейді және бекітеді;
      217) биоотын өндірісі саласында ғылымды қажетсінетін технологияларды әзірлеу жөніндегі ұсыныстар енгізеді;
      218) биоотын өндірісі бойынша өндірістік қуаттардың шекті көлемдерін айқындау жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізеді;
      219) азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда кейіннен биоотынға қайта өңдеу үшін пайдаланатын тамақ шикізатына квоталарды белгілеу тәртібін әзірлейді;
      220) су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғаудың бас және бассейндік схемаларын және су шаруашылығы баланстарын әзiрлеу мен бекiту тәртiбiн әзiрлейдi;
      221) су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру тәртібін әзiрлейдi;
      222) судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды келiсу, орналастыру және пайдалануға беру тәртiбiн, сондай-ақ су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттарын әзірлейді;
      223) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін әзiрлейдi;
      224) республика және өңір экономикасы үшін маңызды стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарын уақытша мемлекеттік басқаруды енгізу тәртібін әзiрлейдi;
      225) республикалық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарының тізбесін әзiрлейдi;
      226) ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізбесін әзiрлейдi;
      227) су объектiлерiне шектi жол берiлетiн зиянды әсер ету нормативтерiн әзiрлеу мен бекiту тәртiбiн әзiрлейдi;
      228) экономиканың су секторын дамыту, оның ішінде жерлерді гидромелиорациялау бағдарламаларын әзiрлейдi;
      229) арнайы су пайдалануға рұқсат беруге арналған өтініште көрсетілетін мәліметтерді айқындайды;
      230) арнайы су пайдалануға рұқсат беру туралы өтініш нысанын бекітеді;
      231) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеу әдістемесін бекітеді;
      232) бассейн iшiндегi су объектiлерi жай-күйiнiң мақсатты көрсеткiштерiне кезең-кезеңмен көшу мерзiмдерiн айқындау әдiстемесін бекiтеді;
      233) су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру қағидаларын әзірлейдi;
      234) сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінің тiзбесiн әзірлейдi;
      235) балық аулаудың қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес құрал түрлері мен тәсілдері тізбесіне енгізілмеген балық аулаудың жаңа құрал түрлері мен тәсілдерін қолдануға (эксперименттік аулау тәртібімен) рұқсаттар беру тәртібін белгілейді;
      236) ішкі және сыртқы нарықтарда саудалау үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалау тәртібін айқындайды;
      237) балық аулау және балық шаруашылығын жүргізу шартының үлгі нысанын белгілейді;
      238) аңшылық және балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарының үлгі нысанын бекітеді;
      239) балық аулаудың қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес құрал түрлері мен тәсілдері тізбесін белгілейді;
      240) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеулер мен жобалау-іздену жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады және (немесе) қамтамасыз етеді;
      241) халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар тізімдерін бекітеді;
      242) су жинау құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарды айқындайды және оларды орнатуды келіседі;
      243) резерв қорының аңшылық алқаптарын, балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін биологиялық-экономикалық байқап тексеруді жүзеге асырады;
      244) ғылыми ұсынымдар негізінде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттауды жүргізеді;
      245) рекреациялық балық аулау аймақтарын белгілейді;
      246) уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының тәртібін айқындайды;
      247) жануарларды жерсіндіру, су айдындарына балық жіберу, жаңа балық түрлерін жерсіндіру, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау бойынша жұмыстар жүргізу тәртібін айқындайды;
      248) бақылаулы аулауды, жерсіндіру мақсатында аулауды жүзеге асырады, балықтың қырылу қаупі бар су айдындарында және (немесе) учаскелерінде аулауды ұйымдастырады;
      249) балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің жағалаулық шекараларын білдіретін белгілер мен аншлагтардың үлгілерін, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналының) нысанын белгілейді;
      250) балықтарды жерсіндіруге және су айдындарына балық жіберуге рұқсаттар береді;
      251) балықтардың сөзсіз қырылуына әкеп соғатын балықтың қырылу қаупі туындаған және су объектілерін немесе олардың бөліктерін ағымдағы балық шаруашылығы мелиорациялауды жүргізу жолымен мұндай қауіпті болдырмау мүмкін болмаған жағдайларда ғылыми ұсынымдар негізінде балықтарды мелиорациялық аулау туралы шешім қабылдайды;
      252) техникалық регламенттерді әзірлеу, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға өзекті сипат беру және оларды біріздендіру туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дайындайды және енгізеді;
      253) ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша статистикалық әдіснама әзірлейді;
      254) орман пайдаланғаны (түбірімен босатылатын сүрек, өзге де орман пайдалану) үшін төлемдер ставкаларын есептеуге арналған әдістемелік нұсқауды бекітеді;
      255) бекітіп берілуі бойынша конкурсқа қойылатын жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері тізбесін келіседі;
      256) су шаруашылығы теңгерімдерін әзiрлейдi;
      257) жануарлар дүниесінің мемлекеттік есебін, кадастры мен мониторингін жүргізеді;
      258) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер кезінде мемлекеттік тапсырысты орындау үшін жеке квоталарды белгілейді;
      259) су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру шаруашылығы (елді мекендерде орналасқан су шаруашылығы және су бұру жүйелерінен басқа) саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады;
      260) сулардың және оларды пайдаланудың мемлекеттік есебін, мемлекеттік су кадастры мен су объектілерінің мемлекеттік мониторингін жүргізуді жүзеге асырады;
      261) балық ресурстарын сақтау, өсімін молайту және аулау үшін (соның ішінде кәсіпшілік балық аулау үшін) маңызды мәні бар су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарын немесе олардың бөліктерін, сондай-ақ су қорғау белдеулерінің учаскелерін балық шаруашылығын жүргізу үшін пайдалануға беру туралы шешімдер қабылдайды;
      262) су объектілерінің ақпараттық дерекқорын құрады және оған барлық мүдделі тұлғалардың қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
      263) су объектілерін және ауыз сумен жабдықтау көздерін пайдалану режимін әзірлейді және бекітеді;
      264) республикалық меншіктегі су объектілерін, су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануды ұйымдастырады;
      265) орталық атқарушы органдар әзірлеген өндіргіш күштерді және экономика салаларын дамыту мен орналастыру схемаларының құрамында су ресурстарын пайдалану және қорғау болжамдарын су ресурстарын пайдаланудың жол берілетін деңгейі тұрғысынан келіседі;
      266) су заңнамасының бұзушылықтарын жоюға шаралар қабылдайды;
      267) су объектілері бассейндері бойынша табиғат қорғау және санитариялық-эпидемиологиялық су беру көлемдерін белгілейді;
      268) жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік уәкілетті органмен бірлесіп, әрбір су объектісінің бассейні үшін судың жай-күйі мен сапа критерийлерінің мақсатты көрсеткіштерін әзірлейді;
      269) су пайдаланудың жыл сайынғы лимиттерін жылдың сулылығын, су объектілерінің экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық жай-күйін ескере отырып нақтылайды;
      270) гендік инженерия негізінде алынған сорттар (гендік түрлендірілген) тұқымының партияларын Қазақстан Республикасына әкелуді келіседі;
      271) заңды тұлға мәртебесі бар республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұсынатын қызметтерге тарифтер мөлшерлерін әзірлейді және бекітеді;
      272) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысының негізінде республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді бекітеді, сондай-ақ жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнінде жаратылыстану жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлейді және бекітеді;
      273) республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік қорық аймақтарын жабудың және олардың аумақтарын азайтудың табиғи-ғылыми негіздемелерінің жобаларын әзірлеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      274) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 43-1-бабының1-тармағында көзделген жағдайда жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      275) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 43-1-бабының2-тармағында көзделген жағдайда жүзеге асырылатын балықтың жаппай қырылуын болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      276) табиғат қорғау ұйымының рәміздерін (эмблемасы мен туын),
сондай-ақ табиғат қорғау мекемесінің рәміздерін әзірлеу мен пайдалану тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      277) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіреді;
      278) республиканың тұқым ресурстарының мониторингін жүзеге асырады және республика бойынша тұқым теңгерімін жасайды;
      279) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары өтініштерінің негізінде мемлекеттік стандарттарда белгіленген тұқым сапасының көрсеткіштерін ерекше жағдайларда бір жылдан аспайтын мерзімге төмендетуге рұқсат береді;
      280) сорттардың оригинаторларын тіркейді;
      281) байқаудан өткізушілер мен тұқым сарапшылары кадрларын даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
      282) жаңа ветеринариялық препараттарға, азыққа және азықтық қоспаларға, аспаптарға, құрал-саймандарға қорытындылар береді;
      283) тиісті аумақтағы эпизоотикалық ахуалды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсаттар береді;
      284) карантинге жататын өнім транзитінің шарттарын айқындайды;
      285) карантинге жататын өнімге фитосанитариялық, карантиндік сертификаттар және импорттық карантиндік рұқсаттар береді;
      286) пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеу, өндірістік сынақтарын және мемлекеттік тіркеуді ұйымдастырады;
      287) пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеуді және Қазақстан Республикасының аумағында пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану құқығына тіркеу куәлігін беруді жүзеге асырады;
      288) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізуді ұйымдастырады және олардың жүргізілуін бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
      289) фитосанитариялық іс-шараларды жүргізудегі мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметін үйлестіреді;
      290) зиянды және аса қауіпті зиянды организмдер бойынша фитосанитариялық мониторинг ұйымдастырады;
      291) фитосанитариялық іс-шаралар ұйымдастыруды жүзеге асырады;
      292) пестицидтердің (улы химикаттардың) тізімін әзірлейді, бекітеді және жүргізеді;
      293) Қазақстан Республикасының Үкіметіне және жергілікті атқарушы органдарға карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу немесе оның күшін жою туралы ұсыныстар енгізеді, сондай-ақ осы аймақтарда өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібін әзірлейді және олардың жүргізілуін бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
      294) жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар береді;
      295) жануарлар дүниесінің объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттардың, оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санаттарға жататын жануарлар түрлерін әкелуге және әкетуге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен рұқсаттар береді;
      296) ғылыми ұсынымдар негізінде балық шаруашылығы учаскелерінің шекараларын белгілейді, ұйықтарды (ұйықтық учаскелерді) ашып, жабады;
      297) экономика салаларында су тұтынудың үлестік нормаларын келіседі;
      298) су шаруашылығы құрылыстарының және су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін құрылыс, түбін тереңдету және өзге де жұмыстарды жүргізу жобаларын келіседі;
      299) балық аулау құралдары мен тәсілдерінің қолдануға рұқсат етілген өнеркәсіптік және өнеркәсіптік емес түрлерінің тізбесіне қосылмаған балық аулаудың жаңа құралдары мен тәсілдерін (экспериментальды аулау тәртібінде) қолдануға рұқсат береді;
      300) негізгі өзендердің бассейндері мен жалпы республика бойынша басқа да су объектілері бойынша су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғау схемаларын әзірлейді;
      301) су объектілерін жеке және бірлесіп пайдалануға беру туралы ұсыныстарды және оларда су пайдаланудың шарттарын келіседі;
      302) су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарының жай-күйін жақсартуды қамтамасыз ететін балық шаруашылығы және мелиорациялық-техникалық іс-шараларды келіседі;
      303) елді мекендер шегінен тыс жерде су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы жобалау, ізденіс, ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарды ұйымдастырады;
      304) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
      305) есептi кеспеағаш аймақтары мен кесу жасын бекітеді;
      306) ұзақ мерзiмдi орман пайдалану кезiнде орман пайдаланушылар әзiрлейтiн өртке қарсы iс-шаралар жоспарларына қойылатын талаптарды әзірлейді;
      307) орман тұқымын аудандастыруды бекітеді;
      308) климаттық және ауа райы факторларын негізге ала отырып, орман өрті шығу қауіпті мүмкін ормандағы өрт қауіпті маусымды айқындайды;
      309) жергілікті атқарушы органдардың орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру жөніндегі өңірлік бағдарламаларын келіседі;
      310) ормандардың жай-күйі мен өсуіне әсер ететін объектілер салынатын орындарды келіседі;
      311) егер бұл үшін мемлекеттік орман қорының жерін басқа санаттарға ауыстыру және (немесе) оларды алып қою талап етілмесе, мемлекеттік орман қорында құрылыс жұмыстарын жүргізуді, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруді, коммуникациялар тартуды және орман шаруашылығын жүргізу мен орман пайдалануға байланысты емес өзге де жұмыстарды орындауды келіседі;
      312) мемлекеттік орман иеліктерінің орман орналастыру жобаларын және орман орналастырудың басқа да құжаттарын бекітеді;
      313) орман биоқауымдастықтарына жерсіндіруді келіседі;
      314) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу және өзге мақсаттарда ағаш кесу кезінде сүрек дайындау көлемін бекітеді;
      315) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Сукодексінде белгілеген тәртіппен арнайы су пайдалануға рұқсаттарды беруді, олардың қолданылуын тоқтатуды және кері қайтаруды жүзеге асырады;
      316) бірінші рет өндірілетін (дайындалатын) және Қазақстан Республикасының аумағына бірінші рет әкелінетін (импортталатын) азықты және азықтық қоспаларды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады;
      317) жануарлар аурулары бойынша эпизоотиялық мониторинг жүргізеді, эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды тексереді;
      318) ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы ветеринариялық құжаттарды береді;
      319) ветеринариялық препараттардың, азық және азықтық қоспалардың Мемлекеттік тізілімін жүргізеді;
      320) жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, тамақ өнімін, азық, азықтық қоспалар өндіруге арналған нормативтік-техникалық құжаттаманы жеке және заңды тұлғаларға келіседі;
      321) ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік-техникалық құжаттамалардың жобаларын келіседі;
      322) ормандарды күзетуді, қорғауды, молықтыру мен орман өсіруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, өзінің функционалдық қарауындағы ғылыми, тәжірибелік-өндірістік және оқу мақсатында пайдаланылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орман пайдалануды реттейді;
      323) орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру, орман селекциясы және орман тұқым шаруашылығы саласындағы ғылыми-техникалық даму бағыттарын айқындайды, ғылыми зерттеудi және жобалау-iздену жұмыстарын ұйымдастырады;
      324) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген құзыреті шегінде мемлекеттік орман қорын иелену мен пайдалануды жүзеге асырады;
      325) облыстық атқарушы орган өкілінің қатысуымен өз қарауындағы мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру бойынша тендерлерді ұйымдастырады және өткізеді;
      326) облыстық атқарушы органдардың функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді пайдалануға беру жөніндегі тендерлердің материалдарын және шарттардың талаптарын келіседі;
      327) жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын атқарушы органдар мен ұйымдар басшыларының орман қорының жай-күйі, күзетілуі, қорғалуы, ормандарды молықтыру, орман өсіру мен орман пайдалану мәселелері жөніндегі, сондай-ақ, олардың қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күйі, күзетілуі, қорғалуы, пайдаланылуы және қаржыландырылу мәселелері жөніндегі есептерін қарайды;
      328) орман қорының бірыңғай мемлекеттік есебін, бірыңғай мемлекеттік орман кадастрын, ормандар мен орман орналастырудың бірыңғай мемлекеттік мониторингін жүргізеді;
      329) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың кадастрын жүргізеді;
      330) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырады;
      331) өзінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады;
      332) өзге орталық атқарушы органдардың қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын келіседі және тіркейді;
      333) өзге орталық атқарушы органдардың қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың басқару жоспарын келіседі;
      334) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды функционалдық аймақтарға бөлуді түзету жобаларын және басқару жоспарларын, паспорттарын келіседі;
      335) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда қалпына келтіру іс-шараларын келіседі;
      336) құзыреті шегінде мемлекеттік табиғи ескерткіштерді, мемлекеттік табиғи қаумалдарды және мемлекеттік қорық аймақтарын қорғау мақсатында оларды мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелеріне, табиғат қорғау мекемелеріне бекітіп беру туралы шешім қабылдайды;
      337) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде белгіленген арнайы экологиялық талаптарды есепке ала отырып, мемлекеттік қорық аймағы аумағында геологиялық зерттеуді, пайдалы қазбаларды барлауды жүзеге асыруды келіседі;
      338) республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын қысқарту жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      339) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды функционалдық аймақтарға бөлуді түзету жобаларын бекітеді;
      340) облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдарының ұсынысы бойынша жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесін келіседі;
      341) су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануға қабылдау-беру жөніндегі жұмысқа қатысады;
      342) су ресурстарын пайдаланудың республикалық ақпараттық-талдау жүйесін құрады;
      343) су шаруашылығы теңгерімін әзірлейді;
      344) мемлекеттік су кадастрында қамтылған ақпаратқа мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
      345) бассейндік схемалар мен су объектілеріне жол берілетін шекті зиянды әсерлердің нормативтері негізінде өзен бассейндері бойынша су пайдалану лимиттерін әзірлейді және бекітеді;
      346) өзінің функционалдық қарауындағы республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеуді ұйымдастырады;
      347) өзінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқаруды, оларды күзетуді, қорғауды және қалпына келтіруді, сондай-ақ оларға ғылыми зерттеулер жүргізуді қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
      348) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер мен жобалау-іздену жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады;
      349) бекіре балық түрлерінің уылдырығын сыртқы нарықта саудалауға арналған марканың нысанын бекітеді және оны ішкі нарықта саудалау үшін марка беруді жүзеге асырады;
      350) бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарындағы және (немесе) жергілікті маңызы бар учаскелердегі балық шаруашылығы субъектілеріне арналған квоталарды қоспағанда, бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға арналған квоталарды бөледі;
      351) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін жерсіндіру, сондай-ақ жасанды өсіру жөніндегі қызметті ұйымдастырады;
      352) аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және мемлекеттік есепке алуды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
      353) аңшылық шаруашылықтарының санаттарын айқындайды;
      354) Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізеді және басып шығарылуын қамтамасыз етеді;
      355) бюджет қаражаты есебiнен сатып алынған пестицидтердi (улы химикаттарды) фитосанитариялық мониторинг деректерiне және қалыптасатын фитосанитариялық ахуалға қарай Қазақстан Республикасының аумағы бойынша бөледі;
      356) Қазақстан Республикасында және басқа да мемлекеттерде карантиндік объектілердің болуы мен таралуы, оларға қарсы күрес жөніндегі шаралар мен іс-шаралар туралы дерекқор құрады және мүдделі тұлғаларға ақпарат береді;
      357) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін пестицидтерді (улы химикаттарды), оларды сақтау, тасымалдау, қолдану жөніндегі жұмыстар мен қызметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;
      358) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пестицидтердің (улы химикаттардың) қорын құрады;
      359) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін бюджет қаражаты есебінен сатып алынған пестицидтерді (улы химикаттарды) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша бөледі;
      360) тіркеу, өндірістік сынақтар мен ғылыми зерттеулер үшін әкелінетін пестицидтер (улы химикаттар) санын айқындайды;
      361) отандық және шетелдік селекция сорттарын мемлекеттік сынауды ұйымдастырады;
      362) астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу туралы, сондай-ақ, «Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес уақытша басқаруды мерзімінен бұрын аяқтау туралы шешім қабылдайды;
      363) Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды енгізу туралы, сондай-ақ, «Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 36-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес уақытша басқаруды мерзімінен бұрын аяқтау туралы шешім қабылдайды;
      364) мемлекеттік ресурстар астығын сақтайтын астық қабылдау кәсіпорындарымен және көрсетілген астық қабылдау кәсіпорындарынан астық әкетуді жүзеге асыратын көлік ұйымдарымен астықтың кез келген мөлшерін тиеп жөнелтуді келіседі;
      365) шекара және кеден пункттерінде (Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде) шекаралық ветеринариялық бақылау бекеттерін ұйымдастырады;
      366) ветеринариялық ғылыми зерттеулерді және ветеринария саласындағы мамандарды қайта даярлауды ұйымдастырады;
      367) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық препараттарды және оларды сақтау, тасымалдау (жеткізу) және пайдалану жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;
      368) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ, ветеринариялық препараттарды, азықты және азықтық қоспаларды өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысады;
      369) экспорттаушы елдің ғылыми негіздемесі халықаралық ұйымдардан алған ақпаратты қоса алғанда, қолда бар ақпарат негізінде жеткіліксіз болып табылған жағдайда уақытша ветеринариялық-санитариялық шаралар енгізеді;
      370) аумақты немесе оның бөлігін аурулар таралмаған немесе аурулар аз таралған деп айқындайды, осы аумақтардан экспортталатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асырады, импортталатын елге растауды ұсынады және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда, оның өкілдерінің осы аумақтарда инспекциялау жүргізуге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
      371) басқа елдердің ветеринариялық-санитарлық шараларының, егер ол шаралар Қазақстан Республикасының аумағындағы салауаттылық деңгейін қамтамасыз ететін болса, баламалылығын таниды;
      372) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден әкелінетін жануарлардың жұқпалы және экзотикалық аурулары қоздырушыларының енуі мен таралуынан қорғауды ұйымдастырады;
      373) импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) экспорттаушы елдің ресми органдары берген асыл тұқымдық куәліктің немесе оған балама құжаттың қолданылуын тануды жүзеге асырады;
      374) ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлерді береді және олардың тізілімін жүргізеді;
      375) агроөнеркәсіп кешеніндегі жастар саясатын іске асыруға қатысады;
      376) орман шаруашылығы іс-шараларының орындалу сапасына және олардың мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман орналастыру жобаларына сәйкестігіне бақылауды жүзеге асырады;
      377) орман қорының сандық және сапалық өзгерістерін, ормандардың санитарлық жай-күйін, ормандардағы орман патологиясы жағдайын бақылауды жүзеге асырады;
      378) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шарттардың сақталуына және орман ресурстарын орман пайдалануға беру тәртібін бақылауды жүзеге асырады;
      379) ормандарда өрт қауіпсіздігі талаптарының, ормандағы өрттердің алдын алу жөніндегі, оларды уақтылы анықтау мен жоюды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың орындалуына, сондай-ақ өртенген алаңының есебін жүргізудің және мемлекеттік орман қорына өрттен келген нұқсанды анықтаудың дәлдігіне, орман өрттерінің зардаптарын жою жөніндегі шаралардың уақтылы қабылдануына бақылауды жүзеге асырады;
      380) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің жай-күйіне, күзетілуіне, қорғалуына, пайдаланылуына, орман қорының пайдаланылуына, ормандардың молықтырылуына, ормандардың өсірілуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      381) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ауыл және орман шаруашылықтарын кешенді жүргізу үшін жер учаскелерінің меншік иелеріне немесе жер пайдаланушыларға пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі ағаш және бұта өсімдіктерінің жай-күйіне, күзетілуіне, қорғалуына, пайдаланылуы мен молықтырылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      382) ормандарды зиянкестер мен аурулардан қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындалуына, орман зиянкестері мен аурулары ошақтарының пайда болуының, таралуының, екпелердің су басудан, қоқыстанудан, сарқынды сулар мен шаруашылық әсерінің басқа да түрлерінен қурап-солып қалуының алдын алу жөніндегі шаралардың уақтылы қабылдануына, олардың есебін жүргізу мен болжаудың дәлдігіне бақылауды жүзеге асырады;
      383) кеспеағашты бөліп беру жөніндегі жұмысты тексеруге бақылауды жүзеге асырады;
      384) сүрікті түбірімен босату және ағаш кесу қағидаларының, орман пайдаланудың өзге де қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      385) ормандарда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      386) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман тұқымдарын аудандастыру қағидаларының сақталуын, орман тұқымдарының дайындалуын, сақталуын, өңделуін және олардың сапасын, питомник шаруашылығының жүргізілуін бақылауды жүзеге асырады;
      387) орман қоры жерлерінің нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
      388) құрылыс жұмыстары, пайдалы қазбаларды өндіру, коммуникацияларды тарту және орман шаруашылығын жүргізу мен орман пайдалануға байланысты емес өзге де жұмыстарды орындау кезінде мемлекеттік орман қорын пайдалану тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      389) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану құқығын, сондай-ақ ормандардың жай-күйіне және молықтырылуына қауіп төндіретін жұмыстарды тоқтата тұрады, шектейді және тоқтатады;
      390) елді мекендердің шегінен тыс су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      391) мыналарды:
      су қорғау аймақтары мен белдеулері шекараларының, олардағы және ерекше қорғалатын су объектілеріндегі шаруашылық қызметінің белгіленген режимінің сақталуын;
      трансшекаралық сулар туралы халықаралық келісімдердің шарттары мен талаптарының орындалуын;
      су объектілері бойынша су пайдаланудың және су бөлудің белгіленген нормалары мен қағидаларының, лимиттерінің, сондай-ақ су пайдалану режимінің сақталуын;
      су тарту құрылыстарын, су шаруашылығы (елді мекендерде орналасқандарынан басқа) жүйелерін және су қоймаларын пайдалану қағидаларының сақталуын;
      су объектілерінен алынатын су мен оларға ағызылатын су мөлшеріне бастапқы есеп жүргізудің, су сапасын айқындаудың дұрыстығына, суды пайдалану мен ағызуды есепке алуға арналған жабдықтар мен аппаратуралардың болуын, жарамды жай-күйін және мемлекеттік аттестаттау мерзімдерінің сақталуын, су пайдаланушылардың белгіленген есептілік мерзімдерін сақтауын;
      жеке және заңды тұлғалардың арнайы су пайдалануға берілген рұқсаттарда белгіленген шарттар мен талаптарды, сондай-ақ, судың зиянды әсеріне (топан су, су басу, су алу, жағалауларды бұзу және басқа да зиянды құбылыстар) қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды орындауын;
      су объектілерін оқшау және бірлесіп пайдалануға берудің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртібінің сақталуын;
      су объектілерінің мемлекеттік мониторингін жүргізудің және су объектілерін пайдалану мен қорғау бөлігінде жер беті және жер асты суларын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртібінің сақталуын;
      белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттамасының болуына және оның экономика салаларының объектілерін салуға, жаңартуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға су объектілерін, су қорғау аймақтары мен белдеулерін пайдалану мен қорғауға байланысты өзге де қызметіне сай келуіне;
      су объектілерін өз бетімен пайдалануға, су қорғау аймақтары мен су объектілері белдеулерінің аумақтарында өз бетімен құрылыс салуға жол берілмеуін;
      суды ұтымды пайдалану мен қорғау саласындағы ғылым мен техника жетістіктерінің және озық тәжірибенің, су тұтынудың үлесін азайту жөніндегі іс-шаралардың кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда енгізілуін бақылауды жүзеге асырады;
      392) су шаруашылығы құрылыстарының жұмыс режимін сақтауына бақылауды жүзеге асырады;
      393) су қорғау аймақтары мен белдеулерінде шаруашылық қызмет режиміне қойылатын талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      394) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының орындалуын анықтау мақсатында жануарлар дүниесін пайдаланушылардың қызметін тексеруді жүзеге асырады;
      395) дериваттар тізбесін әзірлейді;
      396) агроөнеркәсіп кешені саласында мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асырады;
      397) өсімдік шаруашылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      398) өзінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар мен ақпараттарды сақтандырушыдан, сақтанушыдан, қоғамнан және агенттен сұратады және алады;
      399) сақтанушылардың міндетті сақтандыру шартын жасасудан жалтаруы туралы және Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамасының және «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы  Заңының талаптарын қоғамның сақтамауы туралы істерді қарайды;
      400) агенттің, қоғамның қызметін, олардың Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
      401) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      402) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің қауіпсіздігін, ветеринариялық-санитариялық жағдайын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
      403) бюджеттік бағдарламалар бойынша сатып алынған ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоса алғанда, олардың сақталуын, тасымалдануын (жеткізілуін) және пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
      404) ішкі сауда объектілерінде, жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, азықты және азықтық қоспаларды өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда, сондай-ақ, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақыланатын және қадағаланатын жүктерді тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асырады;
      405) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен техникалық регламентте белгіленген талаптардың орындалуын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
      406) әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды, хаттама толтырады және әкімшілік жаза белгілейді;
      407) жануарлар ауруларының пайда болуы мен таралуын және олардың улануының себептері мен шарттарын анықтайды және белгілейді;
      408) асыл тұқымды өнімді (материалды) селекциялау және өсімін молайту саласында жаңа технологияларды, аспаптарды, құрал-жабдықтарды, материалдар мен биотехнологиялық әдістерді қолдануды мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      409) асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары бұзылған жағдайда ол қалпына келтірілгенге дейін асыл тұқым өнімдерді (материалды) сатуды тоқтата тұрады;
      410) асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
      411) аттестаттаудан өткен жеке және (немесе) заңды тұлғалар көрсететін қызметтің сапасын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      412) асыл тұқымды мал шаруашылығының аттестатталған субъектілеріндегі малды асылдандыру жұмысының, оны есепке алудың және оның есептілігінің жай-күйін мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      413) субъектілердің асыл тұқымды өнімді (материалды) ұстау, азықтандыру, сондай-ақ сақтау шарттарының сәйкестігін мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      414) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына жануарлардың өсімін молайту жөніндегі және асыл тұқымды өнімнің (материалдың) асыл тұқымды құндылығын анықтау жөніндегі қызметтер бойынша жеке және (немесе) заңды тұлғаларға берілген аттестаттың қолданылуын тоқтата тұру, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына қызметтері сәйкес келмеген жағдайда асыл тұқымды зауыттың, асыл тұқымды шаруашылықтың, асыл тұқымды орталық пен дистрибьютерлік орталықтың аттестатын алып қою туралы ұсыныстар енгізеді;
      415) астық қабылдау кәсіпорындарының: астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу; астық сақтау; астық қолхаттарын беру, айналымы және өтеу қағидаларын сақтауын бақылауды уәкілетті органның облыстық аумақтық бөлімшелерінің бастықтары бекіткен кестелердің негізіндегі тоқсан сайынғы жоспарлы тексеріс, сондай-ақ астық нарығына қатысушылардың өтініші негізіндегі жоспардан тыс тексеріс түрінде жүзеге асырады;
      416) ветеринариялық препараттарды, азықты және азықтық қоспаларды, аспаптарды, құрал-саймандарды байқаудан өткізуді, бақылауды, олардың тіркеу сынақтарын жүзеге асырады;
      417) Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының сақталуы тұрғысынан астық экспорттаушылар қызметін бақылауды жүзеге асырады;
      418) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының бұзылуы туралы нұсқама береді;
      419) астық сапасын сараптау және астық сапасы паспортын беру тәртібін сақтау тұрғысынан астық сапасын сараптау жөніндегі аккредиттелген зертханалардың қызметін бақылауды жүзеге асырады;
      420) астық қолхаттары тізілімінің деректеріне сәйкес астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу және сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптардың сақталуы тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін инспекциялауды (тексеруді) жүзеге асырады;
      421) «Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 28-бабының 2-тармағында көзделген негіздер болған кезде астық қабылдау кәсіпорнынан астықты көліктің кез келген түрімен тиеп жөнелтуге тыйым салады;
      422) мыналарға:
      мемлекеттік астық ресурстарын тиеп жөнелтуге және тасымалдауға (орын ауыстыруға);
      астық қауіпсіздігі мен сапасына;
      Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өкілеттіктер шегінде мемлекеттік астық ресурстарын басқаруға бақылауды жүзеге асырады;
      423) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
      424) фитосанитариялық бақылау бекеттеріне әкелінетін карантинге жататын өнімді көлік құралдарын, қол жүгін және багажды тұрақты бастапқы карантиндік тексеріп қарауды, қажет болған кезде – үлгілерді іріктеп алумен оны зертханалық сараптауды жүргізеді және әкелінетін және әкетілетін карантинге жататын өнімге құжаттарды қарайды;
      425) әкелінетін карантинге жататын өнімнің түпкілікті қабылданатын пункттерінде оның шыққан аумағы мен орнының, межелі пунктінің, сондай-ақ карантиндік объектілер таралмаған немесе олар мәнсіз аз таралған аймақтардың фитосанитариялық сипатын ескере отырып, осы өнімді тұрақты қайталама карантиндік тексеріп қарауды, қажет болған кезде – үлгілерді іріктеп алумен оны зертханалық сараптауды жүргізеді және карантиндік құжаттарды қарайды;
      426) әкетілетін карантинге жататын өнімді тиеп жөнелту орындарында тұрақты карантиндік тексеріп қарауды, қажет болған кезде – үлгілерді іріктей отырып, оны зертханалық сараптауды және фитосанитариялық сертификаттауды жүргізеді;
      427) фитосанитариялық бақылау бекеттерінде әкетілетін және транзиттік карантинге жататын өнімдердің карантиндік құжаттарының бар болуын және дұрыс ресімделуін тұрақты негізде қарайды;
      428) Қазақстан Республикасының ішкі сауда объектілерінде және ұйымдарында карантинге жататын өнімді тұрақты тексеріп қарауды, қажет болғанда – үлгілерін іріктей отырып, оған зертханалық сараптау жүргізеді және карантиндік құжаттарды қарайды;
      429) өсімдік текті өнімді өсіретін, дайындайтын, қоймалайтын, қайта өңдейтін және өткізетін ұйымдардың, ішкі сауда объектілерінің, шаруа немесе фермер, үй жанындағы және саяжай қожалықтарының аумағы мен үй-жайларына, ауыл шаруашылығы, орман, су және басқа да мақсаттағы жерлерге тұрақты бақылау іріктеу зерттеулерін жүргізеді;
      430) мыналарды:
      Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы;
      өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды орындау туралы нұсқамалар береді және олардың орындалуын бақылайды;
      431) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен және негіздерде жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы сотқа талап арыз жібереді;
      432) жерсіндіру-карантиндік көшеттіктерде импорттық егу және отырғызу материалының карантиндік объектілермен және бөтен текті түрлермен көмескі залалдануының болуын тексеру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және бақылайды;
      433) өсімдік қорғау және карантині саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізілуін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
      434) жеке және заңды тұлғалардың карантиндік шараларды орындауын тұрақты бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
      435) мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      436) ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының сорттық және егіс сапаларының сараптамасын жүргізу жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
      437) субсидиялар берілген бірегей және элиталық тұқымдардың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
      438) сорттық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру, сорттық егістерді байқаудан өткізу, жерге егіп бағалау, зертханалық сорттық сынау, тұқым сапасын сараптау тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      439) мақтаны қайта өңдеу ұйымдарының қызметін инспекциялауды (тексеруді) жүзеге асырады;
      440) Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын нұсқамада белгіленген мерзімде жою туралы орындалуға міндетті жазбаша нұсқамалар береді;
      441) мақтаны қайта өңдеу ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сотқа талап қояды;
      442) «Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 32-бабының 2-тармағында көрсетілген негіздер болған кезде мақтаны жөнелтуге уақытша тыйым салады;
      443) мыналарды:
      мақта қауіпсіздігі мен сапасын;
      аккредиттелген сынақ зертханаларының (орталықтардың) қызметін;
      сараптау ұйымының қызметін бақылауды жүзеге асырады;
      444) мақтаны қайта өңдеу ұйымдарының:
      мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу;
      мақта қолхаттарын беру, олардың айналымы, жою және өтеу;
      мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидаларын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
      445) сараптау ұйымының мақта талшығының сапасын сараптауды жүргізу және мақта талшығы сапасының паспортын беру қағидаларының сақталуын жыл сайынғы бақылауды жүзеге асырады;
      446) мыналарды:
      Қазақстан Республикасының ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуын;
      тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін анықтау бойынша ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметін мемлекеттік бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      447) ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігіне ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      448) ветеринариялық-санитариялық бақылануға жататын қауіпті тамақ өнімдерін анықтау және өткізуге жол бермеу жөніндегі шараларды әзірлеу мақсатында ішкі сауда объектілеріне ветеринариялық-санитариялық бақылауды, қадағалауды және мониторингін жүзеге асырады;
      449) аңшылық, балық шаруашылығын жүргізу қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      450) аңшылық және балық аулау қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      451) аңшылық және балық шаруашылығын жүргізуге шарттардың талаптарын жеке және заңды тұлғалардың орындауын бақылауды жүзеге асырады;
      452) жануарларды еріксіз және жартылай еріксіз жағдайларда, сондай-ақ зоологиялық коллекцияларды күтіп ұстау тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      453) жануарлар дүниесін пайдалануға белгіленген шектеулер мен тыйым салудың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      454) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
      455) жануарларды интродукциялау, будандастыруды және жерсіндіруді жүзеге асыру тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      456) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтердің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      457) жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу, диагностикасы және оларды жою жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды бекітеді, ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
      458) жануарлар үйірімен мекендейтін жерлерді периметр бойынша олардың індері орналасқан жерлерге жиырма метр жақындап немесе оларды алдын ала басқа жерге көшірмей жыртуды келісуді жүзеге асырады;
      459) ұшақтардың, тікұшақтардың және өзге де ұшу аппараттарының тұяқты жабайы жануарлар мен топтасып ұшатын құстар жаппай мекендейтін аумақтардың үстінен бір километрден төмен биіктікте ұшып өтуін келіседі;
      460) жарылғыш құрылғыларды, улы химикаттарды қолдана отырып (дала кеміргіштерін қыру кезінде, сондай-ақ жануарлардың құтыруы мен басқа да ауруларының індеті жағдайларында улы химикаттарды қолдануды қоспағанда) жануарлар дүниесі объектілерін аулауды келіседі;
      461) түрлері Құрып кету қауіпі төніп тұрған жабайы флора мен фауна түрлерімен халықаралық саудалау туралы конвенцияның І-қосымшасына енгізілген, оларды еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда өсірген кезде ғана саудалау нысанасы бола алатын жануарларды жерсіндіруді жүргізуге, сондай-ақ жаңадан климатқа бейімделген жануарларды алуға рұқсаттар береді;
      462) жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін қолда ұстауға, тасымалдауға, сатуға, сатуға шығаруға және сатып алуға, сондай-ақ оларды әкелу мен әкетуге әкімшілік органның рұқсатын береді;
      463) Құрып кету қаупі төніп тұрған жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық саудалау туралы конвенцияның І және II қосымшаларына енгізілген, еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда өсірілген жануарлар түрлерін тіркейді;
      464) облыстық атқарушы органның аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру туралы шешімдерін келіседі;
      465) жануарлар дүниесін пайдаланушымен аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргізуге шарттар жасасады;
      466) облыстық атқарушы органға жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке меншігінде немесе уақытша жер пайдалануында болатын жер учаскелеріндегі аңшылық алқаптардың белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес болған жағдайда олардың өтінімі бойынша конкурс өткізбей бекітіп беру туралы ұсыныс жолдайды;
      467) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізілуін бақылауды жүзеге асырады;
      468) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар бөлімшелерінің қызметін бақылауды жүзеге асырады;
      469) жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтейді;
      470) ветеринария саласындағы, оның ішінде лицензияланатын кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асырады;
      471) биоотын өндірісі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      472) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған биоотын өндірісі бойынша өндірістік қуаттардың көлемдері шегінде биоотын өндіретін зауыттар салуға рұқсат береді;
      473) биоотын өндірісінің мониторингін жүргізеді;
      474) биоотын өндіретін зауытты салуға арналған техникалық-экономикалық негіздемеге салалық сараптама жүргізеді;
      475) салық органына ұсынғанға дейін жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем бойынша салық есептілігін растауды жүзеге асырады;
      476) салық салу объектілері және (немесе) салық салумен байланысты объектілері бар салық төлеушілер туралы, сондай-ақ, салық салу объектілері және (немесе) салық салумен байланысты объектілер туралы мәліметті Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен салық қызметі органдарына ұсынады;
      477) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асырады;
      478) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес реттелетін салаларда лицензиялауды және лицензиялық бақылауды жүзеге асырады.»;
      14-тармақ алып тасталсын.
      2. Осы қаулының 1-тармағының 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін жиырма бірінші, жиырма төртінші және бір жүз тоқсан төртінші абзацтарын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады