"Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Астана қаласы, Алматы ауданы, Иманов көшесі, 26-үй мекенжайында орналасқан қызметтікке теңестірілген 2 (екі) пәтер "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі" мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен республикалық меншіктен Астана қаласының коммуналдық меншігіне берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесімен (келісім бойынша) және Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының қосымшасында көрсетілген мүлікті қабылдау-тапсыру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1555 қаулысына
қосымша
Республикалық меншіктен Астана қаласының коммуналдық меншігіне берілетін пәтерлердің тізбесі
Р/с |
Атауы |
Орналасқан жері |
Пәтердің |
Бөлмелер саны |
Жалпы алаңы (ш.м.) |
Теңгерімдік құны (теңге) |
1 |
Пәтер |
Астана қаласы, Иманов көшесі, 26 үй |
174 |
4 |
277,7 |
63 593 300 |
2 |
Пәтер |
Астана қаласы, Иманов көшесі, 26 үй |
365 |
4 |
214,3 |
49 074 700 |