Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украина Министрлер Кабинеті арасындағы 1997 жылғы 14 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украина Үкіметі арасындағы үкіметтік байланыс саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 1557 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украина Министрлер Кабинеті арасындағы 1997 жылғы 14 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украина Үкіметі арасындағы үкіметтік байланыс саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары Владимир Зейноллаұлы Жұмақановқа (келісім бойынша) мәтініне қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украина Министрлер Кабинеті арасындағы 1997 жылғы 14 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украина Үкіметі арасындағы үкіметтік байланыс саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі                       К. Мәсiмов

1997 жылғы 14 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Украина Үкіметі арасындағы үкіметтік байланыс саласындағы
ынтымақтастық туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы
хаттама

(2015 жылғы 2 маусымда күшіне енді - Қазақстан Республикасының
халықаралық шарттары бюллетені, 2015 ж., № 4, 33-құжат)

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украина Министрлер Кабинеті,
      1997 жылғы 14 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украина Үкіметі арасындағы үкіметтік байланыс саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 14-бабының негізінде,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімге мынадай өзгеріс енгізілсін:
      Келісімнің 1-бабының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Құзыретті органдар» - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Украинаның Мемлекеттік арнайы байланыс және ақпаратты қорғау қызметі;».

2-бап

      Тараптардың құзыретті органдарының атауы өзгерген немесе олардың функциялары мемлекеттің басқа органдарына берілген жағдайда, Тараптар шұғыл түрде бір-бірін дипломатиялық арналар арқылы хабардар етеді.

3-бап

      Осы Хаттама Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады және оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалғаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны Тараптар дипломатиялық арналары арқылы алған күнінен бастап күшіне енеді.

      ______ жылғы «___» _________ ___________ қаласында әрқайсысы қазақ, украин және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі барлық мәтіндер тең түпнұсқалы болып табылады.
      Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.

      Қазақстан Республикасының                   Украина Министрлер
            Үкіметі үшін                             Кабинеті үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады