"Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 1586 Қаулысы

      2011 жылғы 23 желтоқсан Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімов "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына қол қойды.
      Осы нормативтік-құқықтық актіні қабылдаудың мақсаты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің ережесін Қазақстан Республикасының рұқсат беру жүйесі және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметін жетілдіру заңнамасына сәйкестендіру болып табылады.
      Жоғарыда көрсетілген қаулыны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкелмейді, іске асыру бюджет қаражатын жұмсауды қажет етпейді.

      Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз