Ормандардағы санитарлық қағидаларды бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 1591 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 224 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.04.2016 № 224 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 17 қарашадағы № 18-02/1003 бұйрығын қараңыз.


      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 67-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Ормандардағы санитарлық қағидалар бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің    
2011 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 1591 қаулысымен  
бекітілген     

Ормандардағы санитарлық қағидалар

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ормандардағы санитарлық қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 67-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орманды қорғау іс-шараларының тәртібін регламенттейді.
      2. Зиянкестер мен аурулардан орман қорғау іс-шараларын қоса алғанда, орман пайдаланудың және ормандағы басқа да орман шаруашылығы жұмыстарының барлық түрлері ормандардың жай-күйіне теріс ықпал етпейтін тәсілдермен және әдістермен жүзеге асырылады.
      3. Осы Қағидаларға сәйкес шығу тегі табиғи және жасанды ормандар, тұқымбақтар, плантациялар және дайындалған ағаш материалдары, сондай-ақ орман қорының өзге де аумақтары зиянкестерден, аурулар мен табиғи және антропогендік сипаттағы өзге де зиянды ықпал етулерден қорғалуға жатады.
      4. Мемлекеттік орман қорын орман зиянкестері мен ауруларынан қорғау оның жай-күйін жүйелі түрде қадағалаумен, орман зиянкестері мен ауруларының ошақтарын дер кезінде анықтаумен, ошақтардың пайда болуының алдын алу, оларды тоқтату және жою жөніндегі шаралармен қамтамасыз етіледі.
      5. Мемлекеттік орман қорының аумағында ормандарды қорғауды жүзеге асыру:
      1) ағымдағы, экспедициялық, ұшақтан көзбен шолу және басқа да орман патологиялық зерттеулерді;
      2) орман зиянкестері мен ауруларының дамуына жалпы, барлаушылық және толық бақылауды;
      3) орман зиянкестерімен және ауруларымен күрес жөніндегі жердегі және авиациялық жұмыстарды жүзеге асыруды;
      4) орман зиянкестерінің ошақтарын алдын алуды және жоюды қамтиды.

2. Орман қорғау іс-шараларын белгілеудің, жоспарлаудың
және жүргізудің жалпы тәртібі

      6. Орман қорғау іс-шараларының мерзімдері мен түрлерін орман иеленушілер мен орман пайдаланушылар орман орналастыру, орман патологиясын зерттеу, орман экожүйелерінің мониторингі және олардың негізінде ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болжамдар жасау кезінде анықталатын ормандардың нақты санитариялық жай-күйінің негізінде, сондай-ақ мемлекеттік орман қорының санатын, ормандардың жасын және олардың қол жетімділігін, зиянкестер ошақтарының даму кезеңдерін, ағаш тұқымдарының биологиясын, зиянды жәндіктер мен аурулар қоздырушылардың биологиясын, экономикалық және экологиялық қажеттілігін ескере отырып белгілейді.
      7. Орман қорғау іс-шаралары бірінші кезекте өрт, желсұлатпа, қуаңшылық, шамадан тыс құрғақтық, ылғалдың молдығы, өнеркәсіп қалдықтары немесе өзге де қолайсыз факторлар, сондай-ақ ағаш кесу, шайыр ағызу және өзге де орман пайдалану салдарынан бүлінген немесе әлсіреген екпелерде, екпелердің орнықтылығына қауіп төндіретіндей мөлшерде ағаштардың зақымдануына және жойылуына, олардың мақсатты функцияларының бұзылуына әкеп соқтырған зиянды жәндіктер мен аурулар ошақтарында, сондай-ақ профилактикалық мақсаттарда белгіленеді.
      8. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орман қорғау іс-шаралары олардың күзет режимдері ескеріле отырып жүргізіледі.
      9. Орман қорғау іс-шараларын орман иеленушілер мен орман пайдаланушылар жұмыс түрлері бойынша бөлек жүзеге асырады, бұл орайда санитарлық мақсатта іріктеп және жаппай кесу осы Қағидалардың
1-қосымшасына сәйкес орман мекемесінің басшысы бекіткен Орман қорғау іс-шараларын жүргізу жоспары (түзету) бойынша ресімделеді. Өтімді ағаштың, оның ішінде кәделік сүректің үлесі кеспеағаштарды материалдық-ақшалай бағалау негізінде белгіленеді.
      10. Орман қорғау іс-шараларын орман иеленушілер мен орман пайдаланушылар жыл сайын жасап, қажеттілігіне қарай түзетіп отырады. Оларда өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін, бірегей табиғи қауымдастықтарды, самырсын және басқа да құнды ормандарды қорғау жөніндегі шаралар көзделеді.
      11. Орман қорғау іс-шараларының көлемін бөлу екпелердің зақымдану мерзімдері мен ерекшеліктерін, ағаш тұқымдарының, зиянды жәндіктер мен ауру қоздырушылардың биологиясын ескере отырып жүргізіледі.
      12. Дүлей апаттардың әсеріне ұшыраған аудандарда (орманның өрттерден, өнеркәсіп қалдықтарынан, желсұлатпасынан, қар омырудан, куаңшылықтан, жәндіктерден, аурулардан зақымдануы) орман қорғау іс-шаралары жоспарларына бүлінген ағаштарды жинауға бағытталған қажетті өзгерістер енгізіледі.
      13. Мемлекеттік орман қоры аумағында санитарлық мақсатта іріктеп кесу және санитарлық мақсатта жаппай кесу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізіледі.

3. Орман қорғау іс-шараларының түрлері мен міндеттері

      14. Екпелердің орнықтылығын сақтау мен арттыру, олардың шығымдылығын ұлғайту, дің зиянкестерінің санын азайту, аурулардың жұқпалы әсерін азайту, сондай-ақ ормандарда өрт қауіпсіздігін арттыру мақсатында орман иеленушілер мен орман пайдаланушылар мынадай орман қорғау іс-шараларын дер кезінде жүргізеді:
      кеспеағаштарды тазарту;
      кеспеағаштардан тыс қоқыстарды жинау;
      тұтқыр ағаштарды немесе шоғырларды сұрыптау;
      қауіпті орман ауруларының таралуының аралық буындары болуы мүмкін қажетсіз ағаш тұқымдарын, бұталарды және басқа өсімдіктерді кесіп тастау;
      іріктеп санитарлық мақсатта ағаш кесу;
      жаппай санитарлық мақсатта ағаш кесу;
      орманды зиянкестер мен аурулардан қорғаудың басқа да қажетті шаралары.

4. Кеспеағаштарды тазарту және кеспеағаштан
тыс қоқыстарды жинау

      15. Кеспеағаштарды тазарту Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу тәртібіне сәйкес жүргізіледі.
      16. Қоқыстарды жинау жел сұлатқан, дауыл құлатқан, қар сындырған өтімді сүрек болған жағдайда белгіленеді.
      Эстетикалық және өртке қарсы мақсаттарда санитарлық-гигиеналық және сауықтыру функцияларын орындайтын ормандарда, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ормандарында (бұған рұқсат етілген жерлерде) өтімсіз сүректі де жинау жүргізіледі.
      Бірінші кезекте дің зиянкестерінің ошақтарының пайда болу қауіпі бар жас шырпылар учаскелері жиналады. Жинау мерзімдері зиянкестердің негізгі түрлерінің биологиясымен байланыстырылады.

5. Тұтқыр үймелер мен тосқауыл ағаштар орналастыру

      17. Тұтқыр үймелер мен тосқауыл ағаштар орналастыру - әлсіреген, бірақ әлі өсімтал ағаштардан дің зиянкестерінің назарын бұру үшін жүргізілетін орман қорғау іс-шарасы.
      Тұтқыр үймелер немесе тосқауыл ағаштар орналастыру зиянкестер ұялай бастаған қураған ағаштар қазірдің өзінде кесіп тасталған, бірақ дің зиянкестерінің көп мөлшері сақталып отырған санитарлық жағынан қанағаттанарлық жай-күйге келтірілген айтарлықтай орнықты екпелерде жүргізіледі.
      Тұтқыр үймелер немесе тосқауыл ағаштар орналастыру зиянкестер ұялай бастаған ағаштарды іріктеп алумен және санитарлық мақсатта іріктеп кесуді жүргізумен ұштастырылуы мүмкін. Санитарлық мақсатта жаппай кесу жүргізілетін зиянкестер жаппай көбейетін кезеңде тосқауыл кеспеағаштар орналастыруға - жәндіктердің назарын қоршаған ағаштардан басқа жаққа аудару мақсатында жаз кезіне қабығы аршылмаған ағаштарды жаппай қалдыруға болады.
      18. Тосқауыл ағаштар ретінде жел сұлатқан, дауыл құлатқан, қар омырған зиянкестер ұяламаған қураған ағаштар діңінің учаскелері, сондай-ақ ауру, кеміс және әлсіреген ағаштар пайдаланылады. Тосқауыл материал ретінде ағаштардың ұшарбасы және басқа кеспе қалдықтары, сондай-ақ аталған ағаш тұқымының бұтақтары тосқауыл үйме ретінде пайдаланылады. Тосқауыл үймелер әдетте шөлейт аймақтағы тоғай екпелерінде және Шренк шыршасының, аршаның таудағы екпелерінде пайдаланылады.
      Зиянкестер енді ұялай бастаған және бүлінген ағаштар – шығу тегі әртүрлі бүлінген және діңінде ақауы бар, құны айтарлықтай төмендеп кеткен (сынған, қисық, зиянкестермен және аурулармен зақымданған) ағаштар.
      Сау ағаштардан тұтқыр үймелер жасауға жол берілмейді.
      19. Зиянкестер енді ұялай бастаған ағаштарды орналастыру кезінде ұрғашы құрттар жұмыртқаның негізгі бөлігін салып қойған, ал алғашқы құрттар қуыршақ жасауға кірісетін кезеңде - діңдерді дер кезінде қабығынан аршу не тұтқыр үйме мен сүректі кәдеге жарату немесе химиялық әдіспен өңдеу қажет. Тосқауыл ағаштар аршылғаннан кейін қабығы мен бұтағы өртеледі не жерге көміп тасталады.
      Тұтқыр үймелер немесе тосқауыл ағаштарды орналастыру орман күтушілердің немесе орман қорғау жөніндегі мамандардың тікелей басшылығымен жүргізілуге тиіс.
      20. Дің зиянкестерінің саны екпелерді орман патологиясы тұрғысынан тексеру нәтижелері бойынша белгіленеді және олардың санына байланысты осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес орналастырылуға тиіс ағаштар саны анықталады.
      Зиянкестер саны осы Қағидалардың 2-қосымшасында көрсетілген мөлшерден төмен болған жағдайда тұтқыр ағаштар орналастырылмайды.
      21. Ерекше қорғалатын орман аумақтарының ормандарында (мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер және мемлекеттік табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар, аса құнды орман алқаптары, ғылыми маңызы бар ормандар, мемлекеттік табиғи орман ескерткіштері, жаңғақ кәсіпшілігі аймақтарының ормандары және орман жемістері екпелері, биік таудағы ормандар), санитарлық-гигиеналық және сауықтыру функцияларын орындайтын ормандарда (қалалық ормандар мен орман парктері, елді мекендер мен емдеу-сауықтыру мекемелерінің жасыл аймақтары) өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар және басқа да су объектілері жағалауларындағы тыйым салынған орман жолақтарында олардың санитарлық жай-күйі жақсы болған жағдайда қабық жегіштердің жаппай ұшуынан бірнеше апта бұрын олар ұя салуы мүмкін жерлерге ферромонды диспенсерлер орнату арқылы олардың тартымдылығын күшейте отырып, тосқауыл ағаштар орналастырылады.
      22. Тосқауыл ағаштар жапырақтарын отамай ұшарбасымен бірге төселеді немесе түйдек күйінде орналастырылады. Төсеніштік тосқауылды дің зиянкестері ошағына жақын жерге топ-тобымен орналастырған дұрыс болады.
      Қатынауға оңай жерлерде зиянкестердің өсіп-өнуін жүйелі түрде байқап отыру және тосқауыл ағаштарды қабығынан дер кезінде аршу үшін бақылау мақсатында тосқауыл ағаштар орналастырған жөн.
      23. Тұтқыр үймелер мен тосқауыл ағаштар орналастыруды зиянкестердің биологиясын және қолданыстағы ұсыныстарды басшылыққа ала отырып, белгілі бір мерзімде жүргізу қажет.
      Күнтізбелік мерзімдер жылдың ауа райы жағдайларына, зиянкестер мен ауру қоздырушылардың осы жер үшін биологиясының ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отыруы мүмкін. Бірқатар жағдайларда тосқауыл ағаштар мен тұтқыр үймелер орналастыру мерзімдері және оны жүргізу техникасы ерекшелік сипатта болуы немесе қосымша шаралармен қатар жүргізілуі мүмкін.
      24. Неғұрлым қауіпті зиянкестер немесе екпелерге ықтимал қатер төндіретін зиянкестер (жұқпалы ауруды таратушылар) үшін тосқауыл ағаштар мен тұтқыр үймелер қоюдың нақты мерзімдері, сондай-ақ шаралар жүргізудің техникасы мен шарттары белгіленеді.
      Қарағай екпелерінде алтытісті қабық жегіштерге қарсы тосқауыл ағаштар орналастыру зиянкестердің көктемгі кіші топтары үшін ақпан-наурызда, жазғы кіші топтары үшін - маусымда жүргізіледі, тосқауыл ағаштар жарық түсетін жерлерге бұтақтарымен орналастырылады.
      Қарағайдың үлкен шелқабық жегішіне қарсы тосқауыл ағаштар ақпан-наурызда орналастырылады.
      Қарағайдың кіші шелқабық жегішіне қарсы тосқауыл ағаштар сүрекдің қолтығы астына қыста бұтақтарымен, орналастырылады, мойны мен діңін астына төсейді. Ағаштардың бес пайызына дейін зақымданған сүрекдіңге тосқауыл ағаштар қойған жөн болады.
      Ағаштың ұшарбасының қабық жегішіне қарсы тосқауыл ағаштар мен тұтқыр бұтақты үймелер ерте көктемде жарық мол жерлерге қойылады. Кеспеағаштарда алдауыш жем ретінде кесінді қалдықтарын, кемісті ағаш өнімін қалдыруға болады.
      Қарағайдың көк жезқоңызына қарсы жас және орташа жастағы қарағайлардан маусымда тосқауыл ағаштар қойылады және ағаштың қабығын аршу құрт жұмыртқалары сүрекке еніп кетпес бұрын жүргізіледі.
      Қарағайдың үлкен бізтұмсық қоңызына қарсы алдауыш жем ретінде орман дақылдарында тосқауыл түрінде түбірлер қалдыру керек.
      Майқарағай екпелерінде осы ағаштың және шыршаның үлкен мұртты қоңызына қарсы қатты зақымданған сүрекдіңдерде тосқауыл ағаштар жаз ортасында (мерзім жергілікті жерде орман патологиясына зерттеулер жүргізілгеннен кейін) қойылады. Кесілген ағаштарға зиянкестер екі аптадан кейін жіберіледі. Оларды төсеніш астына не түбірге ашық жерлерге салу керек. Тосқауыл ретінде кесілгеннен кейін қалған ағаштардың ұшарбастары пайдаланылуы мүмкін. Тосқауыл ағаштардың қабығын зиянкестер сүрек бойына орналасып алғанға дейін аршу керек (Шығыс Қазақстан облысының Кенді Алтай ормандарындағы майқарағай екпелері үшін межелі мерзім шілденің аяғы).
      Өртке күйген қабықтарды жегіштерге қарсы тосқауыл ағаштар ақпан-наурызда қойылады.
      Самырсын екпелерінде шұбатылма қабық жегішке қарсы тосқауыл ағаштар қою сәуір-мамыр айларында жүргізіледі.
      Майқарағайдың үлкен мұртты қоңызына қарсы тосқауыл ағаштар қою майқарағай екпелеріне қойылатын мерзімде орындалады.
      Шренк шыршасының екпелерінде шырша граверінің қабық құртына қарсы және зиянкестер ұяламаған кесінді қалдықтарынан тосқауыл ағаштар мен тұтқыр үймелер қою қабық жегіштер ошақтарын анықтау кезінде санитарлық мақсатта іріктеп кесумен бір мезгілде жүргізіледі. Тосқауыл ағаштарды орналастыру міндетті түрде желегімен қыста немесе ерте көктемде, бірақ негізгі зиянкестердің ұшуы басталардан екі апта кешіктірмей жүргізіледі (наурыздың аяғы - сәуірдің басы, қайталануы - маусымда, биік тауларда мамыр-маусымда).
      Тосқауыл ағаштардың немесе тосқауыл үймелердің қажетті саны екпелерді зерттеу нәтижесінде анықталады.
      Ауыспалы ошақтарда тосқауыл ағаштарды екі-үш ағаштан тұратын топтармен, ал созылмалы жағдайда - 100-200 метр қашықтықта бір-бірден орналастырады.
      Арша екпелерінде аршаның шелқабық құртына қарсы тосқауыл ағаштар наурыз аяғынан бастап екі мәрте қойылады. Тосқауыл үймені солтүстік экспозицияның беткейіне қою тиімді.
      Аршаның мұртты қоңызына қарсы тосқауыл ағаштар наурыздың аяқ кезінен бастап қойылады, көктем ұзаққа созылған жағдайда ағаштар орналастыру әрбір нақты жағдайда ауа райы жағдайларына байланысты белгіленетін аралық кезеңмен екі мәрте жүргізілуге тиіс.
      Аршаның жез қоңызына қарсы тосқауыл үйме мамыр-маусымда қойылады. Күн нұры жақсы қыздыратын жерлерде жарты метр мөлшерде ұсақталып кесілген ағаштар тастау өте тиімді.
      Қарағаш екпелерінде тосқауыл ағаштар қою қабық құртының түрлеріне байланысты: сәуірдің басында (шелқабық құрты болса), мамырдың ортасында, маусымның аяғында, тамыздың ортасында жүргізіледі, заболонник пен өзге де зиянкестер болған жағдайда тосқауыл ағаштар мамыр-маусымда қойылады.
      Емен екпелерінде жез қоңызға, емен заболоннигіне және басқа да зиянкестерге қарсы тосқауыл ағаштар мамыр-маусымда орналастырылады.
      Көктерек пен терек екпелерінде жез қоңызға және зиянкестердің кейбір түрлеріне қарсы тосқауыл ағаштар мамыр-шілдеде биологиясына байланысты қойылады.
      Шөлейт аймақтағы тоғайлы ормандар жағдайында тосқауыл ағаштардан басқа профилактика ретінде химикаттармен өңделетін тосқауыл үймелер түрінде кесінді қалдықтарын да орналастырған жөн.

6. Қажетсіз тұқымдарды, бұталарды және басқа өсімдіктерді
кесіп тастау

      25. Осы іс-шара бұталардың жекелеген түрлері мәдени ауыл шаруашылығы өсімдіктері мен құнды ағаш тұқымдары үшін қауіпті ағзаларды таратушы болып табылатын сүрекдіңдерде жүргізіледі.
      26. Орман қойнауына дейін 200 метр қашықтықтағы далалық жерлерге жапсарлас орман екпелерінде ауыл шаруашылығы мәдени дақылдарын зақымдайтын тотты шіріткіштің аралық иелері болып табылатын зерек пен іш жүргізетін қаражеміс өсуінің еш қажеті жоқ.
      27. Жекелеген жағдайларда сондай-ақ аралық иелер ретінде құнды тұқымар үшін қауіпті организмдердің өсіп-өнуіне ықпал ететін кейбір басқа да ағаш тұқымдары кесіп тасталады. Шыршаның тұқымдық екпелерінде індет ауруы - шырша бүрінің тотын таратушы болып табылатын мойыл міндетті түрде жойылуға тиіс.
      Шөлейт аймақтағы сексеуіл дақылдарында арамшөптердің, ең алдымен сексеуілдің кейбір зиянкестері көбеюі мүмкін алабота тұқымдастары өкілдерінің өсіп өнуіне жол берілмейді.

7. Арнайы әдістерді қолдану

      28. Жоғарыда көрсетілген орман қорғау іс-шараларымен, сондай-ақ санитарлық мақсатта іріктеп және жаппай кесумен ұштастыра отырып немесе оларға қарамастан орман қорғау жөніндегі мамандардың ұсыныстары бойынша және олардың бақылаумен осы Қағидалардың 12-тарауында баяндалған ережеге сәйкес орман мен орман материалдарын дің зиянкестерінен қорғаудың химиялық шаралары, алдамшы құралдар (ферромондық тұтқырлар), ремиздер қалдыру, пайдалы организмдерді сақтау шаралары қолданылады.
      29. Ферромондармен жәндіктерді аулау әр түрлі алдамшы заттар пайдаланып немесе ағаш кесуді ұштастыра отырып және тосқауыл ағаштармен (өсіп тұрған және кесілген) жүзеге асырылуы мүмкін, бұл ретте барлық жағдайларда оларды аулау инсектицидтер қолданылып, механикалық жолмен (ағаштар қабығын аршу) не болмаса басқа тәсілдермен жүргізіледі.
      30. Құстар ұя басатын кезеңде көктемде және жаздың екінші жартысында, ең алдымен құрлардың ойнағы бар, жыртқыш құстар ұя басатын жерлерде орманда орман шаруашылығы және өзге де қызметті шектеу қажет.
      Орманда ағаш кесудің барлық түрі және өзге де жұмыстар кезінде құстар ұя салуы мүмкін орман қолтығын сақтау және олардың ұя салуына жәрдемдесудің басқа да шараларын қолдану керек.
      31. Ағаш кесудің барлық түрінде, кеспеағашты тазарту, орман қорғау шараларының барлық түрін жүргізу кезінде дің зиянкестерінің энтомофагтарын қорғау, сақтау және жәрдемдесу жөнінде шаралар қолданылады.
      Энтомофагтарды қорғау, сақтау және өсіп-көбеюіне жәрдемдесу жөніндегі негізгі шаралар:
      1) әлсіреген екпелердегі жыртқыш қабық құрттарының кешенін және пайда болған қабық құрттарының ошақтарын сақтау және жасанды жолмен қоныстандыру. Қыстау кезеңінде құмырсқа жегіш қоңызды қабық топтарына қоныстандыру неғұрлым тиімді;
      2) көміртектілермен қоректену жағдайларын жақсарту жолымен қабық құртының өсіп-көбею ошақтарында қабық құрттары кешенінің паразиттерін сақтау және тарту, бұған дің зиянкестерінің ықтимал ошақтарында бір, екі және көп жылдық шырынды шөптер себу (ремиздер жасау) арқылы қол жеткізуге болады;
      3) ағаштарды химиялық жолмен өңдеу кезінде қабық құрты энтомофагтарын сақтау химиялық өңдеулердің, атап айтқанда көктемгі топ зиянкестері энтомофагтарының ұшып келуі алдындағы мерзімде өңдеудің жанама әсерлерін төмендету негізінде жүзеге асырылады. Химиялық өңдеулер негізінен профилактикалық мақсаттарда жүргізіледі;
      4) екпелерде энтомофагтардың мекендеу микростацияларын сақтауға әлсіреген екпелерде және қабық құрты ошақтарында іріктеп санитарлық мақсатта кесуді жүргізудің қабық құртының паразиттерімен залалданудың жоғары пайызы байқалған ағаштардың белгілі бір мөлшерін сақтауды қамтитын бірқатар ережелері мен мерзімдерін ұстану арқылы қол жеткізіледі. Сондай-ақ тамыз айынан бастап және одан кейін дің зиянкестері ошақтарында қабық құрты ұялаған қураған ағаштарды кесіп тастау және алдамшы ағаштар мен сорттылықтарды орналастыру шарасы қолданылады. Алдамшы құралдар қабық құрттың жыртқыш қоңыздарын бір жерге шоғырландыру үшін пайдаланылады және қолданыстағы ұсыныстарға сәйкес басқа да шаралар қолданылады;
      5) ағашы кесілген жерлерде қабық құрттың энтомафагтері мекендейтін шағын станцияларды сақтау қабық құрт кешенінде паразиттер мен жыртқыштарды өсіру үшін белгілі бір мөлшерде кеспе қалдықтарын, түбірлерді, шырпыларды және басқа ағаш дайындау қалдықтарын қалдыруға болады.
      Дің зиянкестерін энтомофагтерін сақтау, қорғау және өсіп-көбеюіне жәрдемдесу жөнінде аталған іс-шаралар орман патологиялық зерттеуден кейін ғана және орман патологы-инженерінің қатысуымен жүргізіледі.

8. Орман зиянкестері мен ауруларының пайда болуы туралы
ақпараттандыру

      32. Екпелер мен орман питомниктерінде зиянды жәндіктер, саңырауқұлақтар метеорологиялық факторлар немесе өзге де себептер тудыратын бүліну мен аурулар байқалған кезде, егер бұл екпелердің әлсіреуіне, біртіндеп немесе толық кебуіне немесе орман питомниктеріндегі екпелердің жойылып кетуіне қатер төндірсе, жоғары тұрған ұйымдарды орман зиянкестері мен ауруларының пайда болуы туралы хабарландыру жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі.
      33. Байқалған кезде ақпараттандыру жүргізілетін негізгі құбылыстар зиянды жәндіктер көбелектерінің айтарлықтай көбейіп кетуі, ағаштарға олардың жұмыртқа салуы, топырақта немесе ағаштарда құрттардың, жұмыртқалардың немесе қуыршақ құрттардың пайда болуы; ағаштарда өрмекші ұяларының немесе жер бетінде құрттардың зат алмасу қалдықтарының жиналуы; қылқандар мен жапырақтардың көп желінуі, ағаштардың кеуіп қалуы, өсіп тұрған ағаштар діңдерін зиянды жәндіктердің (қабық жегіштер, мұртты құрттар және басқалар) соңғы кезде бүлдіруі: діңдерді, өскіндерді, өркендерді, қабықты және тамырларды кеміру, қылқандар мен жапырақтардың жаппай сарғайып кетуі немесе мезгілсіз түсіп қалуы болып табылады.
      34. Орманшы (инспектор) орман қорының оған бекіткендері шегінде орман зиянкестері мен қауіпті ауруларының пайда болуына бақылау жасайды және қандай да бір құбылыс байқалған жағдайда ол туралы орман шеберіне шұғыл түрде хабарлайды (ауызша немесе жазбаша).
      Орман пайдаланушылар (пайдалану мерзіміне қарамастан) байқалған зиянкестер мен аурулар туралы орманшыға (инспекторға), орман мастеріне немесе тікелей орман күзетшісіне хабарлаулары тиіс.
      Орман мастері орманшыдан (инспектордан) немесе орман пайдаланушыдан хабарламаны алғаннан кейін бүлінген учаскенің жай-күйін шұғыл түрде тексеріп, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жерден белгі беру парағын толтырады және оны орманшылыққа жібереді.
      35. Орманшы жерден белгі беру парағын алғаннан кейін үш күнтізбелік күн мерзімде бүлінген учаскені тексереді, бүліну сипаты мен дәрежесін белгілейді, мүмкіндігінше зиянкестің немесе ауруды қоздырушының түрін анықтайды.
      Бүлінген учаскелерді қарау деректері осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарау актісіне енгізіледі. Бүлінген учаскені қарау актісі екі данада жасалады: біреуі мемлекеттік орман қорының осы учаскесі қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қосқандағы орман шаруашылығын жүргізуді жүзеге асыратын ұйымның (бұдан әрі - орман мекемесі) басшысына осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес ағаш зиянкестері мен ауруларының пайда болуы туралы жерден белгі беру парағы қоса тіркеліп шұғыл түрде жіберіледі, екіншісі орманшылықта қалдырылады.
      36. Орман мекемелері бүлінген учаскені қарау актісін алғаннан кейін үш күнтізбелік күн мерзімде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес өзінен жоғары тұрған ұйымдарға іс-шаралар өткізуге қажетті байқалғандарды көрсете отырып зиянкестер мен аурулардың пайда болуы немесе орманның кебуі әрі бүлінуі туралы жедел хабарлама жібереді.
      37. Жеке меншік орман иеленушілер жеке меншік орман қоры аумағында зиянды жәндіктермен, саңырауқұлақтармен, метрологиялық факторлармен немесе өзге де себептермен пайда болған бүлінулер мен ауруларды байқағаннан кейін осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес үш жұмыс күн ішінде уәкілетті органның аумақтық органдарына өткізілуі қажетті іс-шаралар көрсете отырып, зиянкестер мен аурулардың пайда болуы немесе орманның кебуі әрі бүлінуі туралы жедел хабарлама жібереді.
      Орман қорын қорғау, күзету, пайдалану, ормандарды молықтыру және ағаш өсіру саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын органдар жедел хабарламаның деректерін алдағы жылға арналған орман қорғау іс-шараларын жоспарлау кезінде пайдаланады және мемлекеттік және жекеше орман иеленушілер мен орман пайдаланушыларға байқалған ошақты жою жөнінде қажетті іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу техникасы бойынша нұсқау немесе түсінік береді.

9. Орманның аса қауіпті зиянкестері мен ауруларына орман
патологиялық зерттеуін ұйымдастыру

      38. Орман патологиялық мониторингтің бір бөлігі болып табылатын мемлекеттік орман қорының аумағында орман патологиялық зерттеу жүргізу оны өткізу міндеттері мен әдістеріне байланысты барлаушылық және толық зерттеу болып бөлінеді.
      Барлаушылық зерттеудің мақсаты – осы ауданның жағдайында қауіпті зиянды орман жәндіктері мен аурулардың пайда болу ошақтарын дер кезінде анықтау, екпелерге төнген қауіпті көзбен бағалау және осы ошақтардың жай-күйіне бақылауды қамтамасыз ету. Барлаушылық зерттеу орман шеберлеріне немесе орманшылардың көмекшілеріне жүктеледі және орманшылардың басшылығымен жүргізіледі. Мұндай зерттеуге жалпы техникалық басшылықты орман патологы-инженері жүзеге асырады.
      Толық зерттеудің мақсаты – зерттеуге жатқызылған зиянды орман жәндіктері түрлері санының ауытқуын анықтау, мүмкіндігінше осы ауытқулардың себептерін анықтау және алынған деректер негізінде олардың жаппай таралуының дамуына қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болжамдар әзірлеу.
      39. Барлаушылық зерттеу зиянды орман жәндіктері ошақтарының пайда болуына тән екпелерге арнайы таңдалған учаскелерде немесе осындай екпелер қиылысатын арнайы мартшруттық жолдар бойынша тексеру жолымен жүзеге асырылады.
      Зерттеу зиянды орман жәндіктерінің барын білдіретін неғұрлым тән белгілер бойынша жүргізіледі.
      Орман патологы-инженері барлаушылық зерттеуді орындаушыларға нұсқау береді.
      40. Толық зерттеу кезінде қызмет көрсетілетін орман мекемелерінде орман күзету жөніндегі мамандар зиянкестердің әрбір түрі үшін бірнеше учаскелерді таңдайды, ол зиянкестердің биологиясы ескеріле отырып белгіленген мерзімдерде жылына екі рет тексеріледі. Қылқан және жапырақ кеміргіш жәндіктерді зерттеу кезінде жыл сайын зиянкестерді есепке алу қысқы фазада оның даму болжамдарын әзірлеу кезінде (қуыршақ құрттар, жұмыртқалар салмағы, салынған жұмыртқалар мен ұялардың мөлшері мен салмағы, зиянкестің еркегі мен ұрғашысының арасалмағы, олардың паразиттері мен ауруларының болуы) пайдаланылатын көбеюдің сандық және сапалық көрсеткіштерін анықтай отырып жүргізіледі.
      Болжам бойынша зиянкестердің қандай да бір түрлерінің жаппай көбеюі күтілген жағдайларда осы учаскелер үшін белгіленген толық қадағалау барлық орман алқабы жетік тексеріле отырып зиянкестердің көбеюі болжанған ауданда толықтырылады.
      41. Жекеше орман қоры аумағында орманды патологиялық зерттеуді жүргізу жекеше орман иеленушіге жүктеледі.

10. Орман зиянкестері мен ауруларының ошақтарын
есепке алу және олардың алдын алу мен жою
жөніндегі іс-шараларды жоспарлау

      42. Орманның қауіпті зиянкестері мен ауруларының орын алған ошақтарын есепке алу және оларға қарсы жүргізілген күрес нәтижелерінде жойылған және табиғи факторлардың әсерінен өшкен ошақтарды дер кезінде есептен шығару мақсатында жыл сайын күзде ошақтарды түгендеу жүргізілуі тиіс.
      Орман мекемесі басшысының бұйрығымен түгендеу жүргізу құрамында директордың орынбасары, орман патологы-инженері және орманшы болатын комиссияға жүктеледі.
      43. Түгендеуді жүргізу кезінде өткен жылдағы ошақтардың бар-жоғы туралы деректер, қадағалау материалдары мен орман патологиялық зерттеулердің материалдары пайдаланылады.
      Ошақтардың шекаралары мен алаңдары түгендеу кезінде нақтыланады.
      44. Қылқан жапырақты және жапырақ кеміргіш зиянкестердің ошақтары түгендеу кезінде зиянкестердің түрлері бойынша нақтыланады.
      Екпелердің шоғырлануы кезінде қылқан жапырақты және жапырақ кеміргіш зиянкестердің бірнеше түрлерімен бір уақытта залалданған екпелердің алаңы кешенді ошақ ретінде көрсетіледі. Бұл орайда зиянкестің басымды түрі көрсетіледі, сондай-ақ егер екпелердің олармен шоғырлану деңгейі жеке сипат алмайтын болса зиянды жәндіктердің басқа да түрлерінің тізбесі келтіріледі.
      Кез-келген фазада қылқан жапырақты және жапырақ кеміргіш жәндіктер шоғырланған орман учаскелері (орман алқаптары) жатады, олар екпелерді бүлдіретін немесе болашақта оларға бүлдіру қаупін туғызатын болса, есепке алуға жатады.
      45. Дің зиянкестерінің ошақтары мынадай ағаш тұқымдары бойынша есептеледі: қарағай, шырша, майқарағай, самырсын, балқарағай, емен.
      Әрбір тұқым бойынша зиянкестердің негізгі топтары (қабық жегіштер, мұртты құрттар, шелқабық құрты, желқоңыз) көрсетіледі.
      Жапырақты тұқымдылар (еменнен басқа) зиянкестерінің ошақтары зиянкестердің орман шаруашылығы үшін қауіпті болатын жерлерде ғана есептеледі. Мешкей, шыны, кеміргіш ағаш құрттарының ошақтары бөлек-бөлек есепке алынады.
      46. Саңырауқұлақ ауруларының ошақтары олардың түрлері бойынша аурулардың таралуының шұбар немесе топтық сипатында есептеледі. Аурулардың осындай таралуы белгіленген екпелердің барлық учаскесі ошақ болып саналады.
      47. Түгелдеу нәтижесінде әрбір орман мекемесі бойынша орманшылық бөлінісінде орман зиянкестері мен аурулары ошақтарының жиынтық ведомосі жасалады. Ведомосте жылдың басында болған, ағымдағы жылда қайтадан пайда болған, жүргізілген күрес шаралары нәтижесінде жойылған, табиғи факторлардың әсерінен өшкен ошақтардың алаңдары мен күрес шараларын қажет ететін жыл аяғында қалған ошақтардың алаңдары көрсетіледі.
      Түгелдеуден кейін орман зиянкестері мен аурулары ошақтарының ведомосін орман мекемелері жоғары тұрған ұйымға он күнтізбелік күн ішінде ұсынады.
      48. Орман патологы-инженері ошақтарды түгендеу деректері және қайтадан пайда болған ошақтар туралы жедел хабарламалар негізінде орман мекемесі бойынша орман зиянкестері мен аурулары ошақтарының динамикасын арнайы есепке алу кітабын жүргізеді және жыл сайын ормандардың залалдану картасын жасайды.
      Толық тексеру материалдарымен бірге жыл сайын 15 қарашаға жоғары тұрған ұйымдарға өткен жылға арналған орман мекемесі бойынша орман зиянкестері мен ауруларының таралуына шолулар мен алдағы жылға арналған зиянды орман жәндіктері ошақтарының даму динамикасына болжамдар ұсынылады.
      Авиахимкүресті жобалау кезінде ерекше маңызды болжамның негіздемесі үшін орман патологы-инженері қысқы даму фазасына зиянкестің тіршілік қабілетіне талдау жүргізеді.
      49. Орман мекемелері орман патологы-инженерлері, орманды қорғау және күзету инженерлері ұсынған орманды патологиялық зерттеу материалдары, шолулар мен болжамдар негізінде өткен жыл үшін орман зиянкестері мен ауруларының таралуына шолулар мен алдағы жылға арналған зиянды орман жәндіктердің таралуына болжам жасап, оны орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы уәкілетті органға ұсынады.
      50. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы уәкілетті орган орман зиянкестері мен ауруларының таралуы мен көбеюіне шолулар мен болжамдар деректері негізінде ормандардың санитарлық және орман патологиялық жай-күйі туралы жиынтық материалдар дайындайды, сондай-ақ орман зиянкестерімен және ауруларымен күрес жөнінде алдын алу және басқа да іс-шаралардың перспективалық жоспарларын әзірлейді, олардың негізінде орман зиянкестері мен аурулары ошақтарының алдын алу және оларды жоюдың техникалық-экономикалық негіздемелері (жобалары) әзірленеді.

11. Зиянкестерге қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар

      51. Алдын алу іс-шараларын және орман зиянкестері мен ауруларының ошақтарын жоюға бағытталған іс-шараларды орман иеленушілер мен орман пайдаланушылар қамтамасыз етеді.
      52. Мемлекеттік орман қоры аумағында аса қауіпті орман зиянкестері ошақтарының алдын алуды және жоюды осы учаске қарауына жататын орман мекемелері басшылығының көмегімен және оның басшылығымен орман пайдаланушы қамтамасыз етеді.

12. Дің зиянкестерінен химиялық қорғау

      53. Дің зиянкестерінің бүлдіруінен қорғау мақсатында, егер өзге шаралар мен құралдар мүмкін болмаса немесе тиімсіз болса, қабықталмаған ағаш материалдары мен шыбықтар орманда қоймалар мен тиеу бекеттерінде сақталған кезде оларды жылдың жылы кезеңінде химиялық жолмен бүрку әдісі қолданылады.
      54. Бүрку тәсілімен химиялық бүркуге қылқан және жапырақты тұқымдықтардың қабықталмаған бөрене материалдары мен қарағай, шырша, майқарағай, самырсын, балқарағай, емен, қарағаш, шаған және басқа орман құраушы қасиеті жағынан жәндіктердің бүлдіруіне төзбейтін құнды ағаштар тұқымдықтарының жас шыбықтары өңделеді, өйткені бұл ағаштарды құрттың жеуіне жол берілмейді немесе оған шектеу қойылады.
      55. Химиялық қорғау тәсілімен бүрку ісі жағадағыдан басқа, барлық типтегі қоймаларда, барлық климаттық аймақтарда қолданылады.
      56. Ауыз су, балық шаруашылығы және ауыл шаруашылығы маңызы бар су көздеріне жақын жердегі сүректі химиялық қорғау тасқын сулар барынша көп жиналатын жерлер шекарасынан кемінде 500 метр, бірақ қазіргі жағасынан 2 шақырымнан жақын болмайтындай қашықтықта жүргізіледі.
      57. Күз-қыс кезеңінде дайындалған бөрене материалдары мен жас шыбықтарды химиялық қорғау ісі онкүнтізбелік күн мерзімде, жылы кезең басталар алдында, жылылық Цельсий бойынша + 5 градус болатын тәуліктік орташа температура тұрақтылығы жағдайында жүргізіледі, өйткені фенологиялық топтағы дің зиянкестері осы кезде ұша бастайды.
      Бағдар алу үшін мына жайға назар аудару керек: күзде-қыста дайындалған қарағай сүректерін кеспеген аудандар сәуірдің бірінші жартысынан кешіктірмей бүркуі қажет, ал тек көктем ұзаққа созылғанда солтүстік аудандарда – сәуірдің соңғы онкүндігінде жүргізіледі;
      шырша сүрегін – тиісінше екі апта кейінірек, яғни сәуірдің екінші – мамырдың бірінші жартысында;
      самырсын сүрегін – негізгі зиянкестер ұшар алдында, яғни 15-25 мамырдан кешіктірмей;
      балқарағай сүрегін - мамырдың бірінші жартысында;
      еменнің сүрегін - мамырдың бірінші жартысында, ал еменнің қызыл мұртты қоңызы болған жағдайда - 15-20 сәуірден кешіктірмей;
      қарағаш тұқымдары сүрегін сәуірдің соңынан қалдырмай, ал шелқабық құрты көп болған кезде - 10-15 сәуірден кешіктірмей;
      шаған сүрегін - 15-20 сәуірден кешіктірмей бүркіп өңдеу керек.
      Аймақтардың ауа-райы мен климат жағдайларына қарай сүректерді химиялық қорғаудың басталу мерзімдері өзгеріп тұрады, ол жергілікті жерлерде белгіленеді, орман қорғау іс-шараларын жедел жүргізудің көрсеткіші - дің зиянкестерінің, қоңыр ұнтақтың немесе ағаш материалдарының қабығы үстінен олардың тіршілігінің басқа іздерінің байқалуы болып табылады, олар ең алдымен текшелеп жиналған ағаштың күн қызуы жақсы қыздыратын тұстарында байқалады.
      58. Көктемгі-жазғы кезеңде дайындалған бөрене материалдары мен жас шыбықтарды, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес оларды қабықталмаған және қандай да бір тәсілмен қорғалмаған жағдайда орманда сақтауға тыйым салынады, жоғары қоймаларда және тиеу бекеттерінде олар 2 тәуліктен кешіктірмей өңделеді, ал төменгі қоймаларда – осы Қағидалардың 65-тармағында көзделген жағдайдан басқа кезде олар дайындалып, іле текшелеп үйілген кезде 3 тәулік ішінде өңделеді.
      59. Сүректерді химиялық қорғау үшін бүрку тәсілімен орман және ауыл шаруашылықтарында қолдануға рұқсат етілген инсектицидтерді қолданады. Инсектицидтердің жұмыс ерітінділерінің қоюлығын, оларды жұмсауды және қорғаныштық өңдеу технологиясын анықтау кезінде нұсқаулық материалдар басшылыққа алынады.
      60. Тамақ ыдыстарын, биохимиялық және гидролиздік өнімді жасап шығаруға арналған жұмыр ағаш материалдарына химиялық қорғау жүргізілмейді. Мұндай жағдайда осы Қағидалардың 13-тарауында көзделген сүректерді қорғау шаралары жүргізіледі.
      61. Халыққа сатуға арналған отындық сүрікті қорғау қажет болған жағдайда адамдарға және жылы қанды жануарларға уландыру әсері аз инсектицидтер пайдаланылады. Отындық ағаш (шөркелер) текшелерге тығыздала үйілгеннен кейін бүркіледі.
      62. Жұмыр материалдарға ұялаған зиянкестерді химиялық тәсілмен құрту үшін өңдеу жәндіктерді жою мақсатымен ағаштарды қабықтау орнына бүрку тәсілі қолданылады.
      Зиянкестер ағаштарды ұялай бастаған кезде олар ұялаған ағаштарды санитарлық кесу кезінде дайындалған бөрене материалдары, сондай-ақ дің зиянкестерінен қорғау дер кезінде жүргізілмеген ағаш материалдары инсектицидтерді бүркіп өңделеді. Зиянкестер ұялаған сүректі мұқият сұрыпталады және ол зиянкестер ұялаған ағаштардан бөлек өңделеді.
      63. Зиянкестер ұялаған сүректі химиялық өңдеу зиянды жәндіктердің жас ұрпағы ағаштың қабығы астынан ұшып кетер алдында жүргізіледі. Өңдеу мерзімі олардың өсіп-жетілуін жүйелі түрде байқау жолымен белгіленеді. Қабық құрты ұялаған ағаш материалдары қоңыздардың жаппай қуыршақтану және алғашқы әлсіз бояулы қоңыздардың байқала бастаған кезінде өңделуге тиіс, мұртты және жезқоңыздар ұялаған жағдайда – ағаштарды өңдеу қоңыздардың жас ұрпағының ұшуы басталар алдында, олардың негізгі тобы қауырт бояулана бастаған, бірақ ұшуы әлі бастала қоймаған кезде жүргізіледі.
      64. Зиянкестер ұялаған сүректі өңдеу кезінде осы Қағидалардың 59-тармағында ұсынылған ағаш материалдарын қорғаныштық өңдеуге арналған сол препараттар қолданылады.
      65. «Қурап тұрған» санатына жататын ағаштардан дайындалған, қауіпті дің зиянкестері толық әлсіреткен ағаш материалдары химиялық өңдеуге жатқызылмайды.
      66. Тосқауыл ағаштарды химиялық бүрку, оның ішінде ферромондар араластырып бүрку ұялаған жәндіктерді жою үшін ұсынылады. Қолданылатын инсектицидтер және олардың қоспалары жәндіктердің жекелеген топтарының төзімділігін ескергенде – осы Қағидалардың 59-тармағында ұсынылатын ағаш материалдарын қорғаныштық өңдеу кезіндегідей болады.
      67. Тамыр тұрпаты бойынша әлсіреген, ерекше құнды ағаштарды химиялық қорғау діңнің биіктігі 3-4 метр бөлігіне бүрку жолымен жүргізіледі; ағаштың ұшы тұрпатында ағаштардың ұшарбасы өңделеді. Қорғаныштық өңдеу мерзімі – көктем, зиянды жәндіктердің ұшуына дейін. Әлсіреген ағаштарды қорғау үшін осы Қағидалардың 59-тармағында ұсынылған препараттар пайдаланылады.
      68. Теректерді мөлдір қанатты көбелектен, мұртты қоңыздан, жасырын тұмсық құрттан химиялық қорғау ағаштар мен түбірлерді өсімдіктердің ішіне әсер ететін препарат-фосфамид, рогор, Би-58 немесе әрекет етуші заты 0,5-1 пайыз антио әдісімен құрттардың туған шағында және олар сүректің қабығының үстіңгі бетімен қоректенетін кезінде жүргізіледі.
      Мұртты құрт зақымдаған талды да қорғау осындай әдіспен жүзеге асырылады.
      69. Сүрек сорғыш және ағаш тескіш құрттармен күресте инсектицид жүйесіне енетін (антио, Би-58), әрекет етуші затының шоғырлануы 0,3-0,5 % ертіндімен бүрку ұсынылады. Бүркудің оңтайлы мерзімі – шілде-тамыз.
      70. Су арқылы ағызылатын сүректі химиялық өңдеуге тыйым салынады.

13. Сүректі орманда, қоймаларда, тиеу
бекеттерінде сақтау тәсілдері

      71. Орманнан кемінде 2 километр қашықтықта қоймаларда және тиеу бекеттерінде көктем-жазғы кезеңге қалдырылған жапырақты және қылқан жапырақты тұқымдастардың қабықталмаған бөрене материалдары мен жас шыбықтарды жарылудан, дің зиянкестері мен саңырауқұлақтармен бүлінуінен зақымданудан қорғау мақсатында сақтаудың дымқыл тәсілін қолдану ұсынылады.
      72. Әрбір текше үшін бөрене төсеп тұғыр жасалуы керек. Дымқыл жағдайда сақтау кезінде текше тұғырының жер бетінен биіктігі кемінде 15 сантиметр, құрғақтай сақтауда кемінде 25 сантиметр болуға тиіс. Топырағы әлсіз жерде бөрене астына төмен сортты бөренелерден жалпақ төсеніш жасалуы керек. Төсеніш бөренелер мен төсеніш үшін жәндіктермен және саңырауқұлақпен зақымданбаған жұмыр ағаш материалдары іріктеп алынады.
      73. Текшелердің мөлшері тиеу-түсіруге пайдаланылатын құралдардың техникалық мүмкіндіктеріне және дайындалған сүректің көлеміне қарай анықталады, ал текшелердің биіктігі жоғарғы қоймаларда және тиеу пункттерінде кемінде 1,5 метр, ал төменгі қоймаларда және кәсіпорындар қоймаларында кемінде 3 метр болуға тиіс.
      74. Сақтаудың дымқыл тәсілі тақтай тілуге, аршуға, сүргілеуге, сол сияқты ұзындарын кеніш тіреулерімен баланстар жасауға арналған жұмыр ағаш материалдары үшін қолданылады.
      75. Дымқыл тәсіл жұмыр ағаш материалдарының, ұзындары мен жас шыбықтарының қабығын сақтау және қосымша қорғау шараларын қолдану, химиялық өңдеу, көлеңкелеу, жаңбырлату, тоғыту, ағаш материалдарының кесінділерін дымқылдықтан қорғайтын және дымқылдықтан қорғайтын-антисептикалық заттармен майлау жолымен күзде-қыста және көктемде-жазда дайындалған сүректерді сақтауды көздейді.
      76. Қоймаларда жұмыр ағаш материалдарын, ұзындарын және шыбықтарын тығыздап (астына төсеніш қоймай), немесе тығыздай-қатарластыра (көпқатарлы ағаш материалдары аралығына көлденең орналастырады) немесе топты текшелей (тығыз-қатар етіп ағаш материалдарының әрбір жекелеген қатар аралығына көлбете төсеу) орналастыру әдісі қолданылады.
      Жоғарғы және аралық қоймаларда жұмыр ағаш материалдарын, ұзындарын және шыбықтарын тығыз орналастыру ғана қолданылады.
      77. Күзгі-қысқы дайындау жағдайында жұмыр ағаш материалдарын, ұзындарын, шыбықтарын текшеге төсеу және жарылудан, жәндіктер мен саңырауқұлақпен зақымданудан қорғаудың қосымша шараларын қолдану жылы маусым басталғанға дейін, Цельсий бойынша тәуліктік орташа температура +5 градустық тұрақтылық болғанда жүзеге асырылады.
      78. Көктемгі-жазғы дайындау жағдайында жұмыр ағаш материалдарын, ұзындарын, шыбықтарын текшелей жинау және қорғаныштық шаралар қолдану жоғарғы қоймаларда ағаш құлатылғаннан кейін 2 тәуліктен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
      79. Тайга аймағында жапырақты, аралас және қылқанды екпеағаштарда (таза қарағайдан басқа) ағаш кесу жұмыстарында көктемгі-күзгі кезеңде ағашты құлату-текшелеуші машиналарды қолданған жағдайда кеспе ағаштарда сүректерді дайындау мен сақтауда ағаштарды жекелей құлату, сүйреп шығару, оларды 6 апталық мерзімге дейін қалың жаппа астында сақталатын күйде текшелеу әдісін қолдануға, кейін (сүйреп шығарудан кейін) шыбықтармен ағаштарды кішігірім текшелерде ағаш тасылатын жолдар жиегінде төменгі қоймаға немесе кәсіпорынның өзен жағасындағы қоймасына тасып әкеткенге дейін сақтауға мүмкіндік жасайтын тәсілді қолдануға жол беріледі.
      Осындай жағдайда ағаштарды құлату мен сүйреп шығару арасында үзіліс болмаған жағдайда сүректерді қорғаудың қосымша шараларын қолданбай-ақ кеспеағаштарда сүректерді төменгі қоймаға тасып әкету сәтіне дейін ағаш тасу жолдары бойында ағаштарды тығыз жабатын текшелерде сақтауға жол беріледі.
      80. Жұмыр ағаш материалдарын ұзындары мен шыбықтарын, дің зиянкестерінің зақымдауына шыдай алмайтын ағаш тұқымдықтарын химиялық қорғау осы Қағидалардың 12-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.
      81. Жұмыр ағаш материалдарын ұзындары мен шыбықтарын көлеңкелеу оларды кесінді қалдықтарымен (жапырақты бұталар) немесе қалқан жабу жолымен жүзеге асырылады.
      Көлеңкелеу:
      жапырақты тұқымдықтың ағаш материалдарын жарылудан, жәндіктер мен саңырауқұлақтардың зақымдауына қарсы қорғаныш шара ретінде;
      инсектицидтерді күн сәулесінің ыдыратуынан қорғау үшін;
      сүректі қорғаныштық өңдеу үшін инсектицидтерді қолдануға тыйым салу жағдайында қолданылады.
      82. Дымқыл тәсілмен сақтау жағдайында жұмыр ағаш материалдары кесінділерін жабуға барлық климаттық аймақтарда тек қана жапырақты тұқымдықтар сүрегіне қатысты жүзеге асырылады.
      Қайыңның, еменнің, қарағаштың, үйеңкінің, қандыағаштың, көктеректің, теректің және шағанның жарылуға немесе саңырауқұлақтың зақымдауына төзе алмайтын жұмыр ағаш материалдарын 3 айға дейін сақтау кезінде кесінділерді ылғалдан қорғайтын жамылғымен жабады.
      Еменнің, қарағаштың, үйеңкінің және шағанның жарылуға төзімсіз жұмыр ағаш материалдарын бүкіл жылы кезең бойына сақтаған жағдайда ылғалдан қорғайтын жамылғы, ал зиянкестердің зақымдауына төзбейтіндерін (қайың, жөке, қандыағаш, терек, көктерек) ылғалдан қорғайтын-антисептикалық жамылғылар қолданылады.
      Текшеге үйілген жұмыр ағаш материалдарының кесінділерін өңдеу үшін барлық тұсына жамылғы пайдаланған жөн, ал жекелей жатқан шыбықтарды өңдеуде, қабығы сыдырылатын және ірі бұтақтарды кесетін жерлерде қолданылады.
      Ылғалдан қорғау ретіндегі зат карбафен, бакелит лагы, мұнай – битум, шайыр көбігі, қарағайдың немесе газдандырылған шайыр, құрғақтай қыздырылған шайыр қолданылады.
      83. Жаңбырлатуды әртүрлі жаңбырлату жүйелері және машиналармен қатарланған текшелердің бетінде бір суаруда 1 м2 ауданда 6 литр суды қамтамасыз ететін 0,3 метр болатын біркелкі сулауда жүргізеді.
      Жаңбырлату жылдың жылы кезеңінде (Цельсий бойынша тәуліктік орташа температура +5 градус болғанда) қатарланған текшелерді салудан кейін жүргізіледі.
      84. Жұмыр ағаш материалдарын суға батыру арнайы суаттарда, бассейндерде жүргізіледі. Ол ағаштарды ұзақ мерзім бойы сақтау (жылы кезеңде), төменгі қоймаларда және кәсіпорынның қоймаларында қылқанды, жапырақты тұқымдықтардың жұмыр ағаш материалдары жәндіктер мен саңырауқұлақтардың зақымдауына төзбейтіндер үшін жүзеге асырылады.
      85. Сақтаудың құрғақ тәсілі ағаш материалдарын жұмыр түрінде (құрылыс, мачта, су құрылысы бөренесі, кеніш тіреу, баланстар) пайдалану үшін қолданылады.
      86. Сақтаудың құрғақ тәсілі қабықтау, қатарлап үю, ағаш материалдарын жарылудан (ыстау, суға батыру, кесінділерді ылғалдан қорғау үшін майлау) сақтау және қорғаудың қосымша шараларын қолдануды көздейді.
      87. Қылқанды тұқымдықтардың жұмыр ағаш материалдары осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес бақылау мерзімінде шелқабығын сыдыруға ұшырайды.
      Жапырақты тұқымдықтардың жұмыр ағаш материалдары үшін (емен, қарағаш, шаған) шелқабықты немесе қатты қабыққа дақ сала, яғни үздіксіз айғыздау (басқа жапырақты тұқымдықтар үшін) ұсынылады.
      88. Қылқанды, жапырақты тұқымдықтардың жұмыр ағаш материалдарын қатарланған текшелерде сақтайды, онда ағаш материалдарының арасы бір-бірінен көлденең төсеніштермен бөлінген.
      Қысқа мөлшерлі ағаш материалдары (баланстар), кеніш тіреулері клеткалы текшеге қатарлана жиналады немесе сиретілген текше топтарына, цилиндрлі пакеттерден құрылған, байлау арқылы қалыптасқан (трос, сым). Қысқа мөлшерлі ағаш материалдарын тығыздатылған шөркелерге жинауға болады.
      89. Сумен ағызуға арналған жапырақты тұқымдықтардың жұмыр ағаш материалдары жоғарғы және төменгі қоймаларда сақталған кезде алдын ала ысталады, яғни желегі арқылы жастай кесілген діңді құрғату, ағаштарды құлату мен бұтақтарды отау арасында 10-15 тәулікте жылдың жылы кезеңінде жүргізіледі. Бұл орайда материалдарға дің зиянкестерінің ұялауы сүректі кейіннен қабықтап, текшелеп жинау алдында құртылады.
      90. Жарылуға төзімсіз самырсынның жұмыр ағаш материалдарының бүйірі ылғалдан қорғайтын заттармен майланады.
      91. Қайыңның, көктеректің, қандыағаштың, үйеңкінің, теректің жарылуға берік жұмыр материалдарын қоймалардың барлық тұрпатында кесінді қалдықтарымен немесе қалқандармен көлеңкелейді.
      Еменнің, үйеңкінің, шағанның жарылуға төзбейтін жұмыр ағаш материалдарының бүйірін ылғалдан қорғау қоймалардың барлық түрінде жүргізіледі.

14. Ағаш кесу кезіндегі орман қорғау іс-шаралары

      92. Басты мақсаттағы кесуді жүргізу кезінде бірінші кезекте кесу өрт зақымдаған, жел сұлатқан, қар омырған, орман зиянкестері мен аурулары, басқа да қолайсыз факторлар әсерінен бүлінген екпелерде белгіленеді.
      93. Аралық мақсатта пайдалану үшін кесу және басқа да кесу кезінде бірінші кезекте кесуге діңі, тамыр табаны, ірі бұтақтардың төбесі және бүкіл желегі бүлінген және солып қалған, дің зиянкестері ұялаған немесе істен шыққан және аурулар зақымдаған ағаштар жатқызылады.
      94. Күтіп-баптау мақсатындағы кесу кезінде бірінші кезекте дің зиянкестері ұялаған, аурулар зақымдаған, жел, қар бүлдірген, өсуі мешеуленген, өспей қалған, қурай бастаған, қурап тұрған, төбесі қураған, қисайған және механикалық жағынан бүлінген (осылған, қуарған-ойылған, төбелері сынған) ағаштар жатады.
      Шығыстың мамыр айындағы зауза қоңызы сан жағынан көп болатын аудандарда құрылған қарағайдың ұйысқан өсімдіктерінің және қарағай түбірінің қандаласы жағдайында тазарту мен сирету ісін өсімдіктердің толымын 0,7 кемітпей, бұл орайда жапырақты тұқымдықтардың қоспасын (құрамы бойынша 2-3 бірлік) және орман қолтығын сақтай отырып, қажетті жағдайда ағаш тасу соқпақтарын пайдалану негізінде селективтік және желілік-селективтік әдіс бойынша жүргізіледі.
      25 жыл болмаған қарағай өсімдіктерінің түбір қандаласы ошақтарында күтіп-баптау кесуін жүргізуге болмайды. Түбір қандаласы ошақтарына жақын орналасқан табиғи жағынан ұйысқан жас шыбықтарда күтіп-баптау кесуін жүргізу кезінде сүректердің толымы 0,8-ден кемімеуі керек.
      ІІІ-V бонитет сыныбындағы қарағай өсімдіктерін кесуді желілік тәсілмен жүргізгенде толымдылық 0,9, қатарлар аралығының ені 2 метрден кем болмауға тиіс және оларды шығыстың және қарағай түбірі қандаласы ұялаған жағдайда кесуге тыйым салынады.
      Толымы төмен қарағайдың жас қабықтарында өте күшті әлсіреген және қурай басталған ағаштар саны 30 %-дан артса, ал желектердің тұтасуы 0,4–тен аспаса немесе кез келген тұтасу жағдайында аталған санаттағы ағаштар саны 50 % болса, екпелерді жаппай кесу арқылы қайта құру белгіленеді және ағаштар тасылып алынады немесе жағып жіберіледі.
      Түбір губкасы мен саңырауқұлақ зақымдаған қылқан жапырақты күтіп-баптау мақсатындағы кесу күзгі-қысқы кезеңде (қарашадан сәуірге дейін) саңырауқұлақтың табиғи таралуы болмайтын шақта жүргізіледі.
      95. Өсетін жерінің жағдайларына, кесінді қалдықтарын сату мүмкіндігіне, ағаш дайындау мен орманды қалпына келтіру жұмыстарының технологиясына байланысты және басқа факторларға қатысты ағашы кесілген жерлерді тазартуға мынадай тәсілдер белгіленеді:
      кесінді қалдықтары жал етіліп үйіледі;
      үймеге, жалға жиналған қалдықтар кейін отын немесе ұқсату ретінде пайдаланылады;
      кесінді үйінділері мен жалы жиналған жерінде шірітуге қалдырылады;
      ағашы кесілген алаңда ұсақталған кесінді қалдықтары (ұзындығы 1 метрден аспайтын) жер үстіне шашып тасталады;
      үйіндіге, жалға жиналған кесінді қалдықтары кеспеағаш алаңында, алаңқайда, бос жерде, сол сияқты саңылаулы жерлерде өрт қауіпі жоқ кезеңде жағып жіберіледі.
      Ағашы кесілген жерлерді тазарту тәсілі әрбір жекелеген жағдайда ағаш кесу билетінде көрсетіледі.
      Ағаш кесудің барлық тәсілдері кезінде ағаш дайындаушылар кеспе ағашта кесуге жатқызылмаған өскіндер мен басқа да ағаштарды бүлінуден сақтауды қамтамасыз ете отырып, кеспеағашты тазартуды ағаш кесумен бір мезгілде жүргізеді.
      96. Қысқы кесуден кейін, көктемде ағаш дайындаушылар тазартудың белгіленген тәсіліне сәйкес ағашы кесілген орындарды толық тазартуды жүргізуге міндетті. Табиғи түлеп өсуге арналған кеспеағаштарда кесінді қалдықтарының үйінділері мен жалдары болашақ өсімдіктер қатарларына жапсарлас орналастырылуы керек және трактордың шынжыр табаны арқылы тапталады.
      97. Құрғақ құмдақ топырақта өскен екпелерде, тастақты топырақтағы қарағай екпелерінде жапырақты орманда және басқа қатты жапырақты екпелерде сол сияқты ауыр топырақтағы шырша орманында ағаштың өздігінен тұқым шашуын күн қызуынан, үсіктен қорғау үшін ағашы кесілген жерлерде кесінді қалдықтары ұзындығы 1 метрге дейін етіп, ұсақталып ағашы кесілген алаңға біркелкі етіп шашып тасталуға тиіс.
      98. Ызғарлы және дымқыл топырақты жерлердегі қылқан жапырақты және жалпақ жапырақты екпелерде ағашы кесілген жерде пайда болған өздігінен тұқым шашу түлетуге жатқызылады, ағашы кесілген жерлерді тазарту үлкен емес (биіктігі 0,5 метрге дейін) кесінді қалдықтарын жинау жолымен, тығыз үймелер өскіндерден бос жерлерге (түбірлер мен шағын түлеген шыбықтар арасына) жүргізіледі.
      99. Құмдақ және жеңіл сазды топырақты алқаптағы қылқан жапырақты және жалпақ жапырақты екпелерде шаруашылық жағынан құнды тұқымдықтардың түлеп өсуі мақсатында жәрдемдесу топырақты жақсарту орынды болып табылады, ағашы кесілген жерлерді тазарту үймелер мен жалдарға жиналған кесінді қалдықтарын отқа жағып жіберу тәсілімен жүргізілуі керек.
      100. Тау ормандарында ағашты біртіндеп және іріктеп кесуді жүргізу кезінде кеспеағашты тазарту кесінді қалдықтарын ұзындығын 1 метрге дейін ұсақтап біркелкі етіп жер үстіне шашып тастау керек. Ағашты жаппай кесу кезінде эрозиялық процестерді болдырмау үшін кесінді қалдықтарын ені бір метрлік жалға жинап, олар тау баурайына әрбір 8-10 метр сайын көлденең орналастырылады осындай мақсатпен ағаш кесудің барлық түрінде кесінді қалдықтарының бір бөлігі трактор жүретін жолдарға (соқпақтарға) жал етіліп үйіледі.
      101. Дің зиянкестерінің, тамыр және ісік аурулары ошақтарында кесінді қалдықтары отқа жағып жіберілуге немесе жерге көмілуге жатады.
      Ұқсатуға немесе сатуға арналған кесінді қалдықтарын көктемгі–жазғы маусым мерзімін ескере отырып, осы Қағидалардың 6-қосымшасында көрсетілгеніндей олардың қашан дайындалғанына қарамастан, бір ай орман ішінде сақтауға рұқсат етіледі.
      102. Бұландарды және басқа жануарларды азықтандыру және оларды орман өсімдіктері мен құнды ағаш тұқымдықтарының табиғи түлеуші өскіндерін жеп қоюдан сақтау үшін күзгі-қысқы қалдықтарын және басқа азықтық тұқымдықтарды қалдыруға рұқсат етіледі және кейін өрт қаупі басталар кезеңге дейін олар міндетті түрде жинап алынып, кеспеағаштан тазартылады.
      103. Қылқан жапырақты тұқымдықтардың түбірінде қарағайдың үлкен бізтұмсық қоңыздары және басқа зиянкестердің жаппай өсіп-көбеюі және олардың жас шыбықтарды бүлдіру қаупі туған жағдайда жас шыбықтарды, ал тек ерекше жағдайларда осы Қағидалардың 12-тарауында баяндалған ұсыныстарға сәйкес түбірлерді жәндіктердің ұялауынан бұрын химиялық өңдеу жүргізіледі. Емен ормандарында және терек екпелерінде қажетті жағдайда түбірлерді дің зиянкестерінен қорғау үшін химиялық әдіс қолданылады.
      104. Ағаш кесудің барлық түрінде сүректерді төменгі қоймаға тасып жеткізу оларды дайындаумен бір мезгілде атқарылады. Сүректерді тасып әкету қиындаған жағдайда сүректерде орман ішінде көктемгі-жазғы кезеңде сақтауға осы Қағидалардың 6-қосымшасына және 12 және 13-тарауларында жазылған әдістерге сәйкес аудандардың климат жағдайларын ескере отырып, белгіленген мерзімде сүректерді міндетті түрде дің зиянкестерінің ұялауынан және саңырауқұлақ ауруына шалдығудан қорғалған жағдайда рұқсат етіледі.
      105. Ормандарда және орманнан 2 километрге дейін қашық жерде, осы Қағидалардың 6-қосымшасында көрсетілген мерзім ішінде қылқан жапырақты тұқымдықтардың қабығы аршылмаған немесе химиялық немесе басқа әдістермен өңделмеген, зиянды жәндіктердің ұялауынан және зақымдауынан қорғалмаған сүректерді қалдыруға болмайды.
      106. Көктемгі-жазғы кезде дайындалған қылқан жапырақты тұқымдықтардың, еменнің, шағанның, қараағаштың сүрегін тасып әкету, қабықтау мен қорғау осы шараларды жүргізу сәтінен 10 күннен кешіктірмей атқарылады.
      107. Қайыңның және қандағаштың жазғы кезеңде дайындалған сүрегін оны сақтаудың арнайы тәсілдері қолданылған жағдайда орман ішінде 2 айға дейін қалдыруға болады. Қыста дайындалған қандағаштың сүрегі сақтаудың сол тәсілдері қолданылған жағдайда 1 шілдеден кешіктірмей тасып әкетіледі.
      108. Орманда ағаш кесілген және сүректер сақталған жерлерде зиянды жәндіктердің және аурулар зақымдаған ағашты, қабықталмаған ағаш материалдарын, орман өсімдіктерін және табиғи түлеп өсуді дер кезінде анықтау және тиісті қорғаныш шараларын жүргізу мақсатымен 1-3 жыл бойы орманды патологиялық қадағалау жүргізіледі.
      109. Орман құрайтын негізгі тұқымдардың зиянкестер жаңа ұялаған және ауру жұқтырған ағаштарын іріктеу осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады.

15. Сүректі қоймаларда, тиеу бекеттерінде сақтау
және тасымалдау кезіндегі орман қорғау іс-шаралары

      110. Көктемгі-жазғы кезеңде сүректерді жоғарғы және төменгі қоймаларда сақтаған жағдайда оларды зиянды жәндіктер мен саңырауқұлақтардың зақымдауынан сақтау жөніндегі шаралар жүргізіледі, осы мақсатта сүрек жұмыр ағаш материалы (сортты), ұзын және жас шыбықтар түрінде ағаш осы Қағидалардың 12-тарауында көзделген дің зиянкестерінен химиялық қорғау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес текшелей үйіліп, қабықталады немесе инсектицидтермен өңделеді немесе осы Қағидалардың 13-тарауында ұсынылған тәсілдермен сақтау қамтамасыз етіледі.
      111. Дайындалған сүректі дің зиянкестерінің ұялауына және саңырауқұлақпен зақымдауына қарсы шараларды дер кезінде қабылдау мақсатында ағаш дайындаушы сүректің қоймаларда және тиеу бекеттерінде сақталуын жүйелі түрде қадағалап отырады.
      Зиянды жәндіктер ұялаған дайындалған ағаш материалдары қабықталып, кейіннен қабығы отқа жағып жіберіледі немесе инсектицидтермен өңделуге жатады.
      Шірік зақымдаған ағаш материалдары өңделуге, отынға немесе өзге мақсаттарға бөлек сұрыпталады.
      112. Дің зиянкестері ұялаған ағаш материалдарын тасымалдауға оларды тек қана қабықтаған және инсектицидтермен өңдегеннен кейін ғана рұқсат етіледі. Ағаш материалдарын жәндіктер ұялаған кезде оған қарсы қабықтау мен химиялық өңдеудің тиімділігі шамалы, сондықтан сүректі тереңірек жедел өңдеу ұсынылады.
      113. Сүрек тасып әкетілгеннен кейін қоймалар мен тиеу бекеттерінің аумағы ағаш кесу қалдықтарынан, қоқыстардан, жоңқалардан, шіріп жатқан сүректен тазартылады.

16. Ағаштан шырын ағызу және шайыр ағызу, қайың және
үйеңкі шырынын дайындау кезіндегі орман қорғау іс-шаралары

      114. Шырын ағызуға арналған қарағайлар мен самырсындардың, ал шайыр ағызуға арналған қарағайлар екпелері олардың жай-күйін анықтау үшін алдын ала тексеріледі.
      Орманның қылқан жапырақты кемірушілерінің және діңдік зиянкестердің ошақтарында оларды ең алдымен жоймайынша, сол сияқты өрттер немесе өзге де факторлар әлсіреткен екпелерде шырын ағызуға болмайды.
      115. Әлсіреген ағаштардан, жуандығы 16-18 сантиметрден кем, дің шеңберінің 50 % астамы сұр көбелек зақымдаған ағаштардан шырын ағызуға рұқсат етілмейді.
      116. Шырын және шайыр ағызуға бөлінген екпелерде осы жұмыстар басталғанға дейін дің зиянкестері ұялаған, аурудың әсерінен қураған және қураған ағаштар кесіп тасталады, кесінді қалдықтары жиналады. Зиянкестер жаңа ұялаған ағаштарды іріктеп алу дің зиянкестерінің дамуы ескеріліп жүргізіледі. Қажет болмаған жағдайда бұл жұмыс кейінде атқарылады.
      Шырын ағызылған екпелерге тұрақты түрде орман патологиялық зерттеу жүргізіледі.
      117. Қайың мен үйеңкі шырынын дайындауда ағаштардың тұрақтылыған және сүректердің техникалық сапаларын сақтауды қамтамасыз ететін тәсілдерге жол беріледі. Ағаш діңіндегі бұрғыланған каналдар шырын ағызу маусымы аяқталған соң міндетті түрде ағаш тығынмен жабылады немесе бау желімімен немесе әк араластырылған балшықпен сыланады.

17. Орманды сауықтыру, тарихи-мәдени мақсаттарда пайдалану кезіндегі орман қорғау іс-шаралары

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.07 N 1413 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      118. Сауықтыру, тарихи-мәдени мақсаттарда пайдаланылатын ормандарды сақтау және олардың төзімділігі мен сапалық жай-күйiн арттыру мақсатында олардың орман-патологиялық жай-күйiн тексеру жүзеге асырылады, аумақтарды ұйымдастыру жолымен орманға рекреациялық қажеттiлiк реттеледi, сондай-ақ ормандардың құрылымы мен пайдаланылу ерекшелiктерiн ескере отырып, санитарлық-сауықтыру және өзге де iс-шаралар орындалады.
      Ескерту. 118-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.07 N 1413 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      119. Аумақтарды жоспарлаумен байланысты ағаш кесу, ландшафтық кесу, қайта құруға кесу және күтіп-баптау кесулерінде кеміс және қурап тұрған ағаштарды, тұрақтылығы мен сәнділігі төмен ағаштарды іріктеп кесу, бірақ сәнділік қасиеттері сирек кездесетін ағаштар, тіпті егер олардың патологиялық белгілері болса да, олардың өміршеңдік қасиетін елеулі түрде бұзбайтын жағдайда кеспей қалдырылады.
      120. Ағаштарды механикалық және өзге де зақымданудан барынша сақтау мақсаттарында ағаш кесудің барлық түрлері, ағаштардың діңдік зиянкестерінің көктем кезіндегі топтарының ұялай бастағандарын іріктеп алуды қоспағанда, қыс кезеңінде жүзеге асырылады. Ағаштар ұшымен жол-сүрлеу жүйесіне, алаңқайларға, бос жерлерге және басқа бос жерлерге құлатылады. Бұтақтарды отау мен шыбықтарды бұтау ағаш кесілген жерде жүргізіледі, сүректі сүйреу мен тасып әкету негізінен сорт-сортымен жол-соқпақ желісі және ағаш пен бұта өсімдіктерінен бос жерлер бойынша жүзеге асырылады.
      121. Парктерде, мемориалдық екпелерде, ормандардың ерекше құнды учаскелерінде осы Қағидалардың орман қорғау іс-шараларын орындаумен қатар ағаштарды жеке-дара қорғау: жарақаттарын емдеу, қураған және зақымданған бұтақтарды кесу, саңырауқұлақ өскен тұстарын шауып тастау, қуыстарды бекіту жүргізіледі.
      122. Ормандарды қурап қалуға немесе ауруға ұшырататын не оларды ластайтын ақаба сулармен, химиялық заттармен, өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтармен және төгінділермен орманды бүлдіруге тыйым салынады.
      Елді мекендерден тасып әкелінетін қоқысты отқа жағып жіберу арнайы бөлінген учаскелерде ғана жүргізіледі.

Ормандардағы санитарлық
қағидаларға     
1-қосымша      

Бекітемін
Орман мекемесінің басшысы
_____________________
20____ жылғы " "

___________________________
(ұйымның атауы) 20__ жылға арналған орман қорғау іс-шараларын
жүргізу жоспары (түзету)

Орманшылық

Орам нөмірі

Телім нөмірі

Телімнің көлемі, га

Белгілеудің себебі

Қысқаша таксациялық сипаттама

Сүрекдіңнің қоры, метркуб

жасы, жыл

бонитет

орташа биіктігі, метр

орташа диаметрі, сантиметр

1 га

телімде барлығы

соның ішінде өтімдісі

Екпелердің жай-күйінің санаты

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13














Бас орманшы ____________
Орманды қорғау және күзету инженері ____________
Орманшы _____________

Ормандардағы санитарлық
қағидаларға     
2-қосымша      

Екпелердегі дің зиянкестерінің санына қатысты
орналастыруға арналған тосқауыл ағаштардың
мөлшерлі санын анықтауға арналған кесте

Дің зиянкестерінің атауы

Орташа есеппен 1 шаршы дм. жердегі зиянкестердің жас ұрпағының саны

жоғары

орташа

төмен

Қарағайдың кішкене шелқабақ жегіш қоңызы

10 астам

6-10

6 кемірек

Қарағайдың үлкен шелқабақ
жегіш қоңызы

5 астам

3-5

3 кемірек

Желек қабығын жегіштер

5 астам

2-3

3 кемірек

Заболонниктер: ағашты бұзушы

6 астам

4-6

4 кемірек

Қарағайдың шайыр қоңызы

1 астам

0,6-1

0,6 кемірек

Майқарағайдың үлкен мұртты қоңызы және көкжез қоңызы

0,5 астам

0,3-0,5

0,3 кемірек

Стенограф, шағанның шелқабақ жегіші

3 астам

2-3

2 кемірек

Гаузер қабық жегіш қоңыз

10 астам

6-10

6 кемірек

      Зиянкес саны барынша көп болған жағдайда ошақта ол ұялаған ағаштардың тең мөлшерде тосқауыл бөренелер қою керек, саны орташа мөлшерде болса, Ұялаған ағаштардың тең жартысынан ширек бөлігіне дейін төмен болса, ұялаған ағаштардың ширек бөлігінен аспайтын мөлшерде тосқауыл ағаш орналастыру керек.
      Саны кестеде көрсетілгеннен төмен болғанда тосқауыл ағаштар қойылмайды.

Ормандардағы санитарлық
қағидаларға     
3-қосымша      

Зиянкестері мен орман ауруларының пайда
болуы туралы жерден белгі беру парағы

1. Ұйым _____________________________________________________________
2. Орманшылық _______________________________________________________
3. Орам №____________________________________________________________
4. Телім (учаске) ___________________________________________________
5. Екпелерде __________________ га,
жас екпелерде _______ га, тұқымбақтарда ______ га алқапта.
6. __________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
___________________________________________________________ байқалды.
7. Бүлінген ағаш тұқымдары: _________________________________________
_____________________________________________________________________
Орманшы (инспектор) хабарлады _______________________________________
                                                (қолы
Орман шебері ________________________________________________________
                            (қолы)

      "___" ___________ 20__ жыл

      Ескертпе: Хабарлама зиянкестер мен аурулардың, сондай-ақ орманның бүлінуі мен кебуінің байқалған көріністері жеке сипат алмайтын барлық жағдайларында беріледі.

Ормандардағы санитарлық
қағидаларға    
4-қосымша     

Нысан

Орманның бүлінген учаскелерін тексеру актісі

1. Ұйым _____________________________________________________________
Орманшылық ____________________ орам № ______________________________
телім (учаске) ______________________________________________________
орман қорының санаты ________________________________________________
2. Екпенің сипаты:___________________________________________________
құрамы _______________________ жасы _________________________________
толымдылығы ______________________ бонитеті _________________________
3. Бүліну байқалған алаң _____________ га
4. Ағаш тұқымы бүлінді ______________________________________________
5. Бүліну сипаты ____________________________________________________
6. Бүліну дәрежесі __________________________________________________
7. Зиянкестердің, аурулардың немесе бүліну тудырған басқа да себептердің атауы ___________________________________________________
8. Жәндіктердің даму фазасы: жұмыртқа, құрттар (көбелек құрттар),
қуыршақтар, үлкен жәндіктер _________________________________________
9. Орналасу тығыздылығы______________________________________________
      (бір өлшем бірлікке зиянкестердің саны: шаршы м., бір ағаш)
10. Қажетті іс-шаралар_______ _______________________________________
11. Байқалған күні __________________________________________________

20__ жылғы "___" _______________
                  (тексеру күні)

Орманшы _______________________
                  (қолы)

Ормандардағы санитарлық
қағидаларға    
5-қосымша     

Зиянкестер мен аурулардың пайда болуы немесе
орманның кебуі мен бүлінуі туралы жедел хабарлама

1. Байқалған орны: Ұйым, орманшылық, орам, мемлекеттік орман қорының санаты ______________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
2. Екпенің сипаты (құрамы, жасы, толымдылығы, бонитет) ______________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
3. Бүліну байқалған алаң _________________________________________ га
4. Бүлінудің сипаты мен дәрежесі ____________________________________
5. Зиянкестердің, аурулардың немесе бүліну тудырған басқа да себептердің атауы ___________________________________________________
6. Жәндіктердің даму фазасы: жұмыртқа, құрттар (көбелек құрттар), қуыршақтар, үлкен жәндіктер _________________________________________
7. Байқалған уақыты: күні____________ айы _____________ жылы ________
8. Орналасу тығыздығы (бір өлшем бірлікке зиянкестердің саны: шаршы метр, ағаш) _________________________________________________________
9. Қажетті іс-шаралар _________ _____________________________________
_____________________________________________________________________
10. Ескертпе ________________________________________________________
_____________________________________________________________________

      Жөнелту күні 20__ жылғы "___" ___________
      Ұйымның басшысы _______________________
                              (қолы)

Ормандардағы санитарлық
қағидаларға     
6-қосымша      

Орманда қабықтанбаған немесе басқа тәсілдермен
қорғалмаған сүректерді қалдыруға тыйым
салынған мерзімдерді көрсетіп, әкімшілік-аумақтық
бірліктерді аймақтарға бөлу

Белгіленген тыйым салынған аймақтар

Әкімшілік облыстар

1

2

1 мамырдан
1 қыркүйекке дейін

Шығыс Қазақстан (шұбыртпалы қарағай ормандарынсыз)

1 сәуірден
1 қазанға дейін

Қазақстан Республикасының қалған аумақтарында

      Ескертпе: Жергілікті орман шаруашылығын басқару органдары жекелеген аудандардың климат ерекшеліктерін және жекелеген ағаш тұқымдықтары бойынша дің зиянкестерінің топтарының фенологиясын ескеріп жоғарыда көрсетілген мерзімдерді 15 күнге дейін, кейін не ілгері өзгерту мүмкін.

Ормандардағы санитарлық
қағидаларға    
7-қосымша     

Негізгі ағаш тұқымдарының зиянкестер ұялай
бастаған және дің зиянкестері зақымдаған
ағаштарды іріктеу шарттары мен мерзімдері

      Қарағай екпелерінде көктемгі зиянкестер тобына қарсы (қарағай қабығын жеуші, қабық жегіштер) ағаштарды іріктеу мамырдың аяғынан маусымның аяғына дейін; ағаш төбесін, алтытісті степнограф – жаздың екінші жартысында жүргізіледі.
      Жазғы кешеннің зиянкестеріне қарсы (қарағайдың көкшіл жез қоңызы, қаяздың бірнеше түрі) ағаштарды іріктеу күзде және қыста жүргізіледі.
      Өртенген қабықты жеуші қабық құртқа қарсы ағаштарды іріктеп алу мамырдың басынан немесе күзгі-қысқы кезеңде, майқарағайдың үлкен мұртты қоңызына қарсы шілдеден кешіктірмей жүргізіледі.
      Гаузер қабық жегіші, шырша гравері, Шренк микрофагы зақымдаған Шренк шыршасы екпе ағаштарында ағаштарды іріктеу күзде-қыста немесе ерте көктемде (наурыз-сәуір) – зиянкестердің құрты ұшқанға дейін жаз басына дейін. Теңіз бетінен 1200-ден 1600 метрге дейінгі биіктіктегі қос генерация жайында іріктеу күзде немесе қыстан шыққан қабық құртының ерте көктемде ұшуына дейін; жаздың алғашқы жартысында (маусым-шілде) қоңыздардың екінші түлеп ұшуының басталуына дейін жүргізіледі.
      Мүйізқұйрыққа қарсы ағаштарды іріктеу жаздың алғашқы жартысында жүргізіледі, сүректер қысқа мерзімде тасып алынып, отынға пайдаланылуы керек.
      Балқарағай екпеағаштарында шілде-тамызда ұзын қабық жегішке қарсы іріктеу атқарылады.
      Қарағаш екпелерінде қабық жегіштің бір түлегіне қарсы мамыр, маусымда, екінші түлегінде зиянкестердің биологиясына қарай іріктеу атқарылады.
      Батыс Қазақстанда емен екпеағаштарында ойпаттарда зиянкестердің ағашқа ұялай бастаған кезінде еменнің қабық жегішіне қарсы сәуір-мамырда немесе күзгі-қысқы кезеңде, жіңішке, қос жолақты жезқоңызға, еменнің жіңішке құртына қарсы мамырдан қалдырмай немесе қыста іріктеу жүргізіледі.
      Терек, көктерек екпеағаштарында көктеректің үлкен және кіші ысқырғыш құртына қарсы ағаштарды іріктеуді маусымның бірінші жартысынан қалдырмай жүргізу керек.
      Сексеуіл ормандарында дің зиянкестеріне қарсы іріктеуді күзгі-қысқы кезеңде жүргізеді. Омырылған сүректер текшелей үйілмей, жерүстінде шашыранды күйде құрттардың күн қызуынан жойылуын қамтамасыз етеді.
      Шөлейт алқаптағы өзендердің тоғай ормандарында тораңғы ағашын ұялай бастаған зиянкестерге қарсы мына мерзімде іріктеу жүргізіледі: наманған мұртты қоңызы, теректің кішкене жезқоңызы немесе олардың бірлесе ұялаған шағында әлсіреген ағаштарды іріктеу мамырдың екінші жартысында, жезқоңыздың басқа бір түрі ұялаған кезде мамырдан қалдырмай жүргізіледі.
      Талдың ағашын ұялай бастаған ағаштескіш көбелектерге қарсы іріктеу мамырдан қалдырылмай орындалады.
      Жиде ағашы жиденің мұртты қоңызы жаппай ұялаған жекелеген жағдайда мамырдың-маусымның екінші жартысында тұтастай іріктеледі.
      Түбір губкасы зақымдаған қарағай және майқарағай екпеағаштарында зақымданған ағаштарды іріктеу күзгі-қысқы кезеңде немесе жылдың құрғақ және ыстық уақытында, түбірдегі құрттар өрши алмайтын жағдайда жүргізіледі. Басқа мерзімде іріктеу кезінде түбірде құрттар өсіп-көбеймес үшін антисептикалық заттармен өңдеу керек.
      Емен екпелерінде ағаштарды іріктеу олардың жемісі анық көрінетін жаз кезінде жүргізіледі.
      Шегіршін екпелерінде голланд ауруы ошақтарында зиянкестер жаңадан ұялаған ағаштарды іріктеу жылына үш-төрт мәрте жүргізіледі, бұл шегіршін көбелектерінің үш немесе төрт ұрпағының даму кезеңдеріне сәйкес келеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады