"Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 352 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 шілдедегі № 628 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 1613 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 352 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 шілдедегі № 628 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 25, 296-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 352 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»;
      1-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын.
      2. Осы қаулы 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады