Газды экспортқа сату бойынша мәмілелер бағасын белгілеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 1638 Қаулысы

      "Трансферттік баға белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңының 10-бабы 10-тармағының 3) тармақшасына, сондай-ақ 2001 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Газ саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "ҚазРосГаз" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен "Газпром" ашық акционерлік қоғамының уәкілетті компаниясы арасындағы мәмілелер бойынша 2011 - 2012 жылдарға 2,53 миллиард текше метр газды экспортқа сату кезінде (Қарашығанақ кен орнының газын қоспағанда) газдың бағасы Қазақстан Республикасы - Ресей Федерациясы шекарасы, "Александров Гай" газ өлшеу станциясы DАР шарттарымен 1000 текше метр газ үшін 185 АҚШ доллары мөлшерінде белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігіне жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады