"Қазақстан Республикасында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қыркүйектегі № 983 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 1644 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 7 ақпандағы № 101 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.02.2013 № 101 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қыркүйектегі № 983 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламада:
      «Бағдарламаның паспорты» деген бөлімде:
      «Негізгі ұғымдар» деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы 62), 63), 64) және 65) тармақшалармен толықтырылсын:
      «62) «электрондық үкімет» құрылымы - мемлекеттік органдар қызметінің автоматтандырылуын талдауды, оны жүзеге асыруға қажетті ақпаратты, ақпараттық жүйелерді және мемлекеттік органдардың ақпараттандырылуын дамытуға бағытталған іс-шараларды қамтитын құжаттар;
      63) «электрондық үкімет» құрылымын дамыту саясаты - мемлекеттік органдардың ақпараттандыру үдерістерін біріздендіру мен жүйелендіруге бағытталған ЭҮ-ні дамытудың бірегей қағидаттары мен стандарттары;
      64) «электрондық үкімет» құрылымының эталондық моделі - ЭҮ-ні іске асыруды бақылау, жоспарлау мен реттеу үшін қолданылатын және мемлекеттік органдардың қызметін автоматтандыру, сақталатын деректер, ЭҮ шеңберінде пайдалануға ұсынылатын үлгілік АКТ-құрауыштары, тұтастай ЭҮ-нің және жекелеген АКТ-құрауыштарының өнімділігін/тиімділігін бағалауға арналған көрсеткіштер жиынтығы туралы түсінік алуға мүмкіндік беретін басшылық әдістемелік құжаттар (жіктеуіштер);
      65) «бұлыңғыр» есептеулер - компьютерлік ресурстар мен қуаттар пайдаланушыға веб-технологияларды қолдану арқылы берілетін деректерді үлестірілмелі өңдеу технологиясы.»;
      «Ағымдағы жағдайды талдау» деген 3-бөлімде:
      «Тиісті саланы дамытудың негізгі проблемалары, үрдістері және алғышарттары» деген 3.4-кіші бөлімде:
      жетінші бөліктегі «Wi-МАХ» деген сөз «LТЕ» деген сөзбен ауыстырылсын;
      он екінші бөліктен кейін мынадай мазмұндағы бөліктермен  толықтырылсын:
      «Бүгінгі күні жүйелердің көпшілігі өнеркәсіптік режимде жұмыс істейді, кейбір АЖ электронды түрде қызметтер көрсету үшін баламасыз негізде қолданылады.
      ІТ-қызметтерді сапалы ұсынуды қамтамасыз ету үшін мыналардың болуы қажет:
      1) тосын оқиғалар мен проблемаларды басқару үдерісімен ықпалдастырылған жүйелердің жұмысқа қабілеттілігін басқарудың және мониторингілеудің кешенді жүйесі;
      2) пайдаланушыларды консультациялық қолдау (Саll-орталық).
      Есептеу орталықтары инфрақұрылымының ағымдағы жай-күйіне қатысты көптеген мемлекеттік органдардың серверлік үй-жайлары қазіргі уақытта температуралық режим, энергиямен жабдықтау, жабдықты резервте сақтау әрі ұлттық және халықаралық стандарттарда (ӨҚЕ, ҚР ҚНжЕ, Басмемэнергияқадағалау ЭҚЕ, МЕМСТ, АNSI/ТІА/ЕІА) сипатталған байланыс арналарына қойылатын талаптар сияқты тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес келмейтінін атап өту қажет. Осыған байланысты аталған үй-жайлар АЖ-ның істен шығуға төзімділігіне, өнімділігіне және ұсынылатын ІТ-қызметтер сапасына қойылатын талаптарды тиісті дәрежеде қамтамасыз ете алмайды.»;
      он тоғызыншы бөліктен кейін мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:
      «Сонымен қатар, қазіргі уақытта ЭҮ-ні толыққанды дамытуға кедергі келтіретін бірқатар проблемалық мәселелердің бар екенін атап өту қажет:
      1) ақпараттандыру саласында қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бөлігінде:
      мемлекеттік органдар функцияларының бекітілген тізбесінің болмауы, бұл мемлекеттік органдардың қызметін кезең-кезеңімен автоматтандыруды және электрондық қызметтерді іске асыруды жүйелеуге әрі жүргізуге, сондай-ақ үлгілік шешімдерді енгізу үшін кандидат үдерістерді анықтауға мүмкіндік береді;
      ұлттық заңнамада сұраулар мен қажетті құжаттарды электрондық түрде ұсынуды шектейтін, өтінім беру/мемлекеттік қызмет нәтижесін алу кезінде алушының жеке өзінің қатысуын талап ететін нормалардың болуы;
      электрондық түрдегі қағаз құжаттарының көшірмелерінің түпнұсқалығын растау мен куәландыруды регламенттейтін және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасаудың дәстүрлі нысандарына ұқсас мемлекеттік қызметтерді алуға өтінім беру кезінде электрондық құжаттардың деректерін ұсынуға мүмкіндік беретін нормативтік-құқықтық базалардың болмауы;
      жария ақпараттың ашықтығын және осы ақпаратқа электрондық түрде қол жеткізуге қойылатын талаптарды регламенттейтін нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру қажеттігі;
      2) ақпараттандыруды жүргізу және ЭҮ-ні дамыту үдерістерін ретке келтіру бөлігінде:
      ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді есепке алу және тіркеу жөніндегі талаптарды мемлекеттік органдардың сақтамауы салдарынан ЭҮ-нің ағымдағы жай-күйін тұтастай мұқият пайымдаудың болмауы, бұл әртүрлі мемлекеттік органдарда қаржы шығындарын, ақпараттық жүйелердің функционалдық мүмкіндіктерін, деректері мен құрауыштарын қайталауға әкеп соқтырады;
      орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар арасындағы үдерістерді автоматтандырудың, ІТ-инфрақұрылымын дамытудың және іске асырылған бағдарламалық шешімдер сапасының деңгейі бойынша алшақтық;
      мемлекеттік ақпараттық жүйелердің ЭҮ құрауыштарымен үйлесімділігі мен ықпалдасуын қамтамасыз ету жөніндегі жалпы талаптардың болмауы;
      3) мемлекеттік органдардың электрондық мемлекеттік қызметтерді ұсынуға әзірлігі бөлігінде:
      іске асырылатын ІТ-жобалар бағытының шектеулі ведомстволық сипаты медиа-үзіліссіз электрондық мемлекеттік қызметтерді ұсыну жөніндегі үдерістерді толыққанды автоматтандыруды жүргізуге мүмкіндік бермейді;
      мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау тетіктерінің болмауы, бұл басқа МО дерек қорында бар ақпаратты азаматтар мен ұйымдардан қайта сұратуға әкеп соқтырады;
      ведомстволық есептік ақпараттық жүйелердің толық толтырылмауы немесе мүлдем болмауы әлеуметтік маңызы бар қызметтерді электрондық форматта іске асыруға мүмкіндік бермейді;
      мемлекеттік қызметтерді ұсыну үшін орталықтандырылмаған мемлекеттік интернет-ресурстарды құру пайдаланушылардың жұмыс істеу қолайлылығын төмендетеді және электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді пайдаланушылармен өзара іс-қимыл жасау шеңберінде бір терезе қағидатын қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді;
      мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін орналастырылатын ақпаратпен мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын қол жетімділікті қамтамасыз ететін тетіктердің болмауы;
      4) ЭҮ инфрақұрылымын дамыту бөлігінде:
      бейінді емес бағыттардағы қызметтер бойынша мемлекеттік органдардың үлгілік және қораптық БҚ-ны сүйемелдеуге, серверлік жабдыққа техникалық қызмет көрсетуге және ведомстволық серверлік орталықтарды ұстауға шығындарды қайталау;
      ЭҮ инфрақұрылымын және қол жетімділік арналарын, атап айтқанда аудандар мен селолық аумақтарда асихронды дамыту, бұл өз кезегінде ЭҮ енгізуге кедергі келтіреді және тежейді.
      Бұл проблемалардың кешенді сипаты бар және оларды жою үшін орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың үйлестірілген түрде бірлесіп жұмыс істеуін талап етеді.»;
      «Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары, және нәтижелерінің көрсеткіштері» деген 4-бөлімде:
      «Бағдарламаның міндеттері» деген 4.3-кіші бөлімде:
      «Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды жаңғырту және дамыту» деген 4.3.1-тарауда:
      «Есептеу орталықтарын дамыту» деген кіші бөлімде: екінші бөлік мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) серверлік және телекоммуникациялық жабдықты орнату үшін, сондай-ақ оларды ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкес пайдалану үшін ғимараттар мен үй-жайларға қойылатын талаптарды жетілдіру.»;
      «Ақпараттық коммуникациялар саласында білім беруді дамыту» деген 4.3.6-тарауда:
      төртінші бөлікте:
      екінші абзацтағы «талаптары бар біліктілік анықтамалығы әзірленетін» деген сөздер «қойылатын талаптар бөлігінде біліктілік анықтамалығына өзгерістер енгізілетін» деген сөздермен ауыстырылсын;
      тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «АКТ-мамандары мен білім беру ұйымдары оқытушыларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлайтын екі оқу орталығын құру;»;
      «Электрондық қызметтерді және ЭҮ-ні дамыту» деген 4.3.7-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
      «4.3.7. Электрондық қызметтерді және ЭҮ-ні дамыту
      Озық ақпараттық технологияларды қолдану жолымен әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтердің тиімділігі мен оларды халыққа ұсыну сапасын арттыру мақсатында Бағдарламаны іске асыру шеңберінде электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ұдайы артып отыруын ескере отырып, мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің ақпараттық жүйелерін қалыптастыру және дамыту жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру жоспарлануда. Бағдарламаның осы бағыты шеңберіндегі түйінді міндеттердің бірі мемлекеттік органдардың ақпараттық қажеттіліктеріне, сондай-ақ оның құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерістерін оңтайландыру және автоматтандыру жөніндегі жоспарларға байланысты мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстарды ықпалдастыруға жататын барлық ЭҮ-нің құрауыштарымен кезең-кезеңімен ықпалдастыруды қамтамасыз ету болып табылады.
      Бұл ретте мемлекетпен өзара іс-қимыл жасаудың электрондық арнасына халықтың сенімін қамтамасыз етудің негізгі шарты ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталуы және ақпараттық ресурстар мен жүйелердің кепілдендірілген үздіксіз жұмыс істеуі болып табылады.
      Бағдарламаның белгіленген мақсаттарын орындау мынадай бағыттар бойынша топтастырылған мемлекеттік қызметтерді ұсыну үдерістерін оңтайландыруға және автоматтандыруға бағытталған қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жобаларды іске асыру жолымен қамтамасыз етіледі:
      1) мемлекеттік қызметтерді электрондық түрге ауыстыруды қамтамасыз ету мақсатында ақпараттандыру саласындағы нормативтік-құқықтық базаны дамыту;
      2) Қазақстан Республикасында ЭҮ құрылымын дамыту;
      3) ақпараттық қауіпсіздіктің талаптарын сақтауды және ақпараттық ресурстар мен жүйелердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді ескере отырып, электрондық мемлекеттік қызметтерді ұсыну және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру үшін ақпараттық (ведомствоаралық, ведомстволық және ЖАО) жүйелерді қалыптастыру және дамыту;
      4) мемлекеттік саясатты қалыптастыруға жұртшылықтың қатысуы мен жұмылдырылуын қамтамасыз ету және мемлекеттік органдардың қызметі туралы ақпараттың ашықтығы мен қол жетімділігін арттыру;
      5) электрондық қызметтерді және ЭҮ-ні ілгерілету;
      6) мемлекеттік органдардың ІТ-ді қолдану жөніндегі қызметтердің тиімділігін және мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсетудің тиімділігін бағалау.
      Мемлекеттік қызметтерді электрондық түрге ауыстыруды қамтамасыз ету мақсатында ақпараттандыру саласында нормативтік құқықтық базаны жетілдіру
      Электрондық мемлекеттік қызметтерді ұсыну тетіктерінің сапалы жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қолданыстағы мемлекеттік қызметтер көрсету тетіктерін дамыту қажет етіледі. Оның нәтижесінде Бағдарлама шеңберінде:
      1) электрондық мемлекеттік қызметтердің үлгілік регламентін, электрондық мемлекеттік қызметтердің регламенттерін әзірлеу және мемлекеттік қызметтердің стандарттарына тиісті өзгерістер енгізу;
      2) мемлекеттік органдардың өз құзыретіне кіретін электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсетуді қамтамасыз ету мерзімдерін әзірлеу және бекіту;
      3) ЭҮ ақпараттық жүйелерін пайдалану үшін нормативтік-анықтамалық ақпараттың бірыңғай жүйесін әзірлеу;
      4) автоматтандыруға мемлекеттік органдардың жататын үлгілік функцияларының (үдерістерінің) тізбесін қалыптастыру мәселесін қарау жоспарлануда.
      Бұдан басқа, ақпараттандыру мәселелерін регламенттейтін тиісті құжаттарға:
      1) мемлекеттік ақпараттық жүйелер функционалдығының, деректері мен құрауыштарының қайталануын болдырмау мақсатында «электрондық үкімет» құрылымына сәйкес мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру және дамыту үдерістерін құрылымдау және регламенттеу;
      2) ақпараттық жүйелерді енгізу кезінде МО-ның автоматтандырылатын бизнес-үдерістерін міндетті түрде қайта жобалау (реинжиниринг) жөніндегі талаптарды белгілеу;
      3) ақпараттық технологияларды қолдану бойынша облыстардың республикалық маңызы бар қаланың, астананың орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін жетілдіру;
      4) МО қызметін жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдардың интернет-порталының сервисін пайдалануды қамтамасыз ету;
      5) олардың бейімделу және даму мүмкіндіктерімен іске асырылған ІТ-шешімдерді қайта пайдалану қағидатын енгізу;
      6) ЭҮ интернет-ресурстарының және мемлекеттік интернет-ресурстарының контентін қолдауға қойылатын бірыңғай техникалық және әдістемелік талаптарды әзірлеу;
      7) АКТ саласында жаңа стандарттарды өзектендіру, үйлестіру және әзірлеу;
      8) ТЭН-ді әзірлеуге, сараптауға қойылатын талаптарды жетілдіру бөліктерінде түзетулер енгізу мәселесі қаралатын болады.
      Қазақстан Республикасындағы «электрондық үкімет» құрылымын дамыту
      Өзара байланысты «электрондық үкіметті» кезең-кезеңімен құруды немесе дамытуды іске асыру мақсатында құрылымның ағымдағы жай-күйін талдау және орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың мақсатты құрылымын әзірлеу мәселесін қарау қажет.
      Бұдан басқа, БИЖ ТЭН-ге ұсынылған қаржылық есептердің ашықтылығы мен сапасын арттыру мақсатында ақпараттық жүйелерді құрудағы, дамытудағы және сүйемелдеудегі шығындардың нормативтерін әзірлеу және оларды пайдалануды бекіту қажет.
      Екінші жағынан, мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстар мен олардың жұмыс істеу циклының үйлесімділігіне, ашықтығы мен қол жетімділігіне қойылатын талаптар ЭҮ құрылымын дамыту саясатында ескерілетін болады. Бұл ретте жұмыс істеу циклы тұжырымдамалық пайымдауды қалыптастырғаннан бастап жүйені пайдалануға енгізілгенге дейін үдерістер мен жобаларды іске асыру мерзімдерін регламенттейтін болады.
      Осыған байланысты жоспарланатын, іске асырылатын және пайдаланылатын ІТ-жобаларын есепке алу және мониторингі жүргізу қамтамасыз етілетін болады. Жүйелі негізде шешімдерді іске асыру және жүйелерді пайдалануға енгізу үдерісінде әзірленген шешімдердің ЭҮ-ні дамыту саясатында қалыптасқан талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізілуге тиіс.
      Ақпараттық қауіпсіздік және ақпараттық ресурстар мен жүйелердің үздіксіз қызмет көрсету талаптарын сақтауды ескере отырып, электрондық мемлекеттік қызметтерді ұсыну және мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру үшін ақпараттық жүйелерді қалыптастыру және дамыту (ведомствоаралық, ведомстволық және ЖАО)
      Жеке және заңды тұлғаларға электрондық қызметтерді ұсыну үшін ведомстоваралық АЖ-ны одан әрі дамыту
      Бағдарламаны іске асыру шеңберінде «Жеке тұлғалар», «Заңды тұлғалар», «Жылжымайтын мүлік тіркелімі», «Мекенжай тіркелімі», мемлекеттік дерекқорларын жаңғырту жүргізілетін болады.
      Сонымен бірге, мыналар одан әрі дамытылатын болады:
      1) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен ықпалдастыру бөлігінде электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін ЭҮ-нің веб-порталы мен шлюзі. Бизнес-үдерістер, мемлекеттік қызметтерді ұсынудың регламенттері мен стандарттары туралы ақпаратты өзектілендіру, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында ЭҮ веб-порталында «Мемлекеттік қызметтердің электрондық тізілімі» іске асырылады;
      2) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен және екінші деңгейдегі барлық банктердің ақпараттық жүйелерімен ықпалдастыру бөлігінде ЭҮ төлем шлюзі;
      3) халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсетуді мониторингілеу мақсатында Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы Республиканың бүкіл аумағында мемлекеттік қызметтерді ұсынуды есепке алу үдерістерін автоматтандыру бөлігінде Халыққа қызмет көрсету орталықтары үшін ықпалдастырылған ақпараттық жүйе.
      Рұқсат беру құжаттарын автоматтандыру бөлігінде «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқорын дамыту мәселесі қарастырылады, соның нәтижесінде рұқсат беру құжаттары түрлерінің 80%-ын электрондық түрде беру қамтамасыз етіледі.
      Электронды мемлекеттік қызметтердің пайдаланушылардың сәйкестендірілуі мен құқықтарын басқарудың бірыңғай жүйесі әзірленеді.
      Бұдан басқа, мемлекеттік қызметтерді алу үшін талап етілетін электрондық нысандардың бірыңғай қоймасы жасалады. Сонымен қатар, пайдаланушылардың ЭҮ-мен жұмыс істеуінің ыңғайлы болуын жақсарту және мемлекеттік қызметтерді қабылдап алушылармен өзара іс-қимыл шеңберінде бір терезе қағидатын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдардан келіп түсетін ақпаратты соның ішінде, хабарландыруларды, ресми поштаны, күн тәртіптері мен хабарламаларды жинауды, сақтауды және оларға тікелей қол жеткізуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ЭҮ пайдаланушысының жеке кабинетінің функционалын дамыту бөлігінде ЭҮ веб-порталын жаңғырту мәселесі қаралатын болады.
      Сонымен бірге, ЭҮ ішкі контуры ретінде мемлекеттік органдардың қызметін одан әрі автоматтандыру арқылы мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында мыналар жоспарлануда:
      1) қағазсыз құжат айналымына көшу мақсатында ақпараттық ресурстар мен жүйелерді қорғау бөлігінде ақпараттық қауіпсіздік талаптарын ескере және «бұлыңғыр» есептеулерді қолдана отырып электронды құжат айналымы жүйесін жаңғырту;
      2) «бұлыңғыр» есептеулердің базасында мемлекеттік органдардың бірыңғай пошталық қызметін құру мәселесін қарастыру;
      3) мемлекеттік қызметкерлердің өзара іс-қимыл деңгейін арттыру мақсатында ведомствоаралық және әлеуметтік-бағдарланған сервистерді дамытумен мемлекеттік органдардың интернет-порталын жаңғырту мәселесін қарастыру;
      4) кадрлық есептің және еңбекақы берудің (е-кадр және е-еңбекақы) орталықтандырылған жүйесін құру;
      5) ақпараттық ресурстар мен жүйелерді қорғау бөлігінде ақпараттық қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне арналған Ахуал орталығын құру;
      6) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік офисі» ақпараттық жүйесін құру мәселесін қарастыру.
      Қазақстан, Ресей және Белоруссия арасындағы Кеден одағы шеңберінде мынадай іс-шараларды іске асыру ұсынылады:
      1) ақпарат алмасу үшін мемлекетаралық шлюз құру;,
      2) лицензиялар мен рұқсат құжаттарының бірыңғай үлестірмелі тізілімін құру;
      3) мемлекетаралық электрондық құжат айналымының заңға сәйкестігін растау үшін сенім білдірілген үшінші тарапты құру.
      Жеке және заңды тұлғаларға электрондық қызметтер көрсету үшін мемлекеттік органдардың ведомстволық ақпараттық жүйелерін қалыптастыру және дамыту
      Электрондық мемлекеттік қызметтер ұсыну мақсатында мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесін құру, дамыту және ықпалдастыру жөніндегі жұмыстар орындалады.
      Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын құру, олардың жұмыс істеуі және ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету стандартын әзірлеу мәселесі қарастырылады.
      Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың іске асырылатын ақпараттық жүйелерінің барлығын бірыңғай ЭҮ құрылымының талаптарына сәйкестігі нысанына ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органда міндетті сараптамадан өткізу мәселесі қарастырылады.
      Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін дамыту мемлекеттік органдардың өздерінің құзыретіне кіретін электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсетуді қамтамасыз етудің бекітілген мерзімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасының әділет департаменттерінің, Қазақстанның бүкіл аумағы бойынша аумақтық нотариаттық палаталар мен нотариустар жүйесіне қосу бөлігінде «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдинг» акционерлік қоғамы Е-нотариат инвестициялық жобасын іске асыруды жалғастырады.
      Электрондық қызметтерді ұсыну үшін жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелерін (е-әкімдік) құру және дамыту.
      Жеке және заңды тұлғаларға ЖАО-лардың әлеуметтік маңызы бар қызметтерді көрсету үдерістерін автоматтандыруды және қайта жобалауды (реинжиниринг) қамтамасыз ету үшін ақпараттық жүйелерді құру және дамыту, сондай-ақ Алматы мен Астана қалаларының және облыстар әкімдіктерінің техникалық жарақталуын жаңғырту жоспарланады. Алматы және Астана қалалары мен облыстар әкімдіктерінің 5 жылға арналған аумақтық даму бағдарламаларының ақпараттандыру жөніндегі бөліміне ұсыныстар әзірлеу жоспарланады (бұдан әрі - ұсыныстар).
      Ұсыныстар шеңберінде «ЭҮ шлюзінің бағыныңқы жүйесі ретіндегі өңірлік шлюз» ақпараттық жүйесін, сонымен қатар әкімдіктер әзірлеген ақпараттық жүйелерді қолдану арқылы ЖАО-ның электрондық қызметтерін алғашқы кезекте енгізу үшін қажетті іс-шаралар қарастырылған.
      Өңірлік шлюз арқылы әкімдіктердің ақпараттық жүйелерінің ЭҮ инфрақұрылымына, оның ішінде ЭҮ-нің мынадай базалық құрауыштарына: ЭҮ шлюзіне, төлем шлюзіне, ЭҮ веб-порталына, ұлттық куәландыру орталығына, орталық мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне және мемлекеттік дерекқорға қол жетімділігі қамтамасыз етілетін болады.
      2014 жылы 14 облыстық әкімдіктердің, республикалық маңызы бар 2 қалалық әкімдіктің ақпараттық жүйелерін өңірлік шлюзге қосу және жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік маңызы бар кемінде 20 мемлекеттік қызметін электрондық түрге өткізу жоспарлануда.
      Мемлекеттік саясатты қалыптастыруға жұртшылықты тартуды және жұмылдыруды қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың қызметі туралы ақпараттың ашықтығын және қол жетімділігін арттыру.
      Жеке және заңды тұлғалардың өзекті және сенімді мемлекеттік жария ақпаратқа қол жеткізуінің тиімді тетіктерін құру мақсатында машина оқитын форматтағы мемлекеттік жария ақпаратқа орталықтандырылған қол жетімділікті ұсыну үшін «ореndata.gov.kz» порталын құру мәселесі қарастырылатын болады.
      ЭҮ веб-порталында заңнаманы және мемлекеттік саясатты қалыптастыруға жұртшылықтың тікелей қатысуын ұйымдастыру мақсатында электрондық өзара іс-қимыл жасаудың бірыңғай тұғырнамасын құру және мемлекеттік органдардың жұмысы туралы азаматтардың ұсыныстарын ілгерілету, мемлекеттік органдардың қызметін, құқықтық нормативтік актілер жобаларына талқылау жүргізу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын қалыптастыруда азаматтардың қатысу мүмкіндіктері мәселесін қарастыру қажет.
      Жеке және заңды тұлғалардың осы ресурстарды контентті пайдалануы мен құрылымының эргономикалық және тұжырымдамалық тәсілін қамтамасыз етуге, оның ішінде мобильді нұсқалар мен мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған нұсқаларды және қолдану арқылы мүмкіндік беретін бірыңғай тұғырнамалар шеңберінде мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына сәйкестендіру жүргізу мәселесі қаралатын болады.
      Жеке және заңды тұлғалар арасында электрондық қызметтерді ілгерілету
      Электронды қызметтерге қол жеткізу тетіктерін дамыту жеке және заңды тұлғаларды кең жолақты Интернетке қосу, мобильді сервистерді дамыту, қоғамдық қатынау орталықтары жүйесін кеңейту (ҚҚО), жеке тұлғаларға консультативтік көмек көрсету үшін СаІІ-орталықтарды және қашықтан оқыту орталықтарды дамыту арқылы жүзеге асырылатын болады.
      Мобильді байланыс операторымен өзара іс-қимыл жасау арқылы мобильді сервистерді ұсынуға ерекше көңіл бөлінетін болады.
      Халыққа кэш-терминалдар арқылы қызметтерді пайдалану және қолма-қол төлемдерді жүргізу мүмкіндігін ұсыну жоспарланып отыр.
      Бағдарлама шеңберінде ақпараттық теңсіздікті еңсеру және халыққа өз қажеттілігін қанағаттандыру үшін Интернетті практикалық қолдануды оқыту жұмыстары жалғастырылады. ЭҮ ақпараттық жүйелерінде жұмыс жасау негіздерін оқыту үшін оқыту бағдарламалары мен қашықтан оқыту бағдарламаларын әзірлеу жоспарланып отыр.
      ІТ-жобаларды іске асыру арқылы электрондық қызметтердің спектрін кеңейту мақсатында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігін қолдану жоспарланып отыр.
      Электрондық қызметтерді және ЭҮ-ні ілгерілету мемлекеттік және мемлекеттік емес БАҚ-тың қатысуымен белсенді РК-саясат жүргізу, жарнамалық науқан, сонымен қатар Интернет арқылы ұйымдастыруды қоса алғанда, сондай-ақ семинарлар, дөңгелек үстелдер, көрмелер және тағы басқа ЭҮ, электрондық коммерцияны жұртқа таныту есебінен іске асырылады.
      ІТ қолдану бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін және мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсетудің сапасын бағалау
      «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі ақпараттық технологияларды қолдану бойынша орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін және электрондық форматта мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасы бойынша жыл сайынғы бағалауды өткізеді.»;
      «Әрбір міндет бойынша нәтижелер көрсеткіштері» деген 4.4-кіші бөлімде:
      «Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды жаңғырту және дамыту» деген міндетте:
      «Интернет желісіне кеңжолақты қолжетімділік абоненттерінің тығыздығы» деген жолдың 3-бағанындағы «10,1» деген сандар «5,1» деген сандармен ауыстырылсын;
      мына:

      «

Ауыл тұрғындарын электрондық сауда желісімен қамту

%

0

50

Орта мерзімді

»

      деген жол алынып тасталсын;
      «Қазақстан Республикасында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамытудың 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 7-бөлімде:
      реттік нөмірі 2-жолдың 3-бағанындағы «БАМ бұйрығы» деген сөздер «ҚРҮҚ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 12-жолдың 2-бағаны «20000-1» деген сандардан кейін «, ӨҚН 245-2001, ҚР ҚНжЕ 2.02-01-2002, ӨҚЕ 01-03, ҚР ҚНжЕ 3.02.29-2005, СН512-78, ЭҚЕ Басмемэнергияқадағалау, МЕМСТ 12.1.030-81, ҚНжЕ 2.04.02-84, ҚР ҚНжЕ 2.04.01-2001, МЕМСТ 12.11005-88, АNSI/ТІА/ЕІА-942:2005» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 12-1-жолмен толықтырылсын:

      «

12-1

Ұлттық және халықаралық стандарттарды ескере отырып Серверлік және телекоммуникациялық құрылғыларды орнату үшін ғимараттарға және бөлмелерге қойылатын талаптарды жетілдіру мәселесін қарау

ҚРҮ-ге ұсыныс

БАМ, «ҰАТ» АҚ (келісім бойынша)

2012 жылғы 1- тоқсан

Қаржыландыру талап етілмейді


»;

      реттік нөмірі 18-жол алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 20-1-жолмен толықтырылсын:

«

20-1

Ақпараттық технологияларды қолдану бойынша және мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсету сапасы бойынша орталық мемлекеттік және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар әзірлеу

ПӘ-ге ұсыныс

БАМ

2012 жылғы

Қаржыландыру талап етілмейді


»;

      реттік нөмірі 27-жолда:
      2-бағандағы «ТЭН» деген аббревиатура алынып тасталсын;
      3-бағандағы «ЭДСМ» деген аббревиатура «ҚРҮ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      4-бағандағы «ЭДСМ» деген аббревиатура алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 30-жол алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 46-1, 46-2, 46-3, 46-4, 64-1, 71-1, 71-2, 71-3-жолдармен толықтырылсын:

«

46-1

ІТ-жобалардың ерекшеліктерін есепке ала отырып БИЖ ТЭН-ін әзірлеуге немесе түзетуге, сонымен қатар қажетті сараптаманы өткізу талаптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу (ЭДСМ-нің 2010 жылғы 1 шілдедегі № 102 және ҚЖА және ТКШ-ның 2010 жылғы 30 маусымдағы № 276 бірлескен бұйрығымен бекітілген.)

ҚРҮ-ге ұсыныс

БАМ, ЭДСМ

2012 жылғы 4- тоқсан

Қаржыландыру талап етілмейді



46-2

МО қызметтерін іске асыру кезінде МОИП сервистерін пайдалануды регламенттеу бойынша ұсыныстар әзірлеу

ҚРҮ-ге ұсыныс

БАМ

2012 жылғы 4- тоқсан

Қаржыландыру талап етілмейді



46-3

Автоматтандыруға жататын мемлекеттік органдардың үлгілік функцияларының (үдерістерінің) тізбесін қалыптастыру

ҚРҮ-ге ақпарат

БАМ

2012 жылғы 2- тоқсан

Қаржыландыру талап етілмейді



46-4

«е-Қаржымині» интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру» жобасын іске асыру барысында алынған мемлекеттік органдардың қаржылық-шаруашылық қызметін автоматтандыру үшін шешімдерді қайта пайдалану

ҚРҮ-ге ақпарат

Қаржымині, БАМ, «Зерде» АҚ (келісім бойынша), «АТҚКҚ» ЗТБ (келісім бойынша)

2012- 2013 жылдардың 4- тоқсаны

Қаржыландыру талап етілмейді



»,

«

64-1

ІТ саласындағы отандық инновациялық өнімдердің тізімдемесін құру

ҚРҮ-ге ақпарат

БАМ, «АТҚКҚ» ЗТБ (келісім бойынша)

2012 жылғы 4-тоқсан

Қаржыландыру талап етілмейді


»,

«

71-1

Халықаралық сарапшыларды тарту арқылы 2025 жылға дейін Қазақстанда дамыту үшін басым технологияларды анықтау бойынша форсайт зерттеу жүргізу мәселесін қарау

БАМ-ға ақпарат

«Зерде» АҚ (келісім бойынша), «АТҚКҚ» ЗТБ (келісім бойынша)

2012 жылғы 4- тоқсан

Қаржыландыру талап етілмейді


71-2

Еңбек нарығының АКТ-мамандарға деген қысқа мерзімді (5 жыл) және ұзақ мерзімді (10 және одан көп жыл) қажеттілігін бағалау мәселесін қарау

БҒМ-ге ақпарат

БАМ, «Зерде» АҚ (келісім бойынша)

2012 жылғы 4- тоқсан

Қаржыландыру талап етілмейді


71-3

Отандық ІТ-компаниялар мамандарының біліктілігін арттыруға гранттар ұсыну бойынша іс-шараларды ұйымдастыру

ҚРҮ-ге ақпарат

БАМ, «АТҚКҚ» ЗТБ (келісім бойынша)

2012 жылғы 4- тоқсан

Қаржыландыру талап етілмейді


»;

      реттік нөмірі 75-жолдың 6-бағанындағы «2010 - 2 538 861, 2011 - 1 897 578, 2012 - 1 157 965, 2013 - 1 330 147, 2014 - 75 447» деген сандар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 87-1, 87-2-жолдармен толықтырылсын:

«

87-1

Қазнеттің әлеуметтік маңызы бар кемінде 30 жобасына хостинг ұсыну бойынша (VРS/Dedicated) іс-шараларды ұйымдастыру

ҚРҮ-ге ақпарат

БАМ, «Қазақтелеком» АҚ (келісім бойынша), «Казконтент» АҚ (келісім бойынша), «ҚИҚ» ЗТБ (келісім бойынша)

2012- 2014 жылдар

«Қазақтелеком» АҚ меншікті қаражаты есебінен


87-2

Қазақстандық БАҚ-тың Интернетке көшуі бойынша іс-шараларды ұйымдастыру мәселесін қарау

ҚРҮ және ЭДСМ-ге ақпарат

БАМ, «Қазконтент» АҚ (келісім бойынша)

2012 жылғы 4-тоқсан

Қаржыландыру талап етілмейді


»;

      реттік нөмірлері 89, 90-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«

89

В2В, В2С жобаларының мемлекеттік емес электрондық қызметтерін іске асырылуға ықпал ету бойынша іс-шараларды өткізу

Коммерциялық электрондық қызметтер тізілімі, бизнес үрдістерді сипаттау есебі

«Зерде» АҚ (келісім бойынша)

2011- 2014 жылдар

Қаржыландыру талап етілмейді


90

Жаңа бағдарламалық өнімдерді және сервистерді іске қосуға ықпал ету бойынша іс-шараларды өткізу

ҚРҮ-ге ақпарат

БАМ, «Зерде» АҚ (келісім бойынша), «АТҚКҚ» ЗТБ (келісім бойынша)

2011- 2014 жылдар

Қаржыландыру талап етілмейді


»;

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 90-3, 90-4-жолдармен толықтырылсын:

«

90-3

Ақпараттық технологиялардың ғылыми-зерттеу институтын құру

БАМ-ға ақпарат

«Зерде» АҚ (келісім бойынша)

2012 жылғы 4-тоқсан

«Зерде» АҚ-ның меншікті қаражаты


90-4

Алатау АТП АЭА аумағында АКТ-кластердің құрылысына ТЭН және ҚЭН әзірлеу

тэн, қэн-

«Зерде» АҚ (келісім бойынша)

2012 жылғы 4-тоқсан

«Зерде» АҚ-ның меншікті қаражаты


»;

      реттік нөмірі 93-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

93

АКТ-мамандардың және білім беру мекемелері ұстаздарының біліктілігін көтеру және қайта даярлау бойынша екі оқыту орталығын құруға ҚЭН әзірлеу

ҚЭН

«Зерде» АҚ (келісім бойынша)

2012 жылғы 4-тоқсан

3 500 («Зерде» АҚ-ның меншікті қаражаты есебінен)


»;

      «Электрондық қызметтерді және «электрондық үкіметті» дамыту» бағыты бойынша» деген кіші бөлімде:
      мынадай мазмұндағы «Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» құрылымын дамыту» деген тараумен толықтырылсын:

«

Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» құрылымын дамыту

97-1

«Электрондық үкімет» құрылымын дамыту саясатын әзірлеу мәселесін қарау

ҚРҮ-ге ақпарат

БАМ, «ҰАТ» АҚ (келісім бойынша)

2012 жылғы 4-тоқсан

Қаржыландыру талап етілмейді


97-2

«Электрондық үкімет» құрылымының эталондық үлгісін әзірлеу мәселесін қарау (аталмыш қосымшалардың және сервистердің, технологиялар мен стандарттардың тиімділігін, жұмыс істеуін)

ҚРҮ-ге ақпарат

БАМ, «ҰАТ» АҚ (келісім бойынша)

2012 жылғы 4-тоқсан

Қаржыландыру талап етілмейді


97-3

Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың мақсаттық құрылымын әзірлеу және құрылымының ағымдағы жай-күйін талдау мәселесін қарау

ҚРҮ-ге ақпарат

БАМ, «ҰАТ» АҚ (келісім бойынша)

2012 жылғы 4-тоқсан

Қаржыландыру талап етілмейді


»;

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 101-1, 102-1-жолдармен толықтырылсын:

«

101-1

Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының ақпараттық қауіпсіздігі мәселесін қарау

ҚРҮ-ге ақпарат

БАМ, «ҰАТ» АҚ (келісім бойынша)

2012 жылғы 3-тоқсан

Қаржыландыру талап етілмейді


102-1

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік офисі» ақпараттық жүйесін құру мәселесін қарау

ҚРҮ-ге ақпарат

БАМ, «ҰАТ» АҚ (келісім бойынша)

2012 жыл

Қаржыландыру талап етілмейді


»;

      реттік нөмірі 102-жолдың 4-бағанындағы «ҰАТ» АҚ (келісім бойынша)» деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 103-1, 105-1, 105-2, 105-3, 105-4, 105-5, 105-6-жолдармен толықтырылсын:

«

103-1

«Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қорын дамыту мәселесін қарау

ҚРҮ-ге ақпарат

БАМ

2012 жылғы 4-тоқсан

Қаржыландыру талап етілмейді


»,

«

105-1

Ақпараттандырудың бұлыңғыр үлгісінің қорында мемлекеттік органдардың бірыңғай пошталық жүйелерін құру мәселесін қарау

ҚРҮ-ге ақпарат

БАМ, «Зерде» АҚ (келісім бойынша), «ҰАТ» АҚ (келісім бойынша)

2012 жылғы 4-тоқсан

Қаржыландыру талап етілмейді


105-2

Пайдаланушының жеке кабинетін дамыту бөлігінде электрондық үкіметтің веб-порталын жаңғырту мәселесін қарау

ҚРҮ-ге ақпарат

БАМ, «ҰАТ» АҚ (келісім бойынша)

2013 жылғы 4-тоқсан

Қаржыландыру талап етілмейді


105-3

Сәйкестендіруді және электрондық мемлекеттік қызметтерді пайдаланушылар құқтарын басқарудың бірыңғай жүйесін құру мәселесін қарау

ҚРҮ-ге ақпарат

БАМ, «ҰАТ» АҚ (келісім бойынша)

2013 жылғы 4-тоқсан

Қаржыландыру талап етілмейді


105-4

Бұлыңғыр есептеулер қорында электрондық құжат алмасу жүйесін мәселесін қарау

ҚРҮ-ге ақпарат

БАМ, «ҰАТ» АҚ (келісім бойынша)

2013 жылғы 1-тоқсан

Қаржыландыру талап етілмейді


105-5

Пайдаланушыларға әлеуметтік бағытталған қызметтер бөлігінде МОИП сервистерін дамыту (жеке кабинет, міндеттердің жеке күнтізбесі, құжаттармен бірлесіп жұмыс жасау, заңнамалық базаға қолжетімділік, қазақ-орыс-ағылшын тілдері сөздігі) мәселені қарау

ҚРҮ-ге ақпарат

БАМ, «ҰАТ» АҚ (келісім бойынша)

2012 жылғы 4-тоқсан

Қаржыландыру талап етілмейді


105-6

Қауіп-қатерді бағалау жүйесін қарау

ҚРҮ-ге ақпарат

ЭДСМ

2012-2014 жылдар

Қаржыландыру талап етілмейді


»;

      мынадай мазмұндағы тараумен толықтырылсын «Мемлекеттік органдардың қызметі туралы ақпараттың ашықтығын және қолжетімділігін арттыру, мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қоғамның қатысуын қамтамасыз ету және оларды тарту»:

«

Мемлекеттік органдардың қызметі туралы ақпараттың ашықтығын және қолжетімділігін арттыру, мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қоғамның қатысуын қамтамасыз ету және оларды тарту

134-1

Мемлекеттік ақпаратқа қолжетімділікті ұсыну үшін «ореndata.gоv.кz» порталын әзірлеу мәселесін қарау

ҚРҮ-ге ақпарат

БАМ, «ҰАТ» АҚ (келісім бойынша)

2013 жылғы 4-тоқсан

Қаржыландыру талап етілмейді


134-2

«Электрондық үкімет» веб порталында Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын қалыптастыруға қоғамның қатысуын және электрондық бірыңғай өзара іс-қимыл тұғырнамасын құру мәселелерін қарау

ҚРҮ-ге ақпарат

БАМ, «ҰАТ» АҚ (келісім бойынша)

2012 жылғы 4-тоқсан

Қаржыландыру талап етілмейді


134-3

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың және мобильді тұғырнамалардың талаптарын ескере отырып, мемлекеттік және атқарушы органдардың интернет-ресурстарын сәйкестендіру

ҚРҮ-ге ақпарат

БАМ, «ҰАТ» АҚ (келісім бойынша)

2013 жылғы 4-тоқсан

Қаржыландыру талап етілмейді


»;

      «Электрондық қызметтерді және «электрондық үкіметті» ілгерілету үшін» деген тарауда:
      тақырыптағы «ілгерілету үшін» деген сөздер «ілгерілету» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 138-1-жолмен толықтырылсын:

«

138-1

Ақпараттық технологияларды енгізу және мемлекеттік органдардың Интернет-порталында мемлекеттік органдардың ақпарттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша материалдарды жариялау мәселесін қарау

ҚРҮ-ге ақпарат

2012 жылғы 4-тоқсан

БАМ

Қаржыландыру талап етілмейді


»;

      «Бағдарламаның іс-шараларын іске асыру шеңберінде «электрондық үкіметтің» жай-күйін бағалау үшін» деген тарауда:
      тақырып мынадай мазмұнда жазылсын:
      «Ақпараттық технологияларды қолдану бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін және электрондық форматта мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын бағалау»;
      ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      «БҚ       - бағдарламалық қамтамасыз ету
      БИЖ       - бюджеттік инвестициялық жоба
      МОИП      - мемлекеттік органдардың интернет-порталы
      ӨҚН       - өрт қауіпсіздігі нормалары
      ҚР ҚНжЕ   - Қазақстан Республикасы құрылыс нормалары және
                  ережелері
      ӨҚЕ       - өрт қауіпсіздігі ережелері
      ҚН        - құрылыс нормалары
      ЭҚЕ       - электр қондырғыларын орнату ережелері
      МЕМСТ     - мемлекеттік стандарт
      ANSI/TIA/
      EIA       - American National Standards
                  Institute/Telecommunication Industries
                  Alliance/Electronic Industries Alliance».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады