Орман қоры жерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1683 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 130-бабына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қызылжар мемлекеттік орман мекемесі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Мекеме) жалпы алаңы 10,4467 гектар жер учаскелері орман қоры жерлері санатынан өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлер санатына ауыстырылсын.
      2. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен минералдық тыңайтқыштар зауытын салу үшін осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелерін «РИА СК «Нефтепродукт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - Серіктестік) беруді қамтамасыз етсін.
      3. Серіктестік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда алып қоюдан туындаған 2951193 (екі миллион тоғыз жүз елу бір мың бір жүз тоқсан үш) теңге мөлшеріндегі орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджеттің кірісіне өтесін және алынған сүректі Мекеменің теңгеріміне бере отырып, алаңдарды тазарту жөнінде шаралар қабылдасын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады