Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1709 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 23 шілдедегі № 573 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 23.07.2015 № 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2011 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1709 қаулысымен    
бекітілген       

Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мұнай өнімдеріне дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерін өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленген және мұнай өнімін өндірушілерге, мұнай өнімдерін импорттауды жүзеге асыратын мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілерге (бұдан әрі – өтініш берушілер) және Қазақстан Республикасында өндірілетін немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін әрбір мұнай өнімдерінің атауына берілетін дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын (бұдан әрі – ДСН-коды) беру тәртібін айқындайды.

2. ДСН-кодтарын беру тәртібі

      2. Мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшелерінде (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) тіркеу есебінде тұрған өтініш берушілер қызмет түріне байланысты осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес аумақтық бөлімшелерге ДСН-кодтарын беруге арналған өтінімдерді мұнай өнімдерін сатуды жүзеге асыру жоспарланып отырған айдың 1-күніне дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей береді. Бұл ретте, өтініш беруші мемлекеттік тізілімде тіркелген бензиннің, авиациялық және дизель отынының, мазуттың тиісті түріне сәйкестік сертификатының көшірмесін, ал мұнай өнімдерін өндірушілер – мұнай-газ өңдеу өндірістерін пайдалануға, газ, мұнай және мұнай өнімдерін сақтау объектілерін, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға лицензияның көшірмесін ұсынуы тиіс.
      3. Аумақтық бөлімшелер ДСН-кодын беруге арналған жиынтық өтінімді осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мұнай өнімдерін өндірушілерге, мұнай өнімдерін импорттауды жүзеге асыратын мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілерге, Қазақстан Республикасында өндірілетін немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін мұнай өнімінің әрбір атауы бойынша мұнай өнімдері айналымы саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) өтініш берушінің мұнай өнімдерін сатуды жүзеге асыру жоспарланып отырған айдың 1-күніне дейін күнтізбелік 25 (жиырма бес) күннен кешіктірмей жібереді.
      4. Уәкілетті орган мұнай өнімдерін өндірушілерге, мұнай өнімдерін импорттауды жүзеге асыратын мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын бензиннің, авиациялық және дизель отыны мен мазуттың әрбір маркасына оларды жиынтық тізілімге енгізу арқылы ДСН-кодтарын беруді қамтамасыз етеді.
      5. ДСН-кодтарын құру кезінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес фасеттік кодтау жүйесінің құрылымы пайдаланылады.
      6. Уәкілетті орган берілген ДСН-кодтары туралы аумақтық бөлімшелерді өтініш берушінің мұнай өнімдерін сатуды жүзеге асыру жоспарланып отырған айдың 1-күніне дейін күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей ақпараттық жүйе арқылы хабардар етеді.
      7. Аумақтық бөлімшелер мұнай өнімдерін өндірушілерді, мұнай өнімдерін импорттауды жүзеге асыратын мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілерді ДСН-кодтары берілгені туралы өтініш беруші мұнай өнімдерін сатуды жүзеге асыру жоспарланып отырған айдың 1-күніне дейін күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірмей хабардар етеді.
      8. Осы Қағидалардың 2-тармағында аталған құжаттар ұсынылмаған жағдайда, сондай-ақ мұнай өнімдерінің түріне берілген ДСН-коды болған кезде уәкілетті орган ДСН-кодын беруден бас тартады.
      9. Уәкілетті орган ДСН-кодын беруден бас тарту туралы аумақтық бөлімшелер мен мұнай өнімдерін өткізуді жоспарлаған өтініш берушіні жиынтық өтінім жіберілген күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде жазбаша хабардар етеді.

Дербес сәйкестендіру
нөмір-кодтарын беру
қағидаларына  
1-қосымша   

Мұнай өнімдерін өндірушілерге, мұнай өнімдерінің импортын жүзеге асыратын мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілерге ДСН-кодтарын беруге арналған өтінім

_________________________ бойынша
(облысы/қаласы)            

Салық органының бастығына       
_________________________________
20___ жылғы « »                 

Салық төлеушінің атауы:
Cубъектінің СТН-і:
Cубъектінің ЖСН/БСН-і:
Cубъектінің түрі (өндіруші, импорттаушы):
Субъектінің әкімшілік-аумақтық бірлігі:

Р/с

Мұнай өнімінің түрі (бензин - 1, дизель отыны - 2, мазут - 3, авиаотын - 4) (түсетін тізім)

Мұнай өнімінің коды (егер бұдан бұрын берілген болса түсетін тізім)

Мұнай өнімінің атауы (егер бұдан бұрын берілмеген жағдайда енгізіледі)

Техникалық сипаттама (МЕМСТ, ТШ және т.б.)

1

2

3

4

5

1





2





Басшы ____________________ ____________
           (аты-жөні)        (қолы)

* - 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап толтырылады

Дербес сәйкестендіру
нөмір-кодтарын беру
қағидаларына  
2-қосымша   

Мұнай өнімдерін өндірушілерге, мұнай өнімдерінің импортын жүзеге асыратын мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге ДСН-кодтарын беруге арналған жиынтық өтінім

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Салық комитетінің төрағасына
________________________________
20___ жылғы « »                

Р/с №

Салық төлеушінің атауы

СТН

ЖСН/БСН*

Cубъектінің түрі (өндіруші, импорттаушы)

Әкімшілік-аумақтық бірліктердің атауы

Мұнай өнімінің түрі (бензин - 1, дизель отыны - 2, мазут - 3, авиаотын - 4) (түсетін тізім)

Мұнай өнімінің коды

Мұнай өнімінің атауы

Техникалық сипаттама (МЕМСТ, ТШ және т.б.)

1





2

7

8

9

10

1










2










Басшы ____________________ ____________ _______________
            (Облыс)           (қолы)       (аты-жөні)

* - 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап толтырылады

Дербес сәйкестендіру
нөмір-кодтарын беру
қағидаларына  
3-қосымша   

Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарының құрылымы

      Бірінші фасет – әкімшілік-аумақтық бірліктердің коды осы дербес сәйкестендіру нөмір-кодының құрылымына қосымшаға сәйкес;
      екінші фасет – мұнай өнімдері нарығы субъектісінің коды (0001-ден бастап 9999-ға дейінгі реттік нөмірлер) бензин, авиациялық және дизель отынын, мазут өндірушілерге және (немесе) импорттаушыларға беріледі;
      үшінші фасет – өнімінің коды (1 – бензин, 2 – дизельдік отын, 3 – мазут, 4 – авиациялық отын) Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін мұнай өнімдерінің жекелеген түріне беріледі;
      төртінші фасет – бензин, авиациялық және дизельдік отын маркасының коды (001-ден бастап 999-ға дейінгі реттік нөмірлер) стандарттау органдарында тіркелген және сериялық өндіріске және сатуға рұқсат берілген бензиннің, дизель отынының және мазуттың әрбір маркасына беріледі.

Дербес сәйкестендіру
нөмір-кодтарының 
құрылымына    
қосымша     

Әкімшілік-аумақтық бірліктердің кодтары

ДСН-код

Әкімшілік–аумақтық бірліктің атауы

1

2

Ақмола облысы

001

Көкшетау қаласы

002

Ақкөл ауданы

003

Астрахан ауданы

004

Атбасар ауданы

005

Сандықтау ауданы

006

Аршалы ауданы

007

Ерейментау ауданы

008

Егіндікөл ауданы

009

Қорғалжын ауданы

010

Бұланды ауданы

011

Целиноград ауданы

012

Шортанды ауданы

013

Степногор ауданы

014

Жарқайың ауданы

015

Есіл ауданы

016

Жақсы ауданы

017

Зеренді ауданы

018

Бурабай ауданы

019

Еңбекшілдер ауданы

020

Бурабай АЭА

Ақтөбе облысы

021

Ақтөбе қаласы

022

Алға ауданы

023

Байғанин ауданы

024

Әйтеке би ауданы

025

Ырғыз ауданы

026

Қарғалы ауданы

027

Мәртөк ауданы

028

Мұғалжар ауданы

029

Темір ауданы

030

Ойыл ауданы

031

Қобда ауданы

032

Хромтау ауданы

033

Шалқар ауданы

Алматы облысы

034

Талдықорған қаласы

035

Балқаш ауданы

036

Жамбыл ауданы

037

Іле ауданы

038

Қарасай ауданы

039

Райымбек ауданы

040

Талғар ауданы

041

Ұйғыр ауданы

042

Еңбекшіқазақ ауданы

043

Қапшағай қаласы

044

Ақсу ауданы

045

Алакөл ауданы

046

Қаратал ауданы

047

Кербұлақ ауданы

048

Көксу ауданы

049

Панфилов ауданы

050

Сарқан ауданы

051

Ескелді ауданы

052

Текелі қаласы

Атырау облысы

053

Атырау қаласы

054

Құрманғазы ауданы

055

Индер ауданы

056

Исатай ауданы

057

Қызылқоға ауданы

058

Мақат ауданы

059

Махамбетов ауданы

060

Жылыой ауданы

Шығыс Қазақстан облысы

061

Өскемен қаласы

062

Катонқарағай ауданы

063

Глубоков ауданы

064

Зайсан ауданы

065

Күршім ауданы

066

Тарбағатай ауданы

067

Ұлан ауданы

068

Шемонаиха ауданы

069

Зырянов ауданы

070

Риддер қаласы

071

Абай ауданы

072

Аякөз ауданы

073

Бесқарағай ауданы

074

Бородулиха ауданы

075

Жарма ауданы

076

Көкпекті ауданы

077

Курчатов қаласы

078

Үржар ауданы

079

Семей қаласы

Жамбыл облысы

080

Тараз қаласы

081

Жамбыл ауданы

082

Жуалы ауданы

083

Қордай ауданы

084

Тұрар Рысқұлов ауданы

085

Мерке ауданы

086

Мойынқұм ауданы

087

Сарысу ауданы

088

Байзақ ауданы

089

Талас ауданы

090

Шу ауданы

Батыс Қазақстан облысы

091

Орал қаласы

092

Бөрлі ауданы

093

Жәнібек ауданы

094

Жаңақала ауданы

095

Зеленов ауданы

096

Қазталов ауданы

097

Қаратөбе ауданы

098

Сырым ауданы

099

Тасқала ауданы

100

Теректі ауданы

101

Бөкей ордасы ауданы

102

Ақжайық ауданы

103

Шыңғырлау ауданы

Қарағанды облысы

104

Қарағанды қаласы

105

Абай ауданы

106

Қарқаралы ауданы

107

Нұра ауданы

108

Осакаров ауданы

109

Саран қаласы

110

Теміртау қаласы

111

Бұхар жырау ауданы

112

Шахтинск қаласы

113

Қарағанды қаласының Октябрь ауданы

114

Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданы

115

Ақтоғай ауданы

116

Жаңаарқа ауданы

117

Ұлытау ауданы

118

Шет ауданы

119

Балқаш қаласы

120

Жезқазған қаласы

121

Приозерск қаласы

122

Қаражал қаласы

123

Сатпаев қаласы

Қызылорда облысы

124

Қызылорда қаласы

125

Арал ауданы

126

Қазалы ауданы

127

Қармақшы ауданы

128

Жалағаш ауданы

129

Сырдария ауданы

130

Шиелі ауданы

131

Жаңақорған ауданы

Қостанай облысы

132

Қостанай қаласы

133

Алтынсарин ауданы

134

Меңдіқара ауданы

135

Жітіқара ауданы

136

Қамысты ауданы

137

Қарасу ауданы

138

Қарабалық ауданы

139

Қостанай ауданы

140

Ұзынкөл ауданы

141

Наурызым ауданы

142

Денисов ауданы

143

Әулиекөл ауданы

144

Таран ауданы

145

Сарыкөл ауданы

146

Федоров ауданы

147

Лисаковск қаласы

148

Рудный қаласы

149

Амангелді ауданы

150

Жангелді ауданы

151

Арқалық қаласы

Маңғыстау облысы

152

Мұнайлы ауданы

153

Бейнеу ауданы

154

Қарақия ауданы

155

Маңғыстау ауданы

156

Түпқараған ауданы

157

Жаңаөзен қаласы

158

Ақтау теңіз порты

Павлодар облысы

159

Павлодар қаласы

160

Ақтоғай ауданы

161

Баянауыл ауданы

162

Железин ауданы

163

Ертіс ауданы

164

Қашыр ауданы

165

Лебяжі ауданы

166

Май ауданы

167

Павлодар ауданы

168

Успен ауданы

169

Шарбақты ауданы

170

Ақсу қаласы

171

Екібастұз қаласы

Солтүстік Қазақстан облысы

172

Қызылжар ауданы

173

М. Жұмабаев ауданы

174

Жамбыл ауданы

175

Есіл ауданы

176

Мамлют ауданы

177

Шал ақын ауданы

178

Аққайың ауданы

179

Тимирязев ауданы

180

Айыртау ауданы

181

Ақжар ауданы

182

Тайынша ауданы

183

Уәлиханов ауданы

184

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан

Оңтүстік Қазақстан облысы

185

Шымкент қаласы

186

Бәйдібек ауданы

187

Оpдабасы ауданы

188

Отыpаp ауданы

189

Қазығұpт ауданы

190

Төлеби ауданы

191

Мақтааpал ауданы

192

Сайpам ауданы

193

Саpыағаш ауданы

194

Созақ ауданы

195

Түлкібас ауданы

196

Шаpдаpа ауданы

197

Аpыс қаласы

198

Кентау қаласы

199

Түpкістан қаласы

200

Әл-Фараби ауданы

201

Абай ауданы

202

Еңбекші ауданы

Алматы қаласы

203

Алматы қаласы

204

Әуезов ауданы

205

Бостандық ауданы

206

Жетісу ауданы

207

Түрксіб ауданы

208

Алмалы ауданы

209

Медеу ауданы

210

Алатау ауданы

Астана қаласы

211

Астана қаласы

212

Алматы ауданы

213

Сарыарқа ауданы

214

Есіл ауданы

215

«Астана - жаңа қала» АЭА

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады