Мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз етілген, 2012 жылға арналған республикалық бюджетте өтеу мен оларға қызмет көрсету көзделген мемлекеттік емес қарыздар бойынша қарыз алушылардың тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 7 Қаулысы

      «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз етілген, 2012 жылға арналған республикалық бюджетте өтеу мен оларға қызмет көрсету көзделген мемлекеттік емес қарыздар бойынша қарыз алушылардың тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2012 жылғы 6 қаңтардағы
№ 7 қаулысымен   
бекітілген     

Мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз етілген,
2012 жылға арналған республикалық бюджетте өтеу мен
оларға қызмет көрсету көзделген мемлекеттік емес
қарыздар бойынша қарыз алушылардың тізбесі

      1. «Астана қалалық коммуналдық шаруашылық» акционерлік қоғамы.
      2. «Отель Астана» Қазақстан-түрік бірлескен кәсіпорны» акционерлік қоғамы.
      3. «Окан-Қазинтер» Қазақстан-түрік бірлескен кәсіпорны» акционерлік қоғамы.
      4. «Байланыс-Құрылысшы» мемлекеттік акционерлік компаниясы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады