«Қазақстан Республикасының қаржы нарығын мемлекеттік реттеу жүйесін әрі қарай жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 12 сәуірдегі № 25 Жарлығын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес таратылатын Қазақстан Республикасының Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің мүлкі, сондай-ақ беру сәтіндегі жағдай бойынша дебиторлық берешек Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен (келісім бойынша) және таратылатын Қазақстан Республикасының Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің тарату комиссиясымен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнің
2012 жылғы 10 қаңтардағы
№ 11 қаулысына
қосымша
Таратылатын Қазақстан Республикасының Алматы қаласындағы
өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне берілетін мүлкінің
тізбесі
Р/с |
Атауы |
Бастапқы құны, теңге |
Теңгерімдік құны, теңге |
1 |
Негізгі құралдар |
835 242 547,67 |
535 348 504,03 |
2 |
Шаруашылық материалдары және кеңсе керек-жарақтары |
19 026 827,00 |
19 026 827,00 |
3 |
Арзан құнды, тез тозатын пайдаланудағы заттар |
9 159 650,40 |
9 159 650,40 |
Жиыны: |
863 429 025,07 |
563 534 981,43 |