"Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1395 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 қаңтардағы № 22 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 77 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.01.2013 № 77 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1395 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 51, 643-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы";
      1-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2012 жылғы 11 қаңтардағы
№ 22 қаулысына   
қосымша        

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2007 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1395 қаулысымен   
бекітілген        

Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары

      Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары мыналардың:
      1) дара кәсіпкер ретінде ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға үшін - біліктілігіне сәйкес кемінде үш жыл жұмыс өтілімен лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімінің;
      заңды тұлға үшін:
      тиісті дипломдармен, сертификаттармен, аттестаттармен, еңбек кітапшасындағы жазулармен немесе шарттармен расталған жоғары білімінің және басшы лауазымда кемінде үш жыл жұмыс өтілімен ұйым басшысының;
      штатта біліктілігіне сәйкес кемінде үш жыл жұмыс өтілімен лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар мамандардың кемінде 10% болуының;
      2) меншік құқығында немесе өзге де заттық құқықта техникалық-өндірістік базаның (үй-жайлардың, арнайы зертханалық, стенділік, өндірістік, технологиялық, сынақтық және өлшегіш жабдықтың, бақылау-тексеру аппаратурасының);
      3) жобаның мақсаты, өндіріс өрістейтін немесе қызметтер көрсетілетін аумақ, мәлімделген жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ететін техникалық процестің сипаты көрсетілген жобаның болуын қамтиды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады