Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасының Президенті
ЖАРЛЫҚ «Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен
тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну,
Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен
тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және
Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық
жарлықтарына мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі
№ 976 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 21-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 28, 215-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу ережесінде:
17-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте Президент Әкімшілігінің Басшысы бекіткен нысан бойынша келісу парағымен ресімделетін орындаушы мемлекеттік органның ұсыныстарымен Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесі келіскен жағдайда сараптамалық қорытындыларды дайындау талап етілмейді.»;
мынадай мазмұндағы 49-1-тармақпен толықтырылсын:
«49-1. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар (ұйымдар) Президенттің актілері мен тапсырмаларының сапасыз орындалуына әрі уақтылы орындалмауына жауапты болады.»;
59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«59. Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің және/немесе тапсырмаларының тармақтарын бақылаудан алуды орындаушы мемлекеттік органның (ұйымның) ұсынысы бойынша Президент Әкімшілігінің тиісті құрылымдық бөлімшесінің сараптамалық қорытындысы не осы Жарлықтың 17-тармағына сәйкес ресімделген оның келісімі негізінде Қазақстан Республикасының Президенті, Президент Әкімшілігінің Басшысы немесе ол уәкілеттік берген Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары жүзеге асырады.».
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев