Қазақстан Республикасында 2006 - 2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 қаңтардағы № 24 Қаулысы

      "Қазақстан Республикасында 2006 – 2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы № 1677 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында 2006 – 2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру жөніндегі 2012 – 2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
      2. Орталық атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша) мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Жоспарда көзделген іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етсін және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияға жыл сайын, 30 қаңтардан кешіктірмей Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
      3. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                          К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2012 жылғы 11 қаңтардағы
№ 24 қаулысымен    
бекiтiлген       

Қазақстан Республикасында 2006 – 2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру жөніндегі 2012 – 2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары

Р/с

Iс-шаралардың атауы

Аяқтау нысаны

Орындаушылар

Орындау мерзiмi

Қаржылық шығындар,мың теңге

Қаржыландыру көздерi

1

2

3

4

5

6

7

1-бөлім. Ерлер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің нақты теңдігін қамтамасыз ету – заман талабы

Мақсаты. Қазақстан Республикасының Конституциясында және Қазақстан қосылған халықаралық актілерде жарияланған ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерін іске асыру, сондай-ақ олардың қоғам өмірінің барлық салаларында тең қатысуы үшін жағдай жасау.
Міндеті. Мемлекеттік органдар мен тұтас қазақстандық қоғамды әлеуметтік әділ гендерлік саясатты іске асыру бойынша біріктіру.

1.

Министрліктердің, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының стратегиялық даму жоспарларында, мемлекеттік органдар әзірлейтін нормативтік құқықтық актілерде;
- орталық және жергілікті атқарушы органдар туралы ережелерде гендерлiк аспектiлердi ескеру

ӘIОДСҰК-ге ақпарат

Орталық атқарушы органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

Жыл сайын 20 қаңтар 2012 жылғы 20 қаңтар

Талап етiлмейдi

-

2.

Мемлекеттік қызметшілерді біліктілікті арттыру семинарларында гендерлік тақырып бойынша оқыту

ӘIОДСҰК-ге ақпарат

МҚІА (келісім бойынша)

Жыл сайын
20 қаңтар

004 "Мемлекетті к қызметшілер ді даярлау, қайта даярлау және біліктілігі н арттыру" бюджеттік бағдарлама сы шегінде

Республикалық бюджет

3.

Барлық қолданыстағы және әзірленетін нормативтік құқықтық актілерді міндетті гендерлік сараптаудан өткізуді енгізу туралы ұсыныс беру

ӘIОДСҰК-ге ұсыныс

Әділетмині

2012 жыл наурыз

Талап етiлмейді

-

4.

Республикалық және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру кезінде гендерлік тәсілді енгізуді регламенттейтін нормативтік құқықтық актіні әзірлеу бойынша ұсыныстарды зерттеу және енгізу

ӘIОДСҰК-ге ұсыныс

ЭДСМ

2013 жыл желтоқсан

Талап етiлмейдi

-

5.

Гендерлік статистиканы жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыру

ӘIОДСҰК-ге ақпарат

СА

Жыл сайын қаңтар

Талап етiлмейдi

-

6.

Жалпымемлекеттік статистикалық есептілік нысандарында гендерлік аспектілерді ескеру

ӘIОДСҰК-ге ақпарат

СА

2016 жыл желтоқсан

Талап етiлмейдi


2-бөлім. Гендерлік теңдіктің қоғамдық-саяси өмірдегі жетістігі

Мақсаты. Ерлер мен әйелдердің атқарушы және өкілді билік органдарында, шешім қабылдау деңгейінде басқару процестерінде тең (паритетті) өкілдігіне қол жеткізу.
Міндеті. Әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту және жағдайын жақсарту, олардың қоғамдық-саяси өмірге тең негізде жан-жақты қатысуы.

7.

Бекітілген кадр резервінен әйелдер мен ерлерді әртүрлі лауазымдарға тағайындау туралы ақпарат ұсыну

ӘIОДСҰК-ге ақпарат

МҚІА (жинақтау), (келісім бойынша), орталық атқарушы органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

Жыл сайын
20 қаңтар

Талап етiлмейдi

-

8.

Жоғары оқу орындарының әкімшілік-басқару персоналында әйелдердің өкілдігін көбейту бойынша жұмысты жалғастыру

ӘIОДСҰК-ге ақпарат

БҒМ

Жыл сайын 20 қаңтар

Талап етiлмейдi

-

9.

Әйелдер көшбасшылығы мектептерінің желісін дамыту, әйелдерді басшы лауазымдарға жоғарылату кезінде гендерлік теңгерімділікті сақтау мақсатында әйелдердің бастамашылығын жандандыру бойынша іс-шараларды жүргізу

ӘIОДСҰК-ге ақпарат

ММ (жинақтау),
ӘIОДСК (келісім бойынша),
ҮЕҰ (келісім бойынша)

Жыл сайын
20 қаңтар

018 "Ішкі саяси тұрақтылық және қоғамдық келісім саласында мемлекеттік саясатты жүргізу" бюджеттік бағдарламасы шегінде

Республикалық бюджет

10.

Гендерлік бағыттағы оқу семинарларын, әйелдерді саяси жоғарылату жөнінде тренингтер өткізу

ӘIОДСҰК-ге ақпарат

ММ (жинақтау),
ӘIОДСҰК (келісім бойынша), ӘIОДСК (келісім бойынша), ҮЕҰ (келісім бойынша)

Жыл сайын 20 қаңтар

018 "Ішкі саяси тұрақтылық және қоғамдық келісім саласында мемлекеттік саясатты жүргізу" бюджеттік бағдарламасы шегінде

Республикалық бюджет

11.

Қазақстан Республикасының сот жүйесінде кадрларды тағайындау процесінде гендерлік теңдіктің сақталуын зерттеу

ӘIОДСҰК-ге ақпарат

ЖС (келісім бойынша)

2012 жыл қаңтар

Талап етiлмейдi

-

12.

Бас, салалық және өңірлік келісімдерді жасау арқылы гендерлік теңдік мәселелерін шешуде әлеуметтік әріптестікті дамыту бойынша жұмысты жалғастыру

ӘIОДСҰК-ге ақпарат

Еңбекмині (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

Жыл сайын
20 қаңтар

Талап етiлмейдi

-

13.

Гендерлік саясат мәселелері бойынша басшы лауазымдардағы әйелдердің қатысуымен семинар өткізу

Семинар

БҚА (жинақтау), Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

2014 жыл қаңтар

Талап етiлмейдi

-

3-бөлім. Экономикада гендерлік теңдікке қол жеткізу

Мақсаты. Экономика саласында гендерлік теңдікке қол жеткізу, әйелдер арасында кәсіпкерлікті одан әрі дамыту, әйелдердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Міндеті. Елде гендерлік бағдарлы, әділ әлеуметтік және экономикалық жағдайдың жасалуын бақылауды енгізу және қамтамасыз ету бойынша мемлекет пен азаматтық қоғамның бірлескен күш-жігерін кеңейту үшін сектораралық ынтымақтастықты үйлестіру және дамыту

14.

Халықаралық еңбек ұйымының "Отбасылық міндеттері бар еңбекшілер: еңбекші әйелдер мен ерлерге тең қарау және тең мүмкіндіктер беру туралы" № 156 конвенциясын ратификациялау жұмыстарын жалғастыру

ӘIОДСҰК-ге ақпарат

Еңбекмині
(жинақтау),СІМ

2012 жыл қаңтар

Талап етiлмейдi

-

15.

Әйелдерді кәсіпкерлікке тарту бойынша жұмыстарды жандандыру

ӘIОДСҰК-ге ақпарат

ЭДСМ (жинақтау), облыстарды ң, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

Жыл сайын 20 қаңтар

Талап етiлмейдi

-

16.

Әйелдердің еңбек, тұрғын үй және өзге де құқықтарын қорғауға бағытталған Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану тәжірибесін қорыту

ӘIОДСҰК-ге ақпарат

БП (келісім бойынша)

Жыл сайын
20 қаңтар

Талап етiлмейдi

-

17.

Гендерлік аспектілерді ескере отырып, еңбек жағдайын жақсарту бойынша жұмыстарды жүргізу

ӘIОДСҰК-ге ақпарат

Еңбекмині (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

Жыл сайын 20 қаңтар

Талап етiлмейдi

-

18.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде әйелдердің тұрақты және нәтижелі жұмыспен айналысуына, өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздар мен табысы аз адамдардың нәтижелі жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу

ӘIОДСҰК-ге ақпарат

Еңбекмині (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

2012 – 2016 жылдар қаңтар

128 "Жұмыспен қамту бағдарлама сы шеңберінде іс-шаралар ды жүзеге асыру" бюджеттік бағдарламасы шегінде

Республикалық бюджет

19.

Ауылдық жерлерде әйелдер кәсіпкерлігін дамыту үшін микрокредит бөлуді қамтамасыз ету

ӘIОДСҰК-ге ақпарат

АШМ

2012 – 2016 жылдар жыл сайын

043 "ӘӨК дамытуды ынталандыру бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін "КазАгро ҰБХ" АҚ жарғылық капиталын ұлғайту" бюджеттік бағдарламасы шегінде

Республикалық бюджет

20.

Отбасы бизнесін дамыту мәселесі, "үйдегі" жұмыс орындары желісін құру бойынша ҮЕҰ мен бизнес құрылымдардың өзара әрекеттестігін қамтамасыз ету

ӘIОДСҰК-ге ақпарат

Облыстарды ң, Астана және Алматы қалаларыны ң әкiмдерi, ҮЕҰ (келісім бойынша)

Жыл сайын 20 қаңтар

Талап етiлмейдi

-

21.

Жаңадан бастаушы кәсіпкерлер мен жұмыс істеп тұрған бизнесі бар кәсіпкер әйелдер үшін кәсіпкерлік мәселелері бойынша курс ұйымдастыру

ӘIОДСҰК-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

Жыл сайын 20 қаңтар

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде

Жергілікті бюджеттер

22.

Ауылдық жерлердің тұрғындары үшін кәсіпкерлік негіздері және микрокредитті тиімді пайдалану бойынша оқу семинарлары мен консультацияларын өткізу

ӘIОДСҰК-ге ақпарат

АШМ

2012 – 2016 жылдар жыл сайын

057 "ӘӨК субъектілерін өтеусіз негізде ақпараттық қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы шегінде

Республикалық бюджет

4-бөлім. Гендерлік білім. Құқықтық және гендерлік ағарту

Мақсаты. Білім беру жүйесіне гендердік білімді енгізу. Құқықтық және гендерлік теңдіктің, әйелдер мен ерлер арасында әділ әлеуметтік қатынастардың қажеттілігін ұғындыру бойынша қоғамды ағарту.
Міндеті. Білім беру жүйесіне гендердік білімді енгізу, халықты гендерлік ағарту бойынша тиімді пәрменді жүйе құру

23.

Білім берудің барлық деңгейлерінің оқу бағдарламаларына гендерлік құрамдас бөлікті біртіндеп енгізуді қамтамасыз ету

ӘIОДСҰК-ге ақпарат

БҒМ

Жыл сайын 20 қаңтар

Талап етiлмейдi

-

24.

Білім беру жүйесіне гендерлік білім беруді енгізу мәселелері бойынша әлеуметтанушылық зерттеу жүргізу

ӘIОДСҰК-ге ақпарат

БҒМ (жинақтау), облыстарды ң, Астана және Алматы қалаларыны ң әкiмдерi

2012 жыл желтоқсан

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, ҮЕҰ қаражаттары шегінде

Республикалық және жергілікті бюджеттер, ҮЕҰ қаражаты

25.

Жалпы білім беретін мектептердің, республикалық білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтарын, жоғары оқу орындарының оқытушыларын гендерлік білім беру мәселелері бойынша қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыру

ӘIОДСҰК-ге ақпарат

БҒМ (жинақтау) облыстарды ң, Астана және Алматы қалаларыны ң әкiмдерi

2012 – 2016 жылдар қаңтар

Талап етiлмейдi

-

26.

ҮЕҰ бірлесе отырып, құқық қорғау органдарында және денсаулық сақтау органдарында жұмыс істейтін мамандарға гендерлік білім беруді жүргізу

ӘIОДСҰК-ге ақпарат

Облыстарды ң, Астана және Алматы қалаларыны ң әкiмдерi, ІІМ, БҒМ, ДСМ

Жыл сайын 20 қаңтар

Жергілікті бюджеттер, ХҰ гранттары қаражаты шегінде

Жергілікті бюджеттер, ХҰ гранттары

5-бөлім. Ерлер мен әйелдердің ұрпақты болу денсаулығын нығайту

Мақсаты. Халықтың қалыпты ұрпақ жалғастыруын қамтамасыз ету және олардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында ерлер мен әйелдердің, жасөспірімдердің ұрпақты болу денсаулығын сақтау және нығайту.
Міндеті. Ұрпақты болу денсаулығы саласындағы нормативтік құқықтық базаны одан әрі жетілдіру. Халықтың ұрпақты болу денсаулығына ықпал ететін ауру деңгейлерін төмендету.

27.

Ана мен бала өлімін азайту бойынша шаралар қабылдау. Жасанды түсік санын азайту және халықтың ана болудың қауіпсіз әдістеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін жүзеге асыру

ӘIОДСҰК-ге ақпарат

ДСМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

Жыл сайын 20 қаңтар

036 "Жергілікті деңгейде қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, тегін медициналық көмектің кепілді көлемін қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы шегінде

Республикалық және жергілікті бюджеттер

28.

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында сенім телефоны қызметін ұйымдастыру және олардың жұмысын жүйелі түрде талдау

ӘIОДСҰК-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

2013 – 2016
жылдар қаңтар

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде

Жергілікті бюджеттер

29.

Халықты белсенді өмір салтын ұстануға, бұқаралық спорт пен дене шынықтыруға ынталандыру және хабардарлығын арттыру бойынша жұмыс жүргізу, халық арасында салауатты өмір салты негіздерін насихаттауды жетілдіру

ӘIОДСҰК-ге ақпарат

ТСМ (жинақтау), ДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

Жыл сайын қаңтар

Талап етiлмейдi

-

30.

Дұрыс тамақтануды насихаттау бойынша, халықты қауіпсіз тамақ өнімдері туралы ақпараттандыру жұмыстарын жалғастыру

ӘIОДСҰК-ге ақпарат

ДСМ (жинақтау),

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

Жыл сайын қаңтар

Талап етiлмейдi

-

31.

Балалар, жасөспірімдер және жастар арасында суицид фактілерін жою мақсатында сенім телефоны желісін дамыту

ӘIОДСҰК-ге ақпарат

БҒМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларыны ң әкiмдерi

2012 – 2016 жылдар қаңтар

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде

Жергілікті бюджеттер

32.

Жасөспірімдер мен жастарға арналған жастар денсаулық орталықтары желісін дамыту

ӘIОДСҰК-ге ақпарат

ДСМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларыны ң әкiмдерi

Жыл сайын қаңтар

Жергілікті бюджеттер қаражаты шегінде

Жергілікті бюджеттер

6-бөлім. Қоғамда жыныстық белгісі бойынша зорлық-зомбылықтың алдын алу

Мақсаты. Адамдардың зорлық-зомбылықсыз лайықты өмір сүруі үшін жағдай жасау. Адамдар қарым-қатынасының нысаны ретіндегі зорлық-зомбылыққа жол бермеу. Зорлық-зомбылықтың барлық әлеуметтік салада, оның ішінде отбасында көрініс табуын тоқтату.
Міндеті. Зорлық-зомбылық пен жезөкшелікке және адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын алу бойынша ұлттық заңнаманы одан әрі жетілдіру. Ерлер мен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күресті күшейту және оны айтарлықтай азайтуға қол жеткізу.

33.

Зорлық-зомбылықты ң және трафиктің алдын алу проблемалары бойынша ақпараттық-насиха ттау және білім беру жұмыстарын жүргізу (ЖОО-да, колледждерде, орта мектептерде, еңбек ұжымдарында)

ӘIОДСҰК-ге ақпарат


ІІМ, БҒМ, ДСМ, облыстардың , Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2012 – 2016 жылдар қаңтар

Жергілікті бюджеттер қаражаты шегінде

Жергілікті бюджеттер

34.

Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталықтарын ашу

ӘIОДСҰК-ге ақпарат

Облыстардың , Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ІІМ

2012 – 2014 жылдар

Жергілікті бюджеттер қаражаты шегінде

Жергілікті бюджеттер

35.

Зорлық-зомбылық құрбандарына арналған жұмыс істейтін дағдарыс орталықтарының материалдық-техни калық жарақтандырылуын жақсарту бойынша шаралар қабылдау

ӘIОДСҰК-ге ақпарат

Облыстардың , Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ІІМ

2012-2013 жылдар

Жергілікті бюджеттер қаражаты шегінде

Жергілікті бюджеттер

36.

Зорлық-зомбылық проблемалары, зорлық-зомбылық пен нәпсілік бопсалау салдарын бағалау бойынша арнайы әлеуметтанушылық зерттеулер жүргізу

ӘIОДСҰК-ге ақпарат

ІІМ, ДСМ, облыстардың , Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2012 – 2016 жылдар қаңтар

Жергілікті бюджеттер, ХҮЕҰ гранттары қаражаты шегінде

Жергілікті бюджеттер, ХҮЕҰ гранттары

37.

Мынадай:
- неке мен отбасыны дамытудағы мемлекеттік саясат және жаңа үрдістер мәселелері бойынша, оның ішінде отбасылық сәтсіздікті, әлеуметтік жетімдікті еңсеру бойынша;
- агрессорлармен тұратын отбасыны әлеуметтік-психол огиялық оңалтудың жаңашыл тәжірибесін әзірлеу мақсатында кешенді зерттеулер жүргізу

ӘIОДСҰК-ге ақпарат

ММ (жинақтау), ӘIОДСҰК  (келісім бойынша),  ӘIОДСК (келісім бойынша), ҮЕҰ  (келісім бойынша)

Жыл сайын
20 қаңтар

018 "Ішкі саяси тұрақтылық және қоғамдық келісім саласында мемлекеттік саясатты жүргізу" бюджеттік бағдарламасы шегінде

Республикалық бюджет

38.

Отбасылық-тұрмыст ық қатынастар саласында әйелдерге қатысты құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша алдын алу іс-шараларын өткізу

ӘIОДСҰК-ге ақпарат

ІІМ (жинақтау), облыстардың , Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2012 – 2016 жылдар қаңтар

Жергілікті бюджеттер қаражаты шегінде

Жергілікті бюджеттер

39.

Халықаралық статистикалық стандарттарға сәйкес тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша іріктеп тексеру жүргізу

ӘIОДСҰК-ге ақпарат

СА

2015 – 2016 жылдар

002 "Статистикалық деректерді жинау және өңдеу жөніндегі қызметтер" бюджеттік бағдарламасы шегінде*

Республикалық
бюджет

7-бөлім. Отбасында гендерлік теңдікке қол жеткізу. Отбасын нығайту және отбасы тәрбиесінің рөлін арттыру
Мақсаты. Отбасы институтын және отбасылық-неке қатынастарын нығайту, отбасының беделін арттыру, отбасы мен неке құндылықтарын насихаттау, отбасылық қатынастарда ұрпақтардың әлеуметтік және мәдени сабақтастығын қамтамасыз ететін және азаматтық қоғамның тұрақты және орнықты дамуының факторы болып табылатын гендерлік теңдікке қол жеткізу.
Міндеті. Отбасылық қатынастарда гендерлік теңдікке қол жеткізу. Отбасының беделін арттыру, отбасылық-неке қатынастарын нығайту, отбасы мен неке құндылықтарын насихаттау.

40.

Отбасының құқықтары мен мүдделерін қорғау саласында, гендерлік саясатты іске асыру бойынша жұмыс істейтін қоғамдық бірлестіктер мен ҮЕҰ-мен ынтымақтастықты жалғастыру

ӘIОДСҰК-ге ақпарат

ММ (жинақтау), ДСМ, БҒМ, ІІМ, облыстардың , Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2012 – 2016
жылдар қаңтар

Талап етiлмейдi

-

41.

Халықтың ұлттық дәстүрлері мен ділін ескере отырып, отбасының қоғамдағы рөлі туралы әлеуметтанушылық зерттеу жүргізу

ӘIОДСҰК-ге ақпарат

ММ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2013 жыл қаңтар

018 "Ішкі саяси тұрақтылық және қоғамдық келісім саласында мемлекеттік саясатты жүргізу" бюджеттік бағдарламасы шегінде

Республикалық
бюджет

42.

Неке мен отбасының рухани негіздерін нығайтуға ықпал ететін үздік отбасылық, этномәдени дәстүрлерді жаңғырту мақсатында отбасылық тәрбие және бос уақытты өткізу орталықтары ретінде аула клубтарын ұйымдастыру және дамыту

ӘIОДСҰК-ге ақпарат

Облыстардың , Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Жыл сайын 20 қаңтар

Жергілікті бюджеттер қаражаты шегінде

Жергілікті бюджеттер

43.

Отбасы мен балаларды әлеуметтік қамсыздандырудың қолданыстағы мамандандырылған институтын, дағдарыс жағдайынан шыққаннан кейін отбасыларға мамандандырылған психологиялық-пед агогикалық көмек қызметін дамыту

ӘIОДСҰК-ге ақпарат

БҒМ (жинақтау), Еңбекмині, ДСМ, облыстардың , Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҮЕҰ (келісім бойынша)

2012 - 2016
жылдар қаңтар

Жергілікті бюджеттер қаражаты шегінде

Жергілікті бюджеттер

44.

Әділет органдары арқылы неке мен отбасы институтын насихаттау бойынша мақсатты жұмыс жүргізу

ӘIОДСҰК-ге ақпарат

Әділетмині (жинақтау), облыстардың , Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2012 – 2016 жылдар қаңтар

Жергілікті бюджеттер қаражаты шегінде

Жергілікті бюджеттер

45.

Балалар аула клубтары арасында отбасыларды нығайту жөніндегі жұмыстарды үздік ұйымдастырғаны үшін конкурстар ұйымдастыру

ӘIОДСҰК-ге ақпарат

Облыстардың , Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2012 – 2016 жылдар қаңтар

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде

Жергілікті бюджеттер

8-бөлім. Гендерлік сезімтал қоғамдық сананы дамыту

Мақсаты. Қоғам санасында ерлер мен әйелдердің қоғам өмірінің барлық салаларында әлеуметтік тең болуы қажеттілігін қалыптастыру.
Міндеті. Гендерлік стереотиптерді еңсеру және тең құқықтар мен тең мүмкіндіктер беру идеологиясына бағытталған гендерлік идеалдар мен қағидалардың жаңа жүйесін қалыптастыру

46.

Әйелдердің қоғамдағы оң имиджін алға жылжыту, гендерлік теңдікті насихаттау бойынша БАҚ арасында конкурстар өткізу

ӘIОДСҰК-ге ақпарат

БАМ (жинақтау), облыстардың , Астана және Алматы қалаларыны ң әкімдері

2013 жыл қаңтар

Тартылған қаржы есебінен

Республикалық бюджет

47.

Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс шеңберінде гендерлік және отбасылық-демогра фиялық проблематиканы жариялау бойынша телерадио бағдарламаларын кеңейту мүмкіндігін қарастыру

ӘIОДСҰК-ге телерадио бағдарламалар ын құру туралы ұсыныс

БАМ

2013 – 2016 жылдар

025 "Мемлекетті к ақпараттық саясатты жүргізу" бюджеттік бағдарламас ы шегінде

Республикалық бюджет

48.

БАҚ-тың гендерлік сезімталдығын арттыру бойынша шаралар қабылдау, гендерлік проблемаларды жариялау бойынша ұсынымдар әзірлеу

ӘIОДСҰК-ге ақпарат

БАМ (жинақтау), Қазақстанны ң іскер әйелдер қауымдастығ ы (келісім бойынша)

2013 жыл

Әлеуметтік тапсырыс шеңберінде*

Республикалық бюджет

49.

Кері гендерлік стереотиптерді насихаттайтын көрсетілімдерге жол бермеу бойынша ұсыныстар беру

ӘIОДСҰК-ге ұсыныс

БАМ

2012 жыл желтоқсан

Талап етілмейді

-

50.

Отбасылық құндылықтарды насихаттау жөніндегі билбордтар (пилон, баннерлер) конкурсын өткізу және оларды көпшілік орындарға орналастыру жұмыстарын жалғастыру

ӘIОДСҰК-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2012 – 2016
жылдар қаңтар

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде

Жергілікті бюджеттер

51.

Мыналарды:
- қоғамдағы әйелдердің рөлін және гендерлік теңдігін арттыру;
- БҰҰ Әйелдерге қатысты барлық нысандағы кемсітушілікті жою туралы конвенциясының ережелерін, Қазақстан Республикасындағы Гендерлік теңдік стратегиясын, адам құқығы бойынша халықаралық құжаттарды іске асыру;
- қоғамның гендерлік мәдениетін арттыру;
- мемлекеттік билік пен басқару органдарында ерлер мен әйелдердің тең өкілдігіне оң қатынасты қалыптастыру;
- жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алу процесін ынталандыру;
- мемлекеттің азаматтарды тұрмыстық зорлық-зомбылықта н және адам саудасынан қорғау бойынша қабылдайтын шаралары туралы мәселелерді ақпараттық-насиха ттық қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізу

Медиа-жоспар

ӘIОДСҰК (жинақтау), орталық атқарушы органдар, жергілікті атқарушы органдар

Жыл сайын
20 қаңтар

Талап етілмейді

-

52.

Статистикалық ақпаратты пайдаланушыларды Қазақстанда ұлттық статистикалық жүйенің гендерлік сезімталдығын арттыру мәселелері бойынша ақпараттандыру

ӘIОДСҰК-ге ақпарат

СА

Жыл сайын 20 қаңтар

009 "Статистикал ық деректерді тарату бойынша қызметтер" бюджеттік бағдарлама шегінде

Республикалық бюджет

      * аталған шығыстар 2013 - 2015 жылдарға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде қарастырылады

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
БҚА — Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік)
СА - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
МҚІА - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер агенттігі
АӨК - агроөнеркәсіптік кешен
ЖС - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
БП - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
ӘІОДСК - Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
ММ - Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
ХҰ - халықаралық ұйымдар
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ХҮЕҰ - халықаралық үкіметтік емес ұйымдар
БАМ - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
ӘІОДСҰК - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия ҮЕҰ - үкіметтік емес ұйымдар
БАҚ - бұқаралық ақпарат құралдары
ЖОО - жоғары оқу орындары
БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы
"КазАгро ҰБХ" АҚ - "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады