Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Дамаск қаласында (Сирия Араб Республикасы) Қазақстан Республикасының консулдығы ашылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов