Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2012 жылғы 31 мамырдағы № 2 Нормативтік қаулысы.

      "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің қабылдануына және сот практикасының біркелкілігін қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

      қаулы етеді:

      І. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мына нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 29.11.2018 № 16 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      2. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 29.11.2018 № 15 нормативтік қаулысымен ( алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 13 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістерімен бірге "Соттардың некенi бұзу туралы iстердi қараған кезде заңды қолдануы туралы" 2000 жылғы 28 сәуірдегі № 5 нормативтік қаулыға:

      1) нормативтік қаулының тақырыбында "некені" деген сөзден кейін "(ерлі-зайыптылықты)" деген сөзбен және нормативтік қаулының бүкіл мәтіні бойынша "некені", "некенің", "неке", "некелерін", "некесін" деген сөздерден кейін "(ерлі-зайыптылықты)", "(ерлі-зайыптылықтың)", "(ерлі-зайыптылық)", "(ерлі-зайыптылықты)" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) кіріспеде "Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" Заңының" деген сөздер "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (бұдан әрі – Кодекс)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 1-тармақта:

      бірінші абзацта "Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" Заңының (бұдан әрi – Заң) 15-бап 1-тармағына" деген сөздер мен цифрлар "Кодекстің 16-бабының 1-тармағына" деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын;

      екінші абзацта "АIЖК-нің" деген аббревиатура "Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі – АІЖК)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 4-тармақта "Заңның 15-бап 2-тармағына" деген сөздер мен цифрлар "Кодекстің 16-бабының 2-тармағына" деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын;

      5) 5-тармақта "заңда" деген сөз "Кодексте" деген сөзбен ауыстырылсын;

      6) 6-тармақта "АХАЖ органдарында" деген сөздер "азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын аумақтық әділет органдарында (бұдан әрі – тіркеуші орган)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) нормативтік қаулының бүкіл мәтіні бойынша "АХАЖ органдарында", "АХАЖ органдарына", "АХАЖ", "АХАЖ органына", "АХАЖ органдары" деген сөздер тиісінше "тіркеуші органдарда", "тіркеуші органдарға", "тіркеуші органның", "тіркеуші органға", "тіркеуші органдар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 7-тармақ алып тасталсын;

      9) 8-тармақта "Заңның 16-бап 2-тармағына" деген сөздер мен цифрлар "Кодекстің 17-бабының 2-тармағына" деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын;

      10) 10-тармақта бүкіл мәтін бойынша "үш" деген сөз "алты" деген сөзбен, "заңда" деген сөз "Кодексте" деген сөзбен ауыстырылсын;

      11) 11-тармақта екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Алайда ортақ кәмелетке толмаған балалары бар ерлi-зайыптылардың арасында некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу жөнінде өзара келiсiм болса, ерлі-зайыптылардың бiр-бiрiне мүліктiк және өзге де талаптары болмаған кезде, сондай-ақ, егер ерлi-зайыптылардың бiреуі некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға арыз берсе, ал екіншісі қарсылығының жоқтығына қарамастан өзiнiң әрекеттерiмен не әрекетсiздiгімен некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзудан жалтарса, сот ажырасудың себептерiн анықтамай-ақ некенi бұзады. Көрсетiлген жағдайларда некенi бұзу екi айға дейiнгі мерзімде жүргізіледі (АIЖК-нiң 174-бабы)";

      12) 13-тармақтың бірінші абзацында:

      "Заңның 21-бап 2-тармағына" деген сөздер мен цифрлар "Кодекстің 22-бабының 2-тармағына" деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын;

      "Заңның 20-тарауындағы" деген сөздер мен цифрлар "Кодекстің 22-тарауындағы" деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын;

      13) 14-тармақта:

      бірінші абзацта "Заңның 21-бабы 2 тармағы" деген сөздер мен цифрлар "Кодекстің 22-бабының 2-тармағы" деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын;

      екінші абзацта "Заңның 32-бабы 1, 2-тармақтары", "Заңның 38-бабына" деген сөздер мен цифрлар тиісінше "Кодекстің 33-бабының 1 және 2-тармақтары", "Кодекстің 39-бабына" деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын;

      "АК-нің" деген аббревиатура "Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – АК)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 15-тармақта "Заңның 32-36-баптарында" деген сөздер мен цифрлар "Кодекстің 33-37-баптарында" деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын;

      15) 16-тармақта:

      бірінші абзацта "Заңның 37-бабының 3-тармағы" деген сөздер мен цифрлар "Кодекстің 38-бабының 3-тармағы" деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын;

      екінші абзацта "Заңның 34-бабына" деген сөздер мен цифрлар "Кодекстің 35-бабына" деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын;

      үшінші абзацта "Заңның 34-бабының 2-тармағына" деген сөздер мен цифрлар "Кодекстің 35-бабының 2-тармағына" деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын;

      16) 17-тармақта:

      бірінші абзацта "Заңның 36-37-баптарында" деген сөздер мен цифрлар "Кодекстің 37, 38-баптарында" деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын;

      екінші абзацта "Заңның 42-бап 2-тармағына" деген сөздер мен цифрлар "Кодекстің 43-бабының екінші тармағына" деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын, "қолайсыз жағдайда қалдыратын" деген сөздерден кейін "немесе осы некеде (ерлі-зайыптылықта) туылған немесе асырап алынған балалардың мүліктік құқықтарын бұзатын" деген сөздермен толықтырылсын;

      17) 18-тармақта "Заңның 21-бабының 3-тармағына" деген сөздер мен цифрлар "Кодекстің 22-бабының 3-тармағына" деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын;

      18) 19-тармақта:

      бірінші абзацта "Заңның 36-бабындағы" деген сөздер мен цифрлар "Кодекстің 37-бабындағы" деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын;

      екінші абзацта "Заңның 36-бап 4-тармағына" деген сөздер мен цифрлар "Кодекстің 37-бабының 4-тармағына" деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын;

      19) 20-тармақта "(Заңның 36-бабының 6-тармағы)" деген сөздер мен цифрлар "(Кодекстің 37-бабының 6-тармағы)" деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын;

      20) 21-тармақта "заңның 21-бабына" деген сөздер мен цифрлар "Кодекстің 22-бабына" деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын;

      21) 22-тармақта "Заңның 21-бап 2-тармағында" деген сөздер мен цифрлар "Кодекстің 22-бабының 2-тармағында" деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын;

      22) 25-тармақта:

      екінші абзацта "Заңның 24-бабы", "Заңның 25-бабына" деген сөздер мен цифрлар тиісінше "Кодекстің 25-бабы", "Кодекстің 26-бабына" деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын;

      үшінші абзацта "Заңның 24-бабының 1-тармағында", "Заңның 9-10 баптары", "Заңның 11-бабы" деген сөздер мен цифрлар тиісінше "Кодекстің 25-бабының 1-тармағында", "Кодекстің 9-10-баптарында", "(Кодекстің 11-бабы)" деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын;

      бесінші абзацта "Заңның 13-бабы" деген сөздер мен цифрлар "Кодекстің 13-бабы" деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын;

      23) 26-тармақта "Заңның 26-бабының 4-тармағына" деген сөздер мен цифрлар "Кодекстің 27-бабының 4-тармағына" деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын;

      24) 27-тармақта "Заңның 22-бабының 1-тармағына" деген сөздер мен цифрлар "Кодекстің 23-бабының 1-тармағына" деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын.

      4. "Соттардың бала асырап алу туралы iстердi қарау кезiнде неке және отбасы туралы заңнаманы қолдануының кейбiр мәселелерi туралы" 2000 жылғы 22 желтоқсандағы № 17 нормативтік қаулыда (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 10, 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 14 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге):

      1) нормативтік қаулының тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "неке" деген сөзден кейін "(ерлі-зайыптылық)" деген сөзбен толықтырылсын, "қорғаншы және қамқоршы органның", "қорғаншы және қамқоршы орган", "қорғаншы және қамқоршы органға" деген сөздер тиісінше "қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның", "қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган", "қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Конституциясы, Баланың құқықтары туралы 1989 жылғы 20 қарашадағы конвенция, Балаларды қорғау және шетелдік бала асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы 1993 жылғы 29 мамырдағы конвенция, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрi – Кодекс), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 380 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидалары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 Қаулысымен бекітілген Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидалары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 383 Қаулысымен бекітілген Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау қағидалары және оны төлеу мөлшері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 385 Қаулысымен бекітілген Бала асырап алу жөнiндегi агенттiктердi аккредиттеу қағидалары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 386 Қаулысымен бекітілген Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидалары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 387 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі туралы қорытынды беретін комиссия қызметінің қағидалары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 388 Қаулысымен бекітілген Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және асырап алуға жататын балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу қағидалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары ұлттық және халықаралық деңгейлерде бала асырап алу туралы Қазақстан Републикасының қолданыстағы құқығы болып табылатынына соттардың назары аударылсын.

      3) 2-тармақта:

      бірінші абзацта "Заңның 77-бабының" деген сөздер мен цифрлар "Кодекстің 87-бабының" деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын;

      екінші абзацта "Заңның 77-бабының 2-тармағы" деген сөздер мен цифрлар "Кодекстің 88-бабының 1-тармағы" деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын;

      4) 3-тармақта:

      екінші абзацта "заң" деген сөз "кодекс" деген сөзбен ауыстырылсын;

      төртінші абзацта "Заңның 82-бабының" деген сөздер мен цифрлар "Кодекстің 93-бабының" деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын;

      5) 4-тармақта "Заңның 175-бабына" деген сөздер мен цифрлар "Кодекстің 196-бабына" деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын;

      6) 6-тармақтың екінші абзацында "консулдық мекемелері" деген сөздерден кейін "және Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы" деген сөздермен толықтырылсын, "Заңның 209-бабының 6-тармағы" деген сөздер мен цифрлар "Кодекстің 251-бабының 2-тармағы" деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын;

      7) 6-1-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бала асырап алуға үміткер, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары және шетелдіктер баламен кемiнде төрт апта тiкелей қатынаста болуға тиіс. Осы мерзімді олар баланы асырап алу туралы сотқа арыз бергенге дейін сақтауға тиіс";

      екінші абзацта "Шетелдіктің" деген сөздің алдынан "Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматының немесе" деген сөздермен толықтырылсын;

      8) 7-тармақтың бірінші абзацында "Заңның 82 және 84-баптары" деген сөздер мен цифрлар "Кодекстің 93, 95-баптары" деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын;

      9) 9-тармақта:

      бірінші абзацта "Заңның 80-бабының 2-тармағы, 81-бабының 1-тармағы" деген сөздер мен цифрлар "Кодекстің 91-бабының 2-тармағы, 92-бабының 1-тармағы" деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын;

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бала асырап алушы мен асырап алынушы баланың жас айырмасы кем дегенде 16 жас болуға және ол 45 жастан аспауға тиіс екендiгi туралы Кодекстің 91-бабының талаптарын негiзге ала отырып, Кодекс себепті деп таныған негіздер бойынша (туыстық қарым-қатынаста болу немесе баланың оны асырап алатын адамға бауыр басып, оны өзiнiң ата-анасы деп есептеуi және т.б.) жас айырмасын қысқартуға болатындығын соттардың назарда ұстағандары жөн";

      10) 10-тармақта:

      бірінші абзацта "Заңның 82-бабы" деген сөздер мен цифрлар "Кодекстің 93-бабы" деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын;

      екінші абзацта "Заңның 83-бабы" деген сөздер мен цифрлар "Кодекстің 94-бабы" деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын;

      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл ретте Кодекстің 77-бабының 7-тармағына сәйкес, ата-аналары ата-ана құқықтарынан айырылған жағдайда соттың ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап алты ай өткен соң бала асырап алуға жол берiлетiнiн назарда ұстау қажет. Ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналардың біреуінің бала асырап алуына екінші ата-ананың келісімімен жол беріледі.";

      төртінші абзацта "Заңның 82-бабының" деген сөздер мен цифрлар "Кодекстің 93-бабының" деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын;

      11) 11-тармақтың бірінші абзацында "Заңның 85-бабы" деген сөздер мен цифрлар "Кодекстің 96-бабы" деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын;

      12) 13-тармақта:

      бірінші абзац алып тасталсын;

      екінші абзацта "мән-жайлар" деген сөздерден кейін мәтін мынадай редакцияда жазылсын: "бала асырап алу сәтінде қасақана қылмыс жасағаны үшін өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болуы";

      13) 14-тармақта:

      бірінші абзацта "Заңның 89-бабының 1 және 2-тармақтарының" деген сөздер мен цифрлар "Кодекстің 100-бабының 1 және 1-тармақтарының" деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын, екінші сөйлемде "ата-аналары мен басқа да туыстарына" деген сөздер "туған ата-аналарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзацта "Заңның 89-бабының" деген сөздер мен цифрлар "Кодекстің 100-бабының" деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын;

      14) 15-тармақтың екінші абзацында "Заңның 57-бабына" деген сөздер мен цифрлар "Кодекстің 65-бабына" деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын;

      15) 16-тармақта:

      бірінші абзацта "Заңмен" деген сөз "Кодекспен" деген сөзбен ауыстырылсын;

      екінші абзацта:

      "Заңның 97-бабына" деген сөздер мен цифрлар "Кодекстің 108-бабына" деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын;

      "оның ата-аналарының" деген сөздерден кейін "бала асырап алушының жұбайының" деген сөздермен толықтырылсын;

      үшінші, төртінші және бесінші абзацтарда "Заңның 95-бабының" деген сөздер мен цифрлар "Кодекстің 106-бабының" деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын;

      алтыншы абзацта "міндетті түрде" деген сөздерден кейін "бала асырап алушылардың," деген сөздермен толықтырылсын, "Заңның 96-бабының" деген сөздер мен цифрлар "Кодекстің 107-бабының" деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын;

      16) 17-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кодекстің 103-бабына сәйкес сот бала асырап алуды:

      1) асырап алу туралы сот шешiмі жалған құжаттар негiзiнде қабылданған;

      2) бала асырап алу Кодекстің 93-бабында көрсетілген адамдардың келісімiнсiз жасалған;

      3) некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрған адам жұбайының жазбаша келісімiнсiз бала асырап алған;

      4) Кодекстің 91-бабының 2-тармағында көзделген ереже бұзылған жағдайларда жарамсыз деп таниды.";

      17) 18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Соттың баланы асырап алу туралы шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш күннің iшiнде осы шешімнің үзінді көшірмесі бала асырап алу туралы шешiм шығарылған жердегi тіркеуші органға және қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға жіберілуге тиіс екенін, ал бала асырап алудың күшiн жою және бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы сот шешiмiнiң үзінді көшiрмесi осы мерзiмнiң iшiнде бала асырап алуды мемлекеттік тiркеу орны бойынша тіркеуші органға және қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға жіберілуге тиіс екенін соттар ескерiп отырулары қажет (Кодекстің 88-бабы және 105-бабының 4-тармағы).".

      ІІ. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады әрі ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының Төрағасы

Б.Бекназаров.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы


Сотының судьясы, жалпы отырыс хатшысы

Д.Нұралин.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады