"1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі принциптері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы үшінші хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 қаңтардағы № 49 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі принциптері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы үшінші хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Жоба 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы
шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық
ынтымақтастықтың негізгі принциптері туралы келісімге
өзгерістер енгізу туралы үшінші хаттаманы ратификациялау
туралы

      2010 жылғы 10 желтоқсанда Мәскеуде жасалған 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі принциптері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы үшінші хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы
шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық
ынтымақтастықтың негізгі принциптері туралы келісімге
өзгерістер енгізу туралы
ҮШІНШІ ХАТТАМА

      Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (бұдан әрі – ҰҚШҰ) мүше мемлекеттер,
      2000 жылғы 20 маусымда қол қойылған 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі принциптері туралы келісім негізінде ұжымдық қауіпсіздіктің тиімді жүйесін қалыптастыру үшін ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ұлттық қарулы күштерін қазіргі заманғы қару-жарақпен және әскери техникамен жабдықтау мүддесінде әскери-техникалық ынтымақтастықты одан әрі жетілдіруге ұмтыла отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімнің 3-бабы, 6-бабының үшінші абзацы және 9-бабының бірінші абзацы «еркін айырбасталатын валютада» деген сөздерден кейін «және (немесе) Ресей Федерациясының рубліндегі» деген сөздермен толықтырылсын.

2-бап

      Осы Хаттама Келісімнің 14-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.

      2010 жылғы 10 желтоқсанда Мәскеу қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа дана осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке оның расталған көшірмесін жолдайтын Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Хатшылығында сақталады.

      Армения Республикасы үшін          Ресей Федерациясы үшін

      Беларусь Республикасы үшін         Тәжікстан Республикасы үшін

      Қазақстан Республикасы үшін        Өзбекстан Республикасы үшін

      Қырғыз Республикасы үшін

      2010 жылғы 10 желтоқсанда Мәскеу қаласында қол қойылған 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі принциптері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы үшінші хаттаманың куәландырылған көшірмесінің куәландырылған көшірмесі екендігін растаймын.

      Қазақстан Республикасы
      Сыртқы істер министрлігі
      Халықаралық құқық департаментінің
      Басқарма бастығы                           Б. Пискорский

      Орыс тіліндегі мәтінге сәйкес мемлекеттік тілге аударылды.

      Қазақстан Республикасы
      Қорғаныс министрлігі
      Халықаралық ынтымақтастық
      департаменті бастығының
      міндетін уақытша атқарушы
      полковник                                  М. Сәрсенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады