"Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 87 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 754 қаулысымен

Баспасөз-релизі

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құзыреттерін қайта қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 5 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 87 қаулысымен «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) бекітілді.
      Осы Санитариялық қағидалар құрылысқа жер учаскесін таңдау, жобалау, салу, қайта жаңарту, үй-жайларды және жабдықтарды күтіп-ұстау, медициналық қалдықтарды жинау, залалсыздандыру, тасымалдау, сақтау және көму, науқастарды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ медицина персоналының еңбек жағдайлары, медициналық мақсаттағы бұйымдарды стерилдеу және дезинфекциялауды жүргізу, санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу кезінде денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қамтиды.
      Қаулыны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларды болдырмайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз