ПРЕСС-РЕЛИЗІ
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құзыреттерін қайта қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 5 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 94 қаулысымен «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық - эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) бекітілді.
Осы Санитариялық қағидалар жобаланатын, салынып жатқан, қайта жаңартылатын және жұмыс істеп тұрған коммуналдық мақсаттағы объектілерге қолданылады.
Қаулыны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларды болдырмайды.