"Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1647 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 97 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 шілдедегі № 793 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.07.2014 № 793 қаулысымен (12.07.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1647 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 44, 423-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ережеде:
      8-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасынан шығарылатын және экспортталатын тауарларды шығарған елді айқындау үшін, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына және Еуропалық қоғамдастыққа, сондай-ақ Бас преференциялар жүйесі шеңберінде АҚШ-қа, Канадаға, Жапонияға, Түркияға, Австралияға, Жаңа Зеландияға, Швейцарияға және Лихтенштейнге, Норвегияға және тауардың шығарылуымен растау "Оригинал" нысанды сертификатпен жүзеге асырылатын елдер үшін шарттардың, өндірістік және технологиялық операциялардың тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1478 қаулысымен бекітілген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімде және Еуропалық экономикалық қоғамдастықтың № 2454/93 Регламентінде келтірілген.";
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "14. Тауардың шығу тегінің сараптамасын тауар шығарылған елді айқындау жөніндегі сарапшы аудитор тауардың шығу тегін растайтын толық құжаттар пакетімен бірге өтінім ұсынылған және тіркелген сәтінен бастап екі жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.";
      16-тармақ мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:
      "Бір келісімшарттың шеңберінде тауарды бірнеше есе жеткізу кезінде бір жыл мерзімге бірінші жөнелтілімнің келісімшарттық партиясына, оның ішінде сериялы шығарылатын тауарларға сараптау актісін беруге жол беріледі.
      Сараптау актісінде тауардың бірінші жіберілетін партиясында тауардың келісімшарттың партиясы немесе шығарылымның жылдық көлемі көрсетіледі.
      Осы тауардағы өндірісті өзгерту технологиясы мен құрамдауыштары, сондай-ақ материалды жеткізуші елдерге Өтініш беруші тауардың шығу тегі туралы сараптау жаңа актісін және шығу тегі сертификатын алу мақсатында осы өзгерістер туралы сараптау ұйымына бес жұмыс күні ішінде хабардар етуі қажет.";
      23-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) "А" нысанындағы сертификат - Еуропалық қоғамдастыққа мүше елдерге, сондай-ақ Бас преференциялар жүйесі шеңберінде АҚШ-қа, Канадаға, Жапонияға, Түркияға, Австралияға, Жаңа Зеландияға, Швейцарияға және Лихтенштейнге, Норвегияға экспортталатын тауарларға;";
      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "25. Тауарды Қазақстан Республикасының әкеткен шығарған кезде тауардың шығу тегі туралы сертификат сол бір жүк жөнелтушіден сол бір жүк жөнелтушіге бір немесе бірнеше көлік құралымен жүзеге асырылатын тауардың бір мезгілде жөнелтілетін әрбір партиясына ресімделеді.";
      27-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
      "Бір келісімшарттың шеңберінде тауарды бірнеше мәрте жеткізу кезінде бір мезгілде түпнұсқасы тауардың барлық келісімшарттық партиясына немесе сериялы өндіріс тауарларына ресімделген және экспорттаушы бірінші жөнелтімде ұсынатын сараптама актісінің көшірмесімен жөнелтілетін тауардың әрбір партиясына тауардың шығу тегі туралы сертификат беруге рұқсат етіледі.
      Тауардың шығу тегі сертификатын алуға арналған өтініште Өтініш беруші жөнелтілетін тауар партиясы өндіріс технологиясының және құрамдауыштарының өзгеріске ұшырамағанын, сондай-ақ бұл тауардың материалдарын жеткізуші елдерді растайды.";
      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "28. Тауардың шығу тегі туралы сертификаттың қолданылу мерзімі:
      "СТ-1" нысан үшін ол берілген күнінен бастап он екі айды;
      "Оригинал" нысан үшін ол берілген күнінен бастап он екі айды;
      "А" нысан үшін ол берілген күнінен бастап он айды құрайды.";
      37-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстанда одан әрі айналымға арналған Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар мен бос қоймаларының аумағында өндірілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген немесе тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес жеткілікті дәрежеде қайта өңдеуге түскен және Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын тауарларды шығарған елді анықтау үшін нақты тауарларға қатысты тауарға шығу тегі мәртебесін беруге қажетті шарттардың, өндірістік және технологиялық операциялардың тізбесі көрсетілген Ереженің 9-қосымшасында белгіленген.";
      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Тауардың шығу тегінің сараптамасын тауар шығарылған елді айқындау жөніндегі сарапшы аудитор тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың толық пакеті бар өтінім ұсынылған және тіркелген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.";
      45-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемін айқындауға арналған құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмелері (тауар өндірісінде пайдаланылатын шикізат пен компоненттердің құны және/немесе шикізатты жеткізуге арналған шарттар, шот-фактуралар және/немесе жүкқұжаттар, тауар оларға сәйкес тауар өндірілетін нормативтік және технологиялық құжаттар, шетелде шығарылған шикізат немесе компоненттердің құнын ескере отырып, тауардың өзіндік құнының есептемесі);";
      мынадай мазмұндағы 45-1-тармақпен толықтырылсын:
      "45-1. Сериялы өндіріс тауарының шығу тегіне сараптама жүргізген кезде жүкқұжаттар, шот-фактуралар, тауарды тасымалдау туралы құжаттар, сондай-ақ қоймалық анықтама талап етілмейді.";
      47-1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Тауарды өндіру технологиясы, шикізатты (материалдарды) жеткізуші ел өзгерген жағдайда тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін және ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі сертификатын алу мақсатында Өтініш беруші сараптамалық ұйымға мұндай өзгерістер туралы бес жұмыс күні ішінде хабарлайды.";
      51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "51. Тауарды арнайы экономикалық аймақтар аумағынан және бос қоймалардан Қазақстан Республикасы аумағының қалған бөлігіне әкелген және (немесе) тауарды Қазақстан Республикасының аумағында сатқан кезде "СТ-К2" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат тауарды жеткізуге ресімделеді немесе сериялы өндіріске және өндірушіге немесе уәкілетті тұлғаға беріледі.";
      60-тармақта:
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) 5-баған - "Қызметтік белгілер үшін". Мемлекеттік бақылау органдарының қызметтік белгілері енгізіледі, сондай-ақ мынадай жазулар болады: "Көшірме", "Сертификат орнына берілді" және/немесе "Сериялық өндіріске берілген". Тауарды алушы болған жағдайда тауарды алушы мен тауарды өндіруші арасындағы тауарды сатып алуға жасалған шарт көрсетіледі. Сертификат қайта ресімделген жағдайда оны қайта ресімдеуге негіз болған сертификаттардың барлық нөмірлері көрсетіледі;";
      9) және 10) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "9) 9-баған - "Шығу тегі өлшемдері". Тауарлардың шығу тегінің мынадай өлшемдері көрсетіледі:
      П - толығымен Қазақстан Республикасында шығарылған тауар;
      Д - түпкілікті өнімнің сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасындағы кодының (тауарлық позициясының) алғашқы төрт санын көрсете отырып, жеткілікті дәрежеде қайта өңдеуге түскен тауар. Бағанды толтырған кезде тауардағы қазақстандық қамтудың пайызға шаққандағы үлесі көрсетіледі. Тауарды өндірудегі қазақстандық қамтудың үлесін есептеу осы Ереженің 10-қосымшасына сәйкес формула бойынша жүргізіледі.
      Егер сертификатта сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының әртүрлі тауар позицияларында жіктелетін және шығу тегінің өлшемдері әртүрлі тауарларға өтініш берілсе, онда 9-бағанда барлық өтініш берілген тауарлар үшін шығу тегінің өлшемдері сараланған түрде көрсетіледі;
      10) 10-баған - "Тауардың саны".
      СЭҚ ТН-ге сәйкес тауардың брутто/нетто (кг) салмағы және/немесе басқа сандық сипаттамасы көрсетіледі. Тауардың нақты саны мен сертификатта көрсетілген санының арасындағы алшақтық 5 %-дан аспауы тиіс;
      "СТ-К2" нысанды сертификатты сериялық өндіріс өніміне ресімдеген жағдайда 2, 7, 10-бағандары толтырылмайды.";
      67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "67. Тауардың шығу тегі туралы сертификатты, тауардың шығу тегі туралы сертификат түпнұсқасын беру немесе оны беруден бас тарту туралы жазбаша негізделген шешімді беру мерзімі бір жұмыс күнінен, ал осы Ереженің 5-тармағында көзделген жағдайларда, өтініш аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасында тіркелген күнінен бастап екі жұмыс күнінен аспайды.";
      Ережеде көрсетілген 9-қосымшада:
      мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

«4015

Киім және түрлі мақсаттарға арналған қатты резеңкеден басқа, вулканизацияланған резеңкеден жасалған киімдерге (қолғаптарды, биялайларды және митенкілерді қоса алғанда) арналған керек-жарақтар

Кез келген позицияның материалдарынан дайындау. Алайда, 4015 позициясының материалдары пайдаланылатын құн мыналардан аспауы тиіс:
- тауардың осы түрін дайындаған күннен бастап бірінші жылы - түпкілікті өнім бағасының 80 %-ы.
- екінші жылы - түпкілікті өнім бағасының 70 %-ы.
- үшінші жылы - түпкілікті өнім бағасының 60 %-ы.
- тауардың осы түрін дайындаудың төртінші жылынан бастап түпкілікті өнім бағасының 50 %-ы. Мынадай операцияларды орындау шартымен:
- орамаларды дайындау;
- зарарсыздандыру;
- зарарсыздыққа тексеру.

7304

Қара металдардан жасалған қуыс, жіксіз құбырлар, түтіктер және профильдер (шойыннан құйылғандардан басқа)

Дайындау кезінде сол позицияның пайдаланылатын барлық материалдардың және дайын өнімнің құны кезінде мынадай операцияларды орындау шартымен 2010 жылдан кейін өндірістің бірінші жылындағы түпкілікті өнім бағасының 80%-ынан аспауы тиіс:
- муфталық бұранда қосылыстарының ойығы;
- муфталарды бұрап кіргізу;
- құбырларды гидравликалық сынау;
- екінші жылы түпкілікті өнім бағасының 70%-ы, мынадай операцияларды орындау шартымен:
- қазақстандық өндірістік муфталардың өндірісі/қолданылуы, қазақстандық өндірістік ойылма протекторларының өндірісі/қолданылуы
- үшінші жылы, түпкілікті өнім бағасының 60 %-ы, мынадай операцияларды орындау шартымен:
- Премиум сыныпты газды тығыз бұрама қосылыстарды кесу;
- төртінші жылы, түпкілікті өнім бағасының 50%-ы. мына операцияларды орындау шартымен:
- ішкі орнықты құбырларға коррозияға қарсы және тегіс жамылғы жағу.

8411

Турбореактивтік және
турбовинттік қозғалтқыштар, өзге де газ турбиналары

Тауардың осы түрін дайындау басталған күннен бастап бірінші жылы, түпкілікті өнім бағасының 90%-ы, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен:
Өндіру, құрастыру және орнату: дыбыс оқшаулағыш қаптама;
дыбыс оқшаулағыш қаптамасының желдету жүйесі;
жану аймағына ауа беретін ауа өткізгіш;
пайдаланған газдарды шығару жүйесі;
турбинаның жоғарғы бөлігінің электрикасы;
дыбыс оқшаулағыш қаптамасының ұшты  панелі;
Жағар маймен бастапқы толтыру;
екінші жылы - түпкілікті өнім бағасының 85%-ы, сондай-ақ технологиялық операцияларды орындау шартымен: Өндіру, құрастыру және орнату;
дыбыс оқшаулағыш қаптамасының желдету жүйесі;
жану аймағына ауа беретін ауа өткізгіш;
пайдаланған газдарды шығару жүйесі;
турбиналық жоғары бөлігінің электрикасы;
дыбыс оқшаулау қаптамасының ұшты панелі;
жану аймағына беруге арналған ауаны тазарту жүйесі;
жағар майды беру және қайтарудың құбыр байланысы;
автомат дренаж модулінің құбыр байланысы;
отын газы модулінің құбыр байланысы;
қосу қозғалтқышының құбыр байланысы;
жағар майдың құбыр байланысы;
ауа салқындататын құбыр байланысы;
Жағар маймен бастапқы толтыру;
Бояу;
Сынақ өткізу: жағар майдың құбыр байланысы (жуылу және ағып кетуін тексеру);
Отын газы модулінің құбыр байланысы (ағып кетуін тексеру);
автомат дренаж модулінің құбыр байланысы (ағып кетуін тексеру);
үшінші жылы - түпкілікті өнім бағасының 75%-ы, сондай-ақ технологиялық операцияларды орындау шартымен: Арнайы құрал-саймандарды дайындау (жүк траверсі (50т.)/ компрессорлық станцияға біреу, қызмет көрсету вагонеткасы, сатылар және өтетін жерлер);
Өндіру, құрастыру және орнату;
дыбыс оқшаулағыш қаптама;
дыбыс оқшаулағыш қаптаманың желдету жүйесі;
жану аймағына ауа беретін ауа өткізгіш;
пайдаланған газдарды шығару жүйесі;
турбиналық жоғары бөлігінің электрикасы;
дыбыс оқшаулау қаптамасының ұшты панелі;
жану аймағына беруге арналған ауаны тазарту жүйесі;
жағар майды беру және қайтарудың құбыр байланысы;
автомат дренаж модулінің құбыр байланысы;
отын газы модулінің құбыр байланысы;
қосу қозғалтқышының құбыр байланысы;
жағар майдың құбыр байланысы;
ауа салқындататын құбыр байланысы;
май салқындататын жүйе;
фитингтер, оның ішінде жалғастырғыш бұрандамалар;
компрессорға арналған қайтарма фланецтер;
компрессордың сорғыш сүзгіші және сүзгішке қойылатын құбыр жапсырмасы;
жағар майдың сапуны;
турбинаны сулы тазалау модулі (компрессорлық станцияға біреу);
жалғастырғыш муфтаның қаптамасы;
өрт және газ сигнализациясы жүйесі;
Жағар маймен бастапқы толтыру;
Бояу;
Сынақ өткізу: Жағар майдың құбыр байланысы (жуылу және ағып кетуін тексеру);
Отын газы модулінің құбыр байланысы (ағып кетуін тексеру);
Автомат дренаж модулінің құбыр байланысы (ағып кетуін тексеру);
төртінші жылы - түпкілікті өнім бағасының 70%-ы, сондай-ақ технологиялық операцияларды орындаған жағдайда: Арнайы құрал-саймандарды дайындау (жүк траверсі (50т.)/ компрессор станциясына біреу, қызмет көрсету вагонеткасы, сатылар және өтетін жерлер);
Өндіру, құрастыру және орнату;
дыбыс оқшаулау қаптамасы;
дыбыс оқшаулау қаптамасының желдету жүйесі;
жану аймағына ауа беретін ауа өткізгіш;
пайдаланған газдарды шығар жүйесі;
турбиналық жоғары бөлігінің электрикасы;
дыбыс оқшаулау қаптамасының ұшты панелі;
жану аймағына беруге арналған ауаны тазарту жүйесі;
жағар майды беру және қайтарудың құбыр байланысы;
автомат дренаж модулінің құбыр байланысы;
отын газы модулінің құбыр байланысы;
қосу қозғалтқышының құбыр байланысы;
жағар майдың құбыр байланысы;
ауа салқындататын құбыр байланысы;
жағар маймен бастапқы толтыру;
Бояу;
Сынақ өткізу:
жағар майдың құбыр байланысы  (жуылу және ағып кетуін тексеру);
отын газы модулінің құбыр байланысы (ағуын тексеру);
автомат дренаж модулінің құбыр байланысы (ағып кетуін тексеру);
бесінші жылы - түпкілікті өнім бағасының 65%-ы, сондай-ақ технологиялық операцияларды орындаған жағдайда: Арнайы құрал-саймандарды дайындау (жүк траверсі (50т.)/ компрессор станциясына біреу, қызмет көрсету вагонеткасы, сатылар және өтетін жерлер);
Өндіру, құрастыру және орнату;
дыбыс оқшаулау қаптамасы;
дыбыс оқшаулау қаптамасының желдету жүйесі;
жану аймағына ауа беретін ауа өткізгіш;
пайдаланған газдарды шығару жүйесі;
турбиналық жоғары бөлігінің электрикасы;
дыбыс оқшаулау қаптамасының ұшты панелі;
жану аймағына беруге арналған ауаны тазарту жүйесі;
жағар майды беру және қайтарудың құбыр байланысы;
автомат дренаж модулінің құбыр байланысы;
отын газы модулінің құбыр байланысы;
қосу қозғалтқышының құбыр байланысы;
жағар майдың құбыр байланысы;
ауа салқындататын құбыр байланысы;
май салқындату жүйесі;
фитингтер, оның ішінде жалғастырғыш бұрандамалар;
компрессорға арналған қайтарма фланецтер;
компрессордың сорғыш сүзгіші және сүзгішке қойылатын құбыр жапсырмасы;
жағар майдың сапуны;
турбинаны сулы тазалау модулі (компрессорлық станцияға біреу);
жалғастырғыш муфтаның қаптамасы;
өрт және газ сигнализациясы жүйесі;
өзге де оқшауландырылған детальдар мен тораптар;
Жағар маймен бастапқы толтыру;
Бояу;
Сынақ өткізу: Жағар майдың құбыр байланысы (жуылу және ағып кетуін тексеру);
Отын газы модулінің құбыр байланысы (ағып кетуін тексеру);
Автомат дренаж модулінің құбыр байланысы (ағып кетуін тексеру);
Жинау және орнату:
турбиналық және компрессормен басқару модулін;
мотормен басқару орталығын;
өрт және газ дабылдамасын басқару панелін;
аккумулятор батареяларын;
аккумулятор батареяларына арналған зарядтау құрылғысын".

"8433

Сабанды немесе пішенді дестелерге буып-түюге арналған тайлағыш престер мен престерді қоса алғанда, ауыл шаруашылығы дақылдарын жинауға немесе бастыруға арналған машиналар немесе тетіктер; пішен орақтары немесе көгал орақтары
8437 тауар позициясының машиналарынан басқа жұмыртқаны, жеміс өнімдерін немесе басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін тазалауға, сорттауға немесе сұрыптауға арналған машиналар


Дайындау, ол кезде пайдаланылатын тораптар мен бөлшектердің құны алғашқы жылы осы тауар түрін дайындау басталатын күннен бастап, түпкілікті өнім бағасының 90 %-ынан аспауы тиіс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен:
екінші жылы - түпкілікті өнім бағасының 85 %, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен:
- су сорабының корпусын құюды механикалық өңдеу, су сорабының шкивін құюды механикалық өңдеу, илектен су сорабының білігін дайындау, су сорабының қанатшаларын құюды механикалық өңдеу, су сорабын құрастыру және сынау, су сорабын орнату, қозғалтқышты сынау және сырлау;
- мотор қондырғысын құрастыру және монтаждау, шыны тазалағыш орнату, фарларды орнату, габарит шамдарын орнату, жарқырағыш шамдарды орнату, дыбыс сигналдарын орнату, жарық шағылыстырғыштарын орнату, қозғалтқыш бұрамасын орнату, АКБ орнату, қиғаш камера орнату, баспалдақ пен қоршаулар орнату, белбеулер орнату, рульдік басқарудың гидроцилиндрлерін орнату, кондиционер орнату және толтыру, пульттік басқаруды орнату (компьютерлер), желімді аппликациялар әкелу, тақталар орнату, толтыру, ЗИП орайтын және жинақтайтын комбайнды сынақтан өткізу; жаткаларды тасымалдайтын арбалар дайындау.
Үшінші жылы - түпкілікті өнім бағасының 80%, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен:
- су сорғысының корпусын құюды механикалық өңдеу, су сорғысының шкивін құюды механикалық өңдеу, илектен су сорғысының білігін дайындау, су сорғысының қанатшаларын құюды механикалық өңдеу, су сорғысын құрастыру және сынау, су сорғысын орнату, май сорғы корпусын құюды механикалық өңдеу, май сорғы қақпағының құймасын механикалық өңдеу, илектен май сорты тегершіктерін дайындау, май сорғы тісті доңғалағының соқпасын механикалық өңдеу; илектен май сорғы қақпақшаларын дайындау; май сорғыны жинау және сынақтан өткізу, май сорғыны орнату, қозғалтқышты сынақтан өткізу және сырлау;
- табақты және сортты илектен мотор астындағы рама бөлшектері мен тораптарын дайындау (оң жақ және сол жақ қырлы бөрене, тілімдер, тіреуіштер, тіректер, қапсырмалар, үшкілдер т.с.с), мотор асты рамасын құрастыру және дәнекерлеу, капотировка бөлшектерін, баспалдақтар мен қоршаулар дайындау, мотор құрылғысын жинау және монтаждау, шыны тазалағыш орнату, фарларды орнату, габарит шамдарын орнату, жарқырағыш шамдарды орнату, дыбыс сигналдарын орнату, жарық шағылыстырғыштар орнату, қозғалтқыш бұрамасын орнату, АКБ орнату, қиғаш камера орнату, баспалдақ пен қоршауларды орнату, белбеулерді орнату, рульдік басқарудың гидроцилиндрлерін орнату, кондиционер орнату және толтыру, пульттік басқаруды орнату (компьютерлер), желімді аппликациялар әкелу, тақталар орнату, ЗИП орайтын және жинақтайтын комбайнды сынақтан өткізу және толтыру; астықты, дәнді, түсіргіш және таратқыш шнекті, қиғаш камераны, аккумулятор батареяларын; аккумулятор батареяларына арналған зарядтау құрылғысын дайындау".
     


деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"8433

"8433 Сабанды және пішенді дестелерге буып-түюге арналған тайлағыш престер мен престерді қоса алғанда, ауыл шаруашылығы дақылдарын жинауға немесе бастыруға арналған машиналар немесе тетіктер; пішен орақтары немесе көгал орақтары 8437 тауар позициясының машиналарынан басқа жұмыртқаны, жеміс өнімдерін немесе басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін тазалауға, сорттауға немесе сұрыптауға арналған машиналар

Дайындау, ол кезде пайдаланылатын тораптар мен бөлшектердің құны алғашқы жылы осы тауар түрін дайындау басталатын күннен бастап, түпкілікті өнім бағасының 90% - ынан аспауы тиіс, екінші жылы - түпкілікті өнім бағасының - 85 %, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен:
- су сорабының корпусын құюды механикалық өңдеу;
- су сорабының шкивін құюды механикалық өңдеу;
- илектен су сорабының білігін дайындау;
- су сорабының қанатшаларын құюды механикалық өңдеу, су сорабын құрастыру және сынау;
- су сорабын орнату, қозғалтқышты сынау және сырлау;
- мотор қондырғысын құрастыру және монтаждау;
- шыны тазалағыш орнату, фарларды орнату;
- габарит шамдарын орнату;
- жарқырағыш шамдарды орнату;
- дыбыс сигналдарын орнату;
- жарық шағылыстырғыштарды орнату;
- қозғалтқыш бұрамасын орнату;
- АКБ орнату;
- қиғаш камера орнату;
- баспалдақ пен қоршаулар орнату;
- белбеулер орнату, рульдік басқарудың гидроцилиндрлерін орнату;
- кондиционер орнату және толтыру;
- пульттік басқаруды орнату (компьютерлер), желімді аппликациялар әкелу;
- тақталар орнату, толтыру, ЗИП орайтын және жинақтайтын комбайнды сынақтан өткізу; жаткаларды тасымалдайтын арбалар дайындау. Үшінші жылға - түпкілікті өнім бағасының 80 %, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау:
- су сорғысының корпусын құюды механикалық өңдеу;
- су сорғысының шкивін құюды механикалық өңдеу;
- илектен су сорғысының білігін дайындау;
- су сорғысының қанатшаларын құюды механикалық өңдеу, су сорғысын құрастыру және сынау; су сорғысын орнату;
- май сорғы корпусын құюды механикалық өңдеу;
- май сорғы шкивінің құймасын механикалық өңдеу;
- илектен май сорғы белдігін дайындау;
- май сорғы тісті доңғалағының соқпасын механикалық өңдеу;
- илектен май сорғы қақпақшаларын май сорғыны жинау және сынақтан өткізу;
- май сорғы орнату, қозғалтқышты сынақтан өткізу және сырлау;
- табақты және сортты илектен мотор астындағы рама бөлшектері мен тораптарын дайындау (оң және сол жақ қырлы бөрене, тілімдер, тіреуіштер, тіректер, қапсырмалар, косынкалар т.с.с), мотор асты рамасын құрастыру және дәнекерлеу; баспалдақ пен қоршауларды орнату;
- мотор құрылғысын жинау және монтаждау,
- шыны тазалағыш орнату, фараларды орнату;
- габарит шамдарын орнату;
- жарқырағыш шамдарды орнату;
- дыбыс сигналдарын орнату;
- жарық шағылыстырғыштар орнату;
- қозғалтқыш бұрамасын орнату;
- АКБ орнату;
- қиғаш камера орнату;
- баспалдақ пен қоршауларды орнату;
- белбеулерді орнату;
- рульдік басқарудың гидроцилиндрлерін орнату;
- кондиционер орнату және толтыру;
- пульттік басқаруды орнату (компьютерлер) желімді аппликациялар әкелу;
- тақталар орнату, ЗИП орайтын және жинақтайтын комбайнды сынақтан өткізу;
- астықты, дәнді түсіргіш және бөлгіш шнекті, қиғаш камераны, ұсақтағыштарды-шашыратқыштар ды дайындау.
Төртінші жылы және кейінгі жылдары түпкілікті өнім бағасы 75 %, сондай-ақ машиналар мен механизмдердің конструкцияларындағы тиісті тораптар бар болған кезде технологиялық операцияларды орындау шартымен:
- су сорғысының корпусын құюды механикалық өңдеу;
- су сорғысының шкивін құюды механикалық өңдеу;
- илектен су сорғысының білігін дайындау;
- су сорғысының қанатшаларын құюды механикалық өңдеу, су сорғысын құрастыру және сынау;
- су сорғысын орнату;
- мотор асты рамасын дайындау;
- қозғалтқышты жүргізіп жаттықтыру және мотор асты рамасына орнату;
- гидромоторды, гидросорғыны, тазартқыш сүзгішін, жүру бөлігі жетегінің жоғарғы және төменгі қысымының гидрожүйесінің құбыршектерін орнату;
- егін ору машинасы көтермесінің гидроцилиндрін орнату;
- бақылаудың автоматтық жүйесінің пультін монтаждау және іске қосылуын тексеру;
- көлбеу камерасын қайта айналдыру жүйесін монтаждау;
- тасымалдағыш камерасын дайындау, көлбеу камерасын дайындау, комбайнға орнату;
- орталықтырылған майлау жүйесін монтаждау және сынау;
- егін ору машинасын тасымалдайтын тіркемені дайындау;
- шыны тазартқыштарды орнату және жарық фараларын орнату;
- габарит шамдарын орнату;
- жарқырағыш шамдарды орнату;
- дыбыс белгілерін орнату;
- жарық шағылдырғыштар орнату;
- қозғалтқыш бұрамасын орнату;
- қазақстандық АКБ орнату;
- баспалдақ пен қоршауларды орнату;
- рульдік басқарудың гидроцилиндрін орнату;
- кондиционер орнату және толтыру;
- желімді аппликацияларды комбайнға жапсыру;
- тақтаны орнату, ЗИП орайтын және жинақтайтын комбайнды сынақтан өткізу және толтыру";

"8471

Есептеу машиналары және олардың блоктары; магниттік немесе оптикалық санағыш құрылғылар, деректерді кодталған нысандағы ақпарат тасымалдағыштарына және осыған ұқсас ақпаратты өңдеуге арналған машиналарға тасымалдауға арналған басқа жерде аталмаған және енгізілмеген машиналар


Дайындау, ол кезде барлық қолданылатын материалдар құны түпкілікті өнім бағасының 80 %-ынан аспауы тиіс"


деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"8471

Есептеу машиналары және олардың блоктары; магниттік немесе оптикалық санағыш құрылғылар, деректерді кодталған нысандағы ақпарат тасымалдағыштарына және осыған ұқсас ақпаратты өңдеуге арналған машиналарға тасымалдауға арналған басқа жерде аталмаған және енгізілмеген машиналар

Дайындау, ол кезде барлық қолданылатын материалдар құны мынадай технологиялық операцияларды орындау шарттарымен түпкілікті өнім бағасының 80 %-ынан аспауы тиіс:
- есептеуіш техниканы конфигурациялау және реттеу;
- корпуста мынадай функционалды тораптарды: жүйелік төлемді, қоректендіру блогын және есептеуіш техникасының конфигурациясына кіретін басқа құрамдауыштарды монтаждау;
- құрастырушы элементтердің кірісін бақылау;
- БҚ орнату және есептеуіш техниканы тестілеу, оның ішінде алынған нәтижелерді сақтай отырып компьютердің жұмысқа қабілеттілігін тексерудің кешенді тестін орындау";


мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

"8517

Ұялы байланыс желілеріне немесе басқа сымсыз байланыс желілеріне арналған телефон аппараттарын қоса алғанда телефон аппараттары; басқа сымды немесе сымсыз байланыс желісіне арналған коммуникацияға арналған аппаратураны қоса алғанда дауысты, бейнені немесе басқа деректерді таратуға немесе қабылдауға арналған  басқа аппаратура (мысалы, жергілікті немесе ғаламдық байланыс желісінде), 8443, 8525, 8527 немесе 8528 тауар  позицияларының таратқыш және  қабылдағыш аппаратурасынан басқа.

Технологиялық операцияларды орындау шартымен кез келген жағдайда позиция материалдарынан дайындау:
1. Электрондық компоненттерді құрастыру және монтаждау;
2. Кабельдік өнімдер элементтерін дайындау;
3. Бұйымды механикалық құрастыру;
4. Бағдарламалық қамтамасыз ету жазбасы;
5. Параметрлерді реттеу және бақылау;
6. Кешенді тестілеу".

8539

Герметикалық бағытталған жарығы бар шамдарды, сондай-  ақ ультракүлгін немесе инфрақызыл шамдарды қоса алғанда, электр немесе газ разрядты қыздыру шамдары; доғалық шамдар

Дайындау, ол кезде пайдаланылатын тораптар мен детальдар құны бірінші жылы, тауардың осы түрін дайындау басталған күннен бастап түпкілікті өнім бағасының 70 %-ынан аспауы тиіс, екінші жылы және кейінгі жылдары - түпкілікті өнім бағасының 60 %-ынан аспауы тиіс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шарты кезінде:
- конвейерде жинақтау;
- орнату машинаға табанын бекіту;
- конвейерде пісіру;
- тексеру конвейерінде тестілеу;
- электронды балласт әзірлеу;
- тампонды мөрді машинада таңбалау;
- конвейерде буып түю".

"8601

Электр энергиясының сыртқы көзінен қоректенетін немесе аккумуляторлық темір жол локомотивтері

Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50%-ынан аспауы тиіс"


деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"8601

Электр энергиясының сыртқы көзінен қоректенетін немесе аккумуляторлық темір жол локомотивтері

Дайындау, ол кезде пайдаланылатын тораптар мен бөлшектердің құны алғашқы жылы осы тауар түрін дайындау басталатын күннен бастап, түпкілікті өнім  бағасының 95 %-ынан аспауы тиіс;
екінші жылы - түпкілікті өнім бағасының 90 %-ы;
үшінші жылы - түпкілікті өнім бағасының 85 %-ы;
төртінші жылы - түпкілікті өнім бағасының 80 %-ы;
түпкілікті өнім бесінші жылы түпкілікті өнім бағасының 75 %-ы;
алтыншы жылы бағасының 70 %-ы, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен:
электровоз арбасының қаңқасын құрастыру; тежегіш жабдығын дайындау және құрастыру; электроовоз қаңқасының соңғы бөліктерін, шеткі пластинасын, автоқармау ұясын дайындау және құрастыру; шкворлық торапты, қорапты қима белдікті дайындау және құрастыру; электровоз қаңқасының орталық бөлігі мен отын багын дайындау және құрастыру, отын багын тұмшалыққа сынау және электровоздың орталық бөлігін отын багымен және электровоздың екі соңғы бөлігімен біріктіру; қар тазалағышты, сатыларды, ұстағыштарды дайындау, құрастыру, орнату; автоқармау орнату; құбыржолдар, кәбіл өткізгіштер, ауа арнасын, аккумулятор жәшігін дайындау, құрастыру және орнату; машинист кабинасын, машинистің және машинист көмекшісінің пультін дайындау, құрастыру орнату; есіктерді, жалюздерді, еден төсемін дайындау, құрастыру, орнату; жоғары вольтті жабдықтарды және салқындату желдеткішін дайындау, құрастыру, орнату; түрлендіргіш және жоғары вольтті жабдықтардың қуысжайын дайындау, құрастыру, орнату; ауа, қосымша, радиатор қуысжайларын, динамикалық тежегіш қуысжайын дайындау, құрастыру, орнату; асихронды тартқыш электр қозғалтқышын құрастыру, сынау; доңғалақ-мотор блоктарын құрастыру; арба құрастыру; арбаны электровоз қаңқасына енгізу; электровоз қаңқасын геометрияға тексеру; ауа резервуарларын орнату; кабинада дисплей, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін орнату, тоңазытқыш, кондиционер орнату; машинист крандарын орнату; электронды  жабдықтарды, басқару тосқаулын орнату; жылу, желдеткіш, салқындатқыш жүйелерін орнату; өрт сөндіргіштерді, дәретхана, машинист креслосын орнату; жарықтандыру аспаптарын, радиатордың үстіне қорғау экрандарын орнату; ауа компрессорларын, желдеткіштерін, отын, май, ауа сүзгілерін орнату; радиатор, майлы жылу ауыстырғыш орнату; басқару панелдерін, диффузорларды, резисторларды, электронды жабдықтарды орнату; оқшаулағыштарды, кәбілдерді, құбыржолдарды орнату; өрт сөндіру жүйелерін құрастыру және орнату; желдеткіш, салқындату желдеткіштерінің, түрлендіргіштің тірегін орнату; электровоз қаңқасына күш трансформаторын орнату; аккумулятор батареяларын орнату; шатырлы электр жабдығын құрастыру және монтаждау, электр шынжырларын және басқару, қоректендіру, тежеу схемаларын құрастыру және тексеру; қауіпсіздік құралдарын орнату; электровоздың тораптарын, агрегаттарын және жол жабдықтарын сырлау; құммен жабдықтау; электровозды сынау"; 


мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

"8802

Өзге де ұшу аппараттары (мысалы, тікұшақтар, ұшақтар); ғарыш аппараттары (жер серіктерін қоса алғанда) және қосалқы орбиталық пен ғарыш зымыран
тасығыштары

Дайындау, ол кезде пайдаланылатын тораптар мен бөлшектердің құны алғашқы жылы осы тауар түрін дайындау басталатын күннен бастап, түпкілікті өнім бағасының 85 %-ынан аспауы тиіс, екінші жылы - түпкілікті өнім бағасының 80 %-ы; үшінші жылы - түпкілікті өнім бағасының 75 %-ы, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен:
- полимерлі-композициялық материалдардан жасалған ұшақтың бөлшектерін жасау;
- ұшақтың бөлшектерін механикалық өңдеу, ұшақтың бөлшектерін бояу, тегістеу және кептіру;
- құрастыру үдерісі: бұрғылау жұмыстары, пісіру, электр/радио жабдықтарын монтаждау;
- конструкторлық құжаттамада берілген қолда бар әдістемелік нұсқаулықтар мен техникалық өлшемдерді бақылау бойынша қуат сынақтарын өткізе отырып, қондырғыларды жалпы монтаждау".

     2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады