«Мемлекеттік меншік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 114-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымдарына бекітілген республикалық мүлік (бұдан әрі - Мүлік) «Инженерлік-техникалық орталық» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) акцияларының төлеміне берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасымен (келісім бойынша) бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қоғам акцияларының төлеміне Мүлікті берсін;
2) қажетті ұйымдастырушылық іс-шараларды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 18 қаңтардағы
№ 101 қаулысына
қосымша
«Инженерлік-техникалық орталық» акционерлік қоғамы
акцияларының төлеміне берілетін мүлік тізбесі
Р/с |
Теңгерім ұстаушы |
Мүліктің атауы мен сипаттамасы |
1. |
«Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының Автошаруашылығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
«Тоуоtа Ні Асе» автомашинасы, 2005 жылы шығарылған, |
2. |
«Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны |
1) Кабіл желілері (27 350 метр) және Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының байланыс шығырының жабдығы; |